Блог статистикасы
195
Жазбалар
4456
Өтініштер
176209
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Ішкі саясат

Рудный қаласы әкімдігінің

«Рудный қалалық ішкі саясат бөлімі» ММ

Бөлім басшысы – Данияр Қайратұлы Сәбитов

Мекенжайы: Рудный қаласы, Ленин көшесі, 95, 220 кабинет.

Жұмыс тәртібі: дүйсенбі – жұма сағ. 9.00 – 18.30 дейін

                    түскі үзіліс сағ. 13.00 – 14.30 дейін

Телефон: 8 (71431) 39312, 45433

E-mail: Politika_rud@mail.ru


* * * * *

Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің негізгі міндеттері болып табылады:

1) мемлекеттілікті және ұлт бірлігін нығайту, қоғамдық-саяси тұрақтылықты, азаматтардың құқығы мен бостандығын қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;

2) Қазақстанның даму басымдықтарын, Стратегиясын және өткізіліп жатқан мемлекеттік саясатты түсіндіру мен насихаттау;

3) қалалық   бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу, жергілікті атқарушы және өкілдік органдарының нормативтік-құқықтық актілерін ресми жариялау құқығына конкурстар өткізу;

4) мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарауды қалыптастыру;

5) этносаралық және конфессияаралық келісімді сақтау мен нығайту;

6) мемлекеттік органдардың азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимылын жетілдіру;

7) патриоттық сана-сезімді, азаматтық жауапкершілікті арттыру, белсенді қоғамдық көзқарасты қалыптастыру, жастар бастамасын дамыту;

Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары:

1) Президенттің және Үкіметтің саясатын жүзеге асыру мен түсіндіру, Елбасының жыл сайынғы Жолдауын алға қарай жылжыту және насихаттау бойынша ақпараттық насихаттық жұмысты жүргізу, ақпараттық-насихаттық топтардың қызметін үйлестіру;

2) қаладағы қоғамдық-саяси жағдайға талдау жүргізу, оның дамуын болжау, қоғамдық пікірді зерттеу;

3) өңірдегі қоғамдық-саяси жағдайды болжауға бағытталған әлеуметтік зерттеулер жүргізу;

4) қалалық бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізуге әлеуметтік тапсырысты ұйымдастыру;

5) діни ағымдар мәселесі бойынша азаматтардың ақпараттануын арттыру бойынша ақпараттық насихаттық жұмыстарды жүргізу;

6) саяси партиялармен, діни бірлестіктермен, азаматтық қоғам институттарымен, ұлттық-мәдени бірлестіктермен өзара әрекет ету;

7) қаладағы ішкі саяси тұрақтылықты нығайтуға және саяси үрдістерді демократияландыруға бағытталған іс-шараларды өткізуге қатысу;

8) қолданыстағы заңнамаға және республиканың саяси бағытына сәйкес қалада әлеуметтік және саяси жарнаманың мазмұны мен безендірілуі бойынша жұмысты үйлестіру;

9) жастар қозғалысының дамуымен байланысты жастар ортасында азаматтық жауапкершілікті және қазақстандық патриотизмді дамытуға мүмкіндік беретін іс-шараларды өткізуді үйлестіру;

10) этносаралық және конфессияаралық төзімділікті нығайтуға бағытталған іс-шараларды өткізу;

11) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де функцияларды жүзеге асыру;

12) заңнамамен көзделген жағдайларда және тәртіпте коммерциялық емес ұйымдарға қатысты әкімшілік жауаптылық шаралары қабылданады;

13) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын пайдалану (орнату,орналастыру) кезінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы заңнамасын бұзған әкімшілік қуқық бұзушылық туралы істерді қарау.


* * * * *

"Қазақстан - Ұлы дала елі" цифрлық қосымшасы

ТВ арналған «жүгіртпе жолдың» жобасы

ҮЕҰ Дерекқорына мәліметтер жолдау мерзімі туралы ақпарат

Whatsapp мессенджері арқылытарату жобасы

Әлеуметтік желілерде таратуға арналған ақпараттық беннерлер үшін тезистер

ҮЕҰ дерекқоры туралы жиі қойылартын сұрақтар және олардың жауабы

Үкіметтік емес ұйымдарымен өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру қағидалары

«Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы» ҚРЗ

«Жиналыстар, митингілер,шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізуді қосымша реттеу туралы қағидаларын бекіту туралы» мәслихаттың шешімі

Әдістеме құралы

ҮЕҰ Дерекқоры бойынша СҰРАҚ-ЖАУАПТАР

ҮЕҰ Дерекқоры бойынша Жадынама

Үкіметтік емес ұйымдарымен өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру тәртібі туралы әдістемелік ұсынымда

http://kostanay.gov.kz/kz/message-from-president/obrashchenie-prezidenta-respubliki-kazakhstan-n-a-nazarbaeva-k-narodu-pyat-sotsialnykh-initsiativ-pr/index.php


* * * * *

АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ ИНСТИТУТТАРЫМЕН ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛ БОЙЫНША ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒА

Мемлекеттік органның атауы

Т.А.Ә.

Лауазымы

Телефоны

E-mail

1.

«Рудный қаласы әкімінің аппараты» ММ

Скаредина

Елена Вадимовна

Рудный қаласы

әкімінің орынбасары

8 (71431) 4 53 31

e.skaredina@kostanay.gov.kz







* * * * *

Қостанай облысы цифрлық эфирлік

телехабар таратуға дайын

Биыл маусым айында Қостанай  облысында аналогтық телехабар тарату желісі өшіріледі. Аумақтың цифрлық эфирлік телехабар таратуға көшуге дайындығы облыстық және аудандық әкімдіктер өкілдері мен  Павлодар облысындағы «Қазтелерадио» АҚ филиалының мамандарымен бірлесіп өткен жиналыста талқыланды.

687 отбасы Қостанай облысында тегін цифрлық қабылдағыш алады. Қостанай облыстық Ішкі саясат басқармасы жетекшісінің орынбасары Марина Растегаеваның айтуынша, қазіргі уақытта тұрмысы нашар отбасыларды ресиверлермен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Сонымен қатар, ЦЭТВ жобасын жүзеге асыру аясында тұрғындар арасында жаппай ақпараттық-түсіндірме науқаны қолға алынған. Облыстық бұқаралық ақпарат құралдарында, облыстық және аудандық ішкі саясат басқармаларының сайттарында цифрлық эфирлік телехабар таратуға көшу мен аналогтық желінің өшірілуі туралы хабарландыру үнемі жарияланып келеді.

«Қазтелерадио» АҚ сату қызметінің басшысы Бауыржан Асылбеков атап өткендей, биыл цифрлық эфирлік телехабар таратуға көшудің екінші кезеңі жүзеге асырылып жатыр. Ал бірінші кезеңнің аясында 2018 жылы аналогтық желі Маңғыстау, Жамбыл, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласында өшірілген болатын. Биыл анлогтық телехабар тарату желісі Қостанай, Алматы және Павлодар обьлыстарында толық өшіріледі деп жоспарланған.

Осылайша, цифрлық эфирлік телехабар тарату желісіне көшкен соң Қостанай қаласында 30 шақты, елді мекендерде 15-ке дейін телеарна SD-форматында көрсетіледі. Әрі абоненттік төлемақы болмайды. Желіге қосылу және қабылдағыштарды күйге келтіру бойынша халыққа көмек көрсету үшін «Қазтелерадио» АҚ call-орталық жұмысын ұйымдастырды. Қандай да бір сұрақ туындаған жағдайда абоненттер «193» номері бойынша тегін хабарласа алады.

«Цифрлық ресиверді сатып алмас бұрын теледидарыңыз DVB-T2 форматында көрсете ме, жоқ па, тексеріп алыңыз. Ондай жағдайда тек децимитрлік антенна сатып алсаңыз жеткілікті, теледидарға қосқан соң, мәзірден «арналар іздестіру» түймешесін басасыз», - деді Қазтелерадио өкілі.

Эфирлік телехабар тарату желісін цифрландыру жұмыстарының аясында Қостанай облысында 59 радиотелевизиялық станция тұрғызылып, жаңғыртылды.

Яғни жаңа желі облыс халқының 98 пайызын қамтиды деген сөз.

Цифрлық эфирлік телехабар таратуды енгізу жобасын жүзеге асыру 2021 жылы аяқталады деп жоспарланған. 

* * * * *

Видео 1

Видео 2


* * * * *

Қосымша 1

Тақырыптық баннерлердің үлгілері

·        Баннерді жүктеп алуға сілтеме – https://cloud.mail.ru/public/HCV7/UwBWKgUVX

·        Сайттың келушілеріне өтуге арналған мекенжай - www.fincenter.kz

  Қосымша 2

Тақырыптық баннерлерді орналастыру бойынша ақпарат

Өңір

Қаланың/ауданның сайты

Сайтқа сілтеме

 

 

 

 

 

* * * * *

Үкіметтік емес ұйымдары өкілдерінің назарларына!

- 2018 жылғы 15 қаңтардан бастап «Үкіметтік емес ұйымдарымен өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру қағидаларының» (бұдан әрі – Қағидалар) жеңілдітілген нұсқасын реттейтін ҚР Дін істері дәне азаматтық қоғам министрінің 2017 жылғы 6 желтоқсандағы № 175 бұйрығы күшіне енді;

- 2017 жылғы 1 наурыздан бастап «ҮЕҰ дерекқоры» ақпараттық ресурсы жұмысын бастады (infonpo.kz);

- ҮЕҰ infonpo.kz порталы арқылы өз қызметі туралы мәліметтерді ҮЕҰ дерекқорына бере алады;

- ҮЕҰ мәліметтер базасына мәліметтерді электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) көмегімен infonpo.kz веб-порталы арқылы электронды түрде беруге болады;

- үкіметтік емес ұйымдарды 2019 ж. 31 наурызға дейін ҮЕҰ дерекқорына 2018 жылғы қызметі туралы мәліметтерді infonpo.kz ақпараттық ресурсы арқылы тапсыруға шақырамыз;

- 2014 жылғы 5 шілдедегі «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 489-1-бабына сәйкес:

1. Коммерциялық емес ұйымдардың, Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын шетелдiк және халықаралық коммерциялық емес ұйымдар филиалдары мен өкiлдiктерiнің (оқшауланған бөлiмшелерiнің) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға өз қызметі туралы, оның ішінде өзінің құрылтайшылары (қатысушылары), мүлкінің құрамы, ақшаның қалыптасу көздері және жұмсалу бағыттары туралы мәліметтерді ұсынбауы, уақтылы ұсынбауы, сол сияқты анық емес немесе көрінеу жалған мәліметтерді ұсынуы – ескерту жасауға алып келеді.

      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жылдың ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік), – жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не үш ай мерзімге қызметін тоқтата тұруға алып келеді. 

* * * * *

   Ағамдағы жылда «Цифрлық Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде Кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасымен цифрандыру саласында жобалар қатары жүзеге асырылды, атап айтқанда:

- Шағын және орта бизнесті (бұдан әрі- ШОБҚ), және туристік қызмет көрсету мәселелері бойнша интерактивтік ақпараттық кеосктерін орнату;

- «Invest in Kostanay» (инвесторларға үшін мобільдік қосымша), «Қостанай облысының отандық тауар өндірушілерінің цифрлық каталогы» мобильдік қосымшаларын әзірлеу;

- Қостанай облысында қатты және көп таралған пайдалы қазбалардың кен орындарын цифрлау;

- Өңірдің назар аударарлык туристік мәліметтер базасын құру;

Қазіргі уақытта «Кәсіпкерліктің жолсілтемесі» ақпараттық киосктер Халықты қызмет көрсету орталығы (Тәуелсізідік көш 46, Абай көш. бұрышы) және Қостанай облысы Қәсіпкерлер палатасы арқылы Кәсіпкерді қызмет көрсету орталығының (Әл-Фараби даңғ.116) ғимараттарында орнатылған.

Өңірдің турстік қызмет және назар аударарлықтай салалары туралы ақпаратты алуға болатын ақпараттық киосктер теміржол вокзалы (Перонная көш.39), «МАРТ» ОСО(Әл-Фараби даңғ.48 және аэропорт (Уральская көш.39)   ғимараттарында орнатылған.

«Кәсіпкерліктің жолсілтемесі» мобильдік қосымшасы, инвесторлар үшін «Invest in Kostanay» мобильдік жолсілтемесі және отандық тауар өндірушілердің цифрлық каталогы PlayMarket және AppStore-да ақысыз жіктеу үшін қолжетімді.

Өңірдің қатты және кең таралған пайдалы қазбаларының кен орындары туралы ақпарат нтернет-порталда map.investinkostanay.kz.

* * * * *

Қостанай облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің 2018 жылдың 9 айлық

мемлекеттік сатып алу саласындағы қызмет қорытындылары

«Мемлекеттiк сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы  № 434-V Заңының 16-бабына сәйкес, Департамент мемлекеттік сатып алу бойыша камералдық бақылауды жүзеге асырады.

Осылайша, 2018 жылдың 9 айындағы камералдық бақылау нәтижелері бойынша Департаментпен сомасы 48 844,2  млрд.теңге 1389 рәсім бойынша толық көлемде орындалған мемлекеттік сатып алу саласындағы бұзушылықтарды жоюға 1361 хабарлама жолданды.

Олардың ішінен 654 рәсім бойынша сомасы 9 886,2 млрд.теңге сатып алу қорытындыларының күші жойылды, 707 бойынша сомасы 38 958,0  млрд.теңге сатып алу қорытындыларын қайта қарау және конкурстық құжаттамаға өзгерістер енгізу жолымен мемлекеттік сатып алу туралы заңнама талаптарына сай келтірілді.

Сонымен бірге, мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының сақталуы мәселелері бойынша заңды және жеке тұлғалардан 80 2 өтініш келіп түсті және Заңның 47-бабы шеңберінде сомасы 49 776,6 млрд. теңге келісім-шарттарды жасаудың 376 рәсімдерінің қорытындылары тоқтатылды, оларды қарау нәтижелері бойынша күшін жою, қорытындыларын қайта қарау немесе өтініштерді қанағаттандырудан бас тарту туралы тиісті шаралар қабылданды.

Қостанай облысы бойынша

Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің

камералдық бақылау

бөлімінің басшысы                                                                                                                             Ж.Е. Молдагалиев 

* * * * *

«Мемлекеттік қызмет саласындағы жемқорлық және онымен күресу тәсілдері»

«ҚР ҚМ ІМАК Қостанай облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті»(бұдан әрі – ІМАД)жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі заңнаманың бұзылуын алдын алу бойынша белгілі бір жұмыс жүргізуде.

Аудиторлық іс-шараларды жүргізу кезінде айқындалған бұзушылықтарды жасыруды болғызбау және жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептерді жою мақсатында аудиторлық іс-шараларды бастау алдында ІМАД қызметкерлері үшін жемқорлыққа қарсы заңнама бойынша 2018 жылдың 9 айында 115-нұсқама өткізілді.

Мемлекеттік қызметтің оң бейнесін қалыптастыру мақсатында және Мемлекет басшысының 5 инстицуоционалдық реформаларының «Мемлекеттік органдардың ашықтығы» атты басым бағыттарының бірін іске асыру шеңберінде ІМАД-де 2018 жылғы 2 ақпанда А.Байтұрсынов атындағы КМУ экономикалық факультетінің, 2018 жылдың 20 қыркүйегіндеҚостанай экономикалық Қазтұтынуодағы колледжінің экономика және қаржы факультетінің студенттері үшін «Ашық есік күні» өткізілді.

Мемлекеттік органның жалпыға қол жетімді жерінде әдеп жөніндегі уәкіл туралы ақпарат орналастырылған..

«Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның 10 бабы 2-тармағына сәйкес ҚР ҚМ ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының жемқорлыққа қарсы стандарттары әзірленіп бекітілді.

Департамент қызметінің айқындығы мен жариялылығы мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарында 2018 жылдың 9 айында 21мақала жарияланды.

Сонымен бірге, аудиторлық қызметтің нәтижелері теледидарда 2018 жылдың 9 айында 4 рет жарияланды, ҚР ҚМ Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің сайтында орналастыру үшін 12 материал жіберілді.

Азаматтардың сенімін нығайту, қызметтің айқындығын арттыру, халықтың лауазымды адамдардың лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану фактілері, Әдеп кодексінің талаптарын бұзу, жемқорлық құқық бұзушылықтарын немесе қылмыстарын жасау фактілері бойынша жүгіну мүмкіндігі мақсатында және жемқорлық құқық бұзушылықтары туралы ақпаратқа жедел әрекет ету үшін ІМАД-те 8 (7142) 54-02-82 сенім телефоны жұмыс істейді, ол әр жарты жылдықта бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылады.

Департаментте жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақытында қарау мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді.

Осымен, 2018 жылдың 9 айында жеке және заңды тұлғалардан 911 өтініш келіп түсті. Барлық өтініштер қаралып, өтініш берушілерге жауап берілді.

Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес Департамент басшылығымен азаматтар мен заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесі және Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі талаптарын бұзу фактілері бойынша сенім телефоны өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарында әр жарты жылдық сайын орналастырылады. 

Қостанай облысы бойынша ІМАД

персоналмен жұмыс бөлімібасшысы 

М. Мнәшев

* * * * *

Аудит объектілерімен Қазақстан Республикасының заңнамасының бұзушылықтарын болдырмау бойынша алдын алу шаралары

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық  комитеті және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Каржылық бақылау комитетінің мемлекеттік мекемелердің қазынашылық органдарында тіркелген азаматтық құқықтық мәмілелеріне сәйкес өткізілген бюджеттік төлемдеріне бақылау жүргізу бойынша өзара іс-қимыл ережесін бекіту туралы» (енгізілген өзгерістермен) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы №32 бұйрығын орындау барысында 2018 жылдың басынан бастап Қостанай облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментімен бюджетті атқару рәсімдерін өткізу кезінде бұзушылықтарды азайту мақсатында «Сомасы 500 АЕК-тен асатын көрсетілген қызметтер, орындалған жұмыстар және жеткізілген тауарлар үшін тапсырыс берушілер сонғы төлемін, негізгі шарт жасалған күннен 5 күн ішінде жасаған жағдайда», «1- ден 4 ке дейінгі сынып оқушыларын, жетім балаларды, тұрмысы төмен және көп балалы отбасылардан шыққан балаларды азық түлікпен қамтамасыз ету қызметін көрсетуге арналған шарттар жасасқан жағдайда», «Негізгі шарттың 500 АЕК-тен асатын сомаға ұлғайту үшін қосымша келісім жасасқан жағдайда» критерийлері бойынша тәукел және күмәнді төлемдерге талдау жүргізілді.  

2018 жылдың 9 айы кезеңіңде Департаментпен осы критерийлерге жататын 74 шарт зерттеліп, 15 шартта бұзушылықтар анықталып, мемлекеттік аудиттің ден қою шаралары нәтижесінде жалпы сомасы 3,6 млн. теңгеге 8 шарт бұзылып, тәртіптік жауапкершілікке 9 лауызымды тұлға тартылды.           

Қостанай облысы бойынша

Ішкі мемлекеттік аудит департаменті

* * * * *

Қостанай облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментімен 2018 жылдың 9 айы бойынша жүргізілген аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары

Қостанай облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің мемлекеттік аудиторлармен2018 жылдың9 айы бойынша 153аудиторлық іс-шаралар өткізілді.

Аудиторлық іс-шараларды өткізу барысында 39 452,3 млн.теңге қамтылды, сонымен қатар, сомасы 11 853,4 млн.теңгеге бюджеттік заңнаманың бұзушылықтары анықталды, соның ішінде: сомасы 96, 9 млн.теңге қаржылық бұзушылықтар және сомасы 11 756,5 млн.теңге рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар.

Бұдан басқа, сомасы 7 630,8 млнтеңгеге мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы сақтаудағы бұзушылық анықталды, оның ішінде мемлекеттік сатып алудың қорытындыларына әсер еткені – 6 036,1 млн.теңге.

Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзу туралы» кодексіне сәйкес 14 лауазым иесіне айыппұл сомасы 2,2 млн.теңге әкімшілік жаза салынып, олар бюджетке толық көлемде түсті.

Жіберілген бұзушылықтар үшін 85лауазым иесі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Құқық қорғау органдарына сомасы 5 282,7млн.теңгеге 71 аудит материалы жіберілді.

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша (28.09.2018ж. жағдайы бойынша)толық көлемде орындалған, сомасы 41 722,1млн.теңгеге мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының бұзушылықтары туралы 1355 хабарлама жіберілді.

«Комплаенс-бақылау» тәуекел профилі бойынша  74 келісім-шарттар қарастырылды.15 келісім-шарттарда бұзушылықтар анықталды.Бақылау қорытындылары бойынша аудит объектілерге 6 нұсқама жіберіліп, олар толық көлемде орындалды, тәртіптік жауапкершілікке 9 лауазымдық тұлға тартылды,  соммасы 3,7 млн.теңге 8 шарттық міндеттемелер бұзылды. 

Қостанай облысы бойынша

Ішкі мемлекеттік аудит департаменті

* * * * *



* * * * * 

Құрметті мектеп оқушылары, студенттер, ата-аналар!

Өмірдің қиын жағдайына тап болсаңыздар сіз әрдайым сенім телефонына хабарласып көмек алуыңызға болады.

Сенім телефоны – бұл шұғыл психологиялық көмектің тегін анонимдік қызметі.

Ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап Қазақстанда Бала құқықтары жөніндегі Уәкілінің бастамасы бойынша, балаларға, жастар мен ата-аналарға көмек көрсету мақсатында нөмірі 111 бірыңғай call-орталығы жұмыс істейді. Аталған нөмір бойынша білікті мамандардың психологиялық және кеңес қызметін тәулік бойы және тегін алуға болады.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi Балалардың құқықтарын қорғау комитетiнің 8 (7172) 742528 нөміріне хабарласып көмек ала аласыз.

Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасында балалық шақты әлеуметтік қорғау бөлімі жанынан нөмірі 88000808833 сенім телефоны жұмыс істейді.

Психологиялық көмек көрсету бойынша дағдарыс орталығы - 8 (7142) 226532.

Құпиялылық және тегін көрсету – сенім телефоны жұмысының екі негізгі қағидаты.

Мұндай көмектің мақсаты – күйзеліс көңіл-күйді төмендетуге, өмірлік қиын жағдайды шешуге, балалардың құқықтарын қорғауға және отбасыны нығайтуға ықпал жасау.

* * * * *

Жаңа салық кодексі қызметін тоқтатқан ҮЕҰ-ды жою үдерісін жеңілдетеді

Жаңа салық кодексі қызметін тоқтатқан ҮЕҰ-ды жою үдерісін жеңілдетеді

ҚР Салық кодексіне қызметін тоқтатқан ҮЕҰ-ды жою үдерісін жеңілдетуге бағытталған түзетулер енгізілді.

Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексіне сәйкес (2017 жылғы 25 желтоқсанындағы № 120-VI ҚРЗ) Мемлекеттік кірістер органдары тарапынан соттың шешімі бойынша заңды тұлғаларды жою үшін қабылданатын шаралар тізбесі кеңейтілген. Осылайша, мемлекеттік кіріс органдары Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен реттелетін төрт негіз бойынша заңды тұлғалардың қызметін тоқтату туралы сотқа шағым бере алады, атап айтқанда олар:   банкроттық, заңды тұлғаның тіркелуінің  жарамсыз деп танылуы, орналасқан жері немесе нақты мекен-жайы бойынша заңды тұлғаның болмауы,  заңды өрескел бұзу арқылы қызметін жүзеге асыруы.

 Бұрынғы Салық Кодексі шеңберінде заңды тұлғаның, сондай-ақ, орналасқан жердегі немесе нақты мекен-жайдағы құрылтайшылардың болмауы ҮЕҰ-ды жоюға кедергі болатын себептердің бірі болатын.  Құрылтайшылар өз ұйымдарының қызметін  ерікті түрде тоқтатпай,  басқа елге қоныс аударып кеткен жағдайлар орын алған.  Аталған түзету мемлекеттік кіріс органдарының орналасқан жерінен тыс заңды тұлғаларды жою жөніндегі шараларды қабылдауға мүмкіндік береді.  

Сондай-ақ, жаңа Салық кодексінің 93-ші бабына сәйкес салық төлеушілердің қызметін мәжбүрлі түрде тоқтату тәртібі көзделген. Мәжбүрлі түрде тоқтатуға белгілі бір талаптар жүктелген  жұмысын тоқтатқан заңды тұлғалар жатады. Мысалы, Салық кодексімен белгіленген шектеулі кезеңнен кем емес (5 жыл) заңды тұлғалар салық есептемесін ұсынбаған, қаржы мәмілелерін жасамаған, ҚҚС төлеуші ретінде тіркелмеген, әлеуметтік төлемдер бойынша қарыздары жоқ және т.б заңды тұлғалар кіреді. Салық органы 93-баптың талаптарына сәйкес келетін субъектілерге тұрақты түрде  мониторинг жүргізіп отырады және тиісті шараларды қабылдайды.

Қазіргі уақытта Қазақстанда тіркеуге қатысты мәселе тудыратын көптеген қызметін тоқтатқан ҮЕҰ бар, аталған ұйымдар өз кезегінде азаматтық секторды дамытуға қатысты статистикалық және басқа да  көрсеткіштерді бұрмалауға әкеледі. Мемлекеттік кіріс Комитетінің мәліметіне сәйкес, 2 919 үкіметтік емес ұйым ресми емес деп танылды, ал тіркелген ҮЕҰ-дың жалпы саны - 19860.

Тұтастай алғанда, қабылданған нормалар жұмысын тоқтатқан заңды тұлғаларды, соның ішінде ҮЕҰ-ды жою үдерістерін айтарлықтай жеңілдетеді, сондай-ақ олардың статистикасының қалыптасуына оң әсерін тигізеді.

* * * * *

Үкіметтік емес ұйымдар Дерекқоры туралы қысқаша ақпарат

«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» 2005 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру үшін Қазақстанда ҮЕҰ Дерекқоры құрылды (түзетулер «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне коммерциялық емес ұйымдар қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 желтоқсандағы ҚР Заңымен енгізілді).

«Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 41-бабы 5-тармағына сәйкес мекеме, қоғамдық бірлестік, акционерлік қоғам, қор, қауымдастық (одақ) нысанындағы заңды тұлғалар бірлестіктері нысанында, сондай-ақ осы Заңның 17-бабында көзделмеген өзге де ұйымдық-құқықтық нысандарда құрылған коммерциялық емес ұйымдар, Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын шетелдiк және халықаралық коммерциялық емес ұйымдардың филиалдары мен өкiлдiктерi (оқшауланған бөлiмшелерi) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға жыл сайын 31 наурызға дейін үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті орган бекітетін тәртіппен өз қызметі туралы, оның ішінде өз құрылтайшылары (қатысушылары), мүлкінің құрамы, ақшаны қалыптастыру көздерi мен жұмсау бағыттары туралы мәліметтерді ұсынады.

ҮЕҰ өзінің қызметі туралы мәліметтерді беру тәртібі «Үкіметтік емес ұйымдарымен өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» (бұдан әрі - Қағидалар) 2016 жылғы 19 ақпандағы № 51 Мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен реттеледі.

Үкіметтік емес ұйымдар өзінің қызметі туралы мәліметтерді Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіне (ДІАҚМ) Қағидаларға қосымша берілген нысанға сәйкес (МСМ-нің 19.02.2016 ж. № 51 бұйрығы) қазақ және орыс тілдерінде жыл сайын есептік мерзімнен кейін әр жылдың 31 наурызына дейін :

- 2017 жылғы 1 наурызға дейін қағаз және электрондық түрде (Word форматында CD-дисктерде немесе USB-флэш-жинақтаушыларда) пошта арқылы немесе қолма-қол ұсынады;

- 2017 жылғы 1 наурыздан бастап ҮЕҰ-ның мәліметтерді Дерекқордың http://infonpo.kz интернет-порталы арқылы беруге мүмкіндігі болады. Интернет-порталда Халыққа қызмет көрсету орталығынан алынған ЭЦҚ (ЭЦП) кілті арқылы авторизациядан өтуге болады.

ҮЕҰ-дар Дерекқордың http://infonpo.kz интернет-порталында порталмен жұмыс істеудің қадамдық алгоритмі берілген Пайдаланушылар нұсқаулығымен таныса алады.

Есептік мерзімі ретінде Дерекқорға мәліметтерді енгізу жылдың алдындағы күнтізбелік жыл болып саналады.

«Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» ҚР Кодексімен ҮЕҰ-мен Дерекқорға мәліметтерді ұсынбауы, уақтылы ұсынбауы, сол сияқты анық емес немесе көрінеу жалған мәліметтерді ұсынуы үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған (489-1-бабы: 1-тармақ бойынша – ескерту жасауға; 2-тармақ бойынша – қайталап жасалған әрекеттер үшін - жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не үш ай мерзімге қызметін тоқтата тұруға алып келеді).

ДІАҚМ-нің ҮЕҰ Дерекқорын қалыптастыруға жауапты бөлімшесі: ҚР ДІАҚМ Азаматтық қоғам істері комитетінің Ведомствоаралық үйлестіру басқармасы.

Қосымша ақпарат алу үшін 8 (7172) 74-04-28, 74-04-47 «жедел желі» телефондарына хабарласу қажет.

Сондай-ақ ҮЕҰ өз сұрақтарын Азаматтық қоғам істері комитетінің 74-04-28@mail.ru электрондық мекен-жайға жолдай алады.

ҮЕҰ Дерекқорына мәліметтерді беру жөніндегі Нысан, Жадынама, Әдістемелік ұсынымдар, сондай-ақ жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар ДІАҚМ сайтында (www.din.gov.kz/rus/pravovaya_baza/prikazy), облыстардың, Астана, Алматы қалаларының, Қазақстанның Азаматтық Альянсы сайттарында орналастырылған.

ДІАҚМ мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8, 15-кіреберіс, Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті.

 


* * * * *




* * * * *

хат жіберу