Блог статистикасы
195
Жазбалар
4465
Өтініштер
176409
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Есептік кездесулер

2019 жылғы 29 наурызда Рудный қаласының әкімі Б.Т. Ғаязовтың төрағалық етуімен атқарушылық тәртіп мәселелері бойынша кеңіс өтті. Кеңестің күн тәртібінде көрсетілген мәселелердің бірі қала әкімінің 2019 жылғы 31 қаңтар мен 12 ақпан аралығында өткен халықпен есепті кездесулерінде берілген тапсырмаларды орындау болды: 

Рудный қаласының әкімі Б.Т. Ғаязовтың

2019 жылғы 31 қаңтар мен 12 ақпан аралығында өткен есепті кездесулері

барысында айтылған халықтың ұсыныстары мен ескертулерін іске асыру жөніндегі

іс-шаралар жоспары

р/с

Айтылған ескертулер/ұсыныстар

Ескертулерді/ ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шараларды орындау мерзімі

Орындау

Цемент клинкерін өндіруді іске қосу мәселесі, кейіннен сапа сертификатын ала отырып, цементтің сынақ партиясын шығаруды қамтамасыз ету бойынша «Рудный цемент зауыты» ЖШС-не (келісім бойынша) көмек көрсету

2019 ж. 1 сәуірге дейін

«Рудный цемент зауыты» ЖШС сапаны талап ететін шикізатты ұнтақ шығарудың технологиялық  үрдісін толық істеп шығарды, алғашқы партиясы алынды. 2019 жылғы 24 наурызда клинкер алу үрдісі басталды. 2019 жылғы наурыз айында клинкер өндіру көлемі 4,6 мың тоннаны құрады. 2019 ж. сәуір айына жоспар – 11,7 мың тонна, факт – 10,974 мың тонна. 2019 ж. мамыр айына жоспар – 20,0 мың тонна, 2019 ж. 4 мамырға факт – 1,036 мың тонна. 2019 ж. мамыр айында жоспарланған ПЦ400Д20 цементін өндіру көлемі – 15,0 мың тонна және ПЦ500Д0 цементін өндіру көлемі – 15,0 мың тонна. 2019 жылдың сәуір айында цементтің сынақ партиясы алынды, ол сәйкестік сертификатын алуға және әлеуетті сатып алушыларға жөнелтілді. Жұмыс тәулік бойы 3 ауысымда жүргізіледі.

2.     

Мынадай 2 жобаны іске асыруды жүргізу:

      1. Топорков көшесінен Гагарин көшесіне дейінгі Ленин көшесін электрмен жабдықтау жүйесін салу;

      2. Рудный қаласындағы Сандригайло көшесін жарықтандыру желілерін салу.

2019ж. 1 қазанға дейін

«Рудный қаласындағы Сандригайло көшесін жарықтандыру желілерін салу» жұмыс жобасы қазіргі уақытта іске асырылу сатысында (жұмыстың 50% орындалды). «Топорков көшесінен Гагарин көшесіне дейінгі Ленин көшесін электрмен жабдықтау жүйесін салу» жұмыс жобасы бойынша конкурстық рәсімдері жүргізілуде, олар қазіргі уақытта аяқталу сатысында. Қызметтер көрсетуші анықталғаннан кейін құрылыс-монтаждау жұмыстары сараптама қорытындыларына сәйкес 3,5 ай мерзімде орындалады.

3.     

«№ 4 мектеп-лицейдің шатыр төбесін жөндей отырып шатырға күрделі жөндеу жүргізу

2019 ж. қыркүйекке дейін

2019 жылғы 29 наурызда «Рудный қаласы әкімдігінің № 4 мектеп-лицейі» КММ шатыр төбесін жөндей отырып шатырды күрделі жөндеу» конкурсы бойынша Рудный қ. «International Conctruction Kaz» ЖШС-мен 70089,6 мың теңге сомаға шарт жасалды. Техникалық қадағалау қызметтеріне 2019 ж.                  11 сәуірде Қостанай қ. «Құрылыста экспертиза» ЖШС-мен 876,058 мың теңге сомаға шарт жасалды. Авторлық қадағалау қызметтеріне 2019 ж. 18 сәуірде «Стройпроект 07» ЖШС-мен 136, 230 мың теңге сомаға шарт жасалды, «Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» ММ –не құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғандығы туралы хабарлама жіберілді.

4.     

Қаланың көше жарығын күтіп ұстау аясында мына көшелер бойындағы  шамдар мен бағаналарды ауыстыру:

       - Ленин көшесінен Транспортная көшесіне дейінгі шекарадағы Қашар көшесі;

- 50 лет Октября көшесінен Комсомол даңғылына дейінгі шекарадағы Студенческий даңғылы.

2019ж. 1 қазанға дейін

2019 жылы осы көшелердегі шамдар мен бағаналарды ауыстыру қаланың көшелерін жарықтандыруды күтіп ұстау аясында жүргізіледі. Қазіргі уақытта жұмыстар жеткізушісін анықтау үшін конкурстық рәсімдер жүргізілуде. Шарт жасасқаннан кейін жүргізілген жұмыстар кестесі әзірленетін болады.


* * * * *

Ақпарат.

2019 жылғы 1 ақпанында  «Рудненский рабочий» газетінде жарияланған түзету жарамсыз деп  саналсын.

Рудный қаласының әкімі Б.Т. Ғаязовтың қорытынды  кездесуі бекітілген кестеге сәйкес 2019 жылдың 12 ақпанында сағат 15.00 - де  Рудный қаласы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында өтеді. 


Қашар к. әкімі Ж.Н. Жылгелдиннің және

Горняцк к. әкімі Б.Т. Сандыбаевтың халықпен есептік кездесулерін өткізу

КЕСТЕСІ

№ р/с

Кент атауы

Әкімнің

Т.А.Ә.

Өтетін күні

Елді мекен

Өтетін орны және уақыты

1

Қашар к.

Ж.Н. Жылгелдин

22.01.2019 ж.

Қашар к.

№ 2 Қашар мектебі,

сағ. 11.00

2

Горняцк к.

Б.Т. Сандыбаев

23.01.2019 ж.

Перцев а.

Перцев а.

негізгі

мектебі

сағ. 11.00

3

24.01.2019 ж.

Горняцк к.

Горняцк к. әкімі аппаратының ғимараты,

сағ. 11.00

Рудный қаласының әкімі Б.Т. Ғаязовтың

халықпен есептік кездесулерін өткізу

КЕСТЕСІ

№ р/с

Өтетін күні

Елді мекен

Өтетін орны және уақыты

1.

31.01.2019 ж.

Рудный қ.

19-шағынауданы

№ 7 орта мектебі

сағ. 11.00

2.

7.02.2019 ж.

Рудный қ.

1-шағынауданы

№ 15 орта мектебі

сағ. 11.00

3.

12.02.2019 ж.

Рудный қ.

Қорытынды кездесу

Рудный қаласы әкімдігінің үлкен отырыс залы, сағ. 15.00

Ұсыныстар, ескертулер мен пікірлерді жинау орындары

(арнайы жәшіктер):

Рудный қ., Рудный қ. әкімдігінің ғимараты.

Қашар к., «Қашар кенті әкімінің аппараты» ММ ғимараты.

Горняцк к., «Горняцк кенті әкімінің аппараты» ММ ғимараты.

Перцев а., Негізгі мектебі.

Халықтың ұсыныстары, ескертулері мен пікірлері жұмыс күндері 4-12-77 телефоны бойынша сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін қабылданады, түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін.

Электрондық поштаның мекенжайы: orgotdel-rudny@kostanay.gov.kz


* * * * *

Рудный қаласы әкімінің 2018 жыл ішінде әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы жайында тезисі 

Рудный қаласының 2018 жылғы  әлеуметтік-экономикалық дамуы Қазақстан Республикасы Президентінің2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері»және 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауларындажәне Рудный қаласын аумағын 2020 жылға дейін дамыту Бағдарламасында атап көрсетілген мақсаттар мен міндеттерге сәйкес келді.

Есеп беру кезеңінде атқарушы биліктің қызметі қала шаруашылығының қызметі арқылы тұрғындардың өмір сүру деңгейлерін, сонымен қатар білім беру, медициналық және әлеуметтік қызметтерді арттыруға бағытталды.

Қаланың өнеркәсіп кәсіпорындары есеп беру жыл кезеңінде  өнеркәсіптің өндіріс көлемін жоспарлы тұрғыда арттырды.

Нақты индекс көлемі – 114,3%-ды құрады, 325,1 млрд. теңгеге өнім өндірілді, ол өткен 2017 жылдан 18,3%-ға артық.

Өнеркәсіп өнімінің өндіретін өнімінің 80%-дан астамын «ССКӨБ» АҚ қалақұрушы кәсіпорны құрайды. Есеп беру кезеңінде кәсіпорын өнеркәсіп өнімінің көлемін 18%-ға артыруға қол жеткізді.

Ай сайыңғы тұрақты өсім өнеркәсіпті қайта өңдеу кәсіпорындары арқылы жеткізілді. Отқа төзімді өнімдер  - 65%-ға,  сүт өнімі – 3%-ға, кірпіш – 51%-ға, тұрмыстық химия - 40%-ға, сыра 9,5%-ға артты.

Қала кәсіпорындары өнеркәсіпті жандандыруға үнемі жұмыс істейді, цифрлы технологияларды қолдану арқылы жаңа жобаларды енгізеді. Бұл іс-шаралар шығарылған өнімді, еңбек өнімділігін арттыруға мүмкіндік туғызады.

Негізгі капиталға инвестиция көлемі – 52,4 млрд. теңгені, нақты индекс көлемі – 103,4% құрады.

Қазақстан Республикасының индустриалдық-инновациялық дамыту Мемлекеттік бағдарламасын іске асырудан бастап қаланың өнеркәсіп кәсіпорындарында 35,8 млрд. теңге сомасына 9 инвестициялық жоба іке асырылды, 1161 жаңа жұмыс орындары құрылды. Ағымдағы жылы инвестиция көлемі 16,8 млрд. теңгені құрайтын  Рудный цемент зауытының құрылысы аяқталды. Зауыт пайдалануға берілді.

Индустриализация Картасынан тыс ағымдағы жылы 11 инвестициялық жоба іске асырылды: «Өндірісті жаңғырту», «Фирма «Арасан» ЖШС Рудный филиалының ЖШС;  «Зарарсыздандыру құралдарын өндіретін  зауыттың құрылысы» - «МедиДез» ҒӨБ ЖШС»; «Жас-Қанат 2006» ЖШС құс фабрикасын жаңғыртудың төртінші кезеңі», «Вагон салу зауыты» ЖШСмал алаңын салу, думпкарға қосалқы бөлшектер өндіру бойынша желісін енгізу, «Казогнеупор 2015» ЖШС  отқа төзімді өнімдерді өндіру үшін ұсақтап-бөлу кешенін орнату, «Аманат» СҮ ЖШС тез дайындалатын картопты орау бойынша жаңа өндіріс желісін енгізу, «Кинофильмдерді көрсетуді ұйымдастыру үшін» «Горняк» ЖШС қайта жаңарту жүргізілді, «Желқуар» ЖШС  емханасына диагностикалық кешен салынды, 7 шағынауданда«Денерная» шатханасы, 20 шағынауданда «Пятерка» супермаркеті салынды.

2018 жыл ішінде 24 092 шаршы метрге тұрғын үй пайдалануға берілді, ол тұрғын үйді салудың бекітілген жоспардың 148,7% құрайды.Президенттің бірінші бастамасын жүзеге асыру аясында - тұрғын үй сатып алу үшін жаңа мүмкіндіктер "7-20-25" атты бағдарлама бойынша қалада 11 үй салу жоспарлануда. Ағымдағы жылы жоба-сметалық құжаттама әзірленді, 2 тұрғын үйдің құрылысына конкурс жарияланды.

Жеке тұрғын үй құрылысына және 39 кварталдың көп қабатты құрылысы шағын аудандарында инженерлік коммуникациялар құрылысының жобалары бойынша жоба-сметалық құжаттама әзірленді.

2018 жылы Рудный қаласының 39 кварталының инженерлік коммуникацияларын салу үшін 3 жоба іске асырылды (электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау және сумен жабдықтау желілері). Жобалардың жалпы сомасы -  564,3 млн. теңгені құрайды.

Жолдарды орташа жөндеу бойынша үлкен жұмыс жүргізілді, жалпы сомасы 854,6 млн.теңгеге 170,5 мың шаршы метрге қаланың жолдары жөнделді. Жылу беру маусымына 4,8 км жылу желілері, 10,4 км су құбыры желілері, 4,1 км кәріз желілері, 17 км электр желілері жөнделді. Рудный жылу орталығы жылыту маусымын өткізу үшін қажетті көмір қорын дайындады.

2018 жылы Рудный қаласында жалпы сомасы 27,5 млн.теңге сомасына балалар ойын алаңдарымен 5 ауланы абаттандыру бойынша жұмыс жүргізілді.

"Достық" саябағында шолу дөңгелегі салынып, пайдалануға берілді.

2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қалада 8069 шағын және орта бизнес субъектілері тіркелген. Жұмыс істеп тұрған субъектілердің үлесі -76,2%.

"Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында пайыздық мөлшерлемені субсидиялау бойынша 28 жоба, кепілдендіру бойынша - 22 жоба мақұлданды. "Қос қолдау" аймақтық қаржыландыру бағдарламасы бойынша 1 жоба мақұлданды.

Шағын және орта бизнесті қаржылай емес қолдау аясында 38 кәсіпкер сервистік қолдау алды, 908 адам кеңес алды. "Бизнес-кеңесші" - 35 адам, "Бизнес-Өсу" - 20 адам, "Іскерлік байланыстар" - 2, "Ашық бизнес"-26 адам, гранттық қаржыландыру - 2 кәсіпкер оқудан өтіп, сертификат алды.

Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған  бағдарламасы белсенді іске асырылуда. "Қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіби оқытумен қамтамасыз ету" Бағдарламасының бірінші бағытын жүзеге асыру аясында 2018 жылы 176 адам тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды.2018 жылдың қыркүйек айынан бастап 147 адам техникалық және кәсіптік оқу оқып жатыр олар оқуларын 2021 жылы  аяқтайды.

Бағдарламаның екінші бағытын іске асыру шеңберінде 114,6 млн.теңге сомасына 11 шағын несие берілді, оның ішінде 28,9 млн. теңге несиелерді кепілдендіру және 2,2 млн. теңге сомасына жаңа бизнес идеяларды іске асыруға 9 грант берілді.

"Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту" үшінші бағытын іске асыру шеңберінде жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына 1140 адам тартылды, оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарына 189 адам, жастар практикасына 66 адам, қоғамдық жұмыстарға 471 адам.

Жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және халықты әлеуметтік қолдау жөніндегі шараларды іске асыру еңбек нарығындағы жағдайға және қала тұрғындары арасындағы кедейлік деңгейін төмендету көрсеткіштеріне оң әсерін тигізді. Тіркелген жұмыссыздық деңгейі 2019 жылдың 1 қаңтарына 0,2% құрады.

Жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамту шараларынан басқа, аз қамтылған тұрғындарды әлеуметтік қолдаудың түрлі түрлері көрсетіледі, ол бойынша орындалуы 85,4 млн.теңгені құрады.

2018 жылы мүгедектердің мұқтаждығына 14 әлеуметтік инфрақұрылым нысаны бейімделген, бұл жылдық жоспардың 100%-ы.

Орташа айлық жалақы 11%-ға өсті және қала бойынша 152 мың 094 теңгені құрайды.

Елбасы Жолдауын жүзеге асыру аясында 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақыны 1,5 есе - 28-ден 42,5 мың теңгеге дейін арттыру бөлігінде кәсіпорын басшыларымен жұмысшылардың жалақысын арттыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Бұл тікелей қатысы барлық салаларында меншіктің барлық формаларындағы кәсіпорындарда  40 мыңнан астам рудныйлықтар жұмыс істейді.

Сонымен қатар, Президент білім, ғылым және денсаулық сақтау шығындарын барлық көздерден ұлғайту міндетін қойды.

Рудный қаласы білім берілуіне шығыстар жылына 4,5 млрд.теңгені немесе қалалық бюджет шығыстары сомасының 28%-н құрайды. Алдағы жылдары бұл соманы ұлғайту жоспарланып отыр.

Біздің қаламызда мектепке дейінгі балалар мекемелеріне кезектіліктің жоғары мәселесі өзекті болып отыр. осы мәселені шешу үшін осы секторға жеке инвесторларды тарту бойынша жұмыс жүргізілуде. 2018 жылы екі жеке шағын орталықта мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған: Рудный қ., Горький к-сі, 72 мекенжайы бойынша 130 орындық "ТДТ-2018" ЖШС және Рудный қ., Парк к-сі, 86/1 құрылыс мекенжайы бойынша 55 орындық "Фиалка-2018" ЖШС. Сондай-ақ, Сандригайло к-сі 57а бойындағы 265 орындық балабақша ғимаратын қалпына келтіру бойынша мемлекеттік-жеке серіктестік механизмін  қолдана отырып жұмыстар жүргізуге конкурс жарияланды.

Мектепке дейінгі ұйымдардың желісін кеңейту салдарынан 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту 88,1% - ды құрады, мектепке дейінгі тәрбиемен қамту 100% - ды құрады. Қаланың мектепке дейінгі ұйымдарына орын алу кезегінде 5431 адам тұр.

2018 жылдың қазан айынан бастап мектепке дейінгі ұйымдарға кезекке қою және жолдама берудің автоматтандырылған жүйесі енгізілді. Бұл жаңашылдық ата-аналарға кезектің жылжуын өз бетімен қадағалауға және мектепке дейінгі ұйымды таңдауға, ата-аналардың уақытын үнемдеуге және балабақшаларға қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

2018 жылдың желтоқсан айында мектепке балаларды қабылдау автоматтандырылған жүйесі енгізілді. Бұдан былай ата-аналар баланы үйден шықпай-ақ мектепке қабылдау туралы өтініш бере алады.

Оқу жылының басында оқушылар контингенті 15810 адамды құрады(0-11 сынып), бұл өткен оқу жылының сәйкес кезеңінің көрсеткіштерінен 546 оқушыға артық. 2017-2018 оқу жылының қорытындысы бойынша қала бойынша білім сапасы 60,1% құрады. оқу жылын "жақсы" және "өте жақсы" - 8365 адам аяқтады.

Жалпы орта білім туралы ерекше үлгідегі "Алтын белгі" аттестатын 6 түлек, үздік аттестатты 7 адам алды.

Қала мектептерінде оқушылардың 70% оқитын жаңартылған білім мазмұнына кезең-кезеңмен көшу жүзеге асырылады. Бұл үрдіс келесі оқу жылында аяқталады.

2018 жылдың жазғы кезеңінде 13 064 бала мен жасөспірім жазғы демалыспен және сауықтырумен қамтылды ол жалпы оқушылардың 97% құрады. Көп балалы, аз қамтылған отбасылардың балалары жыл сайын жалпыға міндетті білім беру қорының қаражаты есебінен қала сыртындағы лагерьлерге тегін жолдамалар алады. Ағымдағы жылы 103 балаға жолдама алынды.

Қаланың білім беру кеңістігі 2216 дербес компьютерлермен қамтамасыз етілген. Оқушылардың 1 компьютерге қамтылу көрсеткіші 1 компьютерге 9,3 оқушыны құрады.

"Цифрлық Қазақстан" бағдарламасы аясында ІТ-бағыт пен робототехниканы дамыту үшін Қазақстанның барлық облыстарында әкімдіктер мен жеке инвестициялардың қолдауымен робототехника, бағдарламалау және 3D-модельдеу кластары ашылады.

Осы оқу жылынан бастап 7 жоба іске асырылды. 2 мектепте  IT – технологиялық  (№ 4 мектеп-лицей, № 17 ОМ) және Даму және шығармашылық сарайында кабинеттер ашылды, 2 стем-зертханалар  (№ 4 гимназия, № 17 Қашар ОМ), лего-құрастыру бойынша 2 балабақшада         (№ 14, № 15 ) сабақтар өткізілді.

Жоба демеушілері: ERG тобы, «Казогнеупор - 2015» ЖШС, «Жас- Қанат 2006» ЖШС, «Хан» ЖК, жалпы игерілген қаражат соммасы 25 млн. 830 мың тенге. Бұл Рудный қаласының білім беру саласына салынған қаражат болашақ технологияны игеруге қосымша білім беру мүмкіндіктерін кеңіту және балалар өнерінің техникасын жаңа бағытта дамытуға ықпал етеді.

Қостанай облысы республика бойынша цифрлық білім беру ресурстарын қолдану бойынша екінші позицияда орналасқан,  Рудный қаласы облыс бойынша 2 орында. орындалған жұмыстың нәтижелілігін дәлелдейтін факт, ол BilimLand  порталын қолдану бойынша № 19 ОМ, республика ішінде үздік 10-тың қатарына кірді.

Қалада80 клубтық қауымдастық жұмыс істейді, онда 1757 адам айналысады.

2018 жылда 1507 іс-шара өткізілді, сонымен қатар балалар мен жасөспірімдер – 615, қайырымдылық – 511.

Жыл ішінде өнерлі ұжым және Рудный қаласының орындаушылары облыстық, республикалық, мемлекет аралық деңгейдегі  конкурстар және фестивальдарға белсенді қатысты, 50 –ден астам жүлделі орындарға ие болды – бұл біздің  әуесқой әртістеріміздің шеберлігінің өте  жоғары бағасы.

Қалада 98 дене шынықтыру ұжымы жұмыс істейді. Спортпен  41 мыңнан астам адам айналысады, немесе халықтың 32 %. Жалпы – спортық 76 мыңнан астам адамды қамтитын 453 іс-шаралары өткізілді. 2018 жыл бойынша 733 жалпы спорттық разряд, 35 төрешілер категориясы және 10 жаттықтырушы дәрежесі тағайындалған.

Қуана айтатын болсақ, біздің қаланың спортшылары республикалық және халықаралық  жарыстарда жүлделі орындарды иеленді, 8 медальмен жеңіске жетті, оның  ішінде: 3- алтын, 4 – күміс, 1- қола.

Рудный спортшыларының Чемпионаттық және облыстық Біріншілік, Республикалық және халықаралық жарыстарға қатысуы, қала тұрғындары арасында дене шынықтыру және спортты насихаттауға себеп болды.

Ұлттық спорт түрлерін дамыту бойынша жұмыс жалғасуда. «Рудный -2017» спорттық клуб негізінде асық ойнау, қазақ күресі, тоғызқұмалақ бойынша жаттықтырушы жұмыс істейді. Жалпы біріккен қауымдастықта жекпежекті дамытуда.

Қалада өткізілетін барлық іс-шаралар, белсенді азаматтық позицияны қалыптастыруға бағытталған, қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу, азаматтық консолидация, және де бірлікпен  келісімді нығайту. олардың басты қорытындысы  қоғамдық - саяси ахуалдың тұрақтылығы. Ай сайын жүргізілетін идиологиялық жұмыстар Ел басының Жолдауындағы негізгі басымдықтар, мемлекеттік бағдарламалардың іске асыру бойынша халыққа жеткізу.

Қалада 3 саяси партияларының филиалы  жұмыс істейді, олармен нақты өзара қарым қатынас жүйесі орнатылған. Саяси партиялар көшбасшылары қаланың қоғамдық- саяси өміріне қатысады.

Мемлекет басшысының мемлекеттік басқару органдарының алдына қойған негізгі міндеттерінің бірі, жоғары сапалы мемлекеттік қызметтерге ашық және барлығына тең қол жеткізу болып табылады.

Қалада және Қашар кентінде  Халыққа қызмет көрсету орталығы3 филиалы мемлекттік қызметтерге қол жеткізу үшін «бір терезе» қағидасы бойынша жұмыс істейді.

Қызмет алу кезеңін жеңілдету мақсатында ХҚКО-да «Connection Point» өзіне-өзі қызмет көрсету секторы жұмыс істейді, онда әрбір клиент электрондық қызметті дербес немесе «Азаматтарға арналған үкімет» Мемкорпорация қызметкерінің көмегімен ала алады.

2018 жыл бойынша 124 870 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде жергілікті орындаушы орган арқылы – 20 221 қызмет (немесе 16,2%), «Азаматтарға арналған үкімет» Мемкорпорациясы арқылы - 11 383 мемлекеттік қызмет (немесе 9.1%), сонымен қатар электронды тұрде  - 93 166 қызмет (немесе 74.6 %).

Елбасының және Үкіметтіңалға қойған  міндеттерін іске асыру бойынша біздің қол жеткізген жетістіктеріміз,- бұл жергілікті атқарушы органдардың және қаланың барлық тұрғындарының үйлесімді жұмысының нәтижесі.

Экономикалық және рухани әлеуеті бар қала, бізге әлеуметтік-экономикалық даму және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға  өңірлердің алдында тұрған барлық мақсаттарды орындалады деп айтуына негіз береді.

 

* * * * *

Қашар кентінің әкімі Ж.Н. Жылгелдиннің

2018 жылдағы жұмыстар туралы есебі

        

Қашар кентінің халқы 12 058 адамды құрайды, оның ішінде 1 882-і зейнеткерлер. Халықтың экономикалық белсенділік саны 6021 адамды құрайды, оның 4155 адамы жұмыскерлер. Бюджеттің төртінші деңгейіне өтуге байланысты «Қашар кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ведомстволық бағынышына берілді: «№ 4 балабақша» МКҚК, «№ 11 балабақша» МКҚК, Қашар кентінің «Юность» мәдениет үйі» МКҚК.

Білім:

         Кентте 2 орта мектеп бар, бірі мемлекеттік тілде оқытумен. Орта мектеп базасында 2 шағын орталық бар. Барлығы 1615 баланы оқытумен қамтылған.

         Кентімізде екі балабақша жұмыс істейді: «№ 4 балабақша» МКҚК 185 балаға жобалық мүмкіндігімен. Балабақшада бір топ мемлекеттік тілде оқытумен. «№ 11 балабақша» МКҚК 160 балаға жобалық қуаттылығымен.

Денсаулық сақтау:

         Медицина қызметін халыққа «Қашар қалалық аурухана» МКҚК көрсетеді. 2018 жылы ультрадыбыстық диагностикалық медициналық жүйе –1 дана, жинақтағы компьютер – 1 дана, сканер -4 дана, лазерлі принтер -4 дана сатып алынды.

Халықты әлеуметтік қорғау және жұмысқа орналастыру:

«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында құжаттаманы өңдеу бойынша қоғамдық жұмыстарға кент ұйымдары мен кәсіпорындарына 10 адам жұмысқа орналастырылды.

2018 жылы осы аталған бағдарлама аясында 18 адам курстарда оқыды: «Шаштараз» -1 адам, «Аспаз» -1 адам, «Экскаватор машинисті» -5 адам, «Электромонтер» -6 адам, «Құрылғыларды жөндеу бойынша электрослесарь (слесарь) -2 адам, «Бақылаушы-кассир» -2 адам, «Тігінші» -1 адам.

Курс аяқталғаннан кейін Рудный қаласы мен Қашар кентінің жеке кәсіпкерлеріне жұмысқа орналастырылды.

         2018 жылда кентті абаттандыру бойынша қоғамдық жұмыстарға 57 адам қатысты.

2018 жылы кенттің жеке кәсіпкерлерінде бюджет қаражаты есебінен жартылай жәрдем еңбекақысымен қаржыландырылатын 7 әлеуметтік жұмыс орны ұйымдастырылды

Атаулы әлеуметтік көмекті 2 отбасы ресімдеді, тұрмыстық қажеттілікке біржолғы жәрдемді 6 отбасы және қосымша тамақтану көмегін   4 отбасы алды.

ТҮКШ және абаттандыру сферасындағы жұмыс:

Кент халқын сумен «Рудненский водоканал» ЖШС орталық сумен жабдықтау арқылы қамтамасыз етеді. 2018 жылы күрделі жөндеу жүргізілді: кенттегі бас кәріздік сорғы станциясының 260 м2 шатырына жөндеу, кенттегі екінші радиалдық тұндырғыштың лайсорғышын жөндеу, 111 м ұзындықтағы 100 мм диаметрлі полиэтиленді құбырлардан № 8 тұрғын үйден № 14 тұрғын үйге дейінгі су таратқыш учаскесін ауыстыру, 129 м ұзындықтағы 100 мм диаметрлі полиэтиленді құбырлардан № 47 тұрғын үйден № 85 тұрғын үйге дейінгі су таратқыш учаскесін ауыстыру, 200 м ұзындықтағы 90 мм диаметрлі полиэтиленді құбырлардан № 6 тұрғын үйден № 21 тұрғын үйге дейінгі су таратқыш учаскесін ауыстыру, № 2 таза су су қоймасын жөндеу.

Кентке жылу беруді «ССКӨБ» АҚ Қашар ЖЭЦ қамтамасыз етеді. Кенттегі жылумен жабдықтау жүйесіне техникалық қызмет көрсетуді «Рудненские тепловые сети» ЖШС жүргізеді. Қашар кентінде 96 метр ұзындықтағы квартал жүйелерін ауыстыру жүргізілді, 16 бірліктегі булау арматурасы, 1024 метр жылу оқшаулағыш жөнделді. № 1 шағынаудандағы № 7 тұрғын үй, № 2 шағынаудандағы № 78 тұрғын үй ауданындағы 232 метр кварталдық жылу жолы, Қашар жылу орталығы көпірі ауданындағы 213 м магистралды құбыр желісі жөнделді.

Қашар кентінде табиғи газ желісіне қосылу жүруде. Бүгінгі күні табиғи газге 99 абонент қосылды, олардан 30-ы жеке тұрғын үй және 69 пәтер.

2018 жылы қалалық бюджеттен 232 млн. 330 мың 900 теңге ақша қаражаты бөлінді, оның ішінде трансферттер 195 млн. 335 мың 300 теңге. Салықтық және салықтық емес түсімдер 36 млн. 995 мың 600 теңге көлемінде құрады.

Бюджет қаражаты бағытталды:

Қашар кентінде балалар алаңшасын орнату және сатып алуға -2 млн. 850 мың теңге.

мұз қалашығын орнатуға -4 млн 464 мың 300 теңге

гүлзарларды отырғызу және күтім жасауға -2 млн 990 мың 400 теңге.

қыс мезгілінде көшелер мен жолдарды тазалауға -1 млн. 947 мың 215 теңге.

Қашар кентіндегі шөптерді оруға -1 млн. 993 мың 600 теңге.

қаңғыма жануарларды аулауға -236 мың теңге.

Қашар кенті аумағын дәрілеуге -230 мың теңге.

көшеттерді отырғызуға -1 млн. 109 мың 200 теңге.

Қашар кентіндегі ағаштарды үштауға -2 млн. 128 мың теңге.

жол белгілерін орнатуға -146 мың теңге.

көшелерді жарықтандыруға -8 млн. 301 мың 198 теңге.

шіркеу ауданын жарықтандыруға -273 мың 900 теңге.

«Рухани Жаңғыру» каркасты көлемді-кеңістіктік құрастырылымын жасау және өңдеуге -647 мың теңге.

жолдарды ресімдеуге арналған трансферттер -4 млн. 848 мың 300 теңге.

Ведомстволық бағыныштағы мекемелер мен ұйымдардың шығыстары жұмсалды:

         «№ 4 балабақша» КМҚК 1 млн. 828 мың 500 теңге сомасындағы өндірістік кір жуу машинасы, бой өлшегіші бар таразы 174 мың теңгеге, ларь тоңазытқышы мен мұздатқышы 595 мың 900 теңгеге сатып алынды.

         «№ 11 балабақша» КМҚК 104 мың теңге сомасына бензотриммер мен бұта қырыққыш, 174 мың теңге сомасына 16 дана шамасындағы орындықтар сатып алынды. «Юность» МҮ 819 мың теңге сомасына аппаратулар (гарнитура, ілінетін микрофон, колонка), 120 мың теңгеге бензотриммер, 68 мың теңгеге суды соруға арналған мотопомп сатып алынды.

Көктемгі су тасқынына дайындық және оны апатсыз өткізу

         Кент бойынша су тасқыны шараларына қарсы бекітілген және дайындалған жоспарға сәйкес су тасқыны кезеңін апатсыз өткізу бойынша жұмыстар жүргізілді.

          Статистика:

Жылына екі рет әкім аппараты мамандарымен шаруашылық кітаптарын жаңарту жүргізіледі. 03.01.2019 жылғы жағдай бойынша кенттегі барлық мал саны құрады: ІҚМ -136 бас, МҚМ -243 бас, ат -2 бас, шошқа -138 бас, құстар -1062.

Орта және кіші бизнес:

Қашар кентінде 6 дәріхана, 104-кіші бизнес нысандары, 2 –екінші деңгейдегі банк филиалдары, 1 –сақтандыру компаниясы, 2 заң қызметтерін көрсетуші ұйым, 2 –нотариалдық қызметтер көрсетуші ұйым бар.

Байланыс:

Қашар кентіне «Қазақтелеком» АҚ қызмет көрсетеді, барлығы 3088 абонент.

Хабарламаларды жіберу және жеткізуді «Қазпошта» АҚ жүргізеді.

Спорт, мәдениет және дін:

Кентте «Юность» М/Ү КМҚК бар: 23 клуб жасақталған, 300 адам айналысады. 2018 жылда Қашар кентінің «Юность» мәдениет үйінде 200 іс-шара өткізілді. 2018 жылғы сәуір айында Челябинск қаласында «Адмиралтейская звезда» халықаралық сайысы өтіп, хореографиялық шығармашылық саласындағы дарынды және перспективті жастарға барлық тараптан қолдау көрсетуге және анықтауға бағытталды. «Бризе» би студиясының қатынасушылары сонда белсенді қатысты және мадақтамамен оралды. Конкурс әкімшісі ұжымды І деңгейдегі дипломат дипломымен марапаттады.

2018 жылы жоғарыдағы бюджеттен 9 млн. 775 мың 500 теңге сомасындағы трансферт Қашар кентінің «Юность» мәдениет үйі» КМҚК автобус сатып алу үшін бөлінді.

2018 жылы «Качарец» спорт кешеніне волейбол, баскетбол, футбол бойынша турнирлер өткізілді. Күніне 300 адам қатысады. 2018 жылғы тамызда «Качарец» СК ерлер волейболы бойынша спартакиада өткізілді. Спартакиада Қазақстанның барлық қалаларынан қатысушылар болды, 1 орынды Қашар кентінің құрамасы алды. 2018 жылғы сәуірде Рудный қ. «Горняк» ЖСК» ҚБ ашық турнирге мини-футбол бойынша 2005-2006 ж.ж. жастық топ арасындағы спортшылар қатысып, 1 орын алды.

«Рухани Жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру туралы:

Қашар кентінде «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында каркасты көлемдік-кең құрылымдағы «Рухани Жаңғыру» орнатылды. Осы бағдарлама өскелең ұрпаққа патриотизм сезімін дарытады, тарихи-мәдени мұраны дамытады.

«Рухани Жаңғыру» бағдарламасы және «Атамекен» кіші бағдарламасы аясында «АБЗ+» ЖШС Қашар кентінде қызған учаскелерге асфальт жабындысын төсеуді жүргізді.

Сондай-ақ, осы бағдарлама аясында кәсіпкерлердің бастамасы бойынша «Тинейджер» аула клубына жөндеу жүргізіліп, 5-14 жастағы балалар қатысады. Аула клубында әр түрлі үйірмелер бар. 2018 жылғы 20 қарашада жаңартылған «Тинейджер» аула клубының салтанатты ашылуы болды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет аясында қабылданған шаралар туралы

Кент ұйымдарымен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді және сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет аясында Call center 1424 жұмысы туралы плакаттар ілінді.

2018 жылғы 23 қаңтарда қойылған сұрақтар:

Сұрақ:

1)    Қашар кентінің автомобиль және квартал іші жолдарының нашар жағдайы туралы

Қабылданған шара: «Қашар кенті әкімінің аппараты» ММ балансына иесіз мүлік есебінен Қашар кентінің автомобиль жолдары мен квартал іші жолдарын аудару бойынша мәселе бақылауға алынды. 15.08.2018 жылы «Технополис» ЖШС-мен тоқсан іші өту жолдарымен тұрғын үй құрылысы жолдары және автомобиль жолдарын орташа жөндеу бойынша смета есептері мен ақау актілерін дайындауға шарт жасалды. 2019 жылы жоғарыдағы бюджеттен Қашар кентінің квартал іші жолдары мен автомобиль жолдарын орташа жөндеуге трансферттер бөлінді.

Сұрақ:

2)    Кенттің жаяужолдарымен үшінші шағынауданнан пошта тарабы бағыты бойынша автокөлік қозғалысы жүреді.

Қабылданған шара: сұрақ Рудный қ. ІІБ мен Қашар полиция бөлімшесінің бақылауына алынды. ҚР ӘҚБ «Көлiк құралдарын тоқтату немесе тоқтап тұру қағидаларын бұзу» 597-бабын бұзғаны үшін 16 әкімшілік материал құрылды.

«ССКӨБ» АҚ Қашар кен басқармасы

Қазіргі уақытта –бұл ірі өндірістік кәсіпорын саласы тек Қостанай облысында ғана емес, республикада да. Бірлестікте 3200 қашарлық еңбек етеді. Орташа жалақы төлемі 150 мың теңге. Бірлестікке кірген кәсіпорын темір кенін өндірумен айналысады. Қашар кен басқармасында бүгінгі күні әлемдік өндірушілердің ең алдыңғы кен өндіруші техникалары пайдаланылады. Қашар карьерімен Қашар кентінде жақсы инфрақұрылымды құру және табысты болашақ бірлестігі тығыз байланыста.

2019 жылға арналған жоспар:

-         иесіз тұрғын үйлерді коммуналдық меншікке аудару бойынша жұмыстарды күшейту

-         кентті абаттандыру және көгалдандыруды жалғастыру

-         «Қашар кенті әкімінің аппараты» ММ «Қашар кентінің «Юность» мәдениет үйі» КМҚК ғимаратын жөндеу

-         Қашар кентінің автомобиль және квартал іші жолдарын жөндеу

-         Қашар кентінде тарту жабындысымен балалар алаңшасын орнату және сатып алуды жоспарлаймыз.


* * * * *

Горняцк кентінің әкімі Б.Т. Сандыбаевтың

2018 жылғы атқарған жұмыстары туралы есебі

Рудный қаласы әкімдігінің «Горняцк кенті әкімінің аппараты» ММ әкімшілік бағынысына Горняцк кенті және Перцев ауылы кіреді.

Кент халқы 1756 адамды құрайды, оның ішінде зейнеткерлер – 307 адам. Экономикалық тұрғыдан белсенді халық саны - 1022 адамды құрайды, оның ішінде жұмыс істейтіндер – 963 адам.

2018 жылы жергілікті өзін-өзі басқару қорынан ақшалай қаражат жұмсалды:

шаруашылық және құрылыс құрал-саймандарын сатып алу үшін – 508,9 мың теңге;

бақша құрал-сайманын (бензин ара) сатып алу үшін - 320,6 мың теңге;

көше жарықтандыру жабдықтарын ағымдағы жөндеу үшін – 102,8 мың теңге;

ағаш кесу үшін – 164,0 мың теңге;

иттерді аулау үшін – 222,0 мың теңге;

кенттер аумағын абаттандыру – 230 мың теңге.

2018 жылы жергілікті бюджеттен кенттерді абаттандыру үшін ақшалай қаражат бөлінді, соның ішінде:

қыс мезгілінде жолдарды және көшелерді тазалау үшін – 1 млн. 284 мың теңге;

көшелерді жарықтандыруға қызмет көрсету үшін – 361 мың теңге;

Горняцк кентінде шағын сәулет ғимаратын салу үшін – 2 млн. 850 мың теңге;

Перцев ауылы Фадеев көшесін жарықтандыруды ағымдағы жөндеу үшін – 1 млн. 265 мың 600 теңге.

Білім беру

2018-2019 оқу жылында Горняцк кентінде Рудный қаласының 11 мектебінде білім алатын 171 оқушы тегін тасымалдаумен қамтылды. Горняцк кентінде № 11 орта мектебінің негізінде шағын орталық –қазақ (4 адам) және орыс (15 адам) тілінде оқытатын 2 топ және мектеп алды дайындық қазақ (14 адам) және орыс (9 адам) тілінде оқытатын 2 сынып ашылды.

2016 жылдың жазында Перцев ауылында жаңа мектептің құрылысы аяқталды, 2016 жылдың 1 қыркүйегінде ашылды. Қазіргі уақытта мектепте 92 оқушы (оның ішінде Қостанай ауданының Семилетка кентінде тұратын 13 оқушы) білім алады, шағын орталық (11 адам) және мектеп алды дайындық сыныбы (17 адам) ашылды.

Денсаулық сақтау

Горняцк кентінің және Перцев ауылының медициналық пункттері медқызметкерлер штатымен, дәрі-дәрмектермен және жабдықтармен толықтай қамтылған. Перцев ауылында айына екі рет тұрғындар қалалық емханадан келетін және қабылдау жүргізетін дәрігер - мамандарға тексерілуге мүмкіндіктері бар. Қажет болған жағдайда кент тұрғындары жедел жәрдем көлігін шақыра алады.

Халықты әлеуметтік қорғау және жұмысқа орналастыру

2018 жылы Горняцк кентінде және Перцев ауылында 25 жұмыссыз тіркелді. 25 адамның барлығы қоғамдық жұмыстарға жіберілді. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар – 7 адам. 2018 жылы «Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ Горняцк кентінің және Перцев ауылының тұрғындарына сомасы 379 990 теңгеге әлеуметтік көмек көрсетілді, Горняцк кентінің 14 отбасына сомасы 326,907 мың теңгеге тұрғын үй көмегі көрсетілді.

ТКШ саласындағы жұмыстар

«Рудненский Водоканал» ЖШС орталық сумен жабдықтау және көше колонкалары арқылы кент тұрғындарын сумен қамтамасыз етеді. 2018 жылғы көктем мезгілінде су айдауыш шүмектерді түгендеу және нөмірлеу жүргізілді. Партизан көшесінің тұрғындарына автоцистернамен ауыз су жеткізу ұйымдастырылды, себебі осы ауданда су айдауыш шүмек жоқ.

Горняцк кентіне жылу беруді Рудный ТЭЦ қамтамасыз етеді. Кентті жылумен қамтамасыз ету желісіне техникалық қызмет көрсетуді "Рудненские тепловые сети" ЖШС жүргізеді. Жазда Горняцк кентіде Сәтпаев көшесі, 22 үйден Партизан көшесіне дейін ұзындығы 460 метр, Дощанов көшесі 92 үйден 94 үйге дейін жылу желілері ішінара ауыстырылды және оқшауланды.

Перцев ауылында табиғи газ құбырына 151 үйден 129 абонент қосылған.

Тұрғындарға қолайлы болу үшін әр сейсенбі сайын Горняцк кентіне «АвтоГазСнаб» ЖШС автокөлігі келеді, сол жерде баллондарды сұйытылған газбен толтырады. 2018 жылдың сәуірінен бастап тұрғындардың өтініші бойынша газ баллондары алдын-ала өтінім бойынша айдың соңғы сейсенбісінде 1 рет мекенжайларға жеткізу жүргізіледі.

Абаттандыру

Көктем-жаз мезгілінде кент аумағында сенбіліктер өткізілді. Кенттер қоқыстан күнделікті тазартылады. Жазғы уақытта Горняцк кентінде капиталды үйлерді ақтау бойынша жұмыстар жүргізілді. Қажеттілігіне қарай кент аумағында шөптер шабылды.

Механикаландырылған тәсілмен көшелерді қысқы және жазғы тазалау

2018 жылға механикаландырылған тәсілмен көшелерді қысқы және жазғы тазалау үшін қалалық бюджеттен 2 млн. 284 мың теңге бөлінді және игерілді. Қысқы уақытта кенттерде көшелерді қардан тазарту уақытылы жүргізіледі.

Көше жарығының желілеріне қызмет көрсету

2018 жылы Горняцк кентінде және Перцев ауылында көше жарығының шамдарына жөндеу жүргізілді және ауыстырылды. Елді мекендердің көше жарығына қызмет көрсету мүмкіндігінше қысқа мерзімде жүргізіледі.

Қоқыс шығару

Горняцк кентінде ТҚҚ шығару бекітілген кестеге сәйкес жүргізіледі: контейнерлік тұрақтан - әр сейсенбі және жұма сайын, жеке меншік сектордан - әр бейсенбі және сенбі сайын.

Иттерді аулау және мал дәрігерлік іс-шараларды өткізу

Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық мал дәрігерлік станциясы» МКК кенттегі қаңғыбас иттерді аулайды.

Жылына екі рет малға мал дәрігерлік дауалау жұмыстары жүргізіледі. Ауру жұқтырған мал басы анықталған жағдайда әкімдік оның мал соятын орынға тапсырылуын қадағалайды.

Мемлекеттік қызметтер көрсету

Рудный қаласы әкімдігінің «Горняцк кенті әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік қызметтің 2 түрі көрсетіледі: «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы
білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін
тасымалдауды ұсыну», «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу». 2018 жылы 186 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

         2018 жылы «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» арқылы мемлекеттің қызметтің келесі түрлері көрсетілді: «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру», «Мекенжай анықтамасын беру». Ағымдағы жылы осы бағыттағы жұмыс жалғастырылатын болады. Сондай-ақ әкімдік мамандарымен ЭСҚ (электронды-сандық қолтаңба) алу қажеттілігі туралы кент тұрғындарымен түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Байланыс, интернет және пошта

         Горняцк кенті және Перцев ауылы тұрғындарын телефон байланысымен «Қазақтелеком» АҚ қамтамасыз етеді. Горняцк кентінің тұрғындары «Евразия стар» ЖШС интернет қызметін пайдаланады, ал Перцев ауылының тұрғындары - Мегалайн интернет қызметін пайдаланады.

Кенттерде «OTAU TV» ұлттық спутникті телерадиохабарына 107 абонент қосылған.

         Кент тұрғындарына зейнетақы және хат-хабарлар уақытылы жеткізіледі.

Шағын және орта бизнес

Горняцк кентінде бірінші қажеттіліктегі азық-түлік және тауарлары бар 4 дүкен бар. Перцев ауылында шағын бизнестің 5 нысаны жұмыс істейді: «ЕКТА» ЖШС, «Позднякова Е.В.» ЖК, 3 дүкен.

Автобус қозғалысы

Рудный қаласына тұрақты автобус қызметі ұйымдастырылған: Перцев ауылының тұрғындары күніне 7 рет, ал Горняцк кентінің тұрғындары сағат сайын таңғы 7 - ден 19.00 - ге дейін қалаға келіп-кету мүмкіндіктері бар.

Мемлекеттік мерекелерге дайындық және өткізу

Әкімдік аппараты мәдениет мекемесімен бірлесіп мемлекеттік және ұлттық мерекелерге арналған жалпы кенттік шараларды ұйымдастырады және өткізеді.

Горняцк кентінде «Арман» клубы құрылған және «Улыбка» аулалық клубы жұмыс істейді.

Көктемгі су тасқынына дайындық және оны апатсыз өткізу

Тасқын мезгілін апатсыз өткізу бойынша жұмыстар кенттегі тасқынға қарсы шаралардың құрастырылған және бекітілген жоспарына сәйкес жүргізілді.

2018 жылы Горняцк кенті әкімінің есеп беру кездесулерінде келесі сұрақтар қойылды:

- Партизан көшесіне суайдағыш шүмек орнату қажеттілігі туралы. 28.05.2018 жылы «Рудненский водоканал» ЖШС кент тұрғындары Партизан көшесіне шүмек орнату өтінішімен хат жолдады. Маусымда су таратқыш жұмыс істемейтіні туралы жауап алынды. 2019 жылы кентте Партизан көшесіне су құбыры магистралін төсеу бойынша ЖСҚ әзірлеуге өтінім берілетін болады.

- Горняцк кентінде дәріхана дүңгіршегін ашу қажеттілігі туралы. Қала дәріханаларына кентте көшпелі дәріхана пунктін ашу мәселесін қарастыру өтінішімен хат жазылды. Осы мәселе бойынша болымсыз жауаптар алынды. Ақпанда жиында тұрғындармен осы мәселені бақылаудан алып тастау туралы шешім қабылданды.

- Жастардың бос уақытын ұйымдастыру, кентте балалар алаңын орнату туралы. Жазғы кезеңде футбол алаңы тазартылып, футбол доптары сатып алынды. Балалар күзге дейін футбол ойнады. Балалар алаңы 2018 жылдың шілдесінде орнатылды.

- Горняцк кентінде қосымша жол белгілерін орнату қажеттілігі туралы. 2018 жылдың маусымында жол белгілері орнатылды.

- Горняцк кенті Партизан көшесіне қосымша жарықтандыру шамын орнату қажеттілігі туралы. Партизан көшесіндегі қосымша шам 2018 жылдың сәуірінде орнатылды.

- Перцев ауылы Фадеев көшесіне көше жарықтандыру өткізу қажеттілігі туралы. Фадеев көшесіне көше жарықтандыру өткізілді.

- «ҚазТрансГазАймақ» АҚ Рудный филиалының өкілдерімен газбен жабдықтау қызметі үшін төлем мәселесі бойынша кездесу өткізу қажеттілігі туралы. 2018 жылдың 7 ақпанында кездесу өткізілді.

2019 жылға арналған жоспарлар:

     1. Горняцк кентінде Партизан көшесін және Перцев ауылында Фадеев көшесін жарықтандыру бойынша жұмыстарды жүргізу.

     2. Перцев ауылында (балалар алаңы) және Горняцк кентінде (демалыс аймағы) шағын сәулет ғимараттарының құрылысы.

     3. Горняцк кентінде Партизан көшесіне су құбыры магистралін төсеу бойынша ЖСҚ әзірлеуге өтінім беру.

     4. Горняцк кентінде және Перцев ауылында көшені жарықтандыру объектілерін ағымдағы ұстау, техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстарды жалғастыру.

     5. Елді мекендерді абаттандыру бойынша жұмыстарды жүргізу.

     6. Горняцк кентінде тұратын оқушыларды Рудный қаласының мектептеріне тасымалдауды тұрақты бақылауда ұстау.

хат жіберу