Блог статистикасы
195
Жазбалар
4797
Өтініштер
186636
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Мақалалар

* * * * *

* * * * *

* * * * *


Мемлекеттік қызмет саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар!

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті мемлекеттiк органдардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасын сақтауын, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдепті сақтауын, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 804-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның лауазымды тұлғалары соттар қарайтын аталған кодекстің 99, 154, 173, 462 (үшінші және төртінші бөліктері), 465, 661, 676, 677, 678, 679, 680, 681-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасауға құқығы бар.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган осы Кодекстiң 274, 473, 475-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесінің басшысы мен оның орынбасарлары, мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 99-бабы Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасын бұзу, яғни бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурстық іріктеу рәсімін бұзу түріндегі құқықбұзушылық бойынша лауазымды адамдарға отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Осы баптың екінші бөліміне сәйкес адамдарды мемлекеттік әкімшілік лауазымнан құқыққа сыйымсыз босату – лауазымды адамдарға алпыс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Ағымдағы жылдың өткен уақытында Департаментпен Кодекстің аталған баптарымен лауазымды тұлғаларға 14 әкімшілік іс қозғалды, осы істер сотпен және Департаментпен қаралып кінәлі тұлғаларға 974 484 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұлдар салынған.

Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қояды.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметшілернің әдеп кодексінің мінез-құлық стандарттары сәйкес мемлекеттік қызметшілер жасағаны үшін заңнамада тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылық көзделген құқық бұзушылықтар мен теріс қылықтарды жасауға жол бермеуге тиіс.

А. Оташев, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша Департаментінің бас маман.

хат жіберу