Блог статистикасы
195
Жазбалар
4607
Өтініштер
179183
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Аппарат құрылымы


* * * * *

Қала әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары


Елена Вадимовна Скаредина

Тел. 8 (71431) 4 53 31

E-mail: e.skaredina@kostanay.gov.kz

1966 жылы 7 қыркүйекте Қостанай облысы Рудный қаласында дүниеге келді, ұлты татар, 2 жоғарғы білімі бар. 1988 жылы Рудный индустриалдық институтын инженер – құрылысшы мамандығы бойынша аяқтады. 2002 жылы М. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетін экономист-менеджер мамандығы бойынша аяқтады. 2015 жылы Қазақ инженерлік – техникалық академиясы, экономикалық ғылымдары магистрі.

«Ремторг» жалға алу кәсіпорны материалдық-техникалық жабдықтау бөлімінің бастығы, «Игілік» АҚ техникалық қызметі құрылыс учаскесінің бастығы, Рудный қаласы әкімі аппаратының қалалық басқармасы тұрғын үй көмек бөлімінің бас маманы, Рудный қалалық экономика басқармасы тұрғын үй көмегі секторының бас маманы, «Рудный қалалық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы» ММ бастығы, «Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ бастығы қызметін атқарды.

2013 жылғы ақпанда қала әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.

Лауазымдық міндеттері:

Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау, халықтың әлеуметтік осал санаттарына әртүрлі көмек түрлерін көрсету, қала халқын қорғау мен денсаулығы, балалардың мектепке дейінгі, жалпы білім беретін мекемелерінде білім беру қызметтерін ұсыну, діни, көші-қон және демография, жастар саясаты мәселелеріне басшылық жасайды.

Әлеуметтік сала, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және ескерту мәселелері жөніндегі қалалық комиссиялардың, кеңестердің жұмысын ұйымдастырады.

Мемлекеттік органдардың әлеуметтік сала, ішкі саясат, білім, мәдениет, дене шынықтыру және спорт, тілдер мәселелері бойынша қызметін үйлестіреді.

Жетекшілік етеді:

Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық ішкі саясат бөлімі» ММ;

Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық білім бөлімі» ММ;

Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық денешынықтыру және спорт бөлімі» ММ;

Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ;

Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ;

Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды қайта әлеуметтендіру орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі КММ);

Рудный қаласы әкімдігінің «Жұмыспен қамту орталығы» КММ;

«Рудный орталықтандырылған кітапхана жүйесі» ММ;

«Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қаласының әлеуметтік қызметтерді көрсететін аумақтық орталығы» КММ;

Рудный қаласы әкімдігінің «Балалар мен жастарды дамыту және шығармашылық сарайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына (бұдан әрі КМҚК);

Рудный қаласы әкімдігінің «Мәдениет, демалыс және шығармашылық орталығы» МКҚК;

«Қашар кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі «Қашар кентінің «Юность» мәдениет үйі» КМҚК;

Рудный қаласы әкімдігінің «Қалалық мәдениет және демалыс саябағы» МКК;

Рудный қаласы әкімдігінің «Қалалық тілдерді оқыту орталығы» КММ;

Рудный қаласы әкімдігінің «Балалар тәрбиелеу-сауықтыру кешені» МКҚК;

Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Рудный-2017» спорт клубы» КМҚК;

Рудный қаласы әкімдігінің  дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Рудный қалалық № 1 балалар - жасөспірімдер спорт мектебі» КММ;

Рудный қаласы әкімдігінің  дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Рудный қалалық № 2 балалар - жасөспірімдер спорт мектебі» КММ;

мектепке дейінгі, бастауыш және орта білім беру ұйымдарын.

Бірлесе іс-қимыл жасауды жүзеге асырады:

«Рудненский рабочий» қалалық газетінің редакциясы» ЖШС;

«Рудный даусы» Рудный қалалық телерадиохабар тарату редакциясы» ЖШС;

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының (бұдан әрі КАҚ) Қостанай облысы бойынша филиалы – «Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы» департаментінің Рудный қалалық бөлімшесімен;

«Қостанай облысы Рудный қаласының қорғаныс істері жөніндегі   бөлімі» ММ;

«Қазпошта» АҚ Қостанай облыстық филиалы Рудный қалалық пошта байланысы торабымен;

бұқаралық ақпарат құралдарымен;

оқу орындарымен;

медициналық мекемелермен және ұйымдармен;

қоғамдық және діни бірлестіктермен;

саяси партиялармен және кәсіподақтармен.



* * * * *

  Қала әкімінің коммуналдық мәселелер жөніндегі орынбасары

Әнуар Қорғанбекұлы Есқатов

Тел. 8 (71431) 4 57 55

E-mail: a.eskatov@kostanay.gov.kz

1983 жылғы 27 қыркүйекте Қостанай облысы Семиозерный ауданының Семиозерное кентінде дүниеге келген, үлты – қазақ, 2 жоғары білімі бар. 2005 жылы «кендік ісі» мамандығы бойынша Қостанай әлеуметтік академиясын бітірген. 2008 жылы «қаржы» мамандығы бойынша Алматы экономика және статистика академиясын бітірген.

Қоғамдық шаруашылықта бухгалтер, Әулиекөл ауданы статистика бөлімінің бас маманы, Диевка ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маман – бухгалтер, Маскилевский ауылдық округінің әкімі, Рудный қаласы әкімдігінің «Рахат» МҚК директорының орынбасары, Рудный қаласы әкімдігінің «Тұрғын – үй инспекицясы бөлімі» ММбасшысы, Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық тұрғын – үй шаруашылығы, коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысы болып жұмыс істеген.

2017 жылғы қарашадан бастап ТКШ сұрақтары бойынша Рудный қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

Лауазымдық міндеттері:

Көліктік инфрақұрылым, құрылыс, автомобиль жолдарын және коммуникацияларды қалпына келтіру және жөндеу мәселелеріне, кәсіпорындардың тіршілігін қамтамасыз ету жұмысына басшылық жасайды.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамытудың салалық бағдарламаларын, қалалық инфрақұрылымдық объектілерді ұстауды, тіршілікті қамтамасыз ету, өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс саласындағы өңірлік бағдарламаларды іске асыруды қамтамасыз етеді.

Жер қатынастары, жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен сұрапыл апаттарды жою мәселелері бойынша жетекшілік етеді.

Тұрғын үй-коммуналдық саласы, инженерлік коммуникациялар, коммуналдық саладағы тарифтік саясатты қалыптастыру, сумен жабдықтау, тұрғын үй объектілерін және әлеуметтік-өндірістік инфрақұрылымды жылыту маусымына дайындау мәселелері бойынша мемлекеттік мекемелердің қызметін үйлестіреді.

Жетекшілік етеді:

Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ;

Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ;

Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық жер қатынастары бөлімі» ММ;

Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық құрылыс бөлімі» ММ;

Рудный қаласы әкімдігінің «Тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ;

Рудный қаласы әкімдігінің «Железорудная ЖЭК» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына (бұдан әрі МКК).

Бірлесе іс-қимыл жасауды жүзеге асырады:

энергиямен жабдықтау ұйымдарымен;

сумен жабдықтау ұйымдарымен;

газбен жабдықтау ұйымдарымен;

«Спутник-2012» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін (бұдан әрі ЖШС);

«Рахат – 2018» ЖШС;

«КҮН ЭЛЕКТРОСЕТЬ» ЖШС;

Қазақтелеком акционерлік қоғамының (бұдан әрі- АҚ) филиалы Солтүстік өңірлік телекоммуникация дирекциясының жергілікті желілерге техникалық қызмет көрсету орталығы Рудный қаласының желілік техникалық цехымен;

Қостанай облысы төтенше жағдайлар департаментінің Рудный қаласы төтенше жағдайлар басқармасымен;

Қостанай облысы төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмысы қызметімен;

пәтер иеленушілердің тұтыну кооперативтерімен;

көлік кәсіпорындарымен;

автокөлікжай кооперативтерімен.



* * * * *

Қала әкімінің экономика мәселелері жөніндегі орынбасары


Денис Васильевич Петрухно

Тел. 8 (71431) 4 52 47

E-mail: de.petrukhno@kostanay.gov.kz

Кәсіпкерлік және өнеркәсіп, экономика және қаржы, ауыл шаруашылығы және ветеринария, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау және тұтынушылар құқықтарын қорғау мәселелеріне басшылық жасайды.

Өнеркәсіп кәсіпорындарының жұмысына мониторинг жүргізеді, олардың қызметінің тиімділігін талдайды және қалада өндірістің өсуі бар резервтерін анықтайды.

Экономика, бюджеттік жоспарлау, жергілікті бюджетті орындау, коммуналдық меншікті басқару саласында мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелерін үйлестіреді.

Мемлекеттік сатып алу, салық және қаржы-несиелеу тәртібін ұйымдастыру, қаладағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды талдау мәселелеріне басшылық жасайды.

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында тауар өндірушілермен өзара ынтымақтастық жөнінде меморандумдар жасау туралы іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді.

Бюджет комиссиясының қызметіне басшылық етеді.

Жетекшілік етеді:

Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі ММ);

Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ;

Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ;

Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық ветеринария бөлімі» ММ;

Бірлесе іс-қимыл жасауды жүзеге асырады:

«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қостанай облысы Ішкі істер департаментінің Рудный қаласының ішкі істер басқармасы» ММ;

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Рудный қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі РММ);

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті Қостанай облысы бойынша қазынашылық департаменті Рудный қалалық қазынашылық басқармасы» РММ;

«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Рудный аумақтық инспекциясы» ММ;

«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Рудный қалалық аумақтық инспекциясы» ММ;

«Қостанай облысының Статистика басқармасы» ММ Рудный қаласының статистика бөлімімен;

«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Қостанай облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Рудный қалалық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы» РММ;

«Рудненская дезстанция» ЖШС;

«Қаратомар» кеден бекетімен;

екінші деңгейдегі банктермен;

өнеркәсіп кәсіпорындарымен;

шағын және орта бизнес кәсіпорындарымен;

бақшашылар қоғамдарымен.


* * * * *

Рудный қаласы әкімі аппаратының басшысы


Азамат Қуандықұлы Ысқақов

Тел. 8 (71431) 4 55 20

e-mail: a.iskakov@kostanay.gov.kz

1976 жылы 29 наурызда Қостанай облысы Қамысты ауданы Свободный к. дүниеге келді.

Еңбек қызметін 1997 жылы Қамысты ауданы Свободный орта мектебінде тарих пәнінің мұғалімі болып бастады.

Сондай-ақ Жітіқара ауданы «Білім және спорт бөлімі» ММ аудандық әдістемелік кабинетінің әдіскері, «Жетіқара ауданы әкімдігінің «Радио» МКҚК директорының міндетін атқарушы, «Рудненский рабочий» қалалық газетінің менеджері болып жұмыс істеді.

2008 жылғы сәуірден бастап «Рудный қаласы әкімінің аппараты» ММ ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімінің бас маманы.

2012 жылдан бастап «Рудный қаласы әкімінің аппараты» ММ ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімінің басшысы.

2015 жылғы 10 қазаннан бастап Рудный қаласы әкімі аппаратының басшысы.

Лауазымдық міндеттері:

Әкім аппаратын басқаруды, қала әкімі аппаратының жұмысын келешекке және ағымдағы жоспарлауды жүзеге асырады.

Аппарат қызметіндегі әрекеттерді қала әкімінің орынбасарларымен келіседі, Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті жарлықтарының, Үкіметі қаулыларының, облыс, қала әкімі шешімдері, өкімдерінің және тапсырмаларының, облыс, қала әкімдігі қаулыларының орындалуына бақылау жасау мәселелері жөніндегі қала мекемелерінің, кенттер әкімдері аппараттарының жұмыстарын үйлестіреді.

Кадрларды іріктеу және мемлекеттік органдарды реформалау мәселелерін шешуді қамтамасыз етеді.

«Электрондық үкіметті» дамыту қызметін және Рудный қаласы әкімдігінің мемлекеттік мекемелері ұсынатын мемлекеттік қызметті көрсету мәселелерін үйлестіреді.

Қала әкімдігі отырыстарын өткізуді, қала әкімі жанындағы кеңестерді дайындауды және өткізуді ұйымдастырады.

Азаматтық хал актілерін тіркеу жөніндегі қызметті үйлестіреді.

Мыналардың қызметтеріне басшылық етеді:

ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімінің;

персоналды басқару қызметінің;

мемлекеттік қызметтерді ішкі бақылау, мониторинг жасау және ақпараттық технологиялар қызметінің;

құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің;

заң бөлімінің, бөлім басшысы болмаған кезеңде оның міндеттерін орындайды;

бухгалтерлік есеп бөлімінің;

жұмылдыру дайындығы, төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс жөніндегі бөлімінің;

ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің;

азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің;

қала әкімі кеңесшісінің;

қала әкімі көмекшісінің;

қала әкімі бас инспекторының.

Бірлесе іс-қимыл жасауды жүзеге асырады:

Рудный қалалық мәслихатымен;

«Қостанай мемлекеттік мұрағаты» ММ «Рудный қалалық мемлекеттік мұрағаты» филиалымен;

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қостанай облысы Әділет департаментінің «Рудный қаласының Әділет басқармасы» ММ;

«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің Қостанай облысы бойынша Жылжымайтын мүлік жөніндегі орталығы» республикалық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының Рудный филиалымен;

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КАҚ Қостанай облысы бойынша филиалы Рудный қ. № 1, № 2 бөлімдерімен.

   

* * * * *

Рудный қаласы әкімінің кеңесшісі


Берік Бүркітұлы Ысқақов

Тел. 8 (71431) 4 41 25

E-mail: b.iskakov@kostanay.gov.kz

Лауазымдық міндеттері:

Қала әкімі орынбасарларымен, әкім аппараты басшысымен, әкім аппараты бөлімдері басшыларымен, дербес атқарушы органдар басшыларымен, күш ведомстволары басшыларымен өзара әрекетті жүзеге асыру.

Дербес атқарушы органдардың қызметіне бақылауды жүзеге асыру.

Дербес атқарушы органдар қызметін талдау, атқарушы органдардың жұмысын оңтайландыру жөнінде ұсыныстар дайындау.

Қала әкімі алдына қойылған міндеттерді шешуде дербес атқарушы органдар қызметін үйлестіруді жүзеге асыру.

Оған мәлім болған сыбайлас құқық бұзушылықтар туралы қала әкімінің немесе құқық қорғау органдарының назарына хабарлайды, ол міндетті орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен көзделген тәртіптік жауапкершілікке тартылады.

Қала әкімі аппараты заң бөлімінің қызметіне, терроризмге қарсы комиссияның жұмысына жетекшілік етеді.

Қала әкімінің өкімдері мен шешімдері, қала әкімдігі қаулыларының жобаларын дайындауға қатысу.

құқықтық мәселелерді қарау кезінде сотта, сондай-ақ басқа органдарда белгіленген тәртіппен қала әкімі мен қала әкімдігі мүдделеріне өкілдік етеді.

Қаланың құқық қорғау органдарымен, прокуратурасымен өзара әрекет етуді жүзеге асыру.

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді.


* * * * *

Рудный қаласы әкімінің бас инспекторы


Николай Николаевич Беглов

Тел. 8 (71431) 4 12 77

E-mail: n.beglov@kostanay.gov.kz

* * * * *

Рудный қаласы әкімінің бас инспекторы

Инна Вячеславовна Мезенцева

тел.: 8 (71431) 4-54-00

E-mail:  rud-pressa@yandex.kz

* * * * *

Мемлекеттік қызметтерді ішкі бақылау, мониторинг жасау және ақпараттық технологиялар

Персоналды басқару қызметі

Азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі

Заң бөлімі

Бухгалтерлік есеп бөлімі

Ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімі

Құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі

Жұмылдыру дайындығы, ТЖ және АҚ жөніндегі бөлімі

хат жіберу