Блог статистикасы
195
Жазбалар
4607
Өтініштер
179183
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Экономика және қаржы



«Рудный қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ

«Рудный қалалық қаржы бөлімі» ММ

Бөлім басшысы - Зоя Витальевна Жигунова

Бөлім басшысы - Сержан Әбдікәрімұлы Асанов

Мекенжайы: Рудный қ., Ленин көшесі, 95, 210 кабинет

Мекенжайы: Рудный қ., Ленин көшесі, 95, 118 кабинет

Телефон: 8 (71431) 4 52 42  

Телефон/факс: 8 (71431) 4 65 18

Жұмыс тәртібі: дүйсенбі-жұма сағат 9.00 - 18.30

түскі үзіліс сағат 13.00 - 14.30

Жұмыс тәртібі: дүйсенбі-жұма сағат 9.00 - 18.30

түскі үзіліс сағат 13.00 - 14.30

E-mail: econom.rud@yandex.kz

E-mail: kassimova_ds@mail.ru

Ресми интернет–ресурсы: www.rudeconom.kz

Ресми интернет–ресурсы: www.rudgorfo.kz


Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі экономика және бюджеттік жоспарлау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

Міндеттері:  
1) әлеуметтік–экономикалық даму басымдықтарын тиімді іске асыруға ықпал ететін жоспарлау жүйесін дамыту;  
2) елдегі және қаладағы экономикалық жағдайдың өзгеруіне уақтылы мән беру және қала экономикасын тұрақтандыру бойынша шара қолдану;   
3) инвестициялық белсенділікті арттыруға жәрдемдесу;
4) экономикалық жоспарлауды жетілдіру;
5) нәтижеге бағытталған үш жылдық бюджеттік жоспарлауды жүзеге асыру. 
16. Функциялары:  
1) Рудный қаласының аумағын дамыту бағдарламасының жобасын және Рудный қаласының аумағын дамыту бағдарламасын іске асыру жөніндегі         іс-шаралар жоспарын әзірлеу; 
2) Рудный қаласының аумағын дамыту бағдарламасына мониторинг жүргізу; 
3) жергілікті атқарушы органдарға мемлекеттік жоспарлау жүйесінің (Рудный қаласының аумағын дамыту бағдарламасы, қалалық бюджетті әзірлеу бойынша) әрі қарай жұмыс істеуі бойынша негізгі нормаларды түсіндіру; 
4) қалалық бюджетті әзірлеу, әкімдік қарауына бюджет жобасын енгізу; 
5) экономиканы қаржылық қалпына келтіру бойынша шараларды әзірлеу және қала әкіміне ұсыныстар енгізу; 
6) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар құрылымдарын жақсарту бойынша ұсыныстар әзірлеуге қатысу; 
7) жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын әлеуметтік, мәдени объектілерді және тұрғын үйді салу бойынша ұсыныстар әзірлеуге қатысу; 
8) қалалық бюджетті нақтылау бойынша ұсыныстар енгізу; 
9) Рудный қаласының бюджет комиссиясы қызметін қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды үйлестіру, бюджет комиссиясы отырысының хаттамасын дайындау; 
10) басым бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесін құру; 
11) жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламалар жобаларын келісу; 
12) қала экономикасының жағдайын талдау; 
13) бағдарламаларды, іс-шаралар жоспарларын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыс және қала әкімінің және әкімдігінің тапсырмаларын орындау бойынша есептерді әзірлеу; 
14) Рудный қаласы кәсіпорындарының қызметін талдау; 
15) қала бойынша экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларды орындау бойынша іс-шаралар жоспарларын әзірлеу жөнінде бөлімдердің, қалалық әлеуметтік және қаржы қызметтерінің жұмысын үйлестіру; 
16) әкімдік отырыстарына әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері бойынша әкімнің баяндамасын және сөзін дайындау;
17) бюджеттік бағдарламалар әкімшілері  шығыстарының лимиттерін, жаңа бастамаларға арналған лимиттерді жоспарлы кезеңге Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамды көрсеткіштері, бюджет қаражатын жұмасудың басым бағыттары, тиісті бюджет тапшылығының мөлшері негізінде айқындау;
18) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін  Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де басқа заңнамасына сәйкес келуі тұрғысынан қарау;
19) жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін, бюджеттік бағдарламаларының жобаларын қарау қорытындылары бойынша бюджеттік өтінімдер мен бюджеттік бағдарламалардың жобалары бойынша қорытындылар қалыптастыру және оларды тиісті бюджет комиссиясының қарауына жіберу;
20) заңнамаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету;
21) мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету;
22) Қазақстан Республикасының  заңнамасына сәйкес өзге де функциялар. 

Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Қаржы бөлімі) бюджетті орындау, жергілікті бюджетті орындау бойынша бюджеттік есепке алуды және есеп беруді жүргізу, сондай-ақ коммуналдық меншік объектілерін басқару саласындағы функцияларды жүзеге асыру саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

Қаржы бөлімінің міндеттері:

1) қала аумағында қаржы мәселелері бойынша біртұтас мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;

2) жергілікті бюджетті орындау бойынша бюджеттік есепті құру;

3) мемлекет мүддесі үшін қалалық коммуналдық меншікті тиімді басқару.

Функциялары:

1) Рудный қаласының қаржысын басқаруды жүзеге асырады;

2) жергілікті бюджетті орындауды ұйымдастырады және қалалық бюджетті орындау бойынша жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қызметін  үйлестіреді;

3) қарыз алушылардың бюджеттік несиелерді  пайдалануына және  қайтаруларына  мониторинг жүргізеді;

4) тиісті қаржы жылына арналған қалалық бюджет туралы мәслихаттың шешімімен бекітілген сомалар шегінде бюджеттік бағдарламаларды толық және уақтылы орындауға бағытталған іс-шараларды жүзеге асырады;

5) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіпте жылдық сомаларды қосқанда түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарына, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;

6) түсімдерді  уақтылы және толық  қамтамасыз ету үшін алдағы  кезеңде бюджетке ақша түсімінің күтілетін көлемін белгілейді;

7) қарызға алу арқылы ақшаларды тарту үрдісін ұйымдастырады;

8) бюджеттік несиелерге қызмет көрсету бойынша қызметті жүзеге асырады және бюджетті орындау  жөнінде орталық уәкілетті орган  белгілейтін  түрлер бойынша, мерзімдерде есеп жүргізеді;

9) қаржыландыру жоспарларының жылдық сомаларын ай сайын бөлуді талдау және бағалау, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаржыландыру жоспарларына енгізетін өзгерістердің негіздемесіне, қаржыландыру жоспарларын орындамаудың себептерін анықтау арқылы бюджеттік  қаражаттарды игеру мониторингін  жүзеге асырады;

10) біртұтас бюджеттік сыныптамадағы бюджетке  түсімдер топтамасының кодтары бойынша артық (қате) төленген сомаларды бюджеттен қайтару және (немесе) есептеу үшін қорытынды дайындайды;

11) бюджеттік есеп және есеп беруді жүргізуді жүзеге асырады;

12) қалалық бюджет қаражаттары есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің қолма-қол қаражатын алу үшін ағымдағы шотты ашуға, қалалық бюджет қаражаттары есебінен ұсталатын  мемлекеттік мекемелердің қолма-қол ақшасына, демеушілік және қайырымдылық көмекке  бақылау шоттарын,     жеке және заңды тұлғалардың ақшаларын уақытша орналастыруға шоттарды ашуға рұқсат береді;

13) мемлекеттік мекемелердің иелігіндегі тауарларды (жұмыстарды,  қызметтерді) өткізуден түскен ақша түсімдері мен шығындарының жиынтық жоспарын келіседі;

14) қалалық коммуналдық меншікті басқарады, оны қорғау бойынша шараларды жүзеге асырады;

15) иеліктен алынатын   мүлікке ақшалай өтемақы төлейді;

16) сенімгерлік басқарушының қалалық коммуналдық мүлікті  сенімгерлік басқару шарты бойынша міндеттемелерді орындауына мониторингті жүзеге асырады;

17) шағын кәсіпкерлік субъектісінің мүліктік жалға алу немесе сенімгерлік басқару  шартының талаптарын орындауына мониторингті жүзеге асырады;

18) қалалық коммуналдық мүлікті жекешелендіруді жүзеге асырады, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру объектісін сатып алу-сату шарттарын жасайды және сатып алу-сату шартының талаптарын сақтауды бақылайды;

19) қалалық коммуналдық мүлікті мүліктік жалға алуға (жалдауға), әрі қарай сату құқығымен және құқығынсыз немесе әрі қарай тегін негізде шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне беру құқығымен жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға қалалық коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқаруға береді және міндеттемелерді орындауды бақылауды жүзеге асырады;

20) мемлекеттің меншігіндегі діни ғимараттарды (құрылыстарды) және діни мақсаттағы өзге мүлікті діни бірлестіктердің меншігіне беру туралы қаланың жергілікті атқарушы органының шешімі бойынша мемлекеттік мүлікті тегін пайдалану шартын жасайды. Мемлекеттік мүлікті тегін пайдалану шарты бойынша берілген мемлекеттік мүлікті кез-келген жақсартуға келісім береді;

21) мемлекеттік мүлікті нысаналы пайдалануға мониторингті және артық, пайдаланылмайтын немесе тағайындалуы бойынша пайдаланылмайтын  қалалық коммуналдық мүлікті алып қоюды жүзеге асырады;

22)  қалалық коммуналдық меншік және  оның  мүліктік құқығын қорғау мәселелері  бойынша мемлекет мүддесін қорғайды;

23) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бөлек негіздер бойынша коммуналдық меншікке айналдырылған (түскен) мемлекеттік коммуналдық мүлікті есепке алуды, сақтауды, бағалауды және әрі қарай пайдалануды ұйымдастырады;

24) мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірістің  белгіленген бөлігін қалалық бюджетке толық және уақытында аударуына мониторингті жүзеге асырады;

25) ай сайын, есеп беретін айдан кейінгі айдың бірінші күніндегі жағдай бойынша қалалық бюджетті орындау туралы есепті ұсынады, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 125-бабы 4) тармақшасымен қарастырылған  басқа да есептерді әкімдікке, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті уәкілетті органына, бюджетті орындау жөніндегі облыстың жергілікті уәкілетті органына және ішкі бақылау жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің уәкілетті органына ұсынады;

26) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 



Қаржылық сауаттылық

Рудный қаласы әкімдігі қаулысының жобасына түсіндірме жазба

ҚАУЛЫ ЖОБАСЫ Елді мекенде салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициентін бекіту туралы"

№ 41 БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ «Қазақстан Республикасының 2018 жылға арналған ақша-кредит саясатының негізгі бағыттарын мақұлдау туралы»

Қолма-қолшетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру қағидаларына түзетулер бекітілді

Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені 9,75%-ға дейін төмендету туралы шешім қабылдады


* * * * *

Отандық тауар өндірушілерді дамытуға және қолдауға жәрдем көрсету мақсатында қолданыстағы заңнамаға бірқатар өзгерістер енгізілді, ол индустриялық сертификатты қолдану бөлігінде отандық кәсіпорындар үшін белгілі бір артықшылықтар береді.

Мәселен, а.ж. 1 шілдеден бастап «Мемлекеттік сатып алу алдын ала біліктілік іріктеуі арқылы конкурс тәсілімен жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасарының бұйрығы (бұдан әрі – Бұйрық) қолданысқа енгізіледі, ол жеңіл өнеркәсіп тауарларын, құрылыс-монтаж жұмыстарын, жобалау жөніндегі жұмыстарды, жиһаз өнімдерін мемлекеттік сатып алуды, сондай-ақ бағдарламалық қамтамасыз ету санаттарына және электрондық өнеркәсіп өнімдеріне қатысты тауарларды реттейді.

Жоғарыда көрсетілген бұйрық шеңберінде индустриялық сертификаттың болуын конкурсқа қатысуға рұқсат берудің міндетті шарттарының бірі енгізу жоспарлануда.

Осыған байланысты ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап жоғарыда көрсетілген мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде жоғарыда көрсетілген бұйрықтың күшін назарға алу, сондай-ақ индустриялық сертификат алу қажеттігі туралы әлеуетті өнім берушілердің назарына жеткізу қажет (ресми интернет-ресурстарда орналастыру).

* * * * *

«Рудный қаласының ауылды қелді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт жәнеагроөнеркәсіптіккешенсаласындағымамандарға 2019 жылы әлеуметтік қолдау шараларын көрсету туралы» Рудный қалалық мәслихаты шешімінің жобасына

БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесімен «Рудый қаласының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға 2019 жылы әлеуметтік қолдау шараларын көрсету туралы» Рудный қалалық мәслихаты шешімінің жобасы әзірленді.

Аталған шешім жобасын әзірлеудің мақсаты: әлеуметтік шараларды сәйкестік мөлшерінде ұсыну, көтерме жәрдемақы 70 айлық есептік көрсеткіш көлемде және тұрғын үйлерді сатып алуына немесе құрылысына бюджеттік кредиттер мың бес жүз айлық есептік көрсеткіш көлемінде көрсету болып табылады.

Қазақстан Республикасы 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18-бабының 8-тармағына сәйкес әзірленді.

Аталған нормативтік құқықтық актінің жобасы қарастырады:

«Рудый қаласының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету» мемлекеттік қызметін көрсетуге мүмкіндік береді.

Осылайша, жобаны қабылдау ауылдық елді мекендерде жұмыс істеп тұруға ниет еткен мамандарды қолдау мақсатында қажет.

Шешімнің жобасы теріс әлеуметтік-экономикалық құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.

Шешімнің жобасы нормативтік құқықтық актілердің ашық интернет-порталында орналасқан:

https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=2352514

* * * * *

«Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Рудный қаласының Перцев ауылында жұмыс істейтін білім беру, денсаулық сақтау саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» Рудный қалалықмәслихатышешімініңжобасына

БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесімен «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Рудный қаласының Перцев ауылында жұмыс істейтін білім беру, денсаулық сақтау саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» Рудный қалалық мәслихаты шешімінің жобасы әзірленді.

Аталған шешім жобасын әзірлеудің мақсаты: Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Рудный қаласының Перцев ауылында жұмыс істейтін білім беру, денсаулық сақтау саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау.

Қазақстан Республикасы 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 18 -бабының 2-тармағына, 139 -бабының 9-тармағына, Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының    31 -бабының 2-тармағынасәйкес қаулының жобасы әзірленді.

Аталған қаулының жобасы білім беру, денсаулық сақтау саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау ҚРЗ 18-бабында «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» қарастырылған, Перцев ауылында жұмыс істегені үшінлауазымдық айлықақыларна 25 % мөлшерінде үстеме ақы төлеу.

Қаулы жобасы Рудный қаласының Перцев ауылында азаматтық қызметші болып табылатын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, білім беру саласындағы мамандардың әлеуметтік-экономикалық өмір сүру жағдайларын арттыруға әкеледі.

Шешімнің жобасы нормативтік құқықтық актілердің ашық интернет-порталында орналасқан:

https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=2380096

* * * * *

Рудный қалалық мәслихатының 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 313 «Рудный қаласының 2019-2021 жылдарға арналған қалалық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімінің жобасына

БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесімен Рудный қалалық мәслихатының 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 313 «Рудный қаласының 2019-2021 жылдарға арналған қалалық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы»шешімінің жобасы әзірленді.

Аталған шешім жобасын әзірлеудің мақсаты Рудный қаласының 2019-2021 жылдарға арналған қалалық бюджетінің көлемдерін нақтылау болып табылады.

Жоба 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 106, 109-баптарына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес әзірленді.

Аталған нормативтік құқықтық актінің жобасы қарастырады:

Рудный қаласы бюджетінің кіріс бөлігін түзету және оны 320 776,0 мың теңге сомасына ұлғайту;

қала бюджетінің шығыс бөлігін 424 126,0 мың теңге сомасына сәйкесінше ұлғайту;

қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 103 350,0 мың теңге сомасына мемлекеттік қаржы активтерінің сатудан түскен түсімдер есебінен ұлғайту;

Осылайша, жобаны қабылдау бюджеттік мекемелердің және қазыналық кәсіпорындардың бюджеттік заңнаманы сақтай отырып үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында сонымен қатар 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін Рудный қаласының қалалық бюджетін сапалы орындау үшін қажет.

Шешімнің жобасы теріс әлеуметтік-экономикалық құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.

Шешімнің жобасы нормативтік құқықтық актілердің ашық интернет-порталында орналасқан:

https://legalacts.egov.kz/list?&page=3&governmentId=6789

* * * * *

Рудный қалалық мәслихатының 2018 жылғы 24 желтоқсандағы     № 313 «Рудный қаласының 2019-2021 жылдарға арналған қалалық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы»шешімінің жобасына

БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесімен Рудный қалалық мәслихатының 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 313 «Рудный қаласының 2019-2021 жылдарға арналған қалалық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы»шешімінің жобасы әзірленді.

Аталған шешім жобасын әзірлеудің мақсаты Рудный қаласының 2019-2021 жылдарға арналған қалалық бюджетінің көлемдерін нақтылау болып табылады.

Жоба 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 106, 109-баптарына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес әзірленді.

Аталған нормативтік құқықтық актінің жобасы қарастырады:

Рудный қаласы бюджетінің кіріс бөлігін түзету және оны 225 700 мың теңге сомасына ұлғайту (салықтық түсімдер есебінен);

қала бюджетінің шығыс бөлігін 221 912,5 мың теңге сомасына сәйкесінше ұлғайту;

мамандарды әлеуметтік қолдау бойынша іс-шараларды іске асыру үшін 3 787,5 мың теңге сомасына бюджеттік кредиттер.

Осылайша, жобаны қабылдау бюджеттік мекемелердің және қазыналық кәсіпорындардың бюджеттік заңнаманы сақтай отырып үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында сонымен қатар 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін Рудный қаласының қалалық бюджетін сапалы орындау үшін қажет.

Шешімнің жобасы теріс әлеуметтік-экономикалық құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.

Шешімнің жобасы нормативтік құқықтық актілердің ашық интернет-порталында орналасқан:

https://legalacts.egov.kz/list?&page=28&status=IN_ARCHIVE

* * * * *

«Рудный қаласының Перцев ауылына жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру саласындағы мамандарға 2019 жылы әлеуметтік қолдау шараларын көрсету туралы» Рудный қалалық мәслихаты шешімінің жобасына

БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесімен «Рудый қаласының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру саласындағы мамандарға 2019 жылы әлеуметтік қолдау шараларын көрсету туралы» Рудный қалалық мәслихаты шешімінің жобасы әзірленді.

Аталған шешім жобасын әзірлеудің мақсаты: әлеуметтік шараларды сәйкестік мөлшерінде ұсыну, көтерме жәрдемақы 100 айлық есептік көрсеткіш көлемде және тұрғын үйлерді сатып алуына немесе құрылысына бюджеттік кредиттер мың бес жүз айлық есептік көрсеткіш көлемінде көрсету болып табылады.

Қазақстан Республикасы 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18-бабының 8-тармағына сәйкес әзірленді.

Аталған нормативтік құқықтық актінің жобасы қарастырады:

«Рудый қаласының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету» мемлекеттік қызметін көрсетуге мүмкіндік береді.

Осылайша, жобаны қабылдау ауылдық елді мекендерде жұмыс істеп тұруға ниет еткен мамандарды қолдау мақсатында қажет.

Шешімнің жобасы теріс әлеуметтік-экономикалық құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.

Шешімнің жобасы нормативтік құқықтық актілердің ашық интернет-порталында орналасқан:

https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=2384688

* * * * *

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) базасында жауапты бизнесті жүргізу принциптерін бұзатын, кәсіпорындардың әрекеттеріне немесе әрекетсіздігіне халықтық/қоғамның шағымдарын қарау кезінде ерікті, соттан тыс механизмді жүзеге асыратын Ұлттық байланыс орталығы (бұдан әрі – ҰБО) құрылған.

ҰБО қызметі туралы егжей-тегжейлі ақпарат сонда-ақ Министрлік сайтының «Министрлік туралы» бөлімінде және/немесе келесі сілтеме бойынша http://mid.gov.kz/ru/pages/nacionalnyy-kontaktnyy-centr-po-otvetstvennomu vedeniyu-biznesa қолжетімді.

* * * * *

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті қолайлы инвестициялық климат құру және бизнес-ортаны дамыту үшін жағдай жасау мақсатыңда жұмыс атқарылуда .
Қолайлы инвестициялық климат құру және мемлекеттік билік мекемелеріне бизнес пен инвесторлардың сенімін арттыру мақсатында өңірде «Protecting business and investments» кеңсесі ашылды.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі агенттіктің, сондай-ақ Сыртқы істер, инвестициялар және даму министрліктері арасындағы ынтымақтастық меморандумы шеңберінде, ел экономикасына инвестиция салу процесін жеңілдету, сондай-ақ бюрократиялық рәсімдер мен жемқорлық фактілерін жою мақсатында мұндай кеңселер желісі республиканың барлық облыс орталықтарында жұмыс атқаруда.
Заңгерлік және басқа да көмек қажет болса, Әл-Фараби көшесі, 95, 1010 кабинет, тел. 522-520, 391-120 немесе электрондық пошта арқылы protectinvestment.kostanay@gmail.com өтініш білдіре аласыздар.


* * * * *

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАР

2017 жылғы 13маусым

Қазақстан Ұлттық Банкінің қысқа мерзімді ноттарын «блокчейн» технологиясын пайдалана отырып орналастыру жобасы туралы

Ұлттық Банк жаңа технологияны – халықтың бағалы қағаздарды «блокчейн» базасында сатып алу және сату операцияларын жасауы үшін мобильді қосымшаны әзірлеуді аяқтауда. Пилоттық жобада Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын пайдалану қарастырылуда.

Ұсынылатын шешім брокерлер мен дилерлер арқылы делдалдардың көмегінсіз азаматтарға Ұлттық Банктің ноттарын мобильді телефоннан онлайн режимінде сатып алуға және сатуға мүмкіндік береді. Ешқандай салық пен комиссия қажет емес. Абсолютті өтімділік және иелену мерзімдері бойынша ешқандай шектеу жоқ. Бір ноттың номиналдық құны 100 теңге мөлшерінде айқындалатын болады, бұл шамалы жинақ ақшаның өзін инвестициялау үшін пайдалануға жағдай жасайды.

Қазіргі уақытта аталған жүйе ішкі тестілеуден өтуде. Бұл өнімнің 2017 жылдың екінші жартысында іске қосылатыны жоспарланып отыр.

Болашақта бұл шешімдер өзге бағалы қағаздарды орналастыру үшін, мысалы, халық арасындағы IPO шеңберінде пайдаланылуы мүмкін. Мәмілелер тікелей делдал құрылымдардың қатысуынсыз жасалады және қашықтан негізде нақты уақыт режимінде орындалатын болады.

«Блокчейн» технологиясы жасалатын мәмілелерді есепке алу және операциялар бойынша ақпараттың сақталуын, өзгермеуін қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын болады.

Бұл жүйені іске асыру кезінде Қазақстан Ұлттық Банкі абсолютті түрде жаңа екі функцияны жүзеге асыратын болады: қысқа мерзімді ноттарды тікелей халыққа сатады және электрондық ақшаны шығарады.

Жоба шеңберінде қысқа мерзімді ноттарды сатып алу немесе сату жеке тұлғаның қаржы мекемесіне жеке бару қажеттілігінсіз қашықтан тәсілмен жүзеге асырылатын болады. Жүргізілген операциялар бойынша есеп айырысулар электрондық ақшаны пайдалана отырып жүзеге асырылады.

Қысқа мерзімді ноттарды сатып алу үшін жүйеде мобильді немесе веб-қосымша арқылы тіркелу, қосымшаның сервистері арқылы электрондық ақшаны сатып алу (қолдағы төлем карточкасын пайдалана отырып немесе төлем терминалдары арқылы қолма-қол ақшаның көмегімен) және бағалы қағаздарды сатып алу операцияларын жүзеге асыру жеткілікті болады. Бағалы қағаздарды кез келген уақытта есептелген сыйақыны (кірісті) ала отырып мобильді немесе веб-қосымша арқылы оңай сатуға да болады.

Жүйені құрған кезде пайдаланылған «блокчейн» технологиясы шынайы жазбаларды бөліп сақтауға негізделген. Қысқа мерзімді ноттары бар әрбір операция өзінің белгілі бір сәйкестендірушісі және қалыптастыру алгоритмі бар транзакция түрінде сақталады. Барлық транзакциялар транзакциялардың арнайы блогын қалыптастыратын болады.

Сонымен бірге жобаны іске асыру барысында Қазақстанның заңнамасын, оның ішінде бағалы қағаздар нарығы, төлемдер және төлем жүйелері, сондай-ақ ақшаны жылыстауға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы қолдану мәселелерін кешенді шешу талап етілді.

Жоба бағалы қағаздармен және электрондық және нақты ақша айналымымен операциялар бойынша өзара қарым-қатынастарды қозғайтындықтан, ақшаны жылыстауға қарсы іс-қимыл бойынша заңнамаға сәйкес клиенттердің сәйкестігін тексерудің күрделі рәсімдерін сақтау талап етіледі. Ұзақ жұмыс нәтижесінде заңнаманың талаптарын ескере отырып қашықтан сәйкестендірудің оңтайлы әрі жылдам тәсілдері айқындалды.

Бұл салада қосымша шешімдер іздестіру жалғастырылады, оның ішінде жобаға екінші деңгейдегі банктерді тарта отырып жалғастырылатын болады.

Қазақстан Ұлттық Банкі жүргізілетін жұмыс нәтижелерін кезең-кезеңімен жария етеді.

Толығырақ ақпаратты мына телефон бойынша алуға болады:

+7 (727) 270 45 85

e-mail: press@nationalbank.kz

www.nationalbank.kz



* * * * *

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАР

2017 жылғы 12 маусым

Қазақстандықтардың теңгеге деген сенімі қайтадан қалпына келуде – А. Ахметов

Халықтың ұлттық валютаға деген сенімі қалпына келуде, долларсыздану процесі жалғасуда. Бұл жөнінде ҚР Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Алпысбай Ахметов бүгін ҚР Парламенті Сенатының Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысында баяндама жасаған кезінде хабарлады. «2016 жылы депозиттердің долларлану деңгейі тарихи ең жоғары 70% деңгейден 55%-ға дейін төмендеді. Осындай серпін ағымдағы жылы да жалғасуда – ұлттық валютадағы депозиттер қаңтар-сәуір аралығында 10,3%-ға ұлғайды, валюталық депозиттер 12,6%-ға қысқарды. Нәтижесінде екі ай қатарынан теңгедегі депозиттердің үлесі валюталық депозиттер үлесінен асып түсті», – деп ол ҚРҰБ-ның деректерін келтірді.

А. Ахметов валюта нарығындағы ахуалды тұрақты деп бағалады. Оның сөздері бойынша ол іргелі сыртқы және ішкі факторларды білдіреді.

«ТеңгеніңАҚШ долларына қатысты бағамы 2016 жылы 2%-ға, 2017 жылдың басынан бастап 5 ай ішінде 6,3%-ға нығайды. Ұлттық Банк валюта нарығында 2016 жылғы қыркүйектен бастап өктемдік жүргізбейді. Орын алып отырған теңгерім нарыққа қатысушылардың шетел валютасына сұранысы мен ұсынысының арақатынасымен толық айқындалады», – деп атап өтті А. Ахметов.

ҚР қаржы ұйымдары және бейрезиденттер тарапынан қысқа мерзімді ноттарға деген сұраныстың жоғары екендігі байқалды – А. Ахметов

Ақша нарығында теңге өтімділігінің құрылымдық профициті сақталуда. Инфляцияға және айырбастау бағамына қысымды шектеу мақсатында өтімділікті алу қысқа мерзімді ноттарды шығара отырып жүргізілуде. Айналыстағы ноттар көлемі 2017 жылғы мамырдың соңында 2,7 трлн. теңгеге жетті. Бұл туралы бүгін ҚР Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Алпысбай Ахметов ҚР Парламенті Сенатының Қаржы және бюджет комитетінің Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2016 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін талқылау жөніндегі кеңейтілген отырысында жасаған баяндамасында хабарлады.   

«Отандық қаржы ұйымдары тарапынан да, бейрезиденттер тарапынан да ноттарға деген сұраныс жоғары. Бұл айырбастау бағамы саясатының дұрыс екенін және пайыздық мөлшерлемелердің барабарлығын көрсетеді, – деп тұжырымдады А. Ахметов. – Соңғы 12 айда Ұлттық Банк Қаржы министрлігімен бірлесіп мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша тәуекелсіз кірістілік қисығын қалыптастыру бөлігінде едәуір алға жылжыды».

Оның айтуынша, ҚРҰБ 1 жылға дейінгі айналыс мерзімі бар меншікті ноттарды жүйелі түрде шығаруда, өткен жылдың қараша-желтоқсанында қайталама нарықта Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздарымен активтік операциялар жүргізілді. «Қаржы министрлігімен бірлескен үйлестірілген жұмыс жүргізу шеңберінде ағымдағы жылдың қаңтарынан бастап 3 – 10 жыл айналыс мерзімі бар мемлекеттік бағалы қағаздардың жаңа шығарылымдарын жүйелі түрде орналастыру жаңартылды. Кірістілік қисығын құру бойынша жұмыс жалғасуда», – деп мәлімдеді А. Ахметов.

Инфляцияны тұрақтандыру Ұлттық Банкке базалық мөлшерлемені жүйелі түрде төмендетуге мүмкіндік берді – А. Ахметов

ҚРҰБ Төрағасының орынбасары Алпысбай Ахметов ҚР Парламенті Сенатының Қаржы және бюджет жөніндегі комитетінің кеңейтілген отырысында баяндама жасай отырып, депутаттарды Үкіметтің 2016 жылғы республикалық бюджетті орындауы шеңберінде ақша-кредит саясатының барынша маңызды аспектілері туралы хабардар етті.

А. Ахметов атап өткендей, 2016 жылдың қорытындысы бойынша инфляция 8,5% болды, ағымдағы жылғы мамырда 7,5%-ға дейін төмендеді. Осылайша, оның айтуынша инфляция Ұлттық Банктің 6-8% нысаналы дәлізінің шегінде тұр. «Біздің болжамдарымыз бойынша инфляция деңгейі 2017 жылы күйзелістер болмаған кезде Үкімет пен Ұлттық Банк айқындаған дәліздің ішінде болады. Инфляцияны 8%-дан төмен деңгейде тұрақтандыру Ұлттық Банкке базалық мөлшерлеменіжүйелі түрде төмендетуге мүмкіндік берді» – деді ол. Мәселен, 2016 жыл бойы Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені 17%-дан 12%-ға дейін, ағымдағы жылы 10,5%-ға дейін жоспарлы түрде төмендетті. «Базалық мөлшерлеме Қазақстан Республикасындағы ақша құнының негізгі индикаторы болды. Ұлттық Банк үшін нарықтық мөлшерлемелердің нысаналы деңгейі болып табылатын TONIA индикаторы пайыздық дәліздің төменгі шегіне жақын деңгейде қалыптасуын жалғастыруда», – деп хабарлады А.Ахметов.

Шағын бизнесті кредиттеу 3,1 трлн. теңге ең жоғарғы мәніне жетті– Ұлттық Банк

Мемлекеттің кәсіпкерлікке көрсеткен қолдауына, сондай-ақ банктердің жеке бағдарламаларына сәйкес шағын бизнесті кредиттеудің өсуі байқалды. Бұл туралы ҚР Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Алпысбай Ахметов ҚР Парламентінің Сенатындағы баяндамасында хабарлады.

Оның айтуынша, аталған сегментте кредиттеуді ұлғайту өткен жылда 45,7%-ды (942 млрд. теңге) құрап, 3 трлн. теңгеге жетті. Ағымдағы жылдың басынан бастап өсу 2% (59,2 млрд. теңге) болды. «Шағын бизнесті кредиттеу кредиттік портфельдегі үлесін 24%-ға дейін ұлғайтып, 3,1 трлн. теңге ең жоғарғы мәніне жетті, – деді А. Ахметов. – Кредиттеу өңдеу өнеркәсібінде, ауыл шаруашылығында, саудада жандана түсті. Ағымдағы жылдың басынан бастап ауыл шаруашылығын кредиттеудің өсуі жалғасты, сондай-ақ көлік пен құрылысты кредиттеу ұлғайды».

А. Ахметов кредиттер бойынша мөлшерлемелер 2016 жылғы қаңтардағы 20,7%-дан 2016 жылғы желтоқсанда 15,4%-ға дейін, ағымдағы жылғы сәуірде 14,6%-ға дейінтөмендейтінін атап өтті.

А.Ахметов: «Ұлттық Банк елдің қаржы секторын «қайта жаңғыртуды» жоспарлап отыр»

Ұлттық Банк халықаралық қағидаттар мен практиканы ескере отырып, банк секторын қалыпқа келтіру бойынша шаралар кешенін іске асыруды бастады. Бұл жөнінде бүгін ҚР Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Алпысбай Ахметов ҚР Парламенті Сенатының Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысындағы баяндамасында мәлімдеді.

Оның сөзінше, банк секторын қалыпқа келтіру жөніндегі шаралар кешені банктер активтерінің сапасын тәуелсіз бағалауды да қамтитын болады, банктерді үстеме капиталдандыруға акционерлердің ортақ қатысу қағидаттары бойынша мемлекеттік ресурстардың есебінен ірі банктерді қолдау бағдарламасы ұсынылады.

«Бүгінгі күні өзгеріп отыратын макроэкономикалық ахуал, Базель III халықаралық ұсынымдарын ендіру, ДСҰ және БЭК шеңберінде бәсекеге қабілеттілікті күшейту жағдайында Қазақстанның банк секторында банктерді біріктіру процестері байқалады»,– деді ол.

А. Ахметов – қор нарығын және сақтандыру нарығын дамыту бойынша Ұлттық Банктің шаралары туралы

Бағалы қағаздар нарығының тартымдылығын арттыру және институционалдық инвесторлардың мүмкіндіктерін кеңейту үшін қазіргі таңда Ұлттық Банк эмитенттер мен инвесторлардың қор нарығындағы қызметін ырықтандыру, қор нарығының инфрақұрылымын жетілдіру, қаржы секторына жаңа технологиялар енгізу бойынша шараларды іске асыруда. Бұл жөнінде ҚР Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Алпысбай Ахметов бүгін ҚР Парламенті Сенатының Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысында жасаған баяндамасында хабарлады.

Ол «ағымдағы жылы Ұлттық Банк Үкіметпен бірлесе отырып, нақты шаралары, мерзімдері және күтілетін нәтижелері бар қор нарығын дамытудың кешенді бағдарламасын әзірлеуді жоспарлап отырғанын» айтты.

Сондай-ақ А. Ахметов сақтандыру нарығын дамыту бойынша ҚРҰБ-ның жоспарлары туралы айтты. «Сақтандыру секторын дамыту үшін ерікті және міндетті сақтандыру бөлігіндегі нормаларды жетілдіруге, сақтандыру нарығының кәсіби қатысушылары мен инфрақұрылымдық ұйымдардың қызметін жетілдіруге бағытталған жеке заң жобасын әзірлеу жоспарланып отыр», – деп хабарлады ол.

Баяндаманы қорытындылай келе, А. Ахметов «Ұлттық Банк инфляциялық процестерді тұрақтандыру, қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету және қаржы нарықтарын дамыту бойынша жұмысты жалғастыратынын» атап өтті.

Толығырақ ақпаратты мына телефондар бойынша алуға болады:

+7 (727) 270 45 85

e-mail: press@nationalbank.kz

www.nationalbank.kz



* * * * *

Қостанай облысының 2015-2019 жылдарға арналған кәсіпкерлікті қолдау Картасы шеңберінде барлығы 436 млрд. 225 млн. теңге сомасына 12 жоба іске асырылуда, 2742 жұмыс орындары құрылатын болады

мың теңге

Жобаның атауы

Құны

Кезеңі

Жұмыс орындары


8 жоба іске асырылды

18 936


856

1

"ССКӨБ"АҚ металлопрокаттау зауытының құрылысы

7 500

2008-2011

650

2

ЖШС "Жас-Қанат 2006" ЖШС құс фабрикасының құрылысы

703

2007-2010

70

3

"ССКӨБ"АҚ №17 технологиялық секциясының құрылысы

7 270

2010-2011

30

4

"ТПК Металл Инвест" ЖШС полиэтилен құбырларын дайындау бойынша цехты қайта жаңарту

120

2011

13

5

"Акбарс НК "ЖШС тез дайындалатын кеспе өнімін бойынша зауыттың құрылысы

150

2011-2012

50

6

"Жас-Қанат 2006" ЖШС құс фабрикасын жаңғырту

900

2013-2014

6

7

"Лидер -2010" ЖШС сүт өнімдері өндірісі бойынша цехтың құрылысы

1 250

2012-2015

30

8

"Жас-Қанат 2006" ЖШС құс фабрикасын жаңғырту

1 043

2014-2015

7


4 жоба іске асырылуда

417 208


1 886

1

Цемент зауытын салу

14 777

2008-2017

307

2

"ССКӨБ"АҚ металданған (ЫБТ) өнім өндіру жөніндегі зауыт құрылысы

255 800

2010-2019

550

3

"ССКӨБ"АҚ күйдіру машинаның құрылысы

81 291

2011-2019

310

4

"ССКӨБ"АҚ кен дайындау кешенінің қуатын 60 млн. тоннаға дейін ұлғайту

65 340

2010-2019

719



* * * * *

Қарыз қаражатын банктік емес ұйымдардан интернет желісі арқылы ресімдеу салдары жөнінде халықты алдын – ала ескерту

Қазіргі уақытта банктік қарыздар мен микрокредиттер кредиттеудің негізгі нысандары болып табылады.

Банктік қарыздар рәсімдердің реттілігімен, тұтынушылардың құқықтарын қорғау тетігінің болуымен, оның ішінде сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесінің, тұрақсыздық алымының (айыппұлдың, өсімпұлдың) шекті мөлшері, банктік қарыз шартының мазмұнына қойылатын талаптар, кредитті өтеу әдісін таңдау еркіндігі, банктің ұсынылатын банктік қызметтер туралы ақпаратты жария етуіне және клиенттерге консультация беруге қойылатын талаптар, реттеуші Ұлттық Банктің тарапынан қатаң бақылау бойынша тетіктің болуымен сипатталады.

Соңғы уақытта Қазақстанда жылдам кредитті интернет желісі арқылы алу мүмкіндігі туралы ақпарат кеңінен жариялануда.

Интернет желісіндегі сайттарда орналастырылған ақпаратқа сәйкес мұндай онлайн кредиттер халыққа 15 минут ішінде, кепілсіз, комиссиясыз, кезексіз, клиенттің өзі келмей-ақ, клиент туралы ақпараттың барынша аз болуы талаптарымен беріледі.

Ұлттық Банкінің Қостанай филиалы төмендегілерге назар аудару қажет деп санайды:

1. Осындай онлайн кредиттер бойынша сыйақының жылдық мөлшерлемесі жекелеген жағдайларда 700%, айыппұл санкциялары ескерілген тиімді мөлшерлеме 900%-дан асуы мүмкін.

Сонымен қатар, тұрақсыздық айыбын төлеу бойынша талаптар бар. Кредитті пайдаланудан бас тартқаны үшін айыппұл санкциялары қолданыла бастайды. Айыппұл санкцияларының және комиссиялардың мөлшеріне заңнама түрінде лимит белгіленбеген.

2. Қарыз алушылардың құқықтарын қорғаудың қарыз (микрокредит) бойынша сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесінің 56% мөлшеріндегі шекті өлшемін, қарыз мерзімінде қайтарылмаған жағдайда тұрақсыздық айыбының шекті мөлшерін, қарыз алушының төлем жасауға қабілетін бағалау жөніндегі талаптарды, шарттың мазмұнына және клиентке кредиттеудің барлық талаптары туралы хабарлауға қойылатын талаптарды сақтау сияқты құралдары осы ұйымдардың қарыз алушыларына қолданылмайды.

3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бұл ұйымдардың қызметін реттемейді. Осыған байланысты, Ұлттық Банк орналастырылатын жарнаманың дәйектілігін, кредиттеу талаптары туралы ақпараттың толық болуын тексермейді.

Бұл ұйымдар ағымдағы берешек, есептелген пайыздар және қарыз алушының борышы туралы мәліметтердің мәнін ашуға міндетті емес, бұл азаматтардың өз міндеттемелері туралы толық және дәйекті ақпарат алу құқықтарына шек қояды.

4. Осындай онлайн кредиттер бойынша шарттар банктік қарыз шарттары болып табылмайды. Сондықтан Банк омбудсманы осы ұйымдар арқылы кредит алған қарыз алушылардың шағымдарын қарамайды.

Көрсетілген ақпаратты назарға алуды сұраймыз.

ҚР Ұлттық Банкінің

Қостанай филиалы

* * * * *

Қазақстандағы депозиттерге кепілдік беру жүйесі туралы

Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің мақсаты - Қазақстанның қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету, соның ішінде қатысушы банкті мəжбүрлеп тарату жағдайында салымшыларға міндетті өтем төлеу арқылы банк жүйесіне деген сенімді қолдау болып табылады. Депозиттерге кепілдік берумəселелері Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» Заңымен жəне Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы банктер жəне банк қызметі туралы» Заңымен реттеледі.

Жалғыз акционері жəне құрылтайшысы - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі болып табылатын «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ (əрі қарай – ҚДКБҚ)сот шешімі бойынша банк қызметі тоқтатылған жағдайда салымшы жеке тұлғаларға олардың банктікдепозиттері бойыншамемлекеттік кепілдіктің ең жоғарғы сомасы мөлшерінде өтем төлейді.

Кепілдік ұлттық жəне шетел валюталарындағы депозиттерге таралады. Жеке тұлғалардың, соның ішінде заңды тұлға құрмаған жеке кəсіпкерлердің, ұлттық жəне шетел валюталарындағы банк шоттарында жəне салымдарында орналасқан ақша қаражаттарына кепілдік беріледі, соның ішінде мерзімді депозиттер, талап етілгенге дейінгі депозиттер, шартты депозиттер; ағымдағы шоттардағы жəне төлем карталарындағы ақша қаражаттары.

Бір салымшының əр банктегі барлық депозиттері мен банктік шоттары бойынша мемлекеттік кепілдік келесі мөлшерді құрайды:

ұлттық валютадағы депозиттер бойынша 10 миллион теңгеге дейін,

шетел валютасындағы депозиттер бойынша (қатысушы банкті мəжбүрлеп тарату туралы сот шешімі күшіне енген күні қалыптасқан валюта айырбастау бағамы бойынша баламада)5 миллион теңгеге дейін.

Егер салымшының бір банкте түрі мен валютасы бойынша əр түрлі бірнеше кепілдендірілген депозиттері бар болса, онда мемлекеттік кепілдік мөлшері 10 миллион теңгеден аспайды.

Егер Сіздің депозитіңіздің балансы 10 миллион теңге сомадан немесе шетел валютасындағы депозиттеріңіз бен шоттарыңыз бойынша 5 миллион теңгеден (баламамен) асатын болса, онда ҚДКБҚ өтемнің ең жоғарғы сомасы шеңберінде өтем төлейді. Салымшы ҚДКБҚ-нан өтем алғаннан кейін осы сомадан асатын қалдықты мəжбүрлеп таратылатын банктің тарату комиссиясы заңнамамен бекітілген кезек тəртіппен өтейді.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес депозиттер қабылдауға, жеке тұлғалардың шоттарын ашуға жəне жүргізуге ҚР Ұлттық Банкінен лицензия алған əрбір банк, ислам банктерін қоспағанда, автоматты түрде депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылады, демек осындай банкке орналастырылған депозит ҚДКБҚ-ның қорғауында болады.

Банктік заңнамаға сəйкес мемлекеттік кепілдік сыйақыға таралмайды, яғни сыйақы мəжбүрлеп таратылатын банктің тарату комиссиясымен өтеледі.

Заңнама бойынша жəне жалпы қалыптасқан банктік тəжірибе бойынша, егер банктік депозит шарты бойынша сыйақыны капиталдандыру қарастырылған болса, онда капиталдандырылған сыйақы депозит балансына қосылады жəне кепілдік объектісі болып табылады.

Толық мәліметті Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қостанай филиалынан, 8(7142)53-27-89, 53-31-11 телефондары арқылы алуға болады.

ҚР Ұлттық Банкінің

Қостанай филиалы



* * * * *
Қаржы пирамидаларынан сақ болыңыздар!

Соңғы кезде жеке инвестициялар нарығында қаржы пирамидалары жандануда. Өздерінің қаржылық жағдайларын жақсартқысы келгендер, әдетте, салған қаржыларын қайтаруға қандай да болмасын кепілдіксіз күмәнді операцияларға кіріседі.

Бүгінгі күні түрлі қаржы ұйымдары алуан түрлі қызметтерді ұсынады - өмірді сақтандыру, жеңіл шарттармен баспана сатып алу, бизнеске үлестік қатысу және т.б. Адамдардың қаржылық сауаттылығының жеткіліксіздігі, экономика негіздері мен қор нарығында ақшаны инвестициялау механизмдерін түсінбейтіндігі осындай ұйымдардың пайда болуы үшін жақсы негіз болып отыр.

Қаржы пирамидасына ақша салудың тартымды шарттарының бірі – аз уақытта жоғары кіріс төлеуге уәде беру болып табылады. Қаржы пирамидасының принципі бойынша алаяқтық жасау үшін қаржы құралы ретінде «бағалы қағаздар», сондай-ақ, заем (ақша тарту), сенімгерлік, сақтандыру келісімшарттары қолданылады.

Сирек жағдайларда пирамида ұйымын құрушылар алынған ақшаларды, шынымен де, негізгі құралдарға, бағалы қағаздарға және т.б. инвестициялайды. Бірақ сол кезде де салынған ақшалардың негізгі бөлігі салмақты инвестиция үшін пайдаланылмайды. Өйткені, уәде етілген жоғары кірістерді төлеу қажет.

Реттелмейтін ұйымдарға ақша салуда оларды түгелдей жоғалту тәуекелі жоғары болады. Өйткені, оған қатысушылар арасындағы өзара қарым-қатынас өзара сенімнен құрылады, ақшаны беру және шоғырлап жинау әрекеттерін қатысушылардың өздері жүзеге асырады.

Қаржы пирамидалары түрлі салада жұмыс істеуі, түрлі ұйымдық құрылымда болуы мүмкін және жаңа қатысушылар тартудың көптеген әдістерін пайдаланады. Бірақ сізді қаржы пирамидасының негізгі белгілері: ұйым қызметі түрінің бағыты, оның жарғысының, мемлекеттік тіркеуінің жоқтығы, ұйымның қаржылық жағдайы туралы қандай да болса ақпараттың болмауы, салымның сақталуына кепілдіктің жоқтығы алаңдату керек. Сонымен қатар, салынған қаржыдан түсетін кіріс қарыз алу нарығындағы орташа деңгейден негізсіз жоғары болады деп уәде етілетіндігіне сақтықпен қарау керек. Әрбір тартылған жаңа қатысушы үшін бонустар төлеу, міндетті кіру жарнасы, бұқаралық ақпарат құралдары мен интернеттегі агрессивті жарнама, компанияның түрлі бағдарламаларына қатысушыларға қымбат тұратын сыйлықтар табыс ететін компаниялардың ойын-сауық жарнамалық шоу-таныстырылымдарын ұйымдастыру, кіріс көздерінің, қаржы айналымдарының, бизнес процестерінің ашық емес құрылымдары және т.б. маңызды дәлел болып табылады.

Егер өз ақшаңызды сеніп тапсырғыңыз келген ұйымда жоғарыда айтылған белгілердің ең болмағанда бірнешеуі болса, онда бұл сізді қаржылық пирамидаға тартуға әрекет емес пе деп ойланған жөн.

Алданған салымшыға айналмас үшін қарапайым қырағылықты сақтап, өз ақшаңызды күмәнді компанияларға сеніп бермеу керек.

Біріншіден, компанияның абырой-беделімен жете танысып, ол ұсынатын ақпараттың дұрыстығын тексеру керек. Табысты жобалар туралы дабыра, ашық жарнамалар, салымшылар ақшасын инвестициялау сызбасына қатысты ұғынықты түсіндірмелердің болмауы, сонымен қатар аса құпиялылық – сізді қаржылық пирамидаға тартудың белгілері.

Екіншіден, инвестицияның кепілдендірілген кірістілігі туралы уәделерге сеніп қажет емес. Алаяқтар адам психологиясын жақсы біледі. Олар жылдық 20, 50 және 100 пайыз кіріс болатындығына оп-оңай уәде береді. Бірақ осындай кірістілік болғанда бүкіл инвестицияланатын қаржыларды жоғалту қаупі жоғары болатындығын ескертпейді. Егер сізге ұсынатын кірістілік қазіргі уақытта банк салымдары бойынша қолданыстағы пайыздардың кірістілігінен асып кетсе, онда мұндай ұйым күмәнді көрінеді. Тұрақты кірістілігі бар заңды құралдардың (банк салымдары мен облигациялар) аз екендігін қаперде ұстаңыз.

Үшіншіден, жаңа салымшыларды тарту үшін жомарт сыйақылар беру – сіздің алдыңызда қаржы пирамидасы тұрғандығының нақты белгісі.

Төртіншіден, заем келісімшарты бойынша қаржы тартатын компанияларға сенбеген жөн.

Қаржы пирамидаларының тұрғындардан ақша тартуға лицензиялары жоқ. Ең көп тараған келісімшарт - халықтан ақша тартатын заем келісімшарты. Бірақ мұндай ұйым «судан құрғақ» шығудың барлық мүмкіндіктерін қарастыру үшін түрлі айқынсыздықтармен және ескертпелермен заем туралы келісімшарт жасайды. Осындай келісімшарттарға көз салмастан, қол қоя салатын азаматтардың заңды және қаржылық сауатсыздықтарын пайдаланып, алаяқ компаниялар сырт көзге заңды қызметті жүзеге асырып жатқандай түр білдіреді.

Бесіншіден, корпоративті шараларға, түрлі сыйлықтардың ұтыс ойындарына қатысуға шақыртулардан бас тартқан жөн. Қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар өз салымшыларын түрлі корпоративті шараларға тартады. Бұл табысты және кірісі бар компанияның келбетінде көріну үшін, сондай-ақ, «корпоративтік рухты» нығайту үшін жасалады.

Алтыншыдан, компанияның салымшылардан ақшаны қалай алатындығына назар аудару керек. Көптеген күмәнді компаниялар қолма-қол ақшаларды қабылдайды немесе түрлі интернет-төлем жүйелері мен компаниялардың банктердегі арнайы есеп-айырысу шоттарынсыз аударымдарды пайдаланады және өз қызметінде нақты бухгалтерлік есептілікті қолданбайды. Алайда өзін құрметтейтін компания жеке тұлғадан бұлайша қаржы тартпайды. Адал компаниялар өз кеңселерінде де қолма-қол ақшаларды қабылдаудан қашуға тырысады. Компания қызметкерлерінен неліктен олар ақшаны интернет-төлемдер жүйесі немесе ақша аударымдары арқылы қабылдайтынын, неліктен ұйымның есеп-айырысу шотына қолма-қол ақша аударымынсыз аударудың стандартты әдісін қолданбайды деп міндетті түрде сұраңыз.

Жетіншіден, компания қожайындары мен басшылығы туралы ақпаратпен жете танысу керек және оның қайда тіркелгенін білу керек. Егер басшылық туралы ақпарат құпия болса, ал, компанияның өзі әлдебір аралда немесе оффшорлық аймақта тіркелген болса, онда оған өз жинағыңызды салмас бұрын әбден ойланып алған дұрыс. Оффшорлық аймаққа компанияны тіркеу процедурасы өте жеңілдетілген, ал, нақты қожайынның атын білу немесе осы құрылымның артында кімнің тұрғанын білу өте қиын. Сондықтан міндетті түрде компанияның құрылу құжаттарын ұсынуды өтініңіз.

Халықтан ақша тартумен тек арнайы лицензияның негізінде екінші деңгейлі банктер мен Қазпошта айналыса алады. Өйткені, жеке тұлғалардан депозиттерді қабылдау операциялары банктік операцияға жатады және міндетті лицензиялауға тиесілі. ҚР Азаматтық кодексінің талаптарына сәйкес, басқа тұлғаларға азаматтардан кәсіпкерлік қызмет ретінде заем түрінде ақша тартуға тыйым салынған және мұндай келісімшарттар олар жасалған уақыттан бастап жарамсыз деп танылады. Ал, заңнаманы бұзғаны үшін жаза қарастырылған.

Тиісінше, жеке тұлғалардан депозит тартуға лицензиясы жоқ, алайда халыққа өзіне бос ақшаны орналастыруды ұсынатын ұйымдардың қызметі алаяқтық сипатына ие болады және бұл еліміздің қолданыстағы заңнамасын бұзу болып табылады.

ҚР Қылмыстық кодексінде қаржы пирамидасын құру және оған басшылық ету үшін жауапкершілік қарастырылған.

Құқыққорғау органдары қаржы пирамидаларының заңға қайшы қызметін ескертумен және оған жол бермеумен айналысады. Егер Сіз қаржы пирамидасын ұйымдастырушылардың әрекетінен зардап шеккен болсаңыз, полицияға хабарлауыңыз қажет.

                                                                                             

ҚР Ұлттық Банкінің

Қостанай филиалы

* * * * *

Ақпараттық хабар

Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін базалық мөлшерлеме

мәніне теңестіру туралы

2017 жылғы 24 ақпаннан № 30 ҚР Ұлттық Банк Басқармасының «Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесі туралы» қаулысымен2017 жылғы 1 сәуірден бастап ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің мәні базалық мөлшерлеменің мәніне теңестіріледі. Бұдан әрі базалық мөлшерлемені өзгерту ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін автоматты түрде және синхронды өзгертуге әкеліп соғады.

Мөлшерлемелерді теңестір туралы шешім экономиканың түрлі сегменттерінде ақшаның құнын теңестіру мақсатында қабылданды. Қазіргі уақытта ақша нарығындағы ақша құны базалық мөлшерлемемен (қазіргі сәтте – 11%) айқындалады. Бұл ретте бұдан бұрын ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің зиянды өтеу, жіберіп алған пайданы есептеу үшін өсімпұл, айыппұл есептеген кездегі азаматтық-құқықтық және әкімшілік-құқықтық қатынастарда пайдаланылатын, 5,5% мөлшеріндегі деңгейі ақшаның нақты құнын көрсетпейтін еді.

Бұл ретте, нарықтағы аталған теңгерімсіздікті жою үшін неғұрлым оңтайлы тәсіл таңдалғанын атап өту қажет – мөлшерлемелер арасындағы айырма ең аз болып отыр.

* * * * *

Банктік қарыз шарты бойынша қарыз алушының құқықтары туралы.

Банкте несие алғаннан кейін, қарыз алушы міндеттермен бірге құқықтарға ие болады, олар қолданыстағы заңнамаға сәйкес банктік қарыз шартында жазылуы тиіс.

Біріншіден, кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес қарызды алғаннан кейін, қарыз алушы оны он төрт күнтізбелік күн ішінде тұрақсыздық айыбы мен айыппұлды төлеусіз қайтаруға құқылы. Қарызды алған күннен бастап бір жыл өткеннен кейін, оны сондай-ақ мерзімінен бұрын тұрақсыздық айыбы мен айыппұлды төлеусіз өтеуге болады.

Екіншіден, егер кесте бойынша төлем жасау күні демалыс немесе мереке күніне келетін болса, онда төлемді келесі жұмыс күні тұрақсыздық айыбы мен айыппұлды төлеусіз жүзеге асыруға болады.

Үшіншіден, қарыз алушы банктен айына бір реттен артық емес банктік қарыз шарты бойынша қарызды өтеуге келіп түскен ақшаны бөлу туралы тегін ақпаратты ала алады. Бұл үшін қызмет көрсететін банкке жазбаша түрде жолығу қажет.

         Төртіншіден, қарыз алушы қарызды мерзімінен бұрын өтегісі келсе, өтініш негізінде банктен негізгі қарыз, сыйақы, комиссия, тұрақсыздық айыбы, айыппұл бойынша бөлінген қайта төленетін соманың көлемі туралы ақпаратты алуға құқылы.

         Осындай ақпаратты банктер үш жұмыс күннен артық емес мерзімде ұсынулары қажет.

         Бесіншіден, алған қарыз бойынша даулы жайлар болған жағдайда, қарыз алушы банкке жазбаша түрде жолығып, ҚР «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру тәртібі туралы» Заңнамамен бекітілген мерзімде жауап алуға құқылы.

         Ипотекалық қарыз шартында сондай-ақ, қарыз алушының жасалған ипотекалық қарыз шарты бойынша туындаған келіспеушіліктерді реттеу үшін банктік омбудсманға жазбаша түрде жолығу құқығы болуға тиіс.

         Әлеуетті қарыз алушы (жеке тұлғаға) банктік қарыз шартын жасағанға дейін, сараланған төлем әдісімен және аннуитетті төлем әдісі бойынша есептелген төлем кестесінің жобасымен танысу, және төлем әдісін таңдау қажет.

         Шартқа, кестеден басқа, қарыз алушыға қарыздың барлық сомасы және валютасы, қарыздың мерзімі, төлемдер көлемі және қарызға қатысты басқа да мәліметтері бар қол қойылған және банктің мөрімен куәландырылған жадынама берілуі тиіс.

         Егер қарыз беру туралы талаптарымен, қамтамасыз ету болып табылатын мүліктің нарық құнын анықтау мақсатында бағалау өткізуге және (немесе) сақтандыру шарттарын жасау қарастырылған болса, қарыз алушы бағалаушыны және сақтандыру ұйымын өз бетінше таңдауға құқылы.

ҚР Ұлттық Банкі Қостанай филиалы


* * * * *

Қостанай облысында мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің дамуы туралы

2015 жылдың 30 қарашасында Мемлекет басшысы Нұрсылтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» жолдауымен жүгінді, онда бюджеттік шығыстарды «түсіру» үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік (бұдан әрі - МЖӘ) тетіктерін белсендірек қолдану қажет екендігін сипаттады.

Қазақстан үшін Мемлекеттік-жекешелік әріптестік ұғымы жаңа емес. «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданғаннан бері елімізде алғаш рет бұл құрал 2006 жылы пайда болды, онда МЖӘ-нің келісімшарттық нысандары көзделген. 2015 жылдың соңында Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Заңын қабылдағаннан бері МЖӘ-нің даму мүмкіндігі айтарлықтай кеңейді. Осылайша, жаңа заңда институционалдық тәсілімен жобаларды іске асыру мүмкіндігі қарастырылған, яғни бірлескен кәсіпорын құрылады және қаржыландыру кәсіпкерлер, мемлекеттік бюджет және ұлттық компаниялар қаражаты есебінен жүзеге асырылуы мүмкін.

Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тетіктерін қолдану мемлекетке де, бизнесті дамытуға да бірқатар артықшылық береді. Екі жақтын мүддесін толық түсінісуге болады. Жеке сектор үшін жаңа инвестициялық мүмкіндіктер және тиісінше жаңа кіріс көздері ашылады. Ал мемлекет әлеуметтік маңызы бар нысандарға салынған жеке капитал арқылы бюджетті оңтайландыра алады, сол арқылы өзінен қаржылық жүктемені шығарады.

Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің құралы мемлекеттік-жекешелік әпіптестік жобаларын жүзеге асыру жолдарының бірнеше тәсілдерін білдіреді:

- концессия;

- мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару;

- мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдау (жалға алу);

- лизинг;

- технологиялар әзірлеуге, тәжірибелік үлгі дайындауға, тәжірибелік-өнеркәсіптік сынауға және аз сериялы өндіріске жасалатын шарттар (патенттің болуы);

- өмірлік цикл келісімшарты;

- сервистік келісімшарт.

Жеке бизнеске ешбір және ешқандай шектеулер жоқ екендігін айта кету керек. Кез келген әлеуметтік бағыттағы идеялар орын алуы мүмкін. Мысалы, білім беру саласында, денсаулық сақтау, спорт, туризм, мәдениет...

Бұл балабақша ғимаратын қайта жаңғырту немесе облыстың кез келген аймағында спорттық-ойын-сауық кешенінің салынуы болу мүмкін. Негізгі шарт – қажеттілік, мақсаттылық және міндетті түрде пайдалану және одан әрі қызмет көрсету. Бұл ретте, инвесторға МЖӘ объектісін пайдалануға берілгеннен соң және одан әрі оны коммуналдық меншікке бергеннен кейін салынған қаражатты жылдам қайтару қамтамасыз етіледі.

Және керісінше, егер кәсіпкер мемлекеттік (коммуналдық) меншікте тұрған объектіні қайта жаңғырту жұмысын жүргізуді қолға алса, ол бұл мекемені сатып алуға құқылы. Бірақ бұл жағдайда ол бюджеттен өз шығындарының өтемақысынан айырылады.

Әлеуметтік жобалардың тартымдылығын арттыру бойынша пәрменді шара тұтынудың кепілдіктері түрінде мемлекеттік қолдау болып табылады, ол орта мерзімді және ұзақ мерзімді негізде әлеуметтік саладағы мемлекеттік тапсырысты орналастыруға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, меншігінде объектілері бар: балабақша, медициналық мекеме, спорттық клубы және т.б. кәсіпкерлердің мүмкіндіктері де ескерілді. Жоба иесі жобаға бастамашылық жасауға және баламалы ұсыныстар болмаған жағдайда конкурс өткізбей тікелей келіссөздер негізінде МЖӘ шартын жасасуға құқылы.  

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 31 қазандағы «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Заңына сәйкес жобаны іске асыру мерзімі шамамен 3-тен 30 жылға дейін оның ерекшеліктеріне байланысты өзгеріп отырады.

МЖӘ-нің жаңа тетіктері жаңа ғана даму бастағанына қарамастан Қостанай облысы кәсіпкерлерінің МЖӘ жобаларына қызығушылықтары үздіксіз өсуде. Жобаларды іске асыруға қатысу үшін бірнеше ниет білдіргендер бар. Сонымен қатар, ықтимал жекеше әріптес жобаны жеңу үшін ол конкурстық рәсімдерді өту қажет.

Бүгін облыста білім беру, денсаулық сақтау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, тұрғын үй құрылысы, мәдениет, туризм және спорт саласында іске асыру жоспарланған МЖӘ-нің 54 жоба тізімі қалыптастырылды.

Қазіргі уақытта 7 объект бойынша конкурс жарияланды, оның ішінде Рудный қаласында және Затобол кентінде денсаулық сақтау саласында әрқайсысы ауысымына 250 адам қабылдайтын емханалар. Білім саласында 4 жоба, олар Қостанай қаласындағы 3 ғимаратты балабақша етіп қайта жаңғыртуды көздейді (Пушкин қаласы 179), Рудный (Сандригайло, 57 а) және Жітіқара (бұрынғы балабақша «Теремок»), сондай-ақ Қарабалық ауданының Михайлов орта мектебінде блокты-модульді қазандықты монтаждау. Тұрғын үй құрылысы саласында – Лисаков қаласында жатақхана ғимаратын      16 пәтерлі тұрғын үй етіп қайта жаңғырту.

Ғимараттарды балабақша етіп қайта жаңғырту Қостанай қаласы үшін ғана емес, облыстың басқа өңірлеріне де өзекті, өйткені мектепке дейінгі мекемелерге 0-ден 6 жасқа дейінгі 21 мыңнан астам бала кезекте тұр. Қайта жаңғырту объектілері негізінен, бұрын әртүрлі жайларға қайта жабдықталған балабақша түріндегі ғимарттар болып табылады.       

Жоғарыда көрсетілген МЖӘ 7 жобасынан басқа, білім және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында конкурстық құжаттамаларды әзірлеу жүргізіліп жатқан өзге де жобалар бар.

Облыста МЖӘ жобасының жеке қаржылық бастамашылық шеңберінде мемлекеттің әріптесі болуға ниет білдіретін бизнесмендер бар. Жеке қаржылық бастамашылық жекеменшік субъектісінде меншік құқығында немесе ұзақ мерзімді жалдауында кейіннен МЖӘ объектісі бола алатын объекті бар болған жағдайда мүмкін болады.

Демек, өткен жылдың соңында жеке әлеуетті әріптестердің өтінімдерінің негізінде бұқаралық ақпарат құралдарында, конкурсты ұйымдастырушыларда, Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының және Қазақстан МЖӘ орталығының сайттарында денсаулық сақтау және спорт салалалырында жоспарланып отырған МЖӘ жобалары туралы қысқаша ақпарат орналастырылды.

Қостанай 2 шағын ауданында дәрігерлік амбулатория ғимаратын жалға алу және Рудный қаласында «Futsal Arena» спорттық кешенін жалға алу бойынша қызығушылық білдіру немесе балама ұсыныс сұранысы, тиісінше 2017 жылғы 26 және 28 қаңтарда аяқталады.

Көрсетілген мерзімнің және белгіленген рәсімдерді өткізудің аяқталуы бойынша МЖӘ шарттары жасалатын болады.

Нәтижесінде жоба бастамашылары:

- мемлекеттің – бюджетті оңтайландыру, білім, медициналық қызмет ұсынудың сапасын арттыру, тұрғын үй – кезекшілеріне орындар, мектепке дейінгі мекеммелерде орындар ұсыну мүмкіндігі болады;

- бизнес өз кезегінде – МЖӘ шартының қолданыстағы кезеңінде тұтыну кепілдігі түрінде мемлекеттік тапсырысы, жаңа көздерінің пайдалануға, инвестициялық шығындар өтемақы төлемдері ала алады.

Бұдан басқа, МЖӘ жобасын іске асыру барысында МЖӘ объектісі сенімдік басқаруға берілген жеке әріптес (мемлекеттік бастама) не болмаса жеке қаржылық бастамашылық шеңберінде еңбек тәртібін және шартының нормаларын бұзбай, аталған объектіні қосымша табыс алу үшін пайдалануға құқылы. Мысалы, егер сөз балабақша құрылысы немесе қайта жаңғырту туралы болса, онда жеке әріптес қосымша ақылы топтар ашуға, демалыс күндері коммерциялық негізде балалар мерекесін және басқаларды өткізуге болады. Егер денсаулық сақтау саласы туралы айтатын болсақ, онда ақылы қызметтер, қызметтер көрсете алады, оқыту (тәжірибелік) лекцияларын/семинарларын өткізе алады.

Қызығушылық білдірген жағдайда, мүдделі тұлға қандай да бір жобаларды іске асыру туралы толық ақпаратты алу үшін салалық басқармаларға (денсаулық сақтау, білім, дене шынықтыру және спорт, құрылыс, экономика және бюджеттік жоспарлау) немесе «Тобыл» ӘКК» АҚ жанындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік Орталығына жүгіне алады.

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы                                                                                                           Е. Спанов

хат жіберу