Блог статистикасы
195
Жазбалар
3546
Өтініштер
150279
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Әлеуметтік қорғау


Рудный қаласы әкімдігінің 

«Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ

Бөлім басшысы – Светлана Борисовна Костина

Мекенжайы: Рудный қаласы, Пионер көшесі, 21

Жұмыс тәртібі: дүйсенбі – жұма сағ. 9.00 – 18.30 дейін

түскі үзіліс сағ. 13.00 – 14.30 дейін

Телефон: 8 (71431) 2 44 96

E-mail: rudsots@mail.ru

Ресми интернет–ресурсы: rudsots.kz


* * * * *

Рудный қаласы әкімдігінің «Жұмыспен қамту орталығы» КММ

111500, Қостанай облысы, Рудный қ., Пионерская к., 21  centrzan_rud@mail.ru

  Директоры Оксана Викторовна Тимофеева, 7 каб., 2-43-23 (жұмысы туралы ақпарат)

* * * * *

Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік 
бағдарламалар бөлімінің «Өмірде қиын жағдайға тап болған адамдарды қайта әлеуметтендіру орталығы» КММ

111500, Қостанай облысы, Рудный қ., 8 Март к., 50а zentr-adap@mail.ru

Директордың міндетін уақытша атқарушы Павел Васильевич Хорошилов, 5-53-42 (жұмысы туралы ақпарат)

* * * * *

«Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 
Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық әлеуметтік қызметтерді көрсететін аумақтық орталығы» КММ

111500, Қостанай облысы, Рудный қ., Строительная к., 23 rtcosy@mail.ru

Директоры Наталья Николаевна Слепцова, 2-49-63 (жұмысы туралы ақпарат)


«Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттіік мекемесі халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау  саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.


Міндеттері:

Жұмыспен қамту эәне халықты әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік саясатын іскке асыру;

«Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»  мемлекеттік мекемесінің басқаруындағы мекемелердің және кәсіпорынның қызметін үйлестіру;

Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де міндеттерді жүзеге асыру;


Функциялары:

Құзыреті шегінде жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді қамтамасыз ететін ісөшараларды іске асыру;

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бюджеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға арналған бюджеттік қаражат кажеттілігін болжау;

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарына және  регламенттеріне сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету;

Өмірлік қиын жағдайда жүрген тұлғаларға (отбасыларға) арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету туралы шешімді  қабылдау;

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәмелетке толғандарға қатысты қамқорлыққа алу және қорғаншылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыру;

Мүгедектерге Қазақстан Республикасының  заңнамасымен қарастырылған әлеуметтік қолдаудың іс-шараларын ұсыну;

Қазақстан Республикасының  заңнамасымен қарастырылған өзге де функцияларды жүзеге асыру. 


* * * * *

Қостанай облысының кешенді жоспары


* * * * *

«Қауырт желі» 2-45-03 телефоны арқылы азаматтар еңбек заңнамасы саласындағы барлық бұзушылықтар туралы, жалақыны «конвертпен» алуға мәжбүр ететін жұмыс берушілері туралы және жұмыскерлерге міндетті зейнеткерлік жарналарды аудармайтын кәсіпорындар басшылары туралы хабарлай алады.


* * * * *

«Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

«Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017 жылғы анықтама-негіздеме

* * * * *

«2019 жылға арналған бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу» жобасы

Рудный қаласы әкімдігі қаулысының жобасына түсіндірме жазба

«2019 жылға арналған пробация қызметінің есебінде тұрған адамдардыжұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» жобасы

Рудный қаласы әкімдігі қаулысының жобасына түсіндірме жазба


* * * * *

Мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарының тізбесі


* * * * *

Мәслихаттың 2015 жылғы 18 желтоқсандағы № 467 «Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Рудный қалалық мәслихатының «Мәслихаттың 2015 жылғы 18 желтоқсандағы № 467 «Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімі жобасына түсіндірме жазба

Рудный қалалықмәслихатының «Мәслихаттың 2015 жылғы 18 желтоқсандағы № 467 «Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімінің жобасына салыстырма кестесі

* * * * *

«Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ 2017 жылғы нәтижелері бойынша мемлекеттік

қызметтерді көрсету саласындағы әрекеті туралы есебі

Мемлекеттік қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз ету және көрсету сапасын арттыру мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі болып қала береді.

Сапасы жоғары мемлекеттік қызметтерге барлық үшін ашық және тең қолжетімділігі Елбасы мемлекеттік органдардың алдына қойған негізгі міндеттердің бірі.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік қызметтер тізіліміне, мемлекеттік қызметтердің топтастырылған тізіміне сәйкес «Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде (бұдан әрі – Бөлім) мемлекеттік қызметтердің 14 түрі көрсетіледі және 4 мемлекеттік қызмет түрін «Жұмыспен қамту орталығы» КММ көрсетеді (бұдан әрі – Жұмыспен қамту ортылығы).

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтердің 17 стандарты бекітілді, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығымен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында 1 стандарт бекітілді.

Әлеуметтік-еңбек саласы мен тұрғын үй-коммуналдық саласындағы мемлекеттік қызметтердің 18 регламенті Қостанай облысы әкімдігінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 566, 2016 жылғы 10 маусымдағы № 266, 2016 жылғы 10 маусымдағы № 267, 2016 жылғы 22 тамыздағы № 398 қаулыларымен бекітілді.

2017 жылдың ағымдағы кезең бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жалпы саны 11281 құрды, оның ішінде баламалы негізде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы – 5409, «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы – 0, кент, ауыл әкімі – 71.

Азаматтар  арасында  ең  өзекті  мемлекеттік қызметтер мыналар болып

табылады:

−    Тұрғын үй көмегін тағайындау – 5382;

−    Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдамалар беру – 1958;

−    Жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек тағайындау – 892;

−    Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету – 665;

−    Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу – 535.

Мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.

Нәтижелілікті бағалаудың маңызды талаптарының бірі мемлекеттік қызмет көрсетудің бекітілген мерзімдерін сақтау болып саналады.

Көрсетілген уақыт кезеңінде Жұмыспен қамту орталығы мен Бөлімде мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімін бұзушылығы анықталмады.

Қызметтерді көрсету туралы ақпарат Рудный қаласы әкімдігінің rudny.gov.kz сайтында, Бөлімнің www.rudsots.kz. сайтының «Мемлекеттік қызметтер» тарауында орналастырылған. Мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен регламенттеріне өзгерістер енгізілген сайын сайттардағы осы тарау жаңартылады. Сонымен қатар ақпарат Бөлімнің әкімшілік ғимаратының 1 қабаттағы фойесінде және басқа да көпшілікке қолжетімді орындарда орналастырылған.

Әрбір мемлекеттік қызмет үшін нақты құжаттар тізімі белгіленді.

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша Құқықтық білім мектебінде сабақтар өткізіледі.

Халықты мемлекеттік қызмет алу мүмкіндігі туралы хабардар етуді арттыру мақсатында 2017 жылы бұқаралық ақпарат құралдарында 7 жарияланым болды: олардың ішінде 3 – теледидар арқылы (2017 жылғы 10, 17, 13 қарашада «Рудный даусы» ТРК «Қалалық жаңалықтар» ақпараттық шығарылымдарда мемлекеттік қызмет көрсетуді түсіндіру бойынша ақпарат таратылды), газет басылымдарда – 4 (2017 жылғы 19 мамырда «Рудненский рабочий» газетінде «Мемлекеттік қызметтер стандарттары. Олар қайда, қалай және қашан көрсетіледі» атты мақала; 2017 жылғы 20 маусымдағы № 45 «Рудненский рабочий» газетінде «Тұрғын үй көмегі туралы» мақала;   2017 жылғы 3 қарашадағы № 82 «Рудненский рабочий» газетінде «Нормалар өзгерген жоқ. Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы» мақала; 2017 жылғы 10 қарашадағы № 83 «Рудненский рабочий» газетінде «Атаулы және тұрғын үй көмегіне кім үміттене алады?».

Сонымен қатар өткен кезең бойынша Бөліммен мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша мынадай іс-шаралар өткізілді:

−    2017 жылғы 5 маусымнан бастап 2017 жылғы 7 маусымға дейін мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру өңірлік орталығында мемлекеттік мекеменің 1 маманы «Мемлекеттік мүлікті басқарудың құқықтық тәртібі және негіздері», «Мемлекеттік қызмет көрсету жүйесінің жетілуі» тақырыптарындағы үшкүндік біліктілікті арттыру семинарына   қатысты.  Семинар  қорытындылары  бойынша  қатысушыларға

сертификаттар берілді;

−    2017 жылғы 16 маусымда, 9, 11 тамызджа, 18 қыркүйекте «Тұрғын үй көмегін көрсету» мемлекеттік қызметті көрсету», «Тұрғын үй көмегін көрсету» мемлекеттік қызметті көрсету барысында проблемалы мәселелерді талқылау», «Халыққа қызмет көрсету барысында сыбайлас жемқорлық  құқық бұзушылықтарды жібермеу туралы» тақырыптары талқыланды, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Қостанай облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Рудный қ. № 1, № 2 бөлімінің басшылары мен жұмыскерлері, «Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ тұрғын үй көмегі секторының меңгерушісі қатысты;

−    2017 жылғы 4 шілдеде, 29 қыркүйекте Рудный қаласы және Қашар кенті тұрғындарының қатысуымен «Тұрғын үй көмегін көрсету» мемлекеттік қызметті көрсету бойынша семинарлар өткізілді.

Осы бағыттағы жұмыс жалғасады және тұрақты бақылауда болады, мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін бұзбау бойынша іс-шаралар қабылданады. Бұдан әрі тиімділік мақсатында осы мәселе бойынша Бөлім жұмысының тоқсан сайынғы талдаулары, оқыту семинарлары жүргізіледі.


* * * * *

Барлық меншік нысандарының жұмыс берушілері назарыңа!

2019 жылы азаматтардың жекелеген санаттарын жұмысқа орналастыру үшін квота белгілеу жөніндегі ұсыныстардың әзірлеуіне байланысты «Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ Рудный қаласының еңбек нарығында жұмыс күшіне ағымдағы сұранысқа және ұсынысқа талдау мен болжау өткізеді.

Осыған байланысты барлық меншік нысандарының жұмыс берушілеріне қосымшаға сәйкес rudsots@mail.ru. электрондық мекенжайға ақпаратты ұсыну қажет.

Қосымша ақпаратты Пионер көшесі, 21 мекенжай бойынша «Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нде № 26 кабинетте немесе 2-44-92 телефоны арқылы алуға болады.

* * * * *

Еңбек қатынастары: еңбек шартын жасасу және тоқтату, жалақы төлеу мерзімдері.

Азаматтарға жұмысшы мен жұмыс берушінің арасындағы еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының қолданыстағы Еңбек кодексіне сәйкес жасалған еңбек шартының негізіндетуындайтының, сондай-ақ еңбек шартын дұрыс жасасу мен тоқтатуды білу өте маңызды.

Еңбек шарты - жұмыскер мен жұмыс берушінің арасындағы жазбаша келісім, бұған сәйкес жұмыскер белгілі бір жұмысты (еңбек функциясын) жеке өзі орындауға, еңбек тәртіптемесін сақтауға міндеттенеді, ал жұмыс беруші жұмыскерге келісілген еңбек функциясы бойынша жұмыс беруге, осы Кодексте, Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілерінде, ұжымдық шартта, жұмыс берушінің актілерінде көзделген еңбек жағдайын қамтамасыз етуге, жұмыскерге уақытылы және толық мөлшерде жалақы төлеуге міндеттенеді.

Сонымен бірге, облыстың кәсіпкерлік субъектілерін іріктеп, жоспардан тыс тексерулер, кейбір жұмыс берушілер жұмысқа қабылдау кезінде ҚР ЕК 23б., 2т., 2тт., бұзуға, еңбек қатынастарында жұмыс берушінің еңбек құқықтары мен қызметкерлердің заңды мүдделерін бұзуға және оларды мемлекеттік еңбек инспекциясына немесе сотқа жүгінуге әкеліп соқтыратын қызметкерлермен еңбек шарттар жасалмайтының растайды.

Осыған байланысты, қызметкерлер еңбек заңнамасымен ескертілген өз құқықтарын және міндеттерін білу тиіс. Мысалыға, ҚР ЕК 22б., 1т., 1), 2) тт., сәйкес қызметкер осы Кодексте көзделген тәртіппен және жағдайларда еңбек шартын жасасуға, өзгертуге, толықтыруға, тоқтатуға және бұзуға және жұмыс берушіден еңбек, ұжымдық шарттардың талаптарын орындауды талап етуге құқылы.

Еңбек шартында жұмысты орындау орны, еңбек шартының мерзімі, жұмыстың басталу күні,жұмыс уақыты мен демалу режимі, еңбекті төлеу мөлшері мен басқа талаптары, еңбек жағдайын сипаттау, кепіл мен артықшылықтар, егер де жұмыс ауыр болып келетін болса, зиян және қауыпты жағдайларда орындалса, қызметкердің және жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттері көрсетілуі тиіс.

Қызметкерді еңбек шартын жасаспай жұмысқа жіберу ҚР Әкімшілік заңнамасымен ( РҚ ӘҚко 86 б.,) әкімшілік жауапкершілікке тартады (лауазымды адамдарға – 40 АЕК , шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 60 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 80 АЕК, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне 120АЕК мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады).

Бүгін облыста бейресми жұмыс істейтің халықты еліміздің экономикасына және Қостанай облысы бойынша міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне тарту және заңдастыру бойынша 2018-2019 жылдарға арналған ұйымдастыру шараларының Жоспары (Жол картасы) және азаматтардың еңбек құқықтарын қорғауға және еңбек қатынастарын реттеуге бағытталған шараларды ұйымдастыру және үйлестіру бойынша Қостанай облысының 2018-2019 жылдарға арналған шаралар Жоспары (Жол картасы) жүзеге асырылуда.

Жақын арада облыс аумағында «Еңбек шартын жасасу» республикалық акциясын өткізу жоспарлануда.

Мемлекеттік еңбек инспекциясы жергілікті атқарушы және облыс аумағының мүдделі мемлекеттік органдарымен, облыстың кәсіпкерлер Палатасымен, облыс кәсіподақтарының аумақтық бірлестіктерімен бірлесіп, біріншіденазаматтардың еңбек құқықтарын қорғауға және еңбек қатынастарын реттеуге бағытталған Жоспарлардың(Жол картасы) шараларын жүзеге асыру бойынша жұмыстар өткізеді.

Мемлекеттік еңбек инспекциясының а.ж. ақпан қорытындысы бойынша,қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша талаптарды қоса еңбек заңнамасын сақтауға 59 кәсіпорын және ұйым тексерілді, 160 (2017-66) бұзушылық анықталды, оның ішінде: еңбек қатынастары бойынша-72, қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша-88.

Талдау, еңбек қатынастары бойынша анықталған бұзушылықтардың негізгі бөлігі, еңбек заңнамасында көрсетілген мерзімде, қызметкерге жалақысын төлемеу болып келетінің көрсетті.

Жалақы-облыс халқының үлкен бөлігінің ақшалай кірістің негізгі көздерінің бірі, сондықтан оның деңгейі мен төлемдердің уақтылығы халықтың өмір сапасының маңызды көрсеткіштері болып табылады.

ҚР ЕК 113 б., 1 т., сәйкес жалақы Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында ақшалай нысанда белгіленеді және айына бір реттен сиретпей, келесі айдың бірінші онкүндігінен кешіктірілмей төленеді.

Жұмыс берушінің жалақыны толық көлемде және еңбек заңнамада белгіленген мерзімдерде төлемеуі, сол сияқты жұмыс берушінің кінәсінан төлемді кешіктірген кезеңі үшін өсімпұлды есептемеуі және төлемеуі  ҚР ӘҚКо 87б., бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартады (лауазымды адамдарға – 40 АЕК, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 60 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 80 АЕК, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне-120 АЕК айыппұл салуға әкеп соғады).

Еңбек шарты тоқтатылған кезде жұмыс берушіден жұмыскерге тиесілі сомаларды төлеу ол тоқтатылғаннан кейінгі үш жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі(ҚР ЕК 113 б., 4т.).


* * * * *

Қазақстан Республикасының   2001 жылғы 17 шілдедегі «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңның 2-бабы 1-2-тармағына, Қостанай облысы әкімдігінің 2017 жылғы 10 накурыздағы № 121 «Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережесінің 18-тармақтың 6) тармақшасына сәйкес 2018 жылғы 1 тоқсанға арналған кедейшілік шеті облысымызда өткен тоқсанға есептелген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50 % мөлшерінде белгіленді. Былай айтқанда, Қостанай облысында 2018 жылғы 1 тоқсанға арнап белгіленгендер: ең төменгі күнкөріс деңгейі – 22269 теңге, кедейшілік шеті – 11135 теңге.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жәрдемақыларды және өзге әлеуметтiк төлемдердi есептеу үшiн еайлық есептік көрсеткіш 2405 теңге құрды.


* * * * *


* * * * *

Рудный қаласы

           

Ру́дный — Қостанай облысының Тобыл өзеніндегі қала.
Рудный қаласы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1957 жылғы 30 тамыздағы Жарлығымен құрылды.Аудан аумағы 19313 га, оның ішінде 721 гектар өнеркәсіптік жер. Халық саны - 130 116 адам, соның ішінде ауылдық жерлерде - 540 адам.Рудный қаласы облыс орталығынан 46 км қашықтықта орналасқан. Елдімекендер - Рудный қаласы, Качарауылы, Горьцкийауылы, Перецовкаауылы. Ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар - АҚССҚөБ, «KAZOGNEUPOR» ЖШС. Рудный қаласында 11 медициналық-профилактикалық мекеме, 8 ЖШС, 6 жеке меншік дәрігер, 8 жеке стоматологиялық пункт бар. .
Қалада жалпы орта білім бар,мектептердің жалпы саны 22 (14741 оқушы), кешкі мектеп - 1,бастауыш мектеп - 1, балалар бақшасы - 21, оның ішінде бюджеттік - 16, жеке меншік - 5, шағын орталық - 34.Аймақтық ұйымдар: түзету мектебі, балалар үйі, түзету мектеп-интернаты, мектепке дейінгі балалар үйі, жастар үйі.
Кәсіптікбілім - колледждер - 6, студенттер - 3860, жоғарыоқуорны – Рудный индустриалды институты, орта білімалушылар - 1245 адам (қазақ, орыснемесеараластілде).
Рудный Қостанай облыс орталығынан 46 шақырым жерде орналасқан, теміржол және автожол қосылған.Қала Тобыл өзенінің оң жағалауында орналасқан, ол Орынбор облысынан бастау алып, Ертіс суын тасымалдайды.Су ағынының үстінен кен орнын бойына қалаға және ауылшаруашылық шаруашылықтарына су беретін Қаратөмір су қоймасы салынуда.Су қоймасы кеңес дәуірінде де 1966 жылы құрылған.Ұзақ кеңеюі және салыстырмалы түрде тереңдігі терең, негізінен көктемгі айларда толтырылады.Мұнда балық шаруашылығы дамытылуда. Бір жыл ішінде Каратөмірде - шамамен 50 тонна балық ұсталды.
Рудный қаласында бір спорт сарайы, екі стадион, үш жүзу бассейні, көптеген спорт залдары бар. Хоккей командасы - «Шахтер» - шайбалы хоккейден Қазақстан чемпионатына қатысады.
Рудный қаласы (Қазақстан) мемлекет үшін өте маңызды. Сондай-ақ ол туристермен кездеседі.Қала экономиканың кейбір аймақтарына қатты әсер етеді. Осы саладағы туристердің жылдық ағыны мемлекеттік бюджетке үлкен пайда әкеледі.Бұл көптеген көрікті жерлерге, түрлі мәдени орындарға байланысты, демалуға және жақсы уақыт өткізуге болады.Рудный қаласы (Қазақстан) - міндетті түрде келуге міндетті! Сапардың жарқын әрі жағымды эмоциялары ұзақ уақыт бойы қалады

Ақпарат алу үшін төмендегі нөмірлер бойынша хабарласыңыз:

Халықты жұмыспен қамту орталығы: 8-714-31-2-44-94

Халықты жұмыспен қамту бөлімі: 8-714-31-2-44-92


* * * * *

* * * * *

«Еңбек шартты жасаңыздар

Құрметті жұмыс берушілер!

Заңсыз еңбек қатынастарын жібермеу және анықтау (жұмыскерлерді еңбек шартын жасамай жұмысқа қабылдау) мақсатында Рудный қаласында «Еңбек шартты жасаңыздар!» атты акция өтуде.

Өткізілген талдау қорытындылары бойынша   негізінен заңсыз еңбек қатынастарға біліктілігі төмен жұмыскерлер ұшырайтынын көрсетеді, олар шағын және орта бизнес субъектілеріне жататын құрылыс кәсіпорындарында, сауда саласында, тамақтану және ауыл шаруашылықтарында жұмыс істейді. Одан басқа, ең осал жіктеріне   тәжірибесі жоқ оқу орындарының түлектері - жастар жатады.

Сонымен бірге, Рудный қаласында азаматтардың дәрежесін заңдастыру бойынша жұмысты өткізіп, үйлерді аралап шыққанда нәтижесінде дәрежесі жоқ 7694 адам анықталды. Олардың ішінен 2745 адам жұмыс істеймін деп көрсетті, бірақ жұмыс берушілер олар үшін міндетті зейнеткерлік жарналарды (бұдан әрі – МЗЖ) және әлеуметтік төлемдерді (бұдан әрі – ӘТ) уақытында есептелмейді.

Заңдастырылмаған еңбек қатынастардың бар болуы жағымсыз жағдайлардың кешеніне әкеп соқтырады:

-  азаматтар еңбек, зейнеткерлік қамсыздандыру, әлеуметтік сақтандыру жүйесі саласындағы кепілдіктерден, құқық қорғаудан және жаңадан енгізілетін міндетті медициналық сақтандырудан (бұдан әрі – МӘМС) айырылады;

-   мемлекетке бюджетке салықтар түспеу түріндегі және т.б. зиян келдіріледі.

Бүгінгі таңда заңсыз жұмыспен қамту және оның салдарлары әлеуметтік-еңбек қатынастардағы маңызды проблема болып тұрғанын ескере отырып, жұмыс берушілерге еңбек шарттарды жасау, МЗЖ және ӘТ, МӘМС бойынша жарналарды уақытында төлеу бойынша шараларды қабылдау қажет.

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің   86-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылмау үшін, еңбек шарттарды жасамау үшін жұмыс беруші   60 АЕК-тен 150-ке дейін айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылады, Сізге жұмыскерлермен еңбек шарттарды уақытында жасау қажеттілігі туралы хабарлаймыз.

* * * * *

Құрметті Рудный қаласының тұрғындары!

«Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ Рудный қаласы тұрғындарының назарыңа жұмыс берушілерде еңбек шарттарды жасамай және міндетті зейнеткерлік жарналарды аудармай жұмыс істейтін тұлғалар «Қостанай облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» ММ-не өтініш білдіре алатынын жеткізеді.

Өтініштер:

- поштамен: Қостанай қ., Майлин к., 2А

- факспен: 8-714-2-53-72-57, 8-714-2-53-73-77

- электрондық поштамен: trud_inspektor.kostanay@mail.ru қабылданады.

Өтініш үлгісі (қосымша).

«Қауырт желі» 2-45-03 телефоны арқылы азаматтар еңбек заңнамасы саласындағы барлық бұзушылықтар туралы, жалақыны «конвертпен» алуға мәжбүр ететін жұмыс берушілері туралы және жұмыскерлерге міндетті зейнеткерлік жарналарды аудармайтын кәсіпорындар басшылары туралы хабарлай алады.

* * * * *

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде оралмандарды еліміздің жұмыс күші артық өңірлерден жұмыс күші тапшы өңірлерге қоныстандыру туралы ақпарат

Жұмыс күші тапшы өңірлерді жұмыс күшімен қамсыздандыру, өңірлік диспропорциялар және демографиялық тепе-теңсiздiктердi жою мақсатында Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың        2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) шеңберінде ерікті түрде қоныс аударуға жәрдемдесу есебінен еңбек ресурстарының аумақтық ұтқырлығы ынталандырылады.

Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар және олардың отбасы мүшелері жаңа тұрғылықты жерге ерікті түрде қоныс аудару бойынша Бағдарламаға қатысушылар болып табылады.

Бағдарламаға қатысушыларға қоныс аударуға, тұрғын үй жалдауға (жалға беруге) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу шығыстарын өтеуге субсидиялар беріледі.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2017 жылғы 27 желтоқсандағы № 454 бұйрығымен 2018 жылға Қостанай облысы бойынша25 отбасы оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілді.

Оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу үшін өкілетті органға өтініш және мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен келесі құжаттар топтамасын ұсыну қажет:

1) Оралманның жеке басын және онымен еріп келген отбасын куәләндыратын құжаттар көшірмесі (шетелдік паспорт немесе тұлғаның азаматтығын жоқтайтын куәлік, кәмелет жасқа толмаған балалардың тууы туралы куәлігі);

2) Неке немесе некені бұзу туралы куәліктің (бар болса) көшірмелері;

3) Білімін, біліктілігін және белгілі бір мамандық бойынша жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттардың (бар болса) көшірмелері;

4) Өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінің тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын мекенжай анықтамасы не селолық әкімдердің анықтамасы;

2018 жылдың12қантарда Рудный қаласы, Пионер көшесі 21, мекен-жайы бойынша оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге оралмандардан құжаттарды қабылдау басталады.

Толық ақпарат: Қостанай қаласы, Қасымканов көшесі, 34, № 213 кабинет, тел.: 8 (7142) 542835; электрондық мекенжайы: d.akpanbetova@kostanay.gov.kz.


* * * * *

Тұрғын үй көмегін рәсімдеу бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмысы.

1. Тұрғын үй көмегінекімдерге өтініш білдіруге болады? Тұрғын үй көмегі үшін ай сайынғы коммуналдық қызметтер мен тұрғын үйді күтіп-ұстауға кететін, бекітілген нормалар шегіндегі шығындар үлесі отбасының жиынтық табысының 10%-нан асатын отбасылар (азаматтар) өтініш білдіре алады. Тұрғын үй көмегі тұрақты тіркелген жері бойынша барлық тіркелген азаматтардың табыстарын есепке ала отыра рәсімделеді.

2. Тұрғын үй көмегін алу үшін қандай құжаттар қажет және оны қайда тапсыру керек? Тұрғын үй көмегін алу үшін өзіңізбен бірге келесі құжаттарды алуыңыз қажет:

· Өтініш иесінің және мекенжай бойынша тіркелгендердің барлығының жеке куәлігі;

· Өткен тоқсан бойынша азаматтың (отбасының) табыстарын растайтын құжаттар;

· Коммуналдық қызметтер үшін түбіртек-шоттар (жылу, су, кәріз, газ, электр жабдықталуы, қоқыс шығару);

· Байланыс қызметтерін көрсетуге арналған келісімшарт

Өтініштерді қабылдау және нәтижелерін ұсыну коммерциялық емес «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында» (бұрынғы ХҚКО): Космонавт к. 12 (№1), Корчагин к. 76 (№2), Қашар кенті (№2 филиал) және де «электрондық үкіметтің» веб-порталы www.egov.kz арқылы жүргізіледі.

3. Тұрғын үй көмегін рәсімдеу тәртібі. Тұрғын үй көмегін есептеу кезінде:

-    жылу;

-    ыстық және суық су жабдықталуы мен кәріз;

-    электр энергиясы;

-    газ;

-    қоқыс төлемі;

-    лифтті пайдалану;

-    байланыс қызметтері, телефон үшін абоненттік төлемнің артуына қосымша ақылар;

-    үйдің ағымдағы жөндеуіне және күтіп-ұстауға кететін шығындар (кондоминиум рәсімделген үйлерде);

-    бекітілген нормалар шегінде үйдің күрделі жөндеу жасауға қаржы жинау бойынша шығындары есепке алынады.

Тұрғын үй көмегін рәсімдеу барысында тұрғын үй аумағының нормасы есепке алынады:

-    отбасының бір мүшесіне – 18 м2 қажетті аумақ, отбасыға 9 м2 , көпбөлмелі пәтерде тұратындар үшін;

-    бір бөлмелі пәтерде тұратындар үшін - тұрғын үйдің жалпы аумағы;

-    жалғыз тұратын азаматтар үшін - есепке 30 м2 алынады.

Электр энергиясын төлеу бойынша шығындарды өтеу бір адамға 100кВт және электр плиталары мен электрлік су жылытқыштары бар үйлерге 130 кВт есебімен жүргізіледі.

       Тұрғын үй көмегін есептеу барысында есептеу құралдары бар үйлердегі коммуналдық қызметтерде келесі нормалар есепке алынады:

-    ыстық сумен жабдықталуы – 3,65 м3;

-    суық сумен жабдықталуы – 5,47 м3;

-    кәріз (3,65+5,47) – 9,12 м3;

-    газбен жабдықталуы - 10, 6 м3;

-    байланыс қызметтері, телефон үшін абоненттік төлемнің артуына қосымша ақылар – 639,54 теңге, (2016 жылғы 1 қаңтардағы және 2004 жылғы 01 қазандағы тарифтер айырмашылығы. 1006,39 тг - 366,85 тг );

Толық ақпарат алу үшін «Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ 2-45-02 телефоны бойынша жүгінуге болады, және де осындай


* * * * *

Жаңа нысандағы АӘК жүзеге асыру

2018 жылғы 1 қаңтардан бастап арнаулы мемлекеттік жәрдемақы (АМЖ) болмайды, оның орнына аз қамтылған отбасыларға (отбасыныңәр мүшесінің табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің50 %-ынан төмен) жаңа нысандағы атаулы әлеуметтік көмек көрсетілетін болады. Бұл көмек бүгінгі күнде ұсынылып отырған жәрдемақының үш төлемнің орнына ұсынылады (көп балалы отбасыларға арнайы мемлекеттік жәрдемақысы, 18 жасқа дейінгі балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақы және атаулы әлеуметтік көмек).

Негізгі идеясы: әлеуметтік қолдауды ең мұқтаждар санаттарына көрсету. Табысы төмен еңбекке қабілетті азаматтарға мемлекеттің қолдауы олардың жұмыспен қамтудың іс-шараларына белсенді қатысу және әлеуметтік бейімделу жағдайына ғана ұсынылатын болады.

Атаулы әлеуметтік көмектіі бір түрге трансформациялауы:

а) көмек көрсету критерийлерін КД 40 %-дан КД 50 %-ға дейін арттыру:

ә) көмек алушыларды отбасы құрамына қарай топтастыру (еңбекке қабілетті мүшелері бар отбасы және еңбекке қабілетті мүшелері жоқ отбасы немесе белгілі бір себептермен жұмыс істеу мүмкіндігі жоқ);

б) тараптардың міндеттемелерін ескеретінәлеуметтік келісімшартты енгізу:

в) санкциялар түрлерін енгізу: 6 ай бойыәлеуметтік келісімшартта жүктелген міндеттерді орындамаған жағдайда жәрдемақы мөлшерібірінші рет – отбасының еңбекке қабілетті мүшелерінің атаулы әлеуметтік көмегі 50%-ға қысқартылады, ал қайталанған жағдайда төлем тоқтатылады, атаулы әлеуметтік көмек кәмелет жасқа толмаған балаларға және бала күтімімен отырған аналарға толық мөлшерде сақталады.

Мемлекеттік балалар жәрдемақының (МБЖ) трансформациялауы:

а) босатылған қаражат есебінен әрбір балаға берілетін көмектің мөлшерін ұлғайту (КД 50 %-ға дейін арттыру);

ә) отбасының еңбекке қабілетті мүшелерінің жұмыспен қамту бағдарламасының іс-шараларынан бас тартқан жағдайда балалар үшін көмекті сақтап қою;

Арнаулы мемлекеттік жәрдемақының (АМЖ)трансформациялауы:

а) отбасының табысы КД 50 %-дан төмен болған жағдайда әлеуметтік көмекті тек балаларға ғана емес, отбасының барлық мүшелеріне төлеуге мүмкіндік береді.

Жаңа нысандағы АӘК отбасының еңбекке қабілетті мүшелерінің жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің іс-шараларына міндетті түрде қатысқан жағдайда ғана беріледі және 2 түрге бөлінеді: шартты және шартсыз ақшалай көмек.

1. Шартсыз ақшалай көмек: жалғызбасты және (немесе) жалғыз тұратын еңбекке қабілетті жастағы аз қамтылған тұлғаларға немесе құрамында еңбекке жарамсыз мүшелері бар отбасыларға немесе еңбекке жарамды мүшелері жұмыспен қамту шараларына белгілі бір себептермен қатыса алмайтын аз қамтылған отбасыларға беріледі.

2. Шартты ақшалай көмек: жалғызбасты және (немесе) жалғыз тұратын еңбекке қабілетті аз қамтылған тұлғаларға немесе құрамында еңбек етуге қабілетті кем дегенде бір мүшесі бар аз қамтылған отбасыларға беріледі.

Мысалы:

Болғаны (2018 жылға дейін)

Болатыны (2018 жылғы 1 қаңтардан бастап)

АӘК

МБЖ

АМЖ

Жаңа нысандағы АӘК

еңтөменгі күнкөрісдеңгейінің 40 %

еңтөменгі күнкөрісдеңгейінің 60%

табысына қарамастан

еңтөменгі күнкөрісдеңгейінің 50%

Жұмыссыз ретінде тіркелу

жоқ

отбасының барлық еңбек етуге қабілетті мүшелерінің жұмыспен қамту шараларына міндетті түрде қатысуы (әлеуметтік келісімшарт негізінде)

Жәрдемақыларды уақытында төлеу

1)      жәрдемақыны уақытында төлеу;

2)      әлеуметтік келісімшарт негізінде жұмыспен қамтуда міндетті түрде жәрдем көрсету, әлеуметтік бейімделу шараларын көрсету (мүгедектерді әлеуметтік оңалту шаралары, арнаулы әлеуметтік қызметтер)

Тоқсанға

ай сайын

Әлеуметтік келісімшарт кезеңіне ай сайын немесе біржолғы төлеммен (6-12 ай)

Жұмыссыз ретінде тіркелмеген тұлғаға және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларынан бас тартқан еңбекке қабілетті азаматтарға тағайындалмайды (отбасының қалған мүшелеріне АӘК тағайындалады)

Отбасыда баланың еңбекке қабілетті ата-аналары жұмыс істемеген және жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелмеген кезеңіне тағайындалмайды

жоқ

1.    жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларынан 1-ші рет бас тартқан жағдайда – отбасының кәмелетке толған барлық мүшелеріне АӘК мөлшерінің 50% -ға қысқарту;

2.    қайталап бас тартқан жағдайда – отбасының кәмелетке толған барлық мүшелеріне АӘК 100 %-ға қысқартылады.


* * * * *

«2018 жылға бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқаорналастыру үшін жұмыс орындарына квотабелгілеу туралы» қаулысы


* * * * *

«2018 жылға арналған пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқаорналастыру үшін жұмыс орындарына квотабелгілеу туралы» қаулысы


* * * * *

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңның 2-бабы 1-2-тармағына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2017 жылғы 02 қазандағы № 168 «2017 жылғы 4 тоқсанға кедейшілік шеті көлемін белгілеу туралы» бұйрығына сәйкес Қостанай облысының әкімдігімен 2017 жылғы 4 тоқсанға арналған кедейшілік шеті облысымызда өткен тоқсанға есептелген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 40 % мөлшерінде белгіленді.

Былай айтқанда, Қостанай облысында 2017 жылғы 4 тоқсанға арнап белгіленгендер: ең төменгі күнкөріс деңгейі – 23405 теңге, кедейшілік шеті – 9362теңге.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің жоғарыда аталған бұйрығына сәйкес 18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақы тағайындау барысында өлшем болып табылатын азық-түлік себетінің мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 % құрып, 14043 теңгеге тең.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн есептеу үшiн ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасы өзгеріссіз қалып, 2269 теңге құрды.


* * * * *

Барлық меншік нысандарының жұмыс берушілері назарыңа!

2018 жылы азаматтардың жекелеген санаттарын жұмысқа орналастыру үшін квота белгілеу жөніндегі ұсыныстардың әзірлеуіне байланысты «Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ Рудный қаласының еңбек нарығында жұмыс күшіне ағымдағы сұранысқа және ұсынысқа талдау мен болжау өткізеді.

Осыған байланысты барлық меншік нысандарының жұмыс берушілеріне қосымшаға сәйкес rudsots@mail.ru. электрондық мекенжайға ақпаратты ұсыну қажет.

Қосымша ақпаратты Пионер көшесі, 21 мекенжай бойынша «Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нде № 26 кабинетте немесе 2-44-92 телефоны арқылы алуға болады.

Қосымша


* * * * *

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде ішкі мигранттар мен оралмандарды еліміздің жұмыс күші артық өңірлерден жұмыс күші тапшы өңірлерге қоныстандыру туралы ақпарат

Жұмыс күші тапшы өңірлерді жұмыс күшімен қамсыздандыру, өңірлік диспропорциялар және демографиялық тепе-теңсiздiктердi жою мақсатында Бағдарлама шеңберінде ерікті түрде қоныс аударуға жәрдемдесу арқылы еңбек ресурстарының аумақтық ұтқырлығы ынталандыру шаралары қабылданады.

Бағдарламаға қатысушыларды ерікті түрде қоныс аудару жұмыс күші артық облыстардан (Алматы, Жамбыл, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан) жұмыс күші тапшы облыстарға жүзеге асырылады (ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 18 ақпандағы № 83 қаулысымен белгіленген).

Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар және олардың отбасы мүшелері жаңа тұрғылықты жерге ерікті түрде қоныс аудару бойынша Бағдарламаға қатысушылар болып табылады.

Бағдарламаға қатысушыларды мемлекеттік қолдау шаралары орын алған қоныс аудару және жұмысқа орналасу (нақты қоныс аударғандар) фактісі бойынша да, жоспарлы қоныс аудару фактісі (әлеуетті қоныс аудару) бойынша да көрсетілуі мүмкін.

ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 04 сәуірдегі № 168 қаулысымен оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың 2017 жылға арналған өңірлік квотасы белгіленді, оған сәйкес Қостанай облысына оралмандарды қабылдау квотасы: оралмандар - 25 отбасы және қоныс аударушыларды қабылдау квотасы - 30 отбасы.

Жұмыс берушілердің өтініштері бойынша кадрларға қажеттілік, тұрғын үй беру мүмкіндігі, әлеуметтік қолдаудың өзге де шаралары жөніндегі ақпарат Қостанай облысы әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының www.zansoc.kostanay.gov.kz сайтында орналастырылған («Көші-қон» бөлімі).

Оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге оралмандардан құжаттарды қабылдау ағымдағы жылғы 24 сәуірден басталады (Қостанай қаласы, Қасымқанов көшесі, 34, № 213 кабинет).

Толық ақпарат: Қостанай қаласы, Қасымқанов көшесі, 34, № 213 кабинет, тел.: 8 (7142) 542835.


хат жіберу