Блог статистикасы
195
Жазбалар
4607
Өтініштер
179183
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Сәулет

Рудный қаласы әкімдігінің

«Рудный қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ

Бөлім басшысы – Ульяна Александровна Бухвалова

Мекенжайы: Рудный қаласы, Космонавтов даңғылы, 12, № 303 кабинет.

Жұмыс тәртібі: дүйсенбі – жұма сағ. 9.00 – 18.30 дейін

                    түскі үзіліс сағ. 13.00 – 14.30 дейін

Телефон: 8 (71431) 4 63 73

E-mail: arhitektyra@mail.ru


Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің міндеттері қала аумағында сәулет, қала құрылысы, құрылыс және құрылыс индустриясын дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру

Функциялары:

1) қаланың заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген бас жоспарын, заңнамада белгіленген тәртіппен қала ықпал ететін аймаққа жатқызылған іргелес жатқан аумақтарда қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемасын (аудандық жоспарлау жобасын) іске асыру жөніндегі қызметті үйлестіру;

2) қалалық абаттандыру мен инженерлік жағынан қамтамасыз етудің қағидаларын қалалық мәслихатқа бекітуге ұсыну;     

3) қалалық мәслихатқа тұрғын үй қорын, өзге де ғимараттар мен тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы құрылыстарды, инженерлік коммуникацияларды, тарих және мәдениет ескерткіштерін, мемлекеттік табиғи-қорық қорының жергілікті маңызы бар объектілерін сақтау және күтіп-ұстау ережелерін белгілеу жөнінде ұсыныстар енгізу;

4) құрылыс салу не өзге де қала құрылысы өзгерістері туралы халыққа хабарлап отыру;

5) қала және қала маңы аймағының қала құрылысы жобаларын, егжей-тегжейлі жоспарлау және құрылыс салу жобаларын бекіту және іске асыру;

6) ведомстволық бағынысты аумақта құрылыс салуға немесе өзге де қала құрылысын игеруге арналған жер учаскелерін таңдау, беру, ал заңнамалық актілерде көзделген жағдайларда, мемлекеттік қажеттер үшін алып қою жөнінде шешімдер қабылдау;

7) құрылыстарды, үйлерді, ғимараттарды, инженерлік және көлік коммуникацияларын салу (кеңейту, техникамен қайта жарақтандыру, жаңғырту, реконструкциялау, қалпына келтіру және күрделі жөндеу) туралы, сондай-ақ аумақты инженерлік жағынан дайындау, абаттандыру мен көгалдандыру, құрылысты (объектіні) консервациялау, жергілікті маңызы бар объектілерді кейіннен кәдеге жарату жөнінде жұмыстар кешенін жүргізу туралы шешімдер қабылдау;

8) объектілерді пайдалануға қабылдау актілерін, сондай-ақ пайдалануға берілетін объектілерді (кешендерді) есепке алуды жүргізу;

9) салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін сәулет қала құрылысы және құрылыс істері бойынша уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүргізу;

10) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.

11) мемлекеттік қызметтерді көрсету және жүзеге асыру;

12) мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасын арттыруды қамтамасыз ету;

13) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге міндеттерді жүзеге асыру.


* * * * *

Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мемлекеттік мекеме) сәулет, қала құрылысы, құрылыс саласына басшылық етуді жүзеге асырушы Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

Қызметтің басым сипаттағы бағытының бірі халыққа мемлекеттік қызмет көрсету болып тыбылады.

Сәулет бөлімі 6 мемлекеттік қызмет көрсетеді: облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру; Қазақстан Республикасында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау туралы анықтама беру; сәулет–жоспарлау тапсырмасын беру; көтергіш және қоршау конструкцияларына, инженерлік жүйе және жабдықтаудың өзгеруіне байланысы жоқ осы күнгі ғимараттарды, жайларды (жеке бөліктерді) қайта жаңартуға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру, елді мекен шегінде объекті салуға жер учаскесін беру; эскиздік жобаны келісу.

Мемлекетік қызметті алушылардың: мемлекетік қызмет туралы толық және анық ақпарат алуға; орталық мемлекеттік органның, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының, қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, халыққа қызмет көрсету орталықтарының және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен шағымдануға; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметті қағаз және (немесе) электрондық нысанда алуға; 15-бабында көзделген тәртіппен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларын жария талқылауларға қатысуға; мемлекеттік қызметтер көрсету саласында бұзылған құқықтарды, бостандықтар мен заңды мүдделерді қорғау туралы талап арызбен сотқа жүгінуге құқығы бар.

Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар және шетелдік заңды тұлғалар мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді Қазақстан Республикасының азаматтарымен және заңды тұлғаларымен тең жағдайда алады.

Мемлекеттік қызметті көрсету құжаттарын қабылдау мен нәтижелерін беру:

- Сәулет және қала құрылысы бөлімі: Рудный қ., Космонавтов д-лы., 12 мекенжайы бойындағы № 303 кабинетінде кеңсе немесе «Е-лицензиялау» www.elicence.kz (әрі қарай - портал);

- Қостанай облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ МК «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Департаментінің бөлімдері – Рудный қ. Космонавтов д-лы., 12;

- www.egov.kz. «электрондық үкіметі» веб порталы арқылы жүзеге асырылады.

Қызметтерді көрсету тәртібі туралы халықты ақпараттандыру мақсатында азаматтар қызметшілердің заңсыз әрекетіне шағымдана алатындай, қабылдау кестесін, сондай-ақ, мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар тізімін біле алатындай 4 63 73 сенім телефоны жұмыс істейді.


* * * * *

«Рудный қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ 2017 жылы атқарылған жұмыстар туралы есеп

Бөлім негізгі міндеттер болып табылатын:

- заңнама нормаларын сақтауға арналған мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету;

- қаланың бас жоспары жобасы мен құрылыс жобаларын ұйымдастыру және әзірлеу;

- тұрғын үй құрылысы саясатын іске асыру;

- құрылыс жобаларын іске асыру үшін мониторингті жүзеге асыру;

- пәтерлерді шағын және орта бизнес объектілері (тұрғын ғимараттарда) ретінде   қайта жоспарлауды, қайта жабдықтауды жүзеге асыруға рұқсат дайындау және беру;

- объектілерді пайдалануға беру бойынша процедураны ұйымдастыру; олар бойынша құжаттарды ресімдеу және қабылдау актілерін беру;

- «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесіне мүлік объектілерін енгізу;

- Объектілер мен кешендерді жобалауға сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру;

- мүлік объектілерінің пошталық мекенжайлары бойынша жұмыс;

- эскиздік және жұмыс жобаларын тексеру жұмысын жасайды.

2017 жылы жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштер қаралды. Барлық өтініштер белгіленген заңнама мерзімінде орындалды.

Біздің бөлім 4 мемлекеттік қызмет ұсынады:

1) Жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау бойынша анықтамалар беру.

Мекенжайларды алу және анықтау туралы 541 анықтама берілді.

2) Көтергіш және қоршау конструкцияларына, инженерлік жүйе және жабдықтаудың өзгеруіне байланысы жоқ осы күнгі ғимараттарды, жайларды (бөлек жайларды) қайта жаңартуға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру.

139 рұқсат берілді

3) Елді мекен шегінде объектілер салуға жер учаскесін беру

Елді мекен шегінде объектілер салуға жер учаскесін беру бойынша 2017 жылы 7 акт берілді.

4) Эскизді (эскиздік жобаны) келісу 17 эскиздік жоба келісілді

2005-2007 жылдарда Қазақстан Республикасында «электрондық үкіметті» қалыптастыру Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесін құру» жобаның аясында 508 жылжымайтын мүлік объектісін енгізу бойынша жұмыстар атқарылды.

Мекенжай тіркелімі ақпараттық жүйесімен жұмыс тұрақты түрде жүргізілуде.



хат жіберу