Блог статистикасы
195
Жазбалар
3539
Өтініштер
150037
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Имидж государственной службы

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі (17,6 Кб)


* * * * *

    «Қостанай облысы әкімінің аппараты» ММ  

    Әдеп жөніндегі уәкілі   

    Сүйіндіков Қайрат Жанділдәұлы

    Мемлекеттік қызметшілерді және басқа да азаматтарды қабылдау әр айдың соңғы сәрсенбісінде жүргізіледі.

    Қостанай қ. Әл-Фараби 66 үй. каб.106

    телефон: 8 (7142) 530-830

                                              Е-mail: k.syundikov@kostanay.gov.kz


* * * * *


«Рудный қаласы әкімінің аппараты» ММ

Әдеп жөніндегі уәкілі

Азамат Қуандықұлы Ысқақов

Рудный қ. Ленин к-сі, 95, 304 каб.

Е-mail: a.iskakov@kostanay.gov.kz



2017 жылғы 27 маусымдағы № 95-нқ Рудный қаласы әкімінің өкімімен әдеп жөніндегі уәкілінің функциялары Рудный қаласы әкімі аппаратының басшысы – Азамат Қуандықұлы Ысқақовқа жүктелді.

ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛІМЕН МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІ ЖӘНЕ БАСҚА ДА АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ КЕСТЕСІ


Әдеп жөніндегі уәкілінің АӘЖ

Қабылдау күндері

Қабылдау сағаттары

Қабылдауды жүргізу орны, телефон

Азамат Қуандықұлы Ысқақов

Апта сайын, бейсенбі

15.00 бастап 17.00 дейін

Рудный қаласы

Ленина көшесі, 95

№ 304скабинеті,

4-55-20 телефоны









* * * * *

 

Қазақстан Республикасы
Президентінің
2015 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 153 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

 

Әдеп жөніндегі уәкіл туралы

ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер

      1. Әдеп жөніндегі уәкіл – қызметтік әдеп нормаларының сақталуын және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (бұдан әрі – Әдеп кодексі) бұзушылықтардың профилактикасын қамтамасыз ету қызметін жүзеге асыратын, сондай-ақ өз функциялары шегінде мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға консультация беретін мемлекеттік қызметші.

      2. Әдеп жөніндегі уәкіл өз қызметінде "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының заңдарын, Әдеп кодексін, осы Ережені, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерін басшылыққа алады.

      Әдеп жөніндегі уәкілдің дербес лауазымы аумақтық бөлімшелері немесе ведомстволарының аумақтық бөлімшелері, шет елдегі мекемелері бар орталық мемлекеттік органдарда (құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігін қоспағанда), сондай-ақ облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және Астана әкімдерінің аппараттарында енгізіледі.

      Аумақтық бөлімшелері немесе ведомстволарының аумақтық бөлімшелері жоқ мемлекеттік органдарда (құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігін қоспағанда), орталық мемлекеттік органдардың ведомстволарында және аумақтық бөлімшелерінде, орталық мемлекеттік органдар ведомстволарының аумақтық бөлімшелерінде, шет елдегі мекемелерде, тексеру комиссияларында, облыстық маңызы бар қалалар, аудандар, қалалардағы аудандар әкімдерінің аппараттарында әдеп жөніндегі уәкілдің функциялары осы мемлекеттік органдардың қызметшілеріне жүктеледі.

      Әдеп жөніндегі уәкілдің функциялары басшылық қызмет атқаратын, сондай-ақ ұжымда қадірлі және құрметке ие болған мемлекеттік қызметшіге жүктеледі.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 01.06.2017 № 487 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      3. Әдеп жөніндегі уәкілдің дербес лауазымын атқаратын адам осы мемлекеттік органдардың құрылымына кіретін ведомстволардың және аумақтық бөлімшелердің, шет елдегі мекемелердің, аудан деңгейіндегі жергілікті атқарушы органдардың әдеп жөніндегі уәкілдеріне әдіснамалық басшылық жасауды үйлестіреді және жүзеге асырады әрі орталық атқарушы органның жауапты хатшысына бағынады, ал жауапты хатшы немесе көрсетілген лауазымды адамдар болмаған жағдайда – мемлекеттік органның аппарат басшысына не қызметке тағайындауға және қызметтен босатуға құқығы бар адамға бағынады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 01.06.2017 № 487 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

 

 2. Әдеп жөніндегі уәкілдің негізгі функциялары

      4. Әдеп жөніндегі уәкіл өз құзыреті шегінде мынадай функцияларды жүзеге асырады:

       1) мемлекеттік қызметшілерге Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының және Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсетеді;

      2) мемлекеттік қызметшілердің заңдарда белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтауына ықпал етеді;

      3) өзі жұмыс істейтін мемлекеттік орган басшылығының тапсырмасы бойынша мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды;

      4) ұжымда жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларына сәйкес келетін өзара қатынастар мәдениетін қалыптастыруға жәрдемдеседі;

      5) мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайларда, оларды қорғауға және қалпына келтіруге бағытталған шараларды қабылдайды;

      6) мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтауын мониторингтеуді және бақылауды жүзеге асырады;

      7) мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері басшыларының қызметтік әдеп нормаларын бұзу деректері бойынша тиісті шараларды қабылдамау жағдайлары туралы мемлекеттік органның басшылығына хабарлайды;

       8) мемлекеттік қызметшілер Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін бұзған жағдайларда, құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен шарттарды талдайды және мемлекеттік органның басшылығына оларды жою туралы ұсынымдар енгізеді;

      9) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін бұзу профилактикасы және оған жол бермеу, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің оң бейнесін қалыптастыру мақсатында азаматтық қоғам институттарымен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасайды;

       10) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік қызметшілермен түсіндіру жұмыстарын тұрақты негізде жүргізеді;

      11) заңнамада белгіленген тәртіппен тиісті лауазымды адамдарға қызметтік әдеп нормаларын бұзуға жол берген мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін қарау туралы ұсыныммен жүгінеді;

      12) қызметтік әдеп нормаларын бұзудың профилактикасы мақсатында өзге де қызметті ұйымдастырады.

      5. Әдеп жөніндегі уәкіл өзіне жүктелген міндеттерді орындау үшін:

       1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін бұзуға ықпал ететін себептер мен жағдайларды талдауға қажетті мәліметтер мен құжаттарды сұратады және алады;

      2) өзі жұмыс істейтін мемлекеттік органның атынан Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының, сондай-ақ Әдеп кодексінің нормаларын түсіндіру үшін мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) заңнамада белгіленген тәртіппен жүгінеді;

      3) мемлекеттік органның басшысына мемлекеттік органның оң имиджін және ұжымда жағымды ахуал қалыптастыруға елеулі үлес қосқан адамдарды көтермелеу туралы ұсыным енгізеді;

      4) қажет болған жағдайда өзінің құзыретіне қатысты мәселелерді қарау кезінде кадр қызметінен мемлекеттік қызмет өткеру мәселелеріне қатысты мемлекеттік қызметшілердің жеке істерін, өзге де материалдар мен құжаттарды сұратуға және алуға құқылы.

      6. Негізсіз бас тартылғанда, мемлекеттік органның басшысы тиісті шаралар қолданбағанда не ол әдеп жөніндегі уәкілге жүктелген функцияларды орындауға кедергі келтіретін әрекеттерді (әрекетсіздіктерді) жасағанда, әдеп жөніндегі уәкіл бұл туралы уәкілетті органға не оның аумақтық бөлімшесіне хабарлайды.

      Уәкілетті орган не оның аумақтық бөлімшесі мұндай хабарлама келіп түскен кезде Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасында белгіленген тиісті шараларды қолданады.

 3. Әдеп жөніндегі уәкілдің қызметін ұйымдастыру

      7. Мемлекеттік орган басшыларының бейтараптығы негізді күмән тудыратын, лауазымдық өкілеттіктерін тиісінше орындамауға әкеп соғатын мән-жайлар (мүдделер қақтығысы) болған кезде әдеп жөніндегі уәкіл өз қызметін дербес негізде жүзеге асырады.

      8. Әдеп жөніндегі уәкіл өз қызметінің нәтижесі бойынша уәкілетті органға есеп береді. Есеп беру нысанын және мерзімдерін уәкілетті орган бекітеді.

      9. Әдеп жөніндегі уәкіл өзінің функцияларына жататын мәселелер бойынша мемлекеттік қызметшілерді және басқа да азаматтарды олардың өтініші бойынша немесе баршаға көрінетіндей жерде орналастырылған кестеге сәйкес айына кемінде бір рет қабылдауды жүзеге асырады.

      Қажет болған жағдайда, азаматпен немесе мемлекеттік қызметшімен әңгімелесу телефон арқылы не тиісті ақпарат беруді қамтамасыз ететін басқа да коммуникациялар құралдарын пайдаланумен жүргізілуі мүмкін.

      Әдеп жөніндегі уәкіл туралы мәліметтер, оның ішінде тегі, аты-жөні, фотосуреті, кабинет және телефон нөмірлері заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органның интернет-ресурсында және мемлекеттік органның ғимаратында баршаға көрінетіндей жерде орналастырылады.

       10. Қызметтік әдеп нормаларының сақталуын, сондай-ақ ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйін мониторингтеу мақсатында әдеп жөніндегі уәкіл кемінде жарты жылда бір рет уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша анонимді сауалнама жүргізіледі.

* * * * *

Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдарға (Қазақстан Республикасыны Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің немесе мәслихаттарының депутаттығына, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдігіне, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқарудың сайланбалы органдарына мүшелікке кандидаттарды қоспағанда), лауазымды адамдарға, сондай-ақаталған функцияларды орындауға уәкілетті кандидаттары болып табылатын тұлғалардың алған сыйлықтарын мемлекеттік мүлікті басқару немесе жергілікті атқарушы органға тапсыру бойынша

Жадынама

1.  Тұлғалар (тұлғаның келісімінсіз келіп түскен; тұлға мен оның лауазымдық жағдайына немесе қызметтік міндеттерін орындауына байланысты алынған; көпшілік алдында немесе ресми іс-шара кезінде оның лауазымдық жағдайына немесе қызметтік міндеттерін орындауына байланысты берілген (табысталған) сыйлықтыалған (анықтаған) күнінен бастап 7 күн тізбелік күн ішінде оны Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің аумақтық бөлімшелеріне (бұдан әрі – уәкілетті орган) немесе жергілікті атқарушы органға (бұдан әрі – ЖАО) тапсырады. Сыйлықты тапсыру тұлғаның сыйлықты сатып алу немесе оны сатып алудан бас тарту туралы жазбаша хабарламасын (бұдан әрі – хабарлама) қоса тіркеп, белгіленген нысан бойынша уәкілетті орган немесе ЖАО жасайтын тізімдеу, бағалау және (немесе) қабылдау-тапсыру актісі бойынша жүзеге асырылады.

2. Хабарламада мынадай мәліметтер болуы тиіс: уәкілетті органның немесе ЖАО атауы; сыйлықты тапсыратын тұлғаның аты-жөні, лауазымы, жұмыс орны, байланыс мәліметтері; сыйлықтың атауы, саны және қысқаша сипаттамасы; сыйлықты сатып алу немесе сатып алудан бас тарту туралы ақпарат. Сонымен қатар сыйлық сатып алынатын жағдайда хабарламада жоғары тұрған лауазымды тұлғаның сатып алуға келісімі туралы белгісі (аты-жөні, лауазымы, мөрмен расталған қолы) қойылады.

3. Тұлға сыйлықты ЖАО-ға тапсырған жағдайда, ЖАО 5 жұмыс күні ішінде уәкілетті органға тиісті хабарлама жолдайды. ЖАО-ға тапсырылған сыйлықтар жоғарыда аталған мерзім ішінде есепке алуды, сақтауды және бағалауды ұйымдастыру үшін уәкілетті органға беруге жатады.

4. Уәкілетті орган сыйлық тытапсырған тұлғадан тиісті хабарлама алғаннан кейін 7 күн тізбелік күн ішінде сыйлықты бағалау жүргізіліп, аталған тұлға мен сатып алу-сату шарты жасалады. Бұл ретте тұлғаның ЖАО-ға тапсырған сыйлықтары бойынша бағалау өткізу және сатып алу-сату шартын жасау мерзімі жергілікті атқарушы органнан тиісті хабарлама алынған сәттен бастап саналады.

5. Уәкілетті орган сыйлықты тапсырған тұлғаның оны сатып алудан жазбаша бас тартуынан кейін ғана сыйлықты арнайы мемлекеттік қордан үшінші тұлғаларға сатуды жүргізуге құқылы.

Анықтама ретінде: «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Кодексінің 472-бабы 1-бабының 4) тармақшасына сәйкес жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне келіп түскен мүлiктi уәкiлеттi органға толық және (немесе) уақтылы бермеу, егер бұліс-әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, әкімшілік-құқықтық жауапкершілік қарастырылған.

* * * * *



* * * * *


* * * * *

Оқу инемен құдық қазғандай!

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы» ҚР Заңын жүзеге асырудың маңызды шараларының бірі «өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттырып отыруға» міндетті мемлекеттік қызметшілерді оқыту болып табылады. Сондықтан қазақстандық мемлекеттік қызметшілер қызметін жүзеге асырудың, сондай-ак, олардың мансаптық, өсуінің міндетті шарты үздіксіз қосымша кәсіптік білім алу болып табылады.

Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметшілерді оқытудың түйінді мәселелері анықталды, кадрларды оқыту түрлері мен нысандары ұйғарылды, басқару инфрақұрылымы мен жүйесі белгіленді, техникалық және нормативтік- құқықтық базасы құрылды.

Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау - бұл «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне тұруға (алғаш рет) не «Б» корпусының басшы мемлекеттік әкімшілік лауазымына алғаш рет тағайындалуға байланысты қосымша кәсіптік білімдер алу үшін оқытуды жүзеге асыру. Қайта даярлауды табысты аяқтаған мемлекеттік қызметшілерге оқуды аяқтағанын растайтын құжат беріледі. Қайта даярлау мерзімінің ұзақтығы 120 академиялық сағаттан кем емес уақытты құрайды.

Біліктілікті арттыру - бұл атқаратын лауазымдарының санаттарына қарай олардың кәсіптік, басқарушылық және жеке тұлғалық қасиеттерін жетілдіру үшін білім беру ұйымдарында оқыта үйретуші семинарлар өткізу. Біліктілік арттыру курсының ұзақтығы 24-тен 80 академиялық сағатқа дейін уақытты құрайды. Курс аяқталғаннан кейін оқуды аяқтағанын растайтын құжат беріледі.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің бас маманы Е. Абуханов

* * * * *

№ исх: 05-12/1331 от: 30.03.2017

Шағымдануға құқығыңыз бар

Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру
жөніндегі 100 нақты қадамның 14 қадамын орындау мақсатында 2015 жылдың 23 қарашасында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданғаны белгілі.

Осы Заң Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметіне кіруге, оны өткеруге, тоқтатуға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді, мемлекеттік қызметшілердің құқықтық жағдайын, материалдық қамтамасыз етілуі мен әлеуметтік қорғалуын, сондай-ақ өзге де адамдардың мемлекеттік органдардағы қызметі мәселелерін айқындайды.

Қазақстан Республикасының Конституциясының 33-бабының 4-тармағына сәйкес және мемлекеттік қызметтің негізгі қағидаттарының бірі болып Республика азаматтарының мемлекеттік қызметке кіруге тең құқығы саналады. Мемлекеттік қызметші лауазымына кандидатқа қойылатын талаптар лауазымдық міндеттердің сипатына ғана байланысты болады және заңмен белгіленеді.

Осы Заңның 15-бабының 1-тармағына сәйкес, осы заңда көзделген жағдайларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жергілікті өкілді органдардың тағайындауы немесе сайлану жағдайларын қоспағанда, мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасу конкурстық негізде жүзеге асырылады.

«Б» корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттiк әкiмшілiк лауазымына орналасуға конкурс мынадай түрлерден тұрады:

1) азаматтар арасындағы жалпы конкурс;

2) мемлекеттік қызметшілер арасындағы ішкі конкурс.

«Б» корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін мемлекеттік орган осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс өткізіледі. Оған оның ведомствосының, аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметшілері,
сондай-ақ Заңда және «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 7 наурыздағы Заңында айқындалған өзге де адамдар қатыса алады.

Жалпы конкурс «Б» корпусының бос немесе уақытша бос төменгі мемлекеттік әкімшілік лауазымына, сондай-ақ мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында конкурстық комиссияның немесе бірыңғай конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған конкурсқа қатысушылар болмаған жағдайларда төменгі лауазым болып табылмайтын өзге де бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасу үшін өткізіледі.

Конкурс мынадай бірқатар жүйелі кезеңдерді қамтиды:

1) конкурс өткізу туралы хабарландыруды жариялау;

2) конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдардан құжаттар қабылдау;

3) мемлекеттік органның конкурстық комиссиясын не бірыңғай конкурстық комиссияны құру;

4) конкурсқа қатысушылардың құжаттарын белгіленген біліктілік талаптарына сай болуы тұрғысынан қарау;

5) конкурсқа қатысушылармен мемлекеттік органның конкурстық комиссиясы өткізетін әңгімелесу;

6) мемлекеттік органның конкурстық комиссиясының қорытындысы.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларының 111-тармағына сәйкес, конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады. Уәкiлеттi орган немесе оның аумақтық бөлiмшесi келіп түскен шағымды қарайды және оның негізінде тексеру жүргізеді.

Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурстық іріктеу рәсімін бұзғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық бойынша лауазымды тұлғалар жауапқа тартылады. Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 99-бабының 1-тармағына сәйкес, осы бұзушылық үшін лауазымды адамдарға отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салынады.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментімен конкурстық рәсімдерді бұзғаны үшін 2016 жылы 6 мемлекеттік қызметшіге, 2017 жылы 1 мемлекеттік қызметшіге әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны бойынша айыппұл салынған.

Осы жарияланымды қорытындылай келе, Қазақстан Республикасы Конституциясының 33-бабына сәйкес, әр азаматтың мемлекеттік қызметке кіруге тең құқығы бар екендігін ескерулеріңіз қажет. Сол себепті, егер сіздің құқығыңыз бұзылса немесе конкурс рәсімдерінің бұзылғандығы белгілі болса, сіз Қостанай қаласы, Қасымханов көшесі, 34 үй мекенжайы немесе 39-31-65 сенім телефоны бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментіне шағымдануыңызға болады.

Қазақстан Республикасының

мемлекеттік қызмет істері және

сыбайлас жемқорлыққа қарсы

іс-қимыл агенттігінің Қостанай

облысы бойынша департаментінің

бас маманы                                                                              М.Б.Абдрахманов



* * * * *

Әдеп жөніндегі кеңестің жұмысы туралы

2016 жылдың өткен кезеңі үшін (2016 жылғы 5 мамырдағы жағдай бойынша)

2016 жылдың өткен кезеңінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қостанай облысы әдеп жөніндегі кеңесіне (әрі қарай – Әдеп жөніндегі кеңес) жеке және заңды тұлғалардан 59 өтініш келіп түсті, оның 11-і мемлекеттік қызмет туралы, 3-і сыбайлас жемқорлыққа қарсы              іс-қимыл туралы заңнаманы бұзу және Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексін мәселелері бойынша, сондай-ақ 16 өтініш басқа да бұзушылықтар бойынша болды.

2016 жылдың басынан бастап Әдеп жөніндегі кеңестің 3 отырысы өткізілді, онда 18 мәселе қаралды, оның 7-тәртіптік істер, о.і. 4-і мемлекеттік қызмет беделін түсіретін теріс қылықтар жасаған үшін, 3-і мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі қағидаларын сақтамау фактілері.

Әдеп жөніндегі кеңес мүшелерімен қарау қорытындылары бойынша            7 лауазымды тұлғаны, оның ішінде мемлекеттік қызмет беделін түсіретін тәртіптік теріс қылықтар жасағаны үшін 4, Әдеп кодексі қағидаларын бұзғаны үшін 3 тұлғаны жауапкершілікке тарту туралы ұсынымдар енгізілді.

Сондай-ақ, Әдеп жөніндегі кеңес отырысында Денисов және Меңдіқара аудандарында, сондай-ақ Лисаков қаласында 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру жоспарын орындауға байланысты мәселелер қаралды, көрсетілген аудандар әкімдерінің есептері тыңдалды.

Бұдан басқа, «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» (шаруашылық жүргізу құқығында) республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облыстық филиалы, «Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары                   бөлімі» ММ, «Қостанай облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ, «Қостанай облысының мәдениет басқармасы» ММ-де өткізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің сыртқы талдауының қорытындылары қарастырылды, сондай-ақ облыстың мемлекеттік қызметшілері және облыстың мемлекеттік органдарының тәртіптік комиссиялар қызметі арасындағы мүдделер дауларының пайда болуын реттеу мәселесі жөніндегі талдаулардың қорытындылары қаралды.

А.ж. 29 наурызындағы отырыста Қостанай облысының әдеп жөніндегі уәкілінің жұмысы туралы есеп тыңдалды. Сонымен бірге «Қостанай облысы әкімінің аппараты» ММ басшысы А.Т. Әбеновтің 2016 жылғы 3 мамырдағы              № 146 бұйрығымен тәртіп жөніндегі уәкілдің міндеттерін орындау оның орынбасары Е.Ж. Баймақановқа жүктелді.

Өз кезегінде, Әдеп жөніндегі кеңес әдеп жөніндегі уәкілдің қызметін үйлестіру мәселелері бойынша ұсынымдар және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу нысандары мен әдістерін жетілдіру мәселелері бойынша ұсыныстар әзірледі.

Сондай-ақ, әкімдер мен мемлекеттік органдардың басшыларына қызметтік тәртіпті нығайту, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қызметтік әдеп қағидаларын бұзудың алдын алуға бағытталған шараларды іске асыру бойынша 54 ұсыным енгізілді.

Әдеп жөніндегі кеңес мүшелерімен семинарларды және азаматтарды жеке қабылдауды өткізудің ортақ жоспар-кестесі бекітілді. Осы жоспарды орындау шеңберінде есепті кезеңде жеке мәселелер бойынша азаматтардың                           25 қабылдауы, оның ішінде 10 көшпелі қабылдауы жүзеге асырылды. Жеке қабылдауларда түрлі мәселелер бойынша 46 адам, оның ішінде көшпелі қабылдауда 31 адам қабылданды.

Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша 49 семинар-кеңес, «Дөңгелек үстел», дәріс өткізілді.

Қаралған мәселелердің жариялылығын және объективті жариялануын қамтамасыз ету үшін Әдеп жөніндегі кеңес отырысқа облыстың телевизиялық және радио компанияларының аккредиттелген журналисттерін шақырды.

Есепті кезеңде 14 телевизиялық және 17 радиохабар көрсетілімдері жүзеге асырылды.

Кеңестің қызметін өңірлік газет тілшілері де кеңінен таратып жүр. Облыстық, қалалық және аудандық баспа басылымдарының беттерінде Әдеп жөніндегі кеңес отырыстарында қаралған материалдар бойынша 31 мақала, интернет-ресурстарда 220 мақала жарияланды.

_____________________________________________________


*******************


Әдеп жөніндегі уәкілі туралы

Қостанай облысы әкімі аппараты басшысының 2016 жылғы 3 мамырдағы № 146 бұйрығымен әдеп жөніндегі уәкілдің қызметін атқару Қостанай облысының әкімі аппараты басшысының орынбасары Есімжан Жақсалықұлы Баймақановқа жүктелген.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген, Әдеп жөніндегі уәкіл туралы ереженің 1-тармағына сәйкес әдеп жөніндегі уәкіл – қызметтік әдеп нормаларының сақталуын және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін бұзушылықтардың профилактикасын қамтамасыз ету қызметін жүзеге асыратын, сондай-ақ өз функциялары шегінде мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға консультация беретін мемлекеттік қызметші.

Мекенжайы, қабылдау кестесі және байланыс телефоны Қостанай облысы әкімдігінің сайтында жарияланды.


**************

Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясында ұзақ мерзімді басымдықтардың бірі кәсіби мемлекетті құру болып белгіленген. Біздің мемлекетіміздің алдында тұрған кәсіби жоғары мемлекеттік қызметті және басқарудың тиімді құрылымын құру ісіндегі міндеттерді іске асыру көбінесе мемлекеттік қызметшінің кәсіптілігіне негізделеді. Президент Н.Назарбаев елді тиімді басқаруы үшін мемлекеттік қызметшіде болуға тиісті негізгі қасиеттерді атап көрсетті. Бұл – моралдық жоғары жауапкершілік, кәсіптік білім, білімін тәжірибеде қолдана білу, адалдық, ақ ниеттілік, белсенді өміршеңді ұстаным. Мемлекеттік қызметтегі әрбір адам өз жұмысының барлық маңыздылығын сезіне білуі және өз елінің патриоты болуы тиіс.
Мемлекеттік жүйені дамытудағы басым бағыттардың бірі Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшісінің жағымды имиджін қалыптастыру және нығайту.

Мемлекеттік қызметшінің жағымды имиджін қалыптастыру процесі атқарушы биліктің бедел саясатымен тығыз байланысты. Мемлекеттік қызметшінің жағымды имиджіне қойылатын негізгі ережелер Қазақстан Республикасының Ар-намыс Кодексінде анықталған, онда былай деп белгіленген: «Мемлекеттiк қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенiм бiлдiру болып табылады және мемлекеттiк қызметшiлердің адамгершілiгiне және моральдық-этикалық бейнесiне жоғары талаптар қояды».
Мемлекеттік қызметтің имиджісі мемлекеттік органдармен халыққа көрсетілген қызметтің сапасына байланысты.

Мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру шеңберінде:

сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы одан ары жетілдіру мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттылықта мемлекеттiк қызметшiлердің мiнез-құлқының этикалық нормаларын нығайту;

халықтың мемлекеттiк билiк органдарына деген сенiмiн арттыру;

мемлекеттiк қызметшiлердi патриотизмге және сыбайлас жемқорлыққа төзбеушiлiкке, Мемлекеттiк қызметшiлердiң ар-намыс кодексiн қатаң әрi мүлтiксiз сақтауға тәрбиелеу;

көпшiлiк санасында кәсiбилiк, адалдық, ашықтық, сыпайылық және құзыреттiлiк ұғымдарына негiзделетiн мемлекеттiк қызметтiң оң имиджiн қалыптастыру жоспарланған.

Мемлекеттiк қызметшiнiң оң имиджiн қалыптастыру мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарында белсендi түсiндiру-насихаттау жұмысы жүргiзiледі. “Электрондық үкiмет” порталын мемлекеттiк органдардың қызметi және үздiк мемлекеттiк қызметшiлер туралы материалдарды жариялау бөлiгiнде жүйелi түрде жаңарту қамтамасыз етiлген.
Мемлекеттiк қызметтiң ашықтығы, қолжетiмдiлiгi қамтамасыз етiлiп, патриотизмге тәрбиелеу жөнiндегi жұмыс жүргiзiліп, мемлекеттiк қызметтiң қоғамдағы тартымдылығы арттылады, мемлекеттiк қызметшiлердi, әсiресе жастарды қоғамға және мемлекетке қызмет етуге, мемлекеттiк қызметтi жоғары кәсiбилiк, патриоттық, адал атқарудың үздiк үлгiлерiнде тәрбиелеу жөнiнде шаралар қабылданды.

Этикалық нормалар

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Нұр Отан» ХДП сыбайлас жемқорлыққа қарсы форумда сөйлеген сөзінен

Мемлекеттік қызметші келесі этикалық нормаларды басшылыққа алуы тиіс, олар сегіз:

  1. Ол өзіне берілген билікті қолдана білуі және сонымен бірге адал болуы тиіс.
  2. Мемлекеттік қызметте өз жеке басының мүддесі үшін емес, мемлекет игілігі үшін қызмет ету керек, мемлекет қаржысын өз қалтасымен шатастырмаған дұрыс.
  3. Шенеунік «Қайдан тауып өмір сүріп жатырсың?» деген сауалдан қорықпауы тиіс, оның вилла, оны қоршаған биік дуалдары мен қымбат көліктерінің суреттерінің пайда болуына негіз болмауы тиіс.
  4. Заң талаптарымен толық сәйкестік жағдайында өмір сүрген маңызды.
  5. Лауазымның барлық түрінде халықтың, өз елі азаматтарының сенімінен шықпай жұмыс істеу қажет.
  6. Қазақстандық мемлекеттік қызметші адалдықтың, кішіпейілділіктің үлгісі болып, адамдар арасында өзін-өзі қалай ұстауды білуі тиіс.
  7. Ұжымға басшылық жасаудан бұрын оның өзі бағына біліп, қызметкерлерден талап етілген нәрсені орындай білуі қажет.
  8. Мемлекет мүддесіне залал келтірілетінін немесе жемқорлық әрекетінің дайындалып жатқаны анықталса тез арада араласып, шаралар қолдану керек.


хат жіберу