Блог статистикасы
195
Жазбалар
4876
Өтініштер
190161
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Өңірдегі жаңалықтар

МЕРЕЙТОЙЫҢМЕН, АСТАНА !

Астананың 20 жылдығын тойлау құрметіне арналған мерекелік бағдарлама Рудный қаласының орталық алаңында басталды. Көптеген жобалардың Астана күні үшін арнайы әзірленгенін айта кеткен орынды.

Елорданың туған күнін мерекелеуді «Astana Street Fest» жаппай фестивалі бастады. Скейт - парктің аумағына 12-25 жас аралығындағы шамамен 100 жуық   Рудныйлық және Қостанайлық скейтбордтшылар, велосипедшілер мен көше билерін орындаушылар жиналды.

Көпшіліктің көңілі қалайтын 800 метрлік Косманавтов көшесінің бойында «Астана - Арман Қала» атты Арт- даңғылы қанат жайды. Арт-даңғылдың басты миссиясы - Рудный қаласының шығармашылығын насихаттау, қылқалам шеберлерімен, ақындармен, сазгерлермен және қолданбалы қол өнер шеберлерімен танысу.

Қалада алғаш рет қаланың ең үздік нұсқаушыларынан би марафоны өтті. Бір жарым сағаттық билер мен әуезді музыка кезінде нұсқаушылар қалың жұртшылықтың сергітіп, әсем көңіл күй сыйлады.

Мерекелік кешті алғаш рет Рудный қаласында ұйымдастырылған «Ұлт сұлулығы» этно конкурс жалғастырды. Кастингтен өтіп, финалға шыққан 20-дан    30 жасқа дейінгі сегіз қатысушыға бес мәрте сыннан өтуге тура келді.

Жеңімпаз тәжін және «Ұлт сұлулығы» номинациясын иелену - Алена Щегловаға бұйырды. Онлайн-дауыс берудің көшбасшысы Салтанат Жаңабаева - «Ұлт мақтанышы» номинациясын иеленсе, «Ұлт шаттығы» номинациясын - Екатерина Сахно, «Ұлттың әсемдігі» номинациясын - Мария Разгильдина иеленді. Ирина Будзевич - «Ұлт жұлдызы», Татьяна Палеева - «Ұлттың жетістігі», Евгения Киселева - «Ұлттың беделі», Валерия Ельцова - «Ұлт інжуі» номинацияларын иеленді.

Этно-шоу қатысушылары сахнадан шыға салысымен-ақ, Рудныйлықтар ең танымал отандық дуэттердің бірі - Бүркіт пен Айшаны көтеріңкі көңіл күймен қарсы алды. Елорда күнін мерекелеуге байланысты, олар Рудный қаласында «Ұмытылмас», «Айналайын», «Тау-тау сезім», «Әгугай» және т.б ең жақсы әндерін орындады.

Астананың 20 жылдық мерекесін тойлау отшашумен аяқталды.

Дерек көзі : http://rudny.today «Рудненский рабочий» қалалық газеті

(авторы : Елена Петрова, Юлия Бадина, Светлана Егорова, фотосуретшілері Сергея Фоменко, Владимир Осокин)


хат жіберу