Блог статистикасы
195
Жазбалар
4607
Өтініштер
179183
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Инвесторларға арналған ақпарат

Рудный қ. бизнесті дамыту үшін инвестициялық әлеует туралы

ақпарат

Рудный қаласының әкімшілік аумағына: Рудный қаласы, Октябрь кенті, Кашар және Горняцк кенттері және Перцев ауылы жатады. Қаланың әкімшілік-аймақтық ауданы – 0,2 мың ш.км. Автомобиль жолдардың ұзындығы – 149 км.

01.07.2018 жылға халық саны – 130107 адам құрайды.

Қала 1957 жылы Рудный тау-байыту комбинаты базасында құрылды.Қостанай қаласы – облыстық орталығының онтүстік-батыс 45 км, Тобыл өзенінің сол жақ бойында орналасқан.

Қаланың сәтті орналасуы әуе жолының (аэропорт 45 шақырым жерде орналасқан), Қазақстанның негізгі автокөлік дәлізінің және темір жол желісінің (Железорудная станциясы) жақын орналасуымен сипатталады. Рудный қаласынан 50 шақырым жерде, бес бағытта жұмыс істейтін Тобыл теміржол торабы орналасқан.

2018 жылғы 1 тамыз жағдайы бойынша қалада 1872 кәсіпорын тіркелді. Олардың ішінен 13 ірі, 1859 кәсіпорын орта және шағын бизнес, 144 кәсіпорын шетелдік қатысумен.

Қалада облыстың барлық өнеркәсіптік өндіріс 37,4 % жұмылдырылған.

Өнеркәсіптік өндірісте 20 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған.

«Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігі» АҚ (темір кен концентратын шығару) сияқты кәсіпорын ұсынады.

Өнеркәсіпті өндіру кәсіпорындары «Арасан» ЖШС Рудный филиалы (сыра өндірісі), «Лидер-2010» ЖШС (сүт өнімін өндіру), «Казогнеупор» ЖШС, «Рудненский зовод металлоконструкций - Имсталькон» ЖШС (қолдан құрылыс материалдарын өндіру), «Трансремвагон» ЖШС (вагондарды жөндеу), «Стройпромгрупп - 2030» (кірпіш өндіру), «Аромика СК» ЖШС (химиялық өнім өндіру) және т.б.

Белсенді қызметті 6151 шағын кәсіпкерлік субъектілер жүзеге асырады, оның ішінде заңды тұлғалар – 816, жеке кәсіпкерлер – 5335.

2017 жылы өнеркәсіптік өндірістің көлемі 272,4 млрд.теңге құрды. Өнеркәсіптік өндірісті өндірудің нақты көлем индексі – 110,7%. Қаланың экономикасына инвестициялардың 46,9 млрд.теңгеден астам салынды. құрылыс жұмыстардың көлемі 11,9 млрд.теңгеден асырды, тұрғын үйдің 32,8 шаршы метрі енгізілді.

Сонымен қатар, мамандарды дайындау үшін қалада индустриалды институт, 7 колледж бар.

Осылайша, географиялық орналасқан жері, көліктік және темір жол инфрақұрылымы, бос энергетикалық қуаттылықтың бар болуы, сонымен қатар жоғары білікті мамандардың бар болуы қала аумағында түрлі ауыл шаруашылық өнімін жасап шығаруын ұйымдастыруға, түрлі басқа дайын өнімді өндіруге ұйымдастыруға жол береді.

Әкімдік өзінің кезегінде қалаға озат технологияларды және басқармалық тәжірибені тартуға қызығушылығын білдіреді, құқықтық және ақпараттық қолдауды көрсетуге дайын.


* * * * *

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті қолайлы инвестициялық климат құру және бизнес-ортаны дамыту үшін жағдай жасау мақсатыңда жұмыс атқарылуда .

Қолайлы инвестициялық климат құру және мемлекеттік билік мекемелеріне бизнес пен инвесторлардың сенімін арттыру мақсатында өңірде «Protecting business and investments» кеңсесі ашылды.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі агенттіктің, сондай-ақ Сыртқы істер, инвестициялар және даму министрліктері арасындағы ынтымақтастық меморандумы шеңберінде, ел экономикасына инвестиция салу процесін жеңілдету, сондай-ақ бюрократиялық рәсімдер мен жемқорлық фактілерін жою мақсатында мұндай кеңселер желісі республиканың барлық облыс орталықтарында жұмыс атқаруда.

Заңгерлік және басқа да көмек қажет болса, Әл-Фараби көшесі, 95, 1010 кабинет, тел. 522-520, 391-120 немесе электрондық пошта арқылы protectinvestment.kostanay@gmail.com өтініш білдіре аласыздар.



* * * * *

МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ

"Инвестордың өңірде болуына қолайлы жағдайды қамтамасыз етуге арналған ақпарат"

Екінші деңгейдегі банктер

хат жіберу