Блог статистикасы
195
Жазбалар
4465
Өтініштер
176410
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Баспасөз-релизі

Рудный қалалық мәслихатының «Мәслихаттың 2015 жылғы 18 желтоқсандағы № 467 «Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімінің жобасына

Рудный қалалық мәслихатымен «Мәслихаттың 2015 жылғы 18 желтоқсандағы № 467 «Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімінің жобасы әзірленді.

Осы шешімнің жобасын әзірлеудің мақсаты Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес келтіру болып табылады.

Жоба Қазақстан Республикасының 1997 жылғы   16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97-бабына сәйкес әзірленді.

Осы нормативтік құқықтық актінің жобасы көздейді:

жоғарыда аталған шешімімен бекітліген Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасында:

2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«2. Тұрғын үй көмегі «Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – уәкілетті орган) тоқсанына бір реттағайындалады.

Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) (бұдан әрі – қызмет алушы) немесе нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі Қостанай облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына немесе www.egov.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталына балама негізде өтініш береді және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығымен бекітілген «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 11015 болып тіркелген) 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.»;

3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«3. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін көрсету нәтижесін Стандарттың     4-тармағына сәйкес ескерілген мерзімде ұсынады»;

11-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«11. Тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері уәкілетті органмен «Тұрғын үй көмегін алуға, сондай–ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй–коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 5 желтоқсандағы         № 471 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 7412 болып тіркелген)сәйкес тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысына қарай анықталады».»

Шешімнің жобасы теріс әлеуметтік-экономикалық құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.

Шешімнің жобасы нормативтік құқықтық актілердің ашық интернет-порталында орналасқан: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=1979988.

хат жіберу