Блог статистикасы
195
Жазбалар
4876
Өтініштер
190161
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Өңірдегі жаңалықтар

2018 жылдың 09 қараша күні Рудный қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде «Мемлекеттік тіл – ел бірлігінің кепілі» атты қалалық жастар форумы ұйымдастырылды.

Форумға Қостанай облысы әкімдігінің «Тілдерді дамыту басқармасы»         

ММ басшысы   Мендекинова Г.Е, Қостанай облысының ҚХА қоғамдық келісім кеңесінің төрайымы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сараптау тобының мүшесі Суслова А.И, Рудный қаласы әкімінің орынбасары Скаредина Е.В,                                     

«Тілдерді дамыту басқармасы» ММ тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Сүлейменова Б.З.    РМФ «Нұр Отан» партиясының бірінші орынбасары Қуанышбаев М.С, мемлекеттік мекемелер мен білім ордаларының басшылары, БАҚ өкілдері қатысты.

Іс-шараның негізгі мақсаты жастар арасында, соның ішінде, мемлекеттік тілді жетік меңгерген өзге ұлт жастарына қолдау көрсету, мемлекеттік тілді насихаттау, отансүйгіштікке тәрбиелеу болып табылады.

Аталмыш іс – шара барысында мемлекеттік тілді дамытуға елеулі үлес қосып жүрген мемлекеттік қызметшілер, студенттер мен оқушылар қала әкімінің алғыс хатымен және ақшалай сыйлықтарымен марапатталды. Марапаттау рәсімі Қостанай және Рудный қалаларының шығармашылық ұжымдары әзірлеген концерттік бағдарламасаға ұласты.

 




 

хат жіберу