Блог статистикасы
195
Жазбалар
4589
Өтініштер
178710
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Терроризмнің алдын алу

* * * * *

2019 жылғы 24 мамырында Рудный қаласы әкімінің жанында Терроризмге қарсы комиссияның кезекті отырысы өтті. Барысында, террористік тұрғыдан осал объектілерінің инженерлік-техникалық жабдықталуы, сонымен қатар 2018-2022 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны іске асыру туралы мәселелері қарастырылды. Отырыс қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарына нақты тапсырмалар берілді.

* * * * *

2019 жылғы 18 сәуірде Қостанай қаласында Қостанай облысы әкімдігі Дін істері басқармасының «Діни проблемаларды зерттеу орталығы» КММ облыстық және аудандық ақпараттық-түсіндіру топтары мүшелерінің қатысуымен «Түрлі мақсатты топтармен жұмыс істеу әдістері» тақырыбында семинар өткізді. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығының талдау және мониторинг бөлімінің басшысы Ольга Гайко сөз сөйледі.
Ольга Александровна өзінің сөзін Қазақстандағы және Қостанай облысындағы ағымдағы діниахуалдың, атапайтқанда, қоғамдық келісімді нығайту мәселелеріндегі мемлекет саясатының ашылуынан бастады. Сондай-ақ, ол деструктивті діни ағымдарға тартылудың жасырын түрлері, оларды қалай тануға болады және оларға қарсы тұру үшін қандай шаралар қолдану керектігі туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
Бұданәрі, Ольга Гайко әлеуметтік желілердегі беттерді қарау кезінде деструктивті табынушылыққа немесе экстремистік контенттің болуына талдау жасау үшін қандай факторларға назар аудару керектігін сипаттады. Қорытынды лайкеле, спикер «Интернет» желісіндетаратылатыншынайылықты тексеру тәсілдері - факт чекинг туралы айтты.
Семинар барысында Ольга Александровна тыңдаушылардың сұрақтарына толық қанды жауаптар қайтарды. Семинардыңнегізгі мақсаты – діни саладағы АТТ мүшелерінің құқықтық және дінтану білімін арттыру, олардың халық арасында жұмыс тиімділігін арттыру болып табылады.
Осы кездесуге Рудный қаласыішкісаясатбөлімініңдінибірлестіктерменөзарабайланысжөніндегі бас маманы М. А. Джетеновқатысты.


Центр исследований религиозных проблем Костанай 
.
#религия #закон #взаимодействие #объединения #грамотность#информированность #бдительность #интернет

* * * * *

Діни экстремизм мен терроризмнің алдыналу мақсатында

Рудный қаласының колледждерінде жастардың кездесуі өтті.


«Рудный қаласы әкімдігінің Рудный қалалықішкісаясатбөлімі» ММ тапсырысы бойынша «Қостанай облысының психологтар қауымдастығы» ҚҚ-мен«Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» семинарлары ұйымдастырылды.

Кездесулер үш колледж базасында өтті: технология және сервис колледжі, политехникалық колледжі және педагогикалық колледжі, семинарға барлығы колледж оқытушылары мен оқушылар санынан 282 адам қатысты.

Жиналғандардың алдында діни экстремизмнің алдын алу бойынша облыстық АТТ мүшелері: Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ оқытушылары – Данияр Әбенов және Қуаныш Әбілмәліков, Деструктивті діни ағымдардан зардап шеккендерге көмек көрсету орталығының басшысы – Юлия Калюжная сөз сөйледі

Спикерлер зайырлы қоғамдағы конфессияаралық келісім қағидалары туралы айтып, әлемдік және дәстүрлі діндер, деструктивті діни ағымдар, тыйым салынған діни ұйымдар сияқты ұғымдарға тоқталды.

Қуаныш Әбілмәліков әлеуметтік желілерде таралған деструктивті табынуларға тарту тәсілдерін талдап, әр түрлі дереккөздерде тексерумен ақпаратты сыни талдау тәсілдерін көрсетті. Бұл тақырып аудиторияны қызықтырды, өйткені ақпараттық технологиялар ғасырында өзін қалай қорғауға болатынын білу маңызды.

Юлия Амантайқызы Калюжная зардап шеккендерге көмек көрсету орталығына келген адамның жеке басына және адептердің отбасына деструктивті діндердің теріс әсері туралы айтып

* * * * *


2019 жылғы 18 ақпанда Дін мәселелері жөніндегі облыстық ақпараттық-түсіндірутобыныңмүшесі Д.А. Дисюков Рудный қаласының бірқатар кәсіпорындары мен мекемелерінің қызметкерлерімен кездесті, кездесу барысында«Жаңа жақтаушыларды тарту бойынша жалған діни ағымдардың әдістері», «Жалған діни ағымдардың теріс мәні», «ҚРДін саласындағы мемлекеттік саясат тұжырымдамасының 2017-2020 жылдарға арналған негізгі қағидалары туралы» тақырыптарда кездесулер өткізді.

Түсіндіру жұмыстарымен қалалық әкімдіктің, қалалық қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің қызметкерлері, қалалық аурухана, № 3 орта мектеп, нарық«Бак-Бак» нарығының,«ССКӨБ» АҚоқуорталығының қызметкерлеріқамтылды.

Спикер Қазақстан Республикасындағы діни қызмет туралы заңнамалық актіні түсіндіруден бастап, деструктивті жалған-діни ағымдарға анықтама беріп, олардың мәнін ашып, деструктивті діндердің ұстанушылары қолданатын ерекше белгілері, тарту әдістері мен тәсілдері туралы айтып өтті. Ол жалған діни ағымдарға қарсы әрекет ету тәсілдерін түсіндіре отырып, сондай-ақ тыңдаушыларды «Интернет» желісіндегі күмәнді мазмұндағы кері діни сипаттағы ақпаратты алудан алдын ала ескертеді.

Аталған іс-шараның мақсаты - діни сауаттылықты арттыру, теріс пиғылды жалған діни ағымдардың ықпалына қарсы әрекет ету дағдыларын қалыптастыру және олардың идеологиялық ықпалына теріс көзқарасты қалыптастыру.

Кездесу барысында теріс пиғылды жалған діни ағымдар туралы толық ақпаратты қамтитын ақпараттық буклеттер мен жаднамалар, жалған діни ағымдардың қызметінен зардап шеккен тұлғаларға консультациялық және ақпараттық көмек көрсету бойынша байланыс телефондары таратылды.

* * * * *


Рудный қаласында оккульттық-мистикалық «Алля-Аят» ұйымының қызметі тоқтатылды.

Ол экстремисттік деп танылып, Қазақстан аумағында тоқтатылды.

Облыстық полиция департаментінің қызметкерлері Рудный қаласында 1990 жылы пайда болған тыйым салынған«Алля Аят» оккульттық-мистикалық ұйымының белсенді қызметінің фактісін анықтады.

Оның негізін қалаушы – Алматы қаласының шофері Фархат Абдуллаев. Олөзін«тылсым күштердің өкілі»санап, Күнге баруқажеттілігітуралыайтты. 2007 жылы Абдуллаев қайтысболды, оның қызметін ары қарай әйелі Нина жалғастырды.Олемшілікпен айналысты. Емнің шегі өзін-өзіөртеуболды.

Осындай әдіс бойынша Рудный қаласында да адамдар емделді.

Ұйымның басшылығы үшін Рудный қаласының екі тұрғыны 120 мың теңге айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«Алля Аяттың» жақтаушысына Қазақстанда таратуға және әкелуге тыйым салынған экстремистік әдебиетті заңсыз сақтағаны үшін Рудный соты 170 мың теңгеден астам айыппұл салды.

Алматы және Астана соттары 2007-2008 ж.ж. осы ұйымның қызметін Қазақстан халқының денсаулығына зиян келтіру арқылы мемлекеттің қауіпсіздігін бұзады деп таныды.

* * * * *

Рудный қаласы әкімдігінің жанындағы ТҚК отырысы

2019 жылғы 25 ақпандағы құқық қорғау, арнайы және жергілікті атқарушы органдарының басшылары қатысуымен терроризмге қарсы комиссия кезекті отырысы өтті. Шара барысында терроризм және діни экстремизмді алдын алу бойынша бір қатар сұрақ, соның ішінде жалған анонимді хабарламаларды болдырмауды атқарылған шаралар туралы қаралды. Отырыстың қорытындысы бойынша тиісті шаралар әзірленді және мүдделі мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар берілді. 

 

Рудный қаласы әкімдігінің жанындағы ТҚК хатшысы

М. Исмағұлов

* * * * * 

Рудный қ. ТТО объектілеріне

жедел эксперименттер жүргізу туралы

Қалалық терроризмге қарсы комиссияның жұмысы шеңберінде а.ж. қыркүйек айында Рудный қ. тіршілікті қамтамасыз ету және денсаулық сақтау объектілерінде олардың терроризмге қарсы қорғалу деңгейін тексеру бойынша бірнеше эксперименттер жүргізілді.

Көрсетілген іс-шаралар барысында терроризм актісі және төтенше жағдайлар қаупі туындаған жағдайда күзет және персонал қызметкерлерінің іс-әрекеттері тәжірибеде тексерілді. Осылайша, жүргізілген жұмыс объектілер қауіпсіздігінің қойылған жүйесінің тиімділігін көрсетті, сондай-ақ жекелеген проблемаларды және кемшіліктерді жоюға бағытталған шараларды әзірлеуге мүмкіндік берді.

Террористік тұрғыдан осал объектілерде өткізу, объектішілік режимінің қажетті деңгейін одан әрі қолдау мақсатында осыған ұқсас іс-шараларды өткізу жалғасатын болады, о.і. өрескел бұзушылықтарға жол берген жауапты қызметкерлерге әкімшілік және тәртіптік шаралар қолданданылады.

Рудный қаласының

әкімдігі жанындағы ТҚК аппараты

* * * * *


* * * * *

Адам және заң

ҚЫЛМЫС ЖАСАУҒА  БОЙ АЛДЫРСАҢ

Қылмысқа қатысушылыққа  жаза қатаңдатылды.

 Рудный қаласы әкімдігі жанындағы ТҚК аппараты

Қылмыстың жасалуына тікелей қатыспасада,  жасалған қылмыс пен   қылмыскердің  әшкереленуін  жасырып, кедергі келтірген   азаматтардың қылмыстық жауапкершілігі күшейтілді. Өзі қылмыс жасамаса - да,   қылмысқа қатысы бар болып табылатын  қылмыстың негізгі түрлері:

- Дайындалып жатқан қылмысты немесе  жасалған аса ауыр  қылмыс жайлы оның ішінде,  терроризм  актісі жайлы  қылмысты  алдын ала құзыретті органдарға хабарламағаны үшін   (ҚК  434-бабы, терроризм актісін тоқтатуға көмектесетін ақпарат үшін  заңнамада  сыйақы көзделген);

-  Алдын-ала уәделескен  сыбайлас жемқорлықты, ауыр немесе аса ауыр қылмысты   жасырып қалу (ҚК  432-бабы);

-  Қылмысты жасырып қалу дегеніміз - қылмыскерді, қылмыс жасау қаруы мен құралдарын, қылмыс іздері мен дәлелдемелерді жасырып қалу дегенді   білдіреді. 

Қылмыс жасаған адамды жасыру,  оны  паналату, көлік, жалған құжаттар беру, сыртқы келбетін өзгерту және ол жасырына алатын басқа да                   іс-әрекеттер арқылы жасалуы мүмкін.

Қылмыстың іздерін және басқа да дәлелдемелерді жасыру әрекеттеріне - қылмыстың  іздері (мысалы, қан, саусақ таңбалары мен өзге де іздер) сақталған киімді және заттарды жою (жуу, тазарту), хаттарды, электрондық тасығыштарды жою, адамды  қағып кеткеннен кейін автокөліктің майысуларын жою мен фараның шынысын ауыстыру және тағы да басқа түрлері жатқызылуы мүмкін.  Белгіленген әрекеттер ауыр қылмыстың  түріне  жатқызылады   және алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Сонымен қатар, егер азамат қылмыскерді немесе оның құралдарын жасыру үшін алдын ала уәде берсе, қылмыс жасағаны  яғни, қылмысқа қатысушы   қылмыскер   деп  танылады.  Сондай-ақ,   қылмысқа  қатысушы қылмыскерге - кеңес, нұсқаулық, ақпаратты  немесе осы әрекетті жасауға   құрал беру арқылы көмектескен адам - қылмыс жасаушы  тұлға деп    танылуы мүмкін.

Бұндай жағдайда қылмысқа қатысушы қылмысқа қатысушы өзгеде тұлғалармен бірге  бірдей жауапкершілікке  және жазаға тартылады.

 Қылмысқа қатысушылардың жауапкершілігін күшейтудің мақсаты азаматтардың әділеттіліктің жеңіп шығуына  яғни, қылмысты анықтауға және қылмыскерлердің әшкереленуіне  белсенділігін арттыру  болып табылады.

 

* * * * *

2017 жылы Рудный қаласында террористік тұрғыдан осал 90 объекті тексеруден өткізілді

Рудный қаласында террористік тұрғыдан осал объектілерді тексеру жалғасуда. 2017 жылы ТТО 90 объект тексерілді, оның 6 аса маңызды мемлекеттік объектілер, 8 стратегиялық объектілер, 2 қауіпті өндірістік объектілер және 74 адамдар көп жиналатын объектілер болып табылады.

Тексерулердің қорытындылары бойынша 12 объект толығымен ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 191 қаулысымен бекітілген талаптарға сәйкес келмейтіні анықталды.

Бұл ретте Талаптарға сәйкес келмейтін объектілердің басшыларына (иелері) қатысты ӘҚК 149-б. бойынша 3 әкімшілік хаттама жасалды, оның ішінде ТТО объектілердің 3 басшысы (меншік иесі) сотпен әкімшілік жауапкершілікке (100-ден 500-ге дейін АЕК айыппұл) тартылды

ҚР ӘҚК 149-б. сәйкес адамдар көп жиналатын орындарға жататын объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету және қауiпсiздiгiнiң тиiстi деңгейiн сақтау жөнiндегi мiндеттердi орындамауы және (немесе) тиiсiнше орындамауы үшін басшылар мен меншік иелеріне әкімшілік айыппұл салынады.

Мысалы, жеке тұлғаларға немесе лауазымды адамдарға салынатын айыппұл мөлшерi – 100 АЕК (240 500 теңге), шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 200 АЕК (481 000 теңге), орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 300 АЕК (721 500 теңге), iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 500 АЕК (1 202 500 теңге) құрайды.

Сонымен қатар көрсетілген баб бойынша әкімшілік материал жасалғаннан кейін объектінің басшысына 30 тәуліктік мерзімде бар кемшіліктерді жоюға бұйрық беріледі. Егер осы уақыттың ішінде көрсетілген кемшіліктер әділетсіз себептерге байланысты жойылмаса, онда ӘҚК 462-бабы бойынша басшыға қайталама әкімшілік хаттама жасалып, қайтадан әкімшілік айыппұл төлеуге, ал кейбір жағдайларда объекттің қызметін тоқтатылуына алып келеді.

Осыған байланысты, ТТО объектілері басшыларына объектілерді ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 191 қаулысымен бекітілген талаптарға сәйкес келтірулері қажет.

Рудный қаласы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссиясы


* * * * *


* * * * *

* * * * *

* * * * *

Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалу жүйесіне қойылатын талаптарды бекіту туралы


* * * * *


Терроризм актісі қатері немесе жасалу кезіндегі тәртіп ережелері туралы жаднама


* * * * *

«Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес дайындалып жатқан немесе жасалған терроризм актілері туралы ақпаратты мемлекеттік органдарға беру азаматтық борышты орындау болып бағаланады. Терроризм актісін болғызбауға немесе жолын кесуге көмектескен ақпаратты хабарлаған адамдарға ҚР ҰҚК сыйақы төлейді.

Бұл ретте ҚР Үкіметінің ағымдағы жылғы 9 қарашадағы №685 қаулысымен терроризм актісін болғызбауға немесе жолын кесуге көмектескен ақпарат үшін сыйақы белгілеу және төлеу қағидалары бекітілген.

Сыйақы айыпты адамға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 255-бабымен терроризм актісі туралы қылмыстық істер бойынша айыптау үкімі заңды күшіне енген жағдайда, 750 ден бастап 1000 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (2017 жылға арналған бір АЕК 2269 теңге) бір рет төленеді.

ҚР ҰҚК аумақтық органы терроризм актісін болғызбауға немесе жолын кесуге көмектескен ақпаратты хабарлаған адамға сыйақы алу құқығы туындағаны туралы 3 күн ішінде хабарлайды.

Сыйақы төлеу тиісті ақшалай қаражатты хабарлаған адамның банк шотына аудару жолымен тиісті қаулы шыққаннан кейін 60 күн ішінде жүргізіледі. Бұл ретте аталған ақпаратты берген адам 3 күн ішінде оның шотына ақшалай қаражат аударылғаны туралы хабардар етілуге тиіс.

Берілген терроризм қаупі белгілері бар ақпарат расталмаған жағдайда, дайындалып жатқан терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабардан (ҚР ҚК 273-бабы) басқа, хабарлаған адамның жауапкершілікке тартылмайтындығын атап өткен жөн.

Сыйақы белгілеудің және төлеудің неғұрлым толық тетігі ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 9 қарашадағы №685 қаулысымен бекітілген қағидаларында жазылған.




******************


Террористік актілерді болдырмау жөніндегі

халыққа арналған жадынама

Мұқият болыңыздар! Үйіңіздің кіреберісіндегі, аулаларыңыздағы, көшедегі бөгде заттар мен адамдарды дер кезінде өздеріңіз ғана байқай аласыздар.

Қырағы болыңыздар! Маңайдағы адамдардың жүріс-тұрысына, орынсыз жатқан иесіз мүліктер мен заттарға көңіл аударыңыздар.

Үйлеріңіздің қауіпсіздігін қамтамасыз етіңіздер: кіреберісте домофонымен темір есік орнатыңыздар, жертөлелер, үй шатырлары және техникалық ғимарат есіктерінің ашық - жабықтығын тексеріңіздер.

Көліктегі жолаушының күдікті жүріс-тұрысын көріп тұрып, байқамаған сыңай танытпаңыздар! Сіздер көлікпен жүру қауіпсіздігін сақтауға толық құқыларыңыз бар.

Ешқашан, тіпті, өте қауіпсіз болса да, қандай да бір сақтау немесе басқа біреуге беру үшін біреудің қолынан зат алмаңыздар.

Адамдар аз (иесіз) жерде күдік тудыратын затты тауып алу сіздің сақтығыңызды әлсіретуге тиіс емес. Қаскөй адам оны бір нәрседен, біреуден қорыққандықтан тастай қашуы мүмкін.

Тіпті, сіздің жарылғыш құрылғыларын білетін жеке тәжірибеңіз болса да, онымен бір нәрсе жасауға тырыспаңыз. Өздігінен жарылғыштар өте сезімтал және әккі болып келеді.

Күдік тудыратын затқа жақындамаңыздар, тіпті қол тигізбеңіздер,      бұл - өмірлеріңізге өте қауіпті.

Балаларыңызға қауіпсіздік шараларын: бейтаныс адаммен көшеде сөйлесуге, үйде есік ашуға, жерде жатқан иесіз ойыншықты алуға, көзге түскен затқа жақындауға болмайтынын және т.б. үйретіңіздер.

Күдікті тұлғаларды байқаған жағдайда

халыққа арналған жаднама

Терроризм актілерін дайындау немесе жоспарлауды куәландыратын белгілері:

1)                сіз жұмыс істейтін немесе үйдің ауласында, ғимарат айналасында (жиі баратын жеріңізді) күдікті тұлғалардың бірнеше рет көрінуі, фото және бейне түсірме жасауы, сондай-ақ дәптерге жазба жасау;

2)                құқық қорғау орган қызметкерлерімен кездесуден қашу және бейне камерадан бұлтару әрекеттері (басын түсіру, бұрылып кету, бетін жабу);

3)                жер төле және шатырларға техникалық қызмет көрсетуге қатысы жоқ тұлғалардың кіруі;

4)                тұрғын және әкімшілік ғимараттарға қызмет көрсететін персоналдар және күзетушілермен бейтаныс адамдардың негізсіз байланысқа түсуі, олардан жұмыс тәртібі, қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шаралар және т.б. жөнінде мәліметтерді жинақтау;

5)                бөгде тұлғалармен маңызы төмен жұмыстарды (пакет, түйіншек, посылка беріп жіберу) ірі сыйақыға орындайтын тұлғаларды іздеуі.

Күдікті тұлғаларды байқаған жағдайда келесі іс-қимылды орындау қажет:

1)    Ұстауға өздігімен әрекет қабылдамау;

2)    Олар жөнінде құқық қорғау органдарына шұғыл хабарлау;

3)       Өзіңіз назарға түспеу, тұлғалардың санын, нақты сыртқа белгілерін, киімдерін және оларда бар заттарды, қолдануындағы автокөлік номерін және маркасын, қозғалыс бағытын белгілеп алу.

Күдікті зат тауып алған кездегі тұрғындарға

арналған жаднама

Біліңіздер: заттардың сыртқы көрінісі оның расында неге арналғанын жасыруы мүмкін. Жарылғыш заттар үшін камуфляж есебінде әдеттегі тұрмыстық заттар қолданылады: сумка, пакет, түйіншек, қорап, ойыншық және т.б.    

Табылған заттардың жарылу қаупін куәландыратын, белгілері:

1)               көлік маңында, баспалдақта, пәтерде және т.б. орындарда белгісіз түйіншектің немесе басқада бір заттардың болуы;

2)               бөтен сумка, портфель, қорап, басқада заттың: кіреберісте, пәтер есігінің, көліктің маңында өзгеше орналасуы;

3)               табылған күдікті заттан шудың шығуы (сағат механизміне, жиілігі төмен дыбысқа тән).

Егер де сіз күдік тудыратын зат тауып алсаңыз, ол фактіні назардан тыс қалдырмаңыз:

1)    қоғамдық көлікте:

- заттың (сөмкенің және т.б.) кімдікі екенін немесе кім қалдырып кетуі мүмкін екенін қасыңыздағы адамдардан сұраңыз;

- егер иесі анықталмаса, табылған зат туралы дереу жүргізушіге немесе кондукторға хабарлаңыз.

2)    үйіңіздің кіре берісінде:

- көршілерден сұраңыз, мүмкін ол зат соларға тиесілі шығар. Егер иесі анықталмаса, табылған зат туралы дереу құқық қорғау органдарына хабарлаңыз (тел. 102, 112).

3) көшеде, саябақта және т. б.:

- айналаңызға қараңыз, егер мүмкіндік болса, заттың иесін анықтауға тырысыңыз. Егер ол анықталмаса, құқық қорғау органдарына шұғыл хабарлаңыз (тел.102, 112);

- затты бөгде адамдардан оқшаулауға немесе алыс арадан затқа бөтендерді жібермеуге тырысыңыз. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері келген бойда зат табылған уақыт туралы ақпарат беріңіз.

4) мекемелерде, ұйымдарда:

                       - тауып алған зат туралы объект күзетшісіне немесе әкімшілігіне дереу хабарлаңыз.

Табылған затпен немесе күдік тудыратын заттармен жеке іс-қимыл жасауға тырыспаңыз, олар жарылғыш құрылғылар болуы мүмкін, бұл жарылысқа, көптеген құрбандыққа, қирауға әкелуі мүмкін.

Үзілді-кесілді тыйым салынады:

- табылған затты ұстауға, ашуға және орнынан қозғауға, бір жерден екінші жерге апаруға, қолға алуға;

- табылған затты қалтаға, портфельге, сөмкеге салуға және т.б.;

- жерге көмуге немесе оларды су қоймаларына тастауға;

- заттардан шығып тұрған сым темірлерді немесе сымдарды үзіп тастауға немесе тартуға, оларды залалсыздандыруға тырысуға;

- табылған заңсыз затты пайдалануға;

- оған жақын аралықта радио- және электрлі - аппараттарын, ұялы телефондарды пайдалануға;

Жарылғыш құрылғылардың іске қосылуы нәтижесінде жарылыс аймағында немесе ғимараттың қираған үйінділерінің арасында қалған тұрғындарға арналған жаднама

Егер сіз жарылу аймағында қалсаңыз, естен танбай, қимылдай алатын халде болсаңыз, ең бірінші кезекте түтін мен жалын жоқ жерге қарай жүруге, еңбектеуге тиіссіз.

Егер сіз жарылыс кезінде зардап шекпесеңіз, ал қасыңызда зардап шеккен адамдар болса, олардың жан-күйлерін бағалаңыз: тамыры соға ма, адам есін жоғалтқан жоқ па? Ешқашан оның есін мүсәтір арқылы жиғызуға тырыспаңыз. Естен тану – бұл организмнің сыртқы әсерден қорғануы. Егер зардап шеккен адамның сынған жерлері болмаса (оның сүйектерін мұқият басып көріңіз), оны қырынан жатқызыңыз. Ол шалқасынан жатса, құсыққа шашалып, етпетінен жатса тұншығып қалуы мүмкін. Күре тамырдан қан кеткен (алқызыл қан шапшып жатса) кезде жарақатты неғұрлым тез, тым болмағанда саусақпен басып, содан соң жараның жоғары жағынан жіппен, белбеумен, баумен, белдікпен таңу керек.

Егер сіз ғимараттың қираған үйінділері арасында қалсаңыз, саябырлауға тырысыңыз. Терең және бірқалыпты тыныс алыңыз. Өзіңізді құтқаратынына иландырыңыз. Дауыстап және заттарды соққылау арқылы адамдардың назарын аударыңыз. Егер сіз ғимараттың қираған үйінділерінің түбінде қалсаңыз, сізді жаңғырық дыбыс анықтағыш арқылы тауып алу үшін кез келген металл затты (сақина, кілт және т.б.) оңды-солды қозғап, дыбыс шығарыңыз.

Егер бекітулі кеңістікте болсаңыз, оттықты тұтандырмаңыз. Оттегін сақтаңыз.

Қабырғалардың қайта опырылып құлауын болдырмауға тырысып, абайлап жылжыңыз, сырттан соққан ауаның қозғалысы бойынша бағдар ұстаңыз. Егер мүмкіндігіңіз болса, қолға ұстауға келетін заттардың (тақтайлар, кірпіштер және т.б.) көмегімен төбені бекітіңіз, содан соң көмек күтіңіз. Қатты шөл қысқан кезде кішкентай тасты аузыңызға салып, сорыңыз, мұрныңызбен тыныс алыңыз.

Адамдарды кепілге алған жағдайдағы іс-қимылдар бойынша

тұрғындарға арналған жаднама

Адамдарды кепілге алудың әрбір нақты жағдайы өзгеше және басқалардан ерекшеленеді.

Сонымен қатар егер сіз кепілге алынсаңыз:

1) өз-өзіңізге мүмкіндігінше жылдам келіңіз, тынышталыңыз және үрейленбеңіз;

2) егер өзіңізді байлап немесе көзіңізді жапса, бойыңызды еркін ұстауға тырысыңыз, терең тыныстаңыз;

3) болуы мүмкін қатаң сынаққа жеке адами, моральдық және эмоционалды тұрғыда дайын болыңыз. Осы ретте адамдарды ұстаудың көптеген жағдайларында кепілге алынғандардың тірі қалғандығын есте сақтаңыз. Сізді босату үшін құқық қорғау және арнайы органдары кәсіби шаралар қолданып жатқанына сеніңіз;  

4) егер қашып кете алатыныңызға толық сенімді болмасаңыз, қашуға тырыспаңыз;

5) террористер туралы мүмкіндігінше көбірек ақпаратты есте сақтаңыздар. Олардың санын, қарулану дәрежесін мақсатқа сай белгілеу, дене бітіміне, сөйлеу акценті мен тақырыбына, темпераментіне, өзін ұстау мәнеріне және т.б. сыртқы пішінін сипаттайтын ерекшеліктерге көңіл аудара отырып, барынша толық кескінін жасау. Жан-жақты ақпараттың соңынан террористердің жеке бастарын анықтауда көмегі тиеді;

6) әр түрлі белгілер бойынша өзіңіз отырған (қамалған) орынды анықтауға тырысыңыз;

7) мүмкіндігінше терезелерден, есіктерден және адам ұрлаушылардың өздерінен алысырақ, яғни құқық қорғау органдары белсенді шаралар қабылдаған жағдайда (үй-жайға шабуыл, мергендердің қылмыскерлерді көздеп атуы және т.б.) неғұрлым қауіпсіз жерге орналасыңыз;

8) ғимаратқа шабуыл жасаған жағдайда қолды желкеңізге қойып, еденге етпеттеп жатуды ұсынады;

9) егер шабуыл жасаған және басып алған кезде Сізбен әдепкіде (Сіздің жеке басыңызды анықтағанға дейін) ықтимал қылмыскер ретінде бірқатар дөрекі іс-әрекетке барса, ашуланбаңыз. Сізді тінтуі, қолыңызға кісен салуы, байлауы, эмоционалдық немесе жеке басыңызға жарақат жасауы, тергеуге алуы мүмкін. Бұл тәрізді жағдайларға түсіністікпен қараңыз, шабуылдаушылардың мұндай әрекеттері (барлық адамды түпкілікті сәйкестендіргенге және шынайы қылмыскерлерді анықтағанға дейін) дәлелденген.

Адамды ұрлаушылармен өзара қарым-қатынас:

1)                агрессивті қарсылық көрсетпеңіз, шалт және қауіп төндіретін қимыл жасамаңыз, террористерді өздері ойластырмаған іс-әрекеттерге итермелемеңіз;

2)                мүмкіндігінше адам ұрлаушылармен тікелей көзбен арбасатын байланыстан қашыңыз;

3)                бастапқыдан - ақ (әсіресе, бірінші жарты сағатта) адам ұрлаушылардың барлық бұйрығын және өкімін орындаңыз;

4)                пассивті ынтымақтастық позициясын ұстаныңыз. Сабырлы дауыспен сөйлесіңіз. Басып алушылардың ашу-ызасын тудыруы мүмкін дұшпандық рең мен іс-қимылға шақыратын жек көрушілік сезімін білдіруден қашыңыз;

5) өзіңізді сабырлы ұстаңыз, бұл ретте өз абыройыңызды сақтаңыз. Үзілді-кесілді қарсылық жасамаңыз, бірақ өзіңізге өте қажетті жағдайда сабырмен өтініш жасаудан қорықпаңыз;

6) аталған жағдайда қатты күйзелуден қозғалуы мүмкін денсаулық кінәратыңыз болса, бұл туралы өзіңізді ұстап отырған адамдарға сабырлы түрде жеткізіңіз. Қалыптасқан жағдайларды ескере отырып, біртіндеп өзіңіздің жай-күйіңізді жақсартуға байланысты өтініштер деңгейін арттыруға болады.

Кепілдік жағдайында ұзақ болған кезде:

1) уайым, абыржу және асып-сасу сезімінің орын алуына жол бермеңіз. Алдағы сынақтарға өзіңізді ойша дайындаңыз. Ақыл-ой белсенділігін сақтаңыз;

2) ашыну сезімінің пайда болуынан қашыңыз, ол үшін өз-өзіңізді сендірудің ішкі ресурстарын пайдаланыңыз;

3) жағымды нәрселер туралы ойлаңыз және сондай жағдайларды еске түсіріңіз. Уақыт өткен сайын сізді босату мүмкіндіктерінің арта түскенін ойлаңыз. Сізді дәл қазір босату үшін барлық мүмкіндіктердің жасалып жатқандығына сеніңіз.

4) өзіңізге тұрақты айналысатын бір іс (дене жаттығулары, кітап оқу, өмір туралы естеліктер және т.б.) табыңыз. Дене және интеллектуалдық іс-қимылдың тәуліктік кестесін белгілеңіз, оларды қатаң әдістемелік тәртіппен орындаңыз;

5) күшіңізді сақтау үшін, тіпті ұнамаса және тәбетіңізді ашпаса да берген тағамның бәрін жеңіз. Осындай қысылтаяң жағдайда тәбетіңіз бен салмағыңыздың жоғалуы қалыпты құбылыс болып табылатындығына ден қойыңыз.

Психологиялық орнықтылықты сақтау кепілдегі адамды құтқарудың маңызды шарттарының бірі. Мұнда ойдың айқындығын сақтауға, жағдайды дәлме-дәл бағалауға мүмкіндік беретін жағымсыз әсерлер мен күйзелістерден оқшаулайтын кез келген амал-әдістер тиімді. Келесі ережелерді ұғып алған пайдалы:

1) аталған жағдайларда қолайлы дене шынықтыру жаттығуларын жасаңыз, кем дегенде, денедегі барлық бұлшық еттерді кезек-кезек ширықтырыңыз және босаңсытыңыз;  

2) барлық жағдайларда аутотренинг пен медитацияны қолдану өте пайдалы, олар өз психикаңды бақылауда ұстауға көмектеседі;

3) ішіңізден оқыған кітаптарыңызды, өлеңдеріңізді, әндеріңізді   есіңізге түсіріңіз, жүйелі түрде әр түрлі дерексіз проблемаларды (математикалық есептерді шығарыңыз, шетел сөздерін есіңізге түсіріңіз және т.б.) ойлап алыңыз. Сіздің ақыл-ойыңыз жұмыс істеуі керек.

4) егер мүмкіндік боласа, қолыңызға түскеннің бәрін, тіпті оның мәтіні сізге мүлдем қызықсыз болса да оқыңыз. Сондай-ақ жазғандарыңызды қайтып алатынына қарамастан, жазуыңызға да болады. Ақыл-есті сақтауға көмектесетін осы үдерістің өзі маңызды.

5) Болып жатқан жағдайларды жүрегіңізге жақын алмай, сырттан қарауға тырысыңыз, соңына дейін істің сәтті аяқталатынына сеніңіз. Қорқыныш, торығу мен селқостық – бұл үшеуі сіздің негізгі жауыңыз, оның бәрі – өз ішіңізде жатыр.  

Эвакуациялау туралы ақпарат алған кездегі

тұрғындардың іс-қимылдары жөніндегі жаднама

Егер сіз қауіпсіз жерге көшіруді бастау туралы ақпаратты үйіңізде естісеңіз:

1) ауа-райына қарай киініңіз, құжаттарыңызды, ақшаларыңызды, бағалы заттарыңызды алыңыз;

2) электрді, газды, суды ажыратыңыз, пештегі (алау ошақтағы (камин) отты сөндіріңіз;

3) көшу кезінде қарияларға және ауыр науқастарға көмек көрсетіңіз;

4) кіреберіс есікті құлыпқа жабыңыз;

5) ғимараттан шығыңыз және көшірушінің командасын орындаңыз, тастап кеткен үй-жайға жауапты адамдардың рұқсатынан кейін ғана қайта оралыңыз.

Егер сіз қауіпсіз жерге көшіру туралы ақпаратты жұмыс орныңызда естісеңіз:

1) асықпай және дүрлікпей жұмыс құжаттарыңызды сейфке немесе кілтпен жабылатын үстел жәшіктеріне жинаңыз;

2) өзіңізбен бірге жеке заттарыңызды, құжаттарыңызды, бағалы заттарыңызды алыңыз;  

3) ұйымдастыру техникаларын, электр құрылғыларын сөндіріңіз;

4) есікті кілттеп жабыңыз және көшіру тәсілінде белгіленген бағытпен жүріңіз;

5) ғимараттан шығыңыз және көшіру басшысының командасын орындаңыз.

хат жіберу