Блог статистикасы
195
Жазбалар
5141
Өтініштер
207852
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Халықпен жұмыс істеу

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы N 221  "Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы" Заңы"


2019 жылғы қаңтар-маусымдағы Рудный қаласы әкімдігінің ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша жұмысты ұйымдастыру жағдайы туралы ақпарат

2019 жылғы қаңтар-маусымда 3805 өтініш тіркелді, оның ішінде: жеке тұлғалар – 2892, заңды тұлғалар – 450, жеке қабылдау – 463, оның ішінде:

Өтініш - 3588, шағым - 39,

Өзгелер (пікірлер, ұсыныстар, сұрау салулар) – 178.

«Қостанай облысы әкімінің аппараты» ММ арқылы жеке тұлғалардан 10, заңды тұлғалардан 3 өтініш келіп түсті.

Жеке тұлғалардың өтініштерін талдаудан тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық – 625, жер және жер пайдалану – 871, білім беру - 774, неке және отбасы саласындағы заңнама – 368, еңбек және жұмыспен қамту, әлеуметтік және зейнетақымен қамтамасыз ету - 102 мәселелері бойынша өтініштер басым.

Жеке тұлғалардың 2892 жазбаша өтініштерінің ішінде: 1672 оң шешілді, 475-не түсініктеме берілді, 22 басқа негіздер бойынша бас тартылды, 625 құзыреті бойынша қарау үшін тиісті органдарға жіберілді, 1 бас тартылды, 97 жұмыста.

Заңды тұлғалардың 450 жазбаша өтініші тіркелген, мына мәселелер бойынша өтініштер басым: неке және отбасы заңнамасы мәселелері бойынша өтініштер – 150, жер және жер пайдалану – 93, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық – 47, жылжымайтын мүлік - 47.

Заңды тұлғалардың 450 жазбаша өтінішінен: 238 оң шешілді, 99-ына түсініктеме берілді, 5 басқа негіздер бойынша бас тартылды, 89 құзыреті бойынша қарау үшін тиісті органдарға жіберілді, 19 жұмыста.      

 

Жеке қабылдау.

Есепті кезеңде қала әкімі, оның орынбасарлары, әкім аппаратының басшысы және мемлекеттік мекемелердің басшылары жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке мәселелері бойынша қабылдауларда қабылдады – 463 адам (оның ішінде қала әкімі – 83, әкімнің орынбасарлары - 110, аппарат басшысы - 12), оның ішінде мынадай мәселелер бойынша:

тұрғын үй беру - 80;

тұрғын үйді жекешелендіру - 8;

тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық – 135;

жылумен жабдықтау - 3;

жұмыспен қамту, әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру - 63;

білім беру - 25;

Неке және отбасы заңнамасы - 3;

Мемлекеттік мүлік - 1;

жылжымайтын мүлік - 21;

Құрылыс - 3;

байланыс және ақпарат - 13;

көлік - 2;

кәсіпкерлік - 73;

жер пайдалану - 32.

Өтініштерді қарау нәтижелері: 463 ауызша түсініктеме берілді.

Қала әкімі «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауында - 15, оның ішінде:

жылумен жабдықтау - 1;

тұрғын үйді жекешелендіру - 2;

мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру - 4;

тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық - 8;

Өтініштерді қарау нәтижелері: 8-і қанағаттандырылды, 7-іне ауызша түсініктеме берілді.

хат жіберу