Блог статистикасы
195
Жазбалар
3546
Өтініштер
150279
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Жер қатынастары

Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық жер қатынастары бөлімі» ММ

Бөлім басшысы: Наталья Ивановна Рак

Мекенжай: Рудный қаласы, Космонавтов даңғылы, 12, 304 кабинет

Жұмыс тәртібі: дүйсенбі – жұма сағ. 9.00 – 18.30 дейін

                     түскі үзіліс сағ. 13.00 – 14.30 дейін

Қабылдау күні: дүйсенбі, сейсенбі, бейсенбі с. 9.00-ден с. 16.00-ге дейін

сенбі, жексенбі демалыс күндер

Телефон: 8 (71431) 46211, 40973

E-mail: zemotd@inbox.ru

Жер қатынастар бөлімінің негізгі міндеттері: Рудный қаласы аумағында жердi ұтымды пайдалану мен қорғауды, топырақ құнарлылығын ұдайы қалпына келтiрiп отыруды, табиғи ортаны сақтау мен жақсартуды қамтамасыз ету мақсатында жер қатынастарын реттеу; жер учаскесiне меншiк құқығы мен жер пайдалану құқығы туындауының, өзгертiлуi мен тоқтатылуының негiздерiн, шарттары мен шектерiн; жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың құқықтары мен мiндеттерiн жүзеге асыру тәртiбiн белгiлеу; шаруашылық жүргiзудiң барлық нысандарын тең құқықпен дамыту үшiн жағдайлар жасау; жеке және заңды тұлғалар мен мемлекеттiң жерге құқықтарын қорғау; жылжымайтын мүлiк рыногын жасау мен дамыту; жер қатынастары саласында заңдылықты нығайту болып табылады. Жер қатынастары бөлімі өз жұмысын ҚР Конституциясымен, ҚР Жер кодексімен және өзге де нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады. 

* * * * *

Жер теліміне кезек 2018 ж. 01. 10

* * * * * 

2018 жылдың бірінші тоқсанында берілген жер учаскелері

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚРЗ

* * * * *

загрузка карты...

* * * * *

«Транстелеком» акционерлік қоғамына талшықты-оптикалық байланыс желілерін салу үшін жер учаскесіне қауымдық сервитутын белгілеу туралы 

* * * * *

«АУКЦИОН»

Рудный қаласының әкімдігі

Жалпы саны 6 лот мерзімі 4 жылға жер учаскелеріне уақытша ортақ үлестік  өтеулі қысқа мерзімге жерді пайдалану құқығын сату жөнінде аукцион өткізеді.

Аукцион 2018 жылғы 25 маусым сағат 15-00-де Рудный қаласы, Ленин көшесі, 95 қала әкімдігінің ғимараты, 224 кабинет мекенжайында өтеді.

Аукцион өткізу әдісі – ағылшынша, бағалардың өсу қадамы – жер учаскесінің (ең аз) бағасынан 10%.

№ 1 ЛОТ – аспазхана құрылысы үшін Рудный қаласы, 39 махалла, Восточная көшесі және Сеченов көшелері қиылысы мекенжайында орналасқан көлемі 0,1309 га, лоттың бастапқы бағасы 241579 теңге.Кепілдік жарнаның мөлшері 120250 теңге. Жалдау  ақысының мөлшері 10465 теңге.

№ 2 ЛОТ – шаштараз құрылысы үшін Рудный қаласы, 39 махалла, Марите Бежите атындағы көшесі мекенжайында орналасқан көлемі 0,0664 га, лоттың бастапқы бағасы 122543 теңге. Кепілдік жарнаның мөлшері 120250 теңге. Жалдау ақысының мөлшері 5309 теңге.

№ 3 ЛОТ – дәріхана құрылысы үшін Рудный қаласы, 39 махалла, Марите Бежите атындағы көшесі мекенжайында орналасқан көлемі 0,0658 га, лоттың бастапқы бағасы 121435 теңге. Кепілдік жарнаның мөлшері 120250 теңге. Жалдау  ақысының мөлшері 5261 теңге.

№ 4 ЛОТ – автогаз толтыру стансасы  құрылысы үшін Рудный қаласы, Транспортная көшесі мекенжайында орналасқан көлемі 0,1500 га, лоттың бастапқы бағасы 221462 теңге. Кепілдік жарнаның мөлшері 120250 теңге. Жалдау  ақысының мөлшері 10394 теңге.

№ 5 ЛОТ – шатхана құрылысы үшін Рудный қаласы, Мир көшесі, 6 және 8 үйлері арасындағы мекенжайында орналасқан көлемі 0,0563 га, лоттың бастапқы бағасы 103903 теңге. Кепілдік жарнаның мөлшері 120250 теңге. Жалдау  ақысының мөлшері 4501 теңге.

№ 6 ЛОТ – кеңсе және қызметтік автомобильдер тұрағының құрылысы үшін Рудный қаласы, «Строитель» стадионы ауданы мекенжайында орналасқан көлемі 0,3477 га, лоттың бастапқы бағасы 641687 теңге. Кепілдік жарнаның мөлшері 120250 теңге. Жалдау  ақысының мөлшері 27799 теңге.

 Аталған жер учаскелеріне ауыртпалықтар – жоқ.

Сатып алу бағасының төлеу тәртібі – аукционда ұтқан жағдайда сатып алу бағасы мына деректемелерде енгізіледі: Рудный қаласы, Салық комитеті е/шоты: № KZ 24070105 KSN 0000000, БСН 970840000811, БСК KKMFKZ2A, Астана қ. Қазыналық комитеті код 303202.

Кепілдік жарна депозит есебіне енгізіледі:

ЖСК KZ790705034630501001, БСК KKMFKZ2A, БСН 041240003249, ҚР ҚМ қазынашылық комитеті, алушы – Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық жер қатынастары бөлімі» ММ Код 12.

Жер учаскелеріне жалдау құқығын сатудың шарттары: Нысаналы мақсатына сәйкес міндетті пайдалану.

Сауда-саттыққа қатысуға арналған өтінімдер қағаз түрінде және тіркеу ақпараттық хабарламаны жариялаған күннен бастап, мына мекенжайы бойынша жүргізіледі: Рудный қаласы, Космонавтов даңғылы, 12, 301-кабинет немесе www.еgov.Kz "электрондық үкімет" веб-порталында электронды түрде және 2018 жылы   24 маусым сағат 15-00-де  аяқталады.

Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін мыналарды тапсыру қажет:

1) Аукционға қатысуға арналған өтінімді;

2) кепілдік жарнасының төлегенін растайтын төлем құжатының көшірмесін;

3) өкілдің уәкілеттігін куәландыратын құжатты.

Анықтама телефоны: 4-62-11,  4-09-73. 

* * * * *

Кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің қабылдаған шешімдерін жариялау және объективтілікті қамтамасыз ету мақсатында қала әкімдігі жанынан жер учаскелерін беру бойынша сәулет және қала құрылысы аясында функцияларды жүзеге асыратын, жергілікті атқарушы органға сәйкес келетін қоғамдық бірлестіктер, құрылымдық бөлімшелер өкілдерінің санынан комиссия құрылды. 2016 жыл кезеңінде жер учаскелерін беру туралы 889 қаулылар шықты.

Азаматтардың өтініштері бойынша жұмыстар ерекше бақылауда тұр.

Өтініштерді қарау тәртібі Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың туралы» Заңымен қатаң сәйкестікте регламенттеледі 2016 жылы -1225 өтініштер қаралды.

Мемлекеттік қызметтер

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 20 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілген қызмет туралы» Заңының 11-бабына сәйкес, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына бағалауды жүргізу үшін мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы көрсетілетін қызметті алушыларды хабардар ете отырып, аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі ақпаратты қамтамасыз ете отырып бөлім жоғарғы сапада мемлекеттік қызмет көрсетеді.

Бөлім келесі мемлекеттік қызметтерді көрсетеді:

- жер учаскелерінің кадастрлық бағалау құнын бекіту – қызмет көрсету мерзімі 3 жұмыс күні;

- жер учаскелерін қалыптастыру бойынша жер құрылысы жобасын бекіту – қызмет көрсету мерзімі 7 жұмыс күні;

- жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгертуге рұқсат беру – қызмет көрсету 30 күн тізбелік күнінде

- Іздестіру жұмысы үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру – қызмет көрсету мерзімі   10 жұмыс күні;

- Елді мекен шегінде объектілерді салу үшін жер учаскелерін беру – 1 кезең 28 жұмыс күн, 2 кезең 22 жұмыс күн.

(Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ және ЕМК ЖерҒӨО бірлесіп мемлекеттік қызмет көрсетеді)

Бекітілген стандартқа сәйкес күн сайын с 9:00 ден с 18:30 ге дейін бас маман И.Е. Мельник мемлекеттік қызмет көрсетеді.

Рудный қаласы әкімдігінің қаулысы рұқсат етілген құжаты болып табылады, қаулының беру мерзімі қол қойылған сәттен басталады, жауапты бас маман Ю.В. Шарипова.

Жер қатынастары бөлімінде «Қостанай облысы Рудный қаласының, Қостанай және Таран аудандарының шекараларын (шегін) өзгерту туралы» жұмыстар жүргізілді. Қостанай облысы мәслихатының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы бірлескен қаулысы және шешімі шықты Рудный қаласы шекарасының жалпы көлемі 5288 гектарды құрайды.

2017 жылы Қостанай ауданынан Рудный қаласының шекарасына индустриалдық аймақ құру үшін көлемі 501,9 га жер беру жоспарлануда. 2017 жылы осы жұмыс, осы бағытта жүргізілетін болады.

Қызмет көрсету тәртібі туралы халықты ақпараттандыру үшін ақпараттық стенд ресімделген, яғни азаматтар қызметкерлердің заңсыз әрекеттерін, этикалық байқау кітапшасы, қабылдау кестесі, сонымен қатар жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін беруге кезек тізімі бойынша 4-09-73 сенім телефонына шағымдануы мүмкін.

Жер қатынастары бөлімінде «Қостанай облысы Рудный қаласының, Қостанай және Таран аудандарының шекараларын (шегін) өзгерту туралы» жұмыстар жүргізілді. Қостанай облысы мәслихатының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы бірлескен қаулысы және шешімі шықты Рудный қаласы шекарасының жалпы көлемі 5288 гектарды құрайды.

2017 жылы Қостанай ауданынан Рудный қаласы шекарасына дейін көлемі 501,9 га индустриалды аймақ құру үшін жер беру жоспарлануда. 2017 жылы осы жұмыс, осы бағытта жүргізілетін болады.

хат жіберу