Блог статистикасы
195
Жазбалар
3533
Өтініштер
149888
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептер

Рудный қаласы әкімдігінің

Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша 2017 жылғы қызметі

және 2018 жылға арналған жоспарлары туралы есебі

     Мемлекеттік қызмет көрсетудің қол жетімділігін қамтамасыз ету және сапасын арттыру мемлекеттік саясаттың басым бір бағыты болып қалады.

    Қол жетімділігі барлығына ашық және тең жоғары сапалы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Елбасының мемлекеттік басқарма органдарының алдына қойған негізгі міндеттердің бірі болып табылады.

    «Бір терезеден» қағидасы бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметті жеңіл алу үшін, қалада Халыққа қызмет көрсету орталығының 3 филиалы жұмыс істейді.

    Қызметтерді алу үдерісін жеңілдету мақсатында ХҚКО-да «Connection Point» өзіне-өзі қызмет ету секторлары жұмыс істейді, онда әрбір клиент өздігінен немесе ХҚКО қызметкерінің көмегімен электрондық қызметті ала алады.  

    2017 жылдың 12 айына мемлекеттік қызметтердің көрсетілу саны – 106 352 құрады, оның ЖАО арқылы – 17297 мемлекеттік қызмет немесе 17%, ЖАО ХҚКО арқылы – 14713 мемлекеттік қызмет немесе 13%, сондай-ақ электрондық түрде – 74342 мемлекеттік қызмет немесе 71%.

      Есептік кезеңде ең талап етілетін мемлекеттік қызметтер:

     білім беру саласында – «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау», «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» және «Мектепке дейiнгi балалар ұйымдарына жiберу үшiн мектепке дейiнгi (7 жасқа дейiн) жастағы балаларды кезекке қою»;

    халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласында – «Жұмыссыз азаматтарды тiркеу және есепке қою», «Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдама беру», «Жергілікті өкілетті органдарының шешімі бойынша әлеуметтік төлемді қажет ететін азаматтардың жекелеген санаттарына тағайындау және төлеу», «Тұрғын үй көмегін тағайындау» және басқа;

  ауыл шаруашылығы саласында – «Ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып бірдейлендіруді жүргізу»;

    сәулет және қала құру қызметі саласында – «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау жөнінде анықтама беру», «Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру»;

    жер қатынастары саласында – «Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекiту»;

   тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласында – «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу жөне кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы» болып табылады.

    2. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс.

   Халықтың мемлекеттік көрсетілетін қызметке тең қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында Рудный қаласы әкімдігінің www.rudny.kostanay.gov.kz ресми интернет-ресурсындағы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сілтеме, жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі, Рудный қаласы әкімдігінің мемлекеттік мекемелеріне көрсетілетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізімі, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттері, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартының жобасын талқылау» орналастырылған. Пайдаланушылардың ыңғайлылығы үшін интернет-ресурстың негізгі бетінде «Egov.kz» электрондық үкіметі веб-порталының баннері орналастырылған.

    Мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысатын мемлекеттік органдарда, қызмет алушыларға қол жетімді орынның ақпараттық стендтерінде ҚР «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңы, тізілім, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттері, жұмыс уақыты орналастырылған.

    Қазіргі уақытта мүгедектер мен халықтың аз қозғалатын топтарының кедергісіз кіруін қамтамасыз ету үшін ғимараттар мен үй-жайларды жөнге келтіру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

    Қызмет алушы электронды Үкімет порталы арқылы қызмет ала алатын барлық мемлекеттік ұйымдарда өзіне –өзі қызмет көрсету бұрыштары (компьютер, принтер, қолайлы күту орындары, кондиционерлер және басқа да) ұйымдастырылған .

      Мемлекеттік қызмет көрсетудің негізгі қағидалары:

·        көрсетілу заңдылығы;

·        өтініштің мәлімдеу тәртібі;

·        мәлімдеушіден мемлекеттік баж салығын төлету заңдылығы;

·        мемлекеттік қызмет көрсету қызметінің ашықтығы;

·        мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтініштің қол жетімділігі;

·        мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электрондық нысанда алу мүмкіндігі.

    Атқарушы орган басшылары мен мамандары «ХҚКО» РМК Рудный қ. филиалы № 1 және № 2 бөлімдерінің инспекторларымен бірге тұрақты түрде ХҚКО БАЖ және «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуді жақсарту бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізеді.

     Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электрондық форматта алу механизмдерін көпшілікке тарату жөніндегі медиа-жоспарға сәйкес, оның ішінде электрондық мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы пайдаланушыларды хабардар ету бойынша «Рудненский рабочий» газетінің беттерінде мемлекеттік органдарда ХҚКО арқылы қызмет көрсету жөніндегі, сондай-ақ egov.kz порталы арқылы әртүрлі қызмет түрлерін алу мүмкіндігі туралы материалдар жарияланады.

    Бұдан басқа, қызмет көрсетуші мемлекеттік органдар басшыларының қатысуымен телевизиялық және радио бағдарламалар шеңберінде диалогтар ұйымдастырылады. Сондай-ақ Рудный қаласының білім беру ұйымдарында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электрондық түрде алуға мүмкіндік беретін электрондық сервистерді таратуға бағытталған іс-шараларды (ақпараттану сабақтары, дәрістер және презентациялар), соның ішінде «E-gov.kz» электрондық үкімет веб-порталында жеке кабинеттерге тіркелу бойынша тақырыптық сабақтарын өткізу қамтамасыз етілген.

      Рудный қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімімен бірге, Рудный қаласының аумағында орналасқан LED экрандарға Халыққа қызмет көрсету орталықтары         және «Egov.kz» электрондық үкіметінің порталы арқылы баламалы негізде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу мүмкіндіктері туралы бейнероликтер орналастырылған және таратылуда.

     3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет.

     Бірінші кезекте мемлекеттік қызмет көрсету процесстерін автоматтандыруға және олардың электрондық түрдегі көрсету сапасын арттыруға көңіл бөлінеді. «Электрондық үкімет» порталынан түскен өтініштер уақтылы өңделеді. Техникалық ақаулар туындаған кезде, ақпараттық жүйелерде жұмыс істейтін бөлім мамандары «ҰАТ» АҚ акт жолдайды.

      Халыққа мемлекеттік қызметті көрсету сапасын арттыру үшін білім, сәулет және қала құрылысы, жер қатынастары, ауыл шаруашылығы және ветеринария, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және басқа салалардағы ақпараттық жүйелерде тікелей жұмыс істейтін мамандар мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсынуға қатысты тақырып бойынша оқыту курстарынан өтті.

     4. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау.

     Тоқсан сайын мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына ішкі бақылау бойынша жұмыстар жүргізіледі.

     2017 жылдың ішінде ішкі бақылау, мониторинг жасау және ақпараттық технологиялар қызметі мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жоспарлы 18 бақылау іс-шарасын және 7 жоспардан тыс бақылау іс-шарасын өткізді.

     Талдау кезеңінде мемлекеттік қызметтер көрсетуге шағымдар түскен жоқ. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің бұзылуы бойынша бұзушылықта болған жоқ.

    5. Мемлекеттік   қызметтер   көрсетудің   одан   әрі   тиімділігінің   перспективалары   және   сапасына   көрсетілетін   қызметтерді алушылардың қанағаттануын арттыру.

    Қызмет алатындардың сапа, уақыттылық, қанағаттану критериялары бойынша көрсеткіштерді жақсарту, мемлекеттік қызметтер көрсету процестерінің ашықтығын қамтамасыз ету және мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік органдардың қызметін одан әрі жетілдіру мақсатында, бекітілген   2017-2018 жылдарға    арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес мына бағыттар бойынша жұмыстар жүргізілді және әрі қарай жалғастырылуда:

  -         тұрақты негізде қалада мемлекеттік қызмет көрсететін барлық уәкілетті

    органдарында мемлекеттік қызмет көрсетудің белгіленген мерзімдерін бұзу себептерін жою бойынша жұмыс жүргізіледі: тиісті нормативтік құқықтық актілермен мемлекеттік қызмет көрсету үшін жауапты тұлғалар бекітілген, жауапты қызметкерлердің өзара ауыстырымдылық жүйесі пысықталуда, қызмет көрсетудің уақыттылығына мониторинг, мемлекеттік қызметтер көрсетуге тұтынушылардың қанағаттануына талдау жүргізілуде;

     Жеке және заңды тұлғаларды қол жетімді және сапалы мемлекеттік көрсетілетін қызметпен, оның ішінде электрондық форматта қамтамасыз ету мақсатында            2017 жылы ХҚКО және «электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу мүмкіндігі туралы халықпен түсіндіру жұмыстары бұқаралық ақпарат құралдарында жалғастырылатын болады.

     Жоғарыда көрсетілген мәселелер а.ж. Рудный қаласы әкімдігінің отырысына шығарылған. Осы мәселені қарау нәтижелері бойынша кент әкімдері мен мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысатын бөлім басшыларына мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда алу тетіктерін насихаттауға бағытталған жұмысты ұйымдастыру бойынша тапсырмалар берілді.

    Тұтас алғанда, 2018 жылдың ағымындағы жұмыстар қызмет алатындардың разылығын мемлекеттік қызмет көрсету сапасымен арттыруға бағытталатын болады.

    Қойылған тапсырмаларды    іске асыру бойынша нақты шаралар, кемшіліктерді жою және күрделі мәселелерді шешу жөніндегі нысаналы жұмыстар мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы уақыттылық пен сапа критериялары бойынша мемлекеттік органдар қызметінің көрсеткішін арттыруға мүмкіндік береді.

хат жіберу