Блог статистикасы
195
Жазбалар
4450
Өтініштер
176095
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Қала әкімі

Рудный қаласының әкімі
Ғаязов Бақытжан Темірұлы

Телефон: 8 (71431) 4-54-00
rudny@kostanay.kz


Бахытжан Темірұлы Ғаязов 1962 жылы 27 қазанда РФ, Челябі облысы, Қарталы ауданы, Роднички а. дүниеге келді.

Білімі жоғары, 1989 жылы Троицк ветеринар институтын ветеринар дәрігері мамандығы бойынша бітірді, екінші жоғарғы білімін 2003 жылы Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде заңгер мамандығы бойынша бітірді.

Наградалары мен құрметті атақтары: «Құрмет» ордені, "Парасат" ордені, ҚР Конституциясына 10 жыл мерейтой медальі, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтой медальі, «Қазақстан конституциясына 20 жыл» мерейтой медалі, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтой медальі, "Астана 20 жыл" мерекелік медалі.

Еңбек жолы:

Кеңес Әскері қатарындағы қызметтен кейін әртүрлі жылдары Жітіқара қаласында «Қуатты» МАҚ президенті, Жітіқара қаласы «АС-ЕТ» ЖШС директоры, Қостанай ауданы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді.

2004 жылдан 2008 жылға дейін Қостанай облысы Алтынсарин ауданы әкімі болып жұмыс істеді. 2008 жылдан 2011 жылға дейін Қостанай облысы Әулиекөл ауданының әкімі қызметін атқарды.

2011 жылдың маусым айында Рудный қаласының әкімі болып тағайындалды.

Лауазымдық міндеттері:

Қала аумағында Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасы  Президенті Жарлықтарының, жоғары мемлекеттік органдардың басқа актілерінің орындалуын ұйымдастырады, қаланың халық шаруашылығы кешенінің қызмет етуін қамтамасыз ету мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметімен өзара қызмет етеді. «Қазақстан - 2030» Стратегиясының орындалуын бақылайды. Кадрлық саясатты жүзеге асырады.

Бюджеттік саясат және бюджетаралық қатынас саласында жалпы басқаруды қамтамасыз етеді, салықтық және бюджеттік басқару, қаржылық бақылау мәселелері бойынша аумақтық органдармен үйлесімді және өзара әрекетті ұйымдастырады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдайды.

Төмендегілердің жұмысын үйлестіреді:

қала әкімі орынбасарларының, әкім аппараты басшысының, Қашар және Горняцк поселкелері әкімдерінің;

Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі ММ).

Қызметтеріне басшылық етеді:

Рудный қаласы әкімдігінің;

Рудный қаласы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның;

бюджеттік комиссияның.

Жетекшілік етеді:

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қостанай  облысы ішкі істер департаментінің  Рудный қаласы ішкі істер басқармасы» ММ

Бірлесе іс-қимыл жасауды жүзеге асырады:

Рудный қаласының прокуратурасымен;

Қостанай облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің Рудный қалалық бөлімімен;

Рудный қалалық сотымен;

Рудный өңірі бойынша ауданаралық қаржы полициясы басқармасымен.

хат жіберу