Блог статистикасы
195
Жазбалар
4462
Өтініштер
176343
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Профилактика коррупции

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы"Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ

"Рудный қаласы әкімінің аппараты" ММ сыбайлас жемқорлыққа карсы стандарты

* * * * *

«Рудный қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

«Рудный қалалық ішкі саясат бөлімі» ММ сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

«Рудный қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

«Рудный қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

«Рудный қалалық дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

«Рудный қалалық жер қатынастары бөлімі» ММ сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

«Рудный қалалық ветеринария бөлімі» ММ сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

«Рудный қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

«Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

«Рудный қалалық білім бөлімі» ММ сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

«Рудный қалалық құрылыс бөлімі» ММ сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

«Рудный қалалық ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімі» ММ сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

«Рудный қалалық қаржы бөлімі» ММ сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Рудный қаласы әкімдігінің «Тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

«Қашар кенті әкімінің аппараты» ММ сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

«Горняцк кенті әкімінің аппараты» ММ сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

* * * * *

Рудный қаласы әкімдігінің аппараты "Жастар ресурстық орталығы" мемлекеттік мекемесінің (мемлекеттік органы) сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ «Рудный - 2017» спорт клубы» КМҚК сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Өмірде қиын жағдайға тап болған адамадарды қайта әлеуметтендіру орталығы» КММ сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық ветеринарлық станциясы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның

сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты


* * * * * 

Рудный қаласы әкімдігінің «№3 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Рудный қаласы әкімдігінің «№7 мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Рудный қаласы әкімдігінің «№9 бастауыш мектебі» коммуналды мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Рудный қаласы әкімдігінің «№11 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерінің жүріс-тұрысы антикоррупциялық стандарты

Рудный қаласы әкімдігінің «№13 орта мектебі» коммуналды мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Рудный қаласы әкімдігінің «№15 орта мектебі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Қостанай облысы рудный қаласы әкімдігінің «№21 гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің мінез-құлқына арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт

Рудный қаласы әкімдігінің «Перцев негізгі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

«№1 Қашар орта мектебі» коммуналды мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Рудный қаласы әкімдігінің «№2 Қашар орта мектебі »КММ сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

   * * * * *

Рудный қаласы әкімдігінің  «№7 балабақшасы»  коммуналдық  мемлекеттік  қазыналық  кәсіпорны мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Рудный қаласы әкімдігінің «№ 11 балабақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Рудный қаласы әкімдігінің «№ 14 балабақшасы» коммуналды мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

* * * * *

emblema_adgs

СЫБАЙЛАСУ - СЫЙЛЫҚТАН БАСТАУ АЛАДЫ...

Біз бүгінде мүлдем жаңа қоғамда өмір сүріп жатырмыз десек те, сол қоғамды жегідей жеген дерт – сыбайлас жемқорлықты түбегейлі жоя алмай келеміз. Дегенмен, қазіргі уақытта адам құқығына нұқсан келтіретін жең ұшынан жалғасқан жемқорлықпен күресу жолында жаңа стратегия қабылданып, заңнамалық өзгерістер орын алуда.

Еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуі – мемлекеттік саясаттың бірден-бір күрделі әрі негізгі бағыттарының бірі болып отыр.  Қазақстан ТМД елдерінің ішінде ең алғаш 1998 жылы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» және 1999 жылы «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңдарын қабылдап, Елбасы сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы бірқатар Жарлықтарға қол қойып, бағдарламалар  бекіткен болатын. Осы уақыттан бері елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар мен көкейтесті мәселелерді шешуде заңдылықтарды жетілдіру жұмыстары кезең-кезеңмен дәйекті түрде жүргізіліп келеді. Үстіміздегі жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген жаңа Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу, Қылмыстық атқару және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы жаңа Кодекстерде жемқорлыққа байланысты қылмыстық жауапкершілікті күшейтуге бағытталған өзгерістер енгізілді. Соның бірі – сыбайлас жемқорлық дерегі бойынша сотталған азаматтарға мемлекеттік қызметте өмір бойына жұмыс істеуге тыйым салу, оларға шартты жаза белгілеуге тыйым салу, сонымен қатар алынған параға қылмыстық жаза ретінде еселенген айыппұл белгіленді. Бұдан басқа, сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз күрес жүргізуді жалғастыру үшін Президент Жарлығымен «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы» бекітілді. Стратегияның бірден-бір ерекшелігі – сыбайлас жемқорлықтың алғышарттары, оны тудыратын себептер мен жағдайларды жою, оның деңгейін қысқартуға, алдын алуға ықпал ететін кешенді шаралар қамтылған. Осы уақытқа дейін сыбайлас  жемқорлықтың салдарымен күрес жүргізіп келдік. Ал, ендігі уақытта басты назар сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаушыларды тұтқындау емес, оның жағдайларын жою болмақ. Атап айтқанда, сыбайлас жемқорлық деңгейін түбегейлі қысқартуға, қоғам өмірінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлықты тудыратын себептер мен жағдайларды жоюға қабілетті превентивтік сипаттағы шараларға жетекші рөл берілуде.

Сонымен қатар, жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселесіне көңілін аударту, құқықтық сауаттылығы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру мақсатында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бағытында ауқымды шаралар ұйымдастырылып өткізілуде. Бұдан басқа Сыбайлас жемқорлықта белгілі бір нәтижеге қол жеткізуде ағартушылық, білім беру, тәрбие жұмыстарының рөлі зор. Сол себепті, өскелең ұрпақтың бойында Отанға деген сүйіспеншілікке, ұлттық дәстүрді құрметтеуге, адалдыққа тәрбиелеу арқылы жастардың өз құқықтары мен міндеттерін жеткізе отырып, сыбайлас жемқорлық көрінісіне қарсы тұрарлық мәдениетті қалыптастыру бастамасымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес үрдісіне ауқымды көлемде мемлекеттік қызметшілерді тарту арқылы сыбайлас жемқорлыққа «нөлдік төзімділік» ахуалы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру болып табылады. Алдағы уақытта да сыбайлас жемқорлыққа жағымсыз тәрбиені қалыптастыруға, сонымен қатар, жұртшылық арасында құқықтық нигилизмді азайтуға бағытталған басқа да бірқатар үгіт-насихаттық шараларды өткізу қажет деп есептеймін. Осындай шараларды жүйелі түрде өткізгенде ғана жемқорлыққа қарсы күрестің мән-маңызы арта түспек.

Елімізде, Стратегияны жүзеге асыру шеңберінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Жария ақпаратқа қолжетімділік туралы», «Қоғамдық бақылау туралы» жаңа заңдар қабылданды. Аталған құжатта барлық деңгейде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары, бұл қоғамдық індетке қарсы стандарттар мен сараптамаларды қолдану, сыбайлас жемқорлық қауіп-қатерлеріне талдау жасау мен мониторинг жүргізу мәселелерін жүйелі шешу қарастырылған. Сонымен қатар, егер белгілі бір қызметші сыбайлас жемқорлық қылмысын жасап, бас бостандығынан айырылған жағдайда, оның басшысы қызметінен кетуге мәжбүр болатын нормалар қарастырылған. Заңның басты ерекшелігі – азаматтық қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттерге белсенді қатысуына толық мүмкіндігі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте көмек көрсеткен азаматтарға кепілдіктердің қарастырылғаны болып табылады. Қорытындылай айтар болсам, сыбайлас  жемқорлыққа қарсы іс-қимылда жоғары нәтижелер арқылы Ұлт көшбасшысының «Қазақстан – 2050» стратегиясы мен Елбасының институттық реформасын жүзеге асыруға бағытталған 100 нақты қадамын іске асыра отырып, әлемдегі ұлттық дамыған мемлекеттердің отыздығына кіруді мақсат тұту.

Бүгінгі таңда, сыбайлас жемқорлық қылмыстарының алдын алу, анықтау, ашу, жолын кесу және тергеу жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Әлеуметтік қатер болып саналатын сыбайлас жемқорлықтың ең қауіпті түрі - парақорлық. Яғни, пара беру де, пара алу да ҚР Қылмыстық Кодексінде көзделген баптарға сәйкес қылмыстық іс болып танылады. Парақорлық қылмысы көбіне-көп қолында билігі бар, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген тұлғалармен жіберіліп келеді. Біздің елімізде қолға алынып жатқан қазіргі жұмыстардың мақсаты да жемқорлық деңгейін төмендетіп, оның алдын алуға жете көңіл бөлу. Осы орайда, Елбасымыз мақұлдап бекіткен 2015-2025 жылдарға арналған Жемқорлыққа қарсы күрес стратегиясы бұл қоғамдық кеселдің алдын алу және оған қарсы күрес шараларын ұйымдастыруға нақты бағыт-бағдар береді.

Қазіргі кезде, бізде, жемқорлықтың дамып кеткендігі соншалық жасыруға да келмей қалды. Оны бұқара халық күнделікті өз бастарынан өткізіп жатыр. Ұсақ-түйек бір жұмысты тындыру үшін де соны орындайтын адамның саусағының арасына аздаған тиын-тебен қыстырмасаң әр түрлі сылтау айтып апталап, кейде айлап жұмысыңды істемей діңкеңді құртады. Ал тиын-тебен беріп жіберсең ісің бір-екі сағатта-ақ бітіп шығады.

Сыбайлас жемқорлықтың ең қауіптісі жастардың санасын да улап бара жатқандығы. Талантымен табындырып, білімі мен білігін ұштастырған жастарға қарағанда, таныс-тамыры барлар жақсы жұмысқа орналасып кетеді. Бұндай жағдайлар жастардың арасында: «Жақсы білім алу маңызды емес. Маңыздысы жақсы жұмысқа орналастыратын көкең, не қалталы ата-анаң болуы керек. Бәрін ақша шешеді, бай болу керек» деген ұғым қалыптасқандай... Сыбайлас жемқорлық жастардың жаңалыққа талпынып, жүйелі ойлау қабілетін тежеуде. «Талпын талпынба, ойлан ойланба бәрібір таныс-тамырың болмаса ештемеге қол жеткізе алмайсың» деген ұғым қалыптастыруда. Бұл жастардың өз келешегіне сенімсіздікпен қарауына негіз салады. «Жастар – келешегіміз» десек, жастарға кері әсер ететін сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз күресуіміз керек. Бұл жағдайлардың астарында атап өткен парақорлық сыйға тарту мәселесі жатыр. Онымен қалай күресеміз?

2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V ЗРК «Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет туралы» Заңы Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметіне кіруге, оны өткеруге, тоқтатуға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді, мемлекеттік қызметшілердің құқықтық жағдайын, материалдық қамтамасыз етілуі мен әлеуметтік қорғалуын, сондай-ақ өзге де адамдардың мемлекеттік органдардағы қызметі мәселелерін айқындайды.

Осы Заңмен мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік қызметін өту кезінде айрықша талап пен шектеулер қойылады.

Оның ішінде қылықтармен келесі құқыққа қарсы әрекеттер танылады:

1) ресми адамдардың лауазымдық өкілеттіктерін пайдалана отырып, мүліктік пайда, игіліктер не артықшылықтар алу үшін аталған адамдарға сыйлықтарды тарту етуі және қызметтік емес қызметтер көрсетуі;

2) өздерінің мемлекеттік немесе соған теңестірілген функцияларын атқаруға байланысты қызмет бабында өздеріне тәуелді мемлекеттік қызметшілерден және өзге адамдардан жалпы қамқорлығы немесе қызмет бабында бетімен кетушілік үшін сыйлықтарды немесе көрсетілетін қызметтерді қабылдауы.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, Мемлекеттік қызметші білмей келiп түскен, сондай-ақ ол тиiстi функцияларын осы тармақшаның бiрiншi абзацын бұза отырып атқаруына байланысты алған сыйлықтар жетi күн мерзiмде арнаулы мемлекеттiк қорға өтеусіз тапсыруға жатады, ал мемлекеттік қызметшіге нақ сондай мән-жайларда көрсетiлген қызметтер үшiн ол республикалық бюджетке ақша аудару жолымен ақы төлеуге тиiс.

Өзiне сыйлықтар келiп түскен мемлекеттік қызметші жоғары тұрған лауазымды адамның келiсiмiмен оларды аталған қордан тиiстi жерде қолданылып жүрген нарықтық бөлшек сауда бағасы бойынша сатып алуға құқылы. Сыйлықтарды сатудан түскен ақшаны арнаулы мемлекеттiк қор республикалық бюджетке аударады.

Сонымен қатар, Мемлекеттiк қызметшінің отбасы мүшелерi де осы адам қызмет бабында солармен байланысты болатын шетелдік те, Қазақстан Республикасының да жеке және заңды тұлғалары есебiнен сыйлықтарды және көрсетілетін қызметтерді, туристiк, емдеу-сауықтыру және өзге де сапарларға шақыруларды қабылдауға құқылы емес. Мемлекеттiк қызметші өзiнiң отбасы мүшелерi заңсыз алған сыйлықтарды жетi күн мерзiмде арнаулы мемлекеттiк қорға өтеусіз тапсыруға және өзінің отбасы мүшелерi құқыққа сыйымсыз пайдаланған қызметтер құнын республикалық бюджетке ақша аудару жолымен өтеуге мiндеттi.

Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану тәртібі Үкіметтің 2002 жылғы 26 шілдедегі №833 қаулысымен бекітілген қағидалармен реттеледі.

Жауапты мемлекеттік қызмет атқаратын адамдар, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар, оларға теңестірілген адамдар (Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің немесе мәслихаттарының депутаттығына, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдігіне, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқарудың сайланбалы органдарының мүшелігіне кандидаттарды қоспағанда), лауазымды адамдар, сондай-ақ көрсетілген функцияларды орындауға уәкілеттік берілген кандидаттар болып табылатын адамдар білмей келіп түскен сыйлықтар, не олар өздерінің лауазымдық жағдайына немесе қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты алған сыйлықтар, сондай-ақ лауазымдық жағдайына байланысты немесе қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты мемлекеттік қызметшілерге жария түрде немесе ресми іс-шаралар кезінде берілген (тапсырылған) сыйлықтар уәкілетті органға немесе жергілікті атқарушы органға сыйлық алған күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде сатып алу не сатып алудан бас тарту туралы жазбаша хабарламаны қоса бере отырып, тізімдеме актісі бойынша тапсырылады.
            Арнайы мемлекеттiк қорға тапсырылған сыйлықтарды есепке алуды, бағалауды және сақтауды уәкілетті орган жүзеге асырады.

Жергілікті атқарушы орган уәкілетті органға тізімдеу актісіне қол қойылғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде тиісті хабарлама жібереді.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің
509,510-баптарына сәйкес, құны заң актiлерiнде белгiленген он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнен аспайтын әдеттегi сыйлықтарды қоспағанда:

      1) жас балалар мен iс-әрекетке қабiлетсiз деп танылған азаматтардың атынан олардың заңды өкiлдерiнiң;

      2) емдеу, тәрбиелеу мекемелерiнiң, әлеуметтiк қорғау мекемелерiнiң және сол секiлдi мекемелердiң қызметкерлерiне олардың емдеуiндегi, асырауындағы не тәрбиесiндегi азаматтардың және осы азаматтардың зайыптары мен туыстарының;

      3) мемлекеттік қызметшілерге, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жағдайына байланысты немесе олардың қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты сый тартуға жол берілмейді.

Заты шаруашылық жүргiзу немесе оралымды басқару құқығына жататын заңды тұлға, егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, меншiк иесiнiң келiсiмiмен өзiнiң затын сыйлауға құқылы. Бұл шектеу құны заң актiлерiнде белгiленген он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнен аспайтын әдеттегi сыйлықтарға қолданылмайды.

            Ал, Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 366,367 баптарына сәйкес, егер сыйлықтың құны екi айлық есептiк көрсеткiштен аспаса, осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген адамның бiрiншi рет сыйлық түрiнде мүлiкті, мүлiкке құқықты немесе өзге де мүлiктiк пайданы алуы бұрын жасалған заңды әрекеттерi (әрекетсiздігі) үшiн алдын ала уағдаластық болмаған кезде маңызы аз болуына байланысты қылмыс болып табылмайды және тәртiптiк немесе әкімшілік тәртіппен қудаланады.

Бірінші бөлігінде көрсетілген адамға бұрын жасаған заңды әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін сомасы немесе құны екі айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сыйлықты бірінші рет беру, егер осы адам жасаған әрекеттер (әрекетсіздік) алдын ала уағдаластықпен байланысты болмаса, қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқпайды.

Пара берген адам, егер оған қатысты осы Кодекстің 366-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген адам тарапынан параны қорқытып алу орын алған болса немесе егер осы адам пара бергені туралы құқық қорғау органына немесе арнаулы мемлекеттік органға өз еркімен хабарласа, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.

Түйіндемеге келер болсақ, жемқорлықтың күшейгені соншалық, онымен күресуге арнайы бөлім құруға мәжбүр болып отырмыз. Аурудың сыртқы белгілерін сылап-сипағаннан ештеме өзгермейтінін бағамдаған Президент, қоғам мен мемлекетті түбегейлі қайта өзгертуге негізделген жүйелі емдеу керектігін айтты.

Кез-келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық мемлекетті ішінен жоюдың бастамасы мен жетістіктерді жоққа шығаратын, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер әкелетіндігі күмәнсіз. Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі болып осы зұлымдықпен күресу болып табылады.

Қоғамдық бақылау болмаса сыбайлас жемқорлық жеңдірмейді. Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ!

Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады.

Турашылдықты ту еткендігін ғасыр қайраткерлері Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би және тағы да басқа біртуар билер мен шешендердің өмірі дәлел болатындығын біз тарихтан жақсы білеміз. Ел болып еңсемізді көтергенімізге, тәуелсіздігімізді алып, шаршы әлемге танылғанымызға жиырма жылдан астам  уақыт өтті. Өткенімізге көз салсақ, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген саясатының арқасында мемлекетіміздің тамыры тереңге тартып, нығая түсуіне бағытталған құқықтық заңнамалар мен іс-шаралар қабылданып, ел экономикасы мен әлеуметтік жағдайы түзеліп, әлем мемлекеттерінің ортасынан өз орынын айқындады. Бүкіл әлемге өзінің біртұтастығымен, ажырамас бірлігімен танылды. Қоғам дамуының жаңа жолын таңдап, уақыттан туындаған әртүрлі кеселдерден айығуды міндет етіп қойды. Ол жол - Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлының бастауымен алға қойылған сыбайлас жемқорлықпен күрес жолы.

Сондықтан, сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек.

Сыйлық алып, сыбайласуға жол бермейік!

 

 Қостанай облысы бойынша

мемлекеттік қызмет істері

Департаментінің бас маманы

А. Нұртазина

**************

«Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ – біздің мақсатымыз»

         Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары екені Ата заңымызда жазылған. Осы асыл құндылықтардың сақталуы ең алдымен еліміздің әлеуметтік, экономикалық және құқықтық дамуы деңгейімен тығыз байланысты.

         Алайда, еліміздің толыққанды дамуына кедергісін келтіріп отырған сыбайлас жемқорлық сияқты қоғамдық дерттердің бар екені айқын.

Біздің еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатына соңғы уақыттарда маңызды өзгерістер енгізілу үстінде. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа деңгейі болып, жаңа «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның қабылдануы болып отыр.

Аталған Заңға сәйкес сыбайлас жемқорлық дегеніміз – мемлекеттiк қызметшілердің және оларға теңестiрiлген лауазымды адамдардың өздерінің лауазымдық, қызметтік өкiлеттiктерін және соған байланысты мүмкiндiктерiн жеке өзi немесе делдалдар арқылы жеке өзіне не үшінші тұлғаларға мүлiктiк немесе мүліктік емес игiлiктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игiлiктер мен артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға сатып алу болып табылады.

Осы заңның ерекшелігі болып сыбайлас жемқорлықтың алдын алу процессіне барлық қоғамның атсалысатындығы болып отыр. Сондықтан еліміздің әрбір азаматы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін қолынан келгенінше әрекет етуі қажет.

Бұл мақсатта сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарды көтермелеу заңнама жүзінде қарастырылған.

Сыбайлас жемқорлық фактісі туралы хабарлаған немесе оған қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарға біржолғы ақшалай сыйақы түрінде жүзеге асырылатын көтермелеу белгіленіп отыр. Ақшалай сыйақы түріндегі көтермелеу келесідей мөлшерде белгіленеді: сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы әкімшілік істер бойынша хабарлаған тұлғаға - 30 айлық есептік көрсеткіш (63630 теңге), онша ауыр емес сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша — 40 АЕК (84840 теңге), ауырлығы орташа сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша — 50 АЕК (106050 теңге), ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша - 70 АЕК (148470 теңге), аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша - 100 АЕК (212100 теңге).

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда жәрдемдесу сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасау фактісі туралы хабарлауды, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған іздеудегі адамның тұрған жері туралы ақпарат беруді, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу үшін кейіннен маңызы болған өзге де жәрдем беруді қамтиды.

Көтермелеу адам берген ақпарат шындыққа сәйкес болса және айыпты адамға қатысты әкімшілік жаза қолдану туралы сот қаулысы заңды күшіне енген уақытта, қылмыстық істер бойынша айыптау үкімі заңды күшіне енген, ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық істі қысқарту туралы қаулы шығарылған жағдайда ғана жүзеге асырылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың мақсаты қоғамда сыбайлас жемқорлықты жою болып табылады. Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбестік ахуалын қалыптастыру осы жолдағы негізгі қағидат ретінде бекіткендіктен, осы бағытта мемлекеттік органдардың ғана емес Қазақстан Республикасының әрбір тұлғасы қызмет етуі тиіс.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасау фактісі бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің www.kyzmet.gov.kz ресми сайтына, Костанай қаласы, Қасымханов көшесі 34 Департамент мекен-жайына, 8 (7142) 39-31-65 телефонына, +7-707-122-1494 WhatsApp, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Қостанай облысы бойынша департаментінің 1424 сенім телефонына хабарласуларыңызға болады.


Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет саласында бақылау басқармасының бас маманы Оташев Азамат Сейткалиевич

*****************

Талдау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг саласы бойынша Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының ақпараты.

2016 жылғы 1 қаңтардан бастап «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы күшіне енді, онда мемлекеттік органдардың жұмысындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі шаралар көрсетілген. Заңға сәйкес ішкі және сыртқы талдау жүргізуді қарастыратын Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізудің үлгілік қағидасы бекітілді.

Талдау нәтижелері ішкі талдау жүргізген субъектінің сайтында орналастырылатынын атап өткен жөн. Сонымен бірге көрсетілген нәтижелерді көпшілік алдында талқылауға рұқсат етілген. Мемлекеттік органдар өз кезегінде Уәкілетті органға келесі есепті айдың 10 күнінен кешіктірмей анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі ақпаратты, нәтижелерді және қабылданған немесе қабылданатын шараларды ұсынады.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қостанай облысы бойынша департаментімен 2016 жылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің 8 сыртқы талдауы өткізілді, оның ішінде 2 бастамашы болып табылады.

            Талдауда 25 қайшылық анықталды («Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» ШЖҚ РМК – 12, «Қостанай облысы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» ММ – 5, «Қостанай облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ – 2, Қостанай облысының мәдениет басқармасы – 4, «Қостанай облысының Қорғаныс істері департаменті» ММ – 2).

            Мысалы, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 14-бабы 2-тармағына сәйкес стандарт мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздерді қамтуы қажет.

            Бұл ретте, қорғаныс саласындағы барлық 9 стандарт мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздерді қамтымайды.

            29 дискрециялық өкілеттік анықталды («Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» ШЖҚ РМК – 11, «Қостанай облысы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» ММ – 12, «Қостанай облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ – 2, Қостанай облысының мәдениет басқармасы – 2, «Қостанай облысының Қорғаныс істері департаменті» ММ – 2).

Мысалы, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 139-бабы 1-тармағына сәйкес жер учаскелері шекарасының межелік белгілерін жою – ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – үш, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

            Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнаманы, әкімшілік және өзге де заңнаманы 29 бұзушылық анықталды («Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» ШЖҚ РМК – 5, «Қостанай облысы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» ММ – 6, «Қостанай облысы әкімдігінің жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» ММ – 3, «Қостанай облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ – 5, Қостанай облысының мәдениет басқармасы – 3, «Қостанай облысының Қорғаныс істері департаменті» ММ – 7).

            Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу қағидаларына сәйкес «Қостанай облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ, «Қостанай облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті» РММ, «Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ, «Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ қызметінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг өткізілді.


*****************

«Қостанай облысындағы суреттер байқауы»



2016 жылға арналған Қостанай облысында қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру кешенді жоспар аясында Қостанай облысының білім беру ұйымдарында «Адал және сатылмайтын жұмыс бейнесі» атты балалар суреттерінің облыстық байқауы өтті.

Балалар суреті байқауының ұйымдастырушылары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қостанай облысы бойынша департаменті және Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы.

Бұл іс-шара жастар арасында Жалпыға Ортақ Еңбек, адалдық, адалдық идеясын түсінуге және әрі қарай мінез-құлық нормасы болуына бағытталған. Конкурсқа Қостанай облысының қалалар мен аудандарының жалпы білім беру мектептерімен 65 жұмыс ұсынылды. Жұмыстар келесі критерийлер бойынша бағаланды: көрсетілген тақырып, оның өзектілігі, технология және дизайн деңгейіне сәйкес.

Конкурс қорытындысы:

Қатысушылардың конкурсқа үлкен қызығушылығымен байланысты 5-6 сынып оқушылар және 7-8-сыныптар арасында екі санатқа бөлу туралы шешім қабылданды.

Осылайша, жалпы білім беру мектептерінің 5-6 сынып оқушылары арасында ең үздік суреттер «Адал және сатылмайтын жұмыс бейнесі» конкурсының жеңімпазы Крижановский Владимир Қостанай қаласы №17 мектебінің 5 сынып оқушысы ие болды. Екінші орынды Қостанай қаласы № 3 мектебінің 6-шы сынып оқушысы Овчаренко Алина алса, үшінші орынды Жітіқара ауданының Құсақан негізгі мектебінің 5-ші сынып оқушысы Келмұхамбетова Динара алды.

Іс-шара соңында, бейнелеу өнерінің әсері білім беру процесіндегі оқу ғана емес, сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруы атап өтілді.

Диас Ахметжанов - ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлықты алдын алу басқармасының бас маманы

Байланыс:

Ресми сайт: www.kyzmet.gov.kz

Департамент мекен-жайы: Костанай қ., Қасымханов көш. 34.

тел.: 8 (7142) 393-165

WhatsApp : +7-707-122-1494

Skype: DADGSPK1494

хат жіберу