Блог статистикасы
195
Жазбалар
4465
Өтініштер
176407
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Астананың 20-жылдығы

Астана (аудиоролик)


* * * * *

Арман қала – Астана!

Балалар арасында өткен сурет салу байқауы

Биыл Астана қаласына 20 жыл! Тарих үшін бұл қас-қағым сәт болар. Алайда, осы уақыт аралығында елордамыз әлемнің атақты астаналарымен бой таластыра алатын көрікті де көлемді шаһарға айналды.

Иә, осы аралықта еліміздің бас қаласы төрткүл дүниені түгел тамсандырған тарихи құбылысқа айналғаны шындық. «Ақорда»,  «Пирамида», «Бәйтерек», «Хан Шатыр», «Астана триумфы» және басқа да әсем ғимараттар XXI ғасырдағы сәулет өнерінің ең озық үлгілері болып табылады. Бұған «Қазақ елі» монументі мен «Мәңгілік ел» қақпасын қосыңыз. Тоқсан бір метрлік зәулім тұғырдың ұшар басынан заңғар аспанға ұмтылған самұрық құс азаттық аңсаған әрбір қазақ баласының жүрегіне мақтаныш сезімін ұялатады. 

Елорданың осы көз тоймас әдемі келбетін насихаттап, дәріптеу мақсатында Рудный қалалық мемлекеттік архивінің қызметкерлері № 15 орта мектебінің «Балдаурен» жазғы демалыс лагерінде «Арман қала – Астана!» атты суреттер байқауын ұйымдастырды. Астана қаласының 20 жылдығына арналған байқаудың мақсаты балаларды Отанына деген сүйіспеншілік пен патриоттыққа тәрбиелеу болып табылады. Басында архив қызметкерлері балаларға Астана қаласы туралы жан-жақты ақпарат беріп өтті.

Балалар қиялында шек жоқ. Астана қаласындағы әсем ғимараттарды өздерінше салуға тырысып бағыпты. Барлық жұмыстар ашық бояумен салынған. Байқау жеңімпаздарын марапаттау көңілді кішігірім мереке форматында өтті. Жас суретшілер өздерінің суреттерін қорғады. Онда олар елордада болған сәттерімен бөлісті. Нәтижесінде төрт қатысушының жұмыстары үздік деп табылып, олар сурет салу құралдарымен марапатталды. «Мұндай байқаулар балалардың шығармашылық қабілетін оятып, бейнелеу өнерінің таланттарын анықтауға мүмкіндік береді», – дейді байқауды ұйымдастырушылар.   

 

Гүлжазира ӘБІШЕВА,

Рудный қалалық мемлекеттік архивінің қызметкері 

* * * * *

Астана жайлы 20 қызықты дерек


Дерек №1

Елорданың атауының идеясы Нұрсұлтан Назарбаевқа түн ортасында келді.

«Елорданы қалай атауға болатын әр түрлі пікірлер болды: Қазақстан, немесе Есіл, немесе Сарыарқа. Әдетте ұйқы болмаған сон, түнде жақсы ойлаймыз. Менің жанымда әрдайым диктофон немесе блокнот жатады, ұмытпас үшін бірден жазып қоямын. Солай, маған Астана атауға ой келді», - деп Елбасы 2017 жылдың наурыз айында қазақстандық БАҚ өкілдеріне сұхбат беру барысында еске алды.

Әділбек Жақсыбековтың айтуынша, Президент талқылау кезінде атау үшін бірнеше дәлелдер келтірді. Атаудың анық белгіленген мәні бар және сөзбе-сөз – астана деген мағына білдіреді ; екіншіден, оның саяси немесе тарихи келеңсіз баламасы жоқ; үшіншіден, ол қазақ тілінде, сондай-ақ барлық басқа да тілдерде де жағымды естіледі.

Дерек №2

Астана халқының саны соңғы жылдары ішінде 3,8 есе өсті. Егер осыдан 20 жыл бұрын қалада 275 мың адам тұрған болса, қазіргі уақытта тұрғындар саны - 1 миллионнан астам.

Дерек №3

Астана алаңы осы уақыт ішінде 3 есеге артты. 1997 жылы қала аумағының алаңы 258 шаршы километрді құраған, бүгін ол 722 шаршы километрден асады.

Дерек №4

Астанада әр күні 70-75 бала туады.

Дерек №5

Астананың миллионыншы тұрғыны 2016 жылғы 4 шілдеде Олжас және Арайлым Мухамедияровтар отбасында дүниеге келді. Қыздың есімін Саида атады. Ол олардың тұңғыш баласы болып табылады.

Дерек №6

Күн сайын елордалық емханаларға 8,5 мың тұрғын барады, ауруханаларға 400 науқас жатқызылып, 120-дан астам күрделі ота жасалады, тәулік ішінде жедел жәрдем 1,5 мың қоңырауға қызмет көрсетеді.

Дерек №7

Астана дәрігерлері толық жасанды жүрек ауыстыру отасын жасаған Қазақстанның бірінші қаласы болды. Операция 2017 жылдың соңында Ұлттық ғылыми медициналық орталықтың басшысы Юрий Пяның басшылығымен өтті. Жасанды жүрек имплантациясы ауыр жүрек жеткіліксіздігіне шалдыққан аурудың терминалдық сатысындағы 60 жастағы науқасқа жасалды.

Дерек №8

Астана жыл сайын жылынуда. Орташа жылдық температурасы әрбір 10 жыл сайын 0,4 градусқа дейін жоғарылайды. Астананың климаты «Казгидромет» РМК мәліметтері бойынша анағұрлым қолайлы болуда. Температурасы барлық айларда және барлық жыл маусымдарында жоғарылайды. Әрине, жылдан жылға оң және теріс ауытқулар байқалуы мүмкін, дегенмен тұтастай алғандағы температурасы тұрақты түрде артуда.

Дерек №9

«Астананың құрметті азаматы» атағына 4 елдің Президенттері ие болған. Олар – Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев, Греция Республикасының экс-президенті Константинос Стефанопулос, Корея Республикасының бұрынғы Президенті Ли Мен Бак және Молдава Республикасының бұрынғы Президенті Петру Лучински.

Дерек №10

Қазақстанда Астана есімімен 25 адам өмір сүріп жатыр.

Дерек №11

Биылғы жылы Астананың туы және елтаңбасына 10 жыл толды. Оларды 2008 жылдың маусым айында елордалық мәслихат депутаттары бекітті. Елтаңбаның негізінде жетістік, кемел және мәңгіліктің идеяларын білдіретін шеңбер салынған. Орталық элементі ретінде екі символ - Бәйтерек пен Шаңырақ біріктіріліп көрсетілген. бірлестігі болып табылады. Тудың ортасында елтаңба орналасқан, оның барлық жағынан алтын түстес күн сәулелері тараған.

Дерек №12

20 жыл ішінде Астана құрылысына 2,3 триллион теңге салынды. Бұл ретте, салынған қаражат 3 есе артық оралды. Қала экономикасы 1997 жылмен салыстырғанда, 2018 жылы 5,3 триллион теңгеге жетті. Қала инвестициялары алдыңғы 20 жылмен салыстырғанда, 50 ретке өсті. Бюджеттен тыс инвестициялардың көлемі 80%-ды құрады.

Дерек №13

Астанада ерлерге қарағанда әйелдер көп тұрады. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, елордада 539,5 мың тұрғындары – әйел жынысты және 500 мың тұрғыны – еркек.

Дерек №14

Астана халқы санының өсу шыңы көшкеннен кейінгі алғашқы үш жылға тиесілі. 1998, 1999, 2000 жылдары жалпы тұрғындар саны жыл сайын 50 мыңнан астам адамға көбейе түсті. Ең көбісі 1999 жылдан 2000 жылдарға шақты: бір жылда астаналықтардың саны 59 219 адамға көбейді.

Дерек №15

Астананың айналасында, жасыл белдеуде 14,8 гектардан артық алаңда 9,6 миллионнан астам ағаш пен 1,8 млн бұта өседі.

Дерек №16

Астананың ең ескі ғимаратына 172 жыл. Ең көнесі қазіргі Сәкен Сейфуллин мұражайы болып табылады. Ол қалада 1846 жылы пайда болды. 172 жыл бұрын жертөлесі бар бір қабатты үй сатып алынған тауарлар есебін жүргізу үшін кеңсе ретінде салынған. ХХ ғасырда онда «Зорька» балабақшасы орналасты. 1988 жылғы 20 ақпанда, Сәкен Сейфуллиннің ақталуынан кейін отыз жыл өткен соң, Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің

өкімімен ғимаратта мұражай ашылды. Астанада 100 жылдан астам бұрын салынған барлығы тоғыз ғимарат бар.

Дерек №17

Астанадағы ең ескі ағаш қаланың орталық саябағында өсіп тұр. Ол 120 жастағы қара терек.

Дерек №18

Астанада шатыр және сфера пішінді әлемдегі ең ірі ғимараттар салынған. Ең ірі шатыр - «Хан Шатыр» сауда-ойын орталығы болып табылады, ал ең үлкен шар - «Нұр Әлем» сферасы немесе «ЭКСПО-2017» көрмесінің өткізілу аумағында орналасқан Келешек мұражайы есептеледі.

Дерек №19

Астанадағы Океанариум – мұхиттан үш мың шақырымнан аса қашықтықта орналасқан әлемдегі жалғыз океанариум.

Дерек №20

Астана күні әрдайым 6 шілде күні аталмаған. 2006 жылға дейін Астана өзінің «туылғанын» 10 шілдеде тойлады. 1998 жылы осы күні егемен Қазақстанның елордасы ретінде Астананың халықаралық тұсаукесері өтті. Кейінірек Қазақстан Президенті Жоғарғы Кеңестің 1994 жылғы 6 шілдеде қабылдаған Ақмоланың жаңа мәртебесін бекіту туралы тарихи шешімін мәңгіге есте сақтауды шешті. Мәжіліс Елбасының шешімін қолдады. Сонымен қатар, 6 шілде күні өзінің туған күнін Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі де тойлайды.

* * * * *

хат жіберу