Блог статистикасы
195
Жазбалар
4922
Өтініштер
194000
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

БЖЗҚ



2018 жылғы архив

2017 жылғы архив

2016 жылғы архив

Операциялық залдар

5 сұрақ (мамыр)

Өзіне өзі қызмет көрсету терминалдары туралы

Зейнетақының сақталуына мемлекет кепіл

БЖЗҚ 2019 ж 1 сәуірге қарай маңызды көрсеткіштер

Өзін-өзі жұмыспен қамтушыларды ел экономикасына тарту жолдары

Үздік журналистік материалға байқау

Оқушылар арасындағы эссе байқауы

Байқау қорытындысы эссе

* * * * *

БЖЗҚ өзінің географиясын кеңейтіп жатыр

 

Тағы 126 елдімекеннің тұрғындары БЖЗҚ қызметтерін «Қазпошта» АҚ бөлімшелері арқылы алуға қол жеткізді

 

             Ағымдағы жылдың сәуірінде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мен Қазпошта еліміздің шалғай орналасқан елдімекендерінің тұрғындарын зейнетақы қызметтерімен қамту үшін бірлескен жобаны іске қосты. Ол БЖЗҚ салымшылары мен алушыларына Қазпошта бөлімшелері арқылы қызмет көрсетуге бағытталған.  

             «Қазпошта» АҚ операторлары арнайы оқыту курсынан өткен соң, «БЖЗҚ» АҚ-тың қызмет көрсету орталықтары жоқ елдімекендерде зейнетақы қызметтері көрсетіле бастады.

             Еске саламыз, бұған дейін «БЖЗҚ» АҚ көрсететін қызметтері Қазпоштаның 94 елдімекендегі бөлімшелерінде қолжетімді болатын. Енді олардың қатарына тағы 126 қызмет көрсету бөлімшесі қосылды.Осылайша бөлімшелердің жалпы саны 220-ға жетті.

Атап айтар болсақ, бұл ауылдар мен кенттердің тұрғындары Қазпошта бөлімшелерінде мынадай қызметтерді ала алады:

·        салымшының (алушының) қосымша деректемелерін (жеке куәлігінің нөмірі, телефон нөмірі, электрондық және пошталық мекенжайы) өзгерту/толықтыру туралы өтініш беру;

·        хабарлау тәсілін өзгерту (белгілеу) (оның ішінде «БЖЗҚ» АҚ электрондық форматтағы қызметтеріне қол жеткізу) туралы келісімге қол қою.

             Атап өту керек, 2019 жылы республика өңірлерін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының көретілетін қызметтерімен қамту деңгейі 102 пайызға дейін өсті.

             Зейнетақы қызметтері ұлттық пошта желісі арқылы Ақтөбе, Ақмола, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарының шалғай елдімекендерінде көрсетіліп жатыр. Елдімекендердің толық тізімін Қордың enpf.kz сайтынан көруге болады.

 

         БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).


* * * * *

2019 жылы 130 астам журналист зейнетақы жүйесі туралы білімдерін жетілдіріп, сертификаттар алды

 

«БЖЗҚ» АҚ стратегиялық міндеттерінің бірі – халық арасында ақпарат беру-түсіндіру жұмыстарын белсенді түрде жүргізу. Аталмыш шара қаржылық сауаттылықты, БЖЗҚ-ның көрсететін қызметтері, зейнетақы жүйесі, зейнетақы заңнамасындағы өзгерістер, зейнетақы активтерін басқару бойынша инвестициялық қызметтің нәтижелері, дербес зейнетақы жинағын қалыптастыру туралы хабардарлықты арттыруға бағытталған.Бұл міндеттерді жүзеге асыруда бұқаралық ақпарат құралдарының атқаратын рөлі өте зор. Осыған байланысты Қор мамандары БАҚ өкілдері, журналистика факультеттерінің студенттері және блогерлер үшін Қаржы журналистикасы мектебі үлгісінде дәрістер жүргізіп жатыр. Басты тақырып: «Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы қажетті мағлұматтар». 

Мектепті өткізудегі мақсат – Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесі бойынша журналистердің, блогерлердің және журналистика факультеті студенттерінің біліктілігін арттыру, сонымен қатар БЖЗҚ өкілдерінің  олармен кәсіби тұрғыда бірлесе әрекет жасауына мүмкіндік беру.

Курс бағдарламасында мына тақырыптар бойынша оқыту модульдері ұсынылады: зейнетақы жүйесінің модельдері, отандық жинақтаушы зейнетақы жүйесінің ерекшеліктері, зейнетақы заңнамасындағы өзгерістер, жинақтаушы зейнетақыны жоспарлау және есептеу, қолданыстағы электрондық сервистер, зейнетақы активтерін басқару бойынша инвестициялық қызмет және «БЖЗҚ» АҚ ақпараттық жұмыстары.

Курс барысында журналистерге шұғыл түрде шынайы материалдар дайындау үшін Қор сайты және басқа да ақпарат көздерімен қалай жұмыс істеу керектігі туралы кеңестер беріледі.

Аталмыш шара осымен төртінші жыл өткізіліп жатыр. Бұған дейін ол негізінен Алматы қаласында өткізіліп келген болатын. Биыл БЖЗҚ қаржы журналистикасы мектебі Нұр-Сұлтан, Шымкент, Ақтөбе және Қарағанды қалаларында ұйымдастырылды. Барлық жерде қатысушылар ұсынылған тақырыптарғаерекше қызығушылық танытты.

Оқыту курстарының қорытындысы бойынша барлығы 130-дан астам адамға арнайы сертификаттар табысталды.

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

 

 

 

* * * * *

БЖЗҚ өзекті сұрақтарға жауап береді

Соңғы уақытта бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде жинақтаушы зейнетақы жүйесіне және «БЖЗҚ» АҚ-тың 2018 жылы атқарған қызметіне қатысты сенімсіз, жалған ақпараттар тарап кетті. Азаматтар үшін анық, шынайы ақпараттың қажеттілігін ескере отырып, «БЖЗҚ» АҚ мына мәліметтерді хабарлайды

2018 жылғы табыстылық бойынша негізгі көрсеткіштер

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңға сәйкес Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы активтері (ол зейнетақы жарналарын, зейнетақы активтерін инвестициялаудан түсетін табысты қамтиды және салымшылар мен алушылардың меншігі болып табылады) мен меншікті активтер (ол инвестициялық қызмет, БЖЗҚ-ның инвестициялық қызметі, меншікті операциялық шығындары және қызметтерді одан әрі дамытуға қатысты барлық шығындарды қамтамасыз етуге бағытталған) бөлек есепке алынады.

Салымшылардың зейнетақы активтері бойынша: 2018 жылдың қорытындысы бойынша салымшылардың шоттарына үлестірілген таза инвестициялық табыс 917,1 млрд теңгені құрады. Бұл ретте табыстылық 11,27 пайызды көрсетсе, инфляция деңгейі 5,3 пайыз болды. Осылайша 2018 жылы зейнетақы активтерінің нақты табыстылығы 5,97 пайызға жетті.     

БЖЗҚ меншікті активтері бойынша: 2018 жылы салық салынғаннан кейінгі таза пайда 41,3 млрд теңгені құрады. Бұл ретте 8,6 млрд теңге көлемінде пайда салығы төленді.   

БЖЗҚ қызметінің негізгі көрсеткіштері, зейнетақы активтерін басқару туралы ақпарат enpf.kz сайтына орналастырылады, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары мен Қордың әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында жарияланып отырады.

БЖЗҚ 2018 жылғы комиссиялық сыйақысы

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңның 53-бабына сәйкес БЖЗҚ үшін комиссиялық сыйақысының шекті шамасы: инвестициялық табыстың 7,5 пайызынан және зейнетақы активтерінің айына 0,025 пайызынан аспайтын шекте белгіленген.

Сыйақының БЖЗҚ үшін жыл сайынғы нақты шамасы Ұлттық Банк Басқармасының шешімімен бекітіледі. 2019 жылы Қордың комиссиялық сыйақысы инвестициялық табыстың 5,0 пайызын және зейнетақы активтерінің айына 0,015 пайызын құрады.

Атап өту керек, аталған көрсеткіштер 2014 жылдан бері бірнеше рет кезең-кезеңмен қысқартылды, сөйтіп 2019 жылға қарай инвестициялық табыстың шекті шамасынан 33 пайызға (2014 жылы – 7,5%), ал зейнетақы активтерінің шекті шамасынан 40 пайызға (2014 жылы – 0,025%) қысқарды. Ұлттық Банк комиссиялық сыйақының көлемін одан әрі азайтуды қарастырып жатыр.  

БЖЗҚ заңға сәйкес комиссиялық сыйақының екі түрін де алады, сөйтіп барлық шығындарды, олардың ішінде зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруға қатысты шығындарды да жабады. БЖЗҚ-ның меншікті капиталының өсімі және меншікті активтерді инвестициялау комиссиялық сыйақыны одан әрі төмендетуге мүмкіндік береді.

БЖЗҚ-ның 2018 жылғы әкімшілік шығындары

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының жалпы әкімшілік шығындары – 4,3 млрд теңге, қызметкерлер құрамына жұмсалған шығындары – 7,9 млрд теңгені құрады. Бұл шығындар заңнамада көрсетілген барлық төлемдерді, салықтар мен әлеуметтік аударымдарды қамтиды. Қордың 2018 жылғы қаржылық есептілігі Халықаралық қаржы есептілігі стандарттарына сәйкес жасалған.

Бұдан басқа, БЖЗҚ әкімшілік шығындарға жатпайтын шығындарды өтеді. Бұл зейнетақы активтерін инвестициялық басқару және кастодиан банктің қызметтері бойынша шығындар. 2018 жылы мұндай шығындардың жалпы сомасы шамамен 8,2 млрд теңгені құрады. Бұл ретте сенімгер басқарушыға төленетін комиссиялық сыйақыға қатысты шығындар 2018 жылы елеулі түрде қысқарды (2017 жылмен салыстырғанда 2 еседен аса қысқарған).  

Тәуелсіз аудитор – Deloitte» компаниясы куәландырған толыққанды аудиттелген есептілік Қор сайтының «Көрсеткіштер» - «Жылдық аудиторлық есеп» бөліміне орналастырылған.   

Жалпы әкімшілік шығындар

2018 жылдың қорытындысы бойынша әзірленген қаржы есептілігінің деректеріне сәйкес Қордың жалпы әкімшілік шығындары 2018 жылы 4,3 млрд теңгені құрады.

Бұл сома мынадай шығыс баптарын қамтиды:

– негізгі құрал-жабдықтардың өтемпұлы (1,16 млрд теңге);

        – операциялық жалдау (783 млн теңге ). 2018 жылы бүкіл республика бойынша Қордың 231 қызмет көрсету кеңселері жұмыс істеді. Өткен жылы Қордың өңірлік кеңселерінде және көшпелі қызмет көрсету барысында 5,3 млн астам операция орындалды. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бері электрондық қызметтердің өсуі және операциялық бөлімшелерге түсетін жүктеменің азаюына байланысты қызмет көрсету кеңселерінің саны 215-ке дейін қысқартылды;

–        ақпараттық және телекоммуникациялық қызметтерге кеткен шығындар

(391,0 млн теңге), оған зейнетақы активтері мен жинақтарын есепке алудың автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде деректер алмасу үшін байланыс арналарын жалға алу төлемі, интернетке қол жеткізуге арналған байланыс арналарын жалға алу, мобильдік кеңселердің жұмыс істеуіне арналған телефон және жерсеріктік байланыс қызметтері кіреді;

–        ақпарат беру-түсіндіру жұмыстары (277 млн теңге). Қор алдында халық

арасында белсенді түрде ақпарат беру-түсіндіру жұмыстарын жүргізу бойынша стратегиялық міндет тұр. Ол азаматтардың қаржылық сауаттылығын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесі, зейнетақы заңнамасындағы өзгерістер, зейнетақы активтерін басқару бойынша инвестициялық қызметтің нәтижесі, зейнетақы жарналарын төлеу, дербес зейнетақы жинақтарын қалыптастыру туралы хабардарлығын арттыруға бағытталған. Бұдан басқа салымшылар мен зейнетақы төлемдерін алушыларды қызықтыратын маңызды ақпараттар жариялау. 2018 жыл барысында республикалық және облыстық газеттерде, интернет-порталдар мен телеарналарда шамамен 30 мың материал жарияланды;

– пошталық шығындар (256 млн теңге), олар жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы салымшыларға жыл сайын хабар беру қызметіне төленеді;

– бағдарламалық жасақтаманы қолдау және оны дамытуға кеткен шығындар

(225 млн теңге). Еске саламыз, БЖЗҚ 10 млн-нан астам шоттағы жинақтардың есебін жүргізеді. Қордың көрсететін қызметтерінің 80 пайызы электрондық форматта көрсетіледі. Ал бұл ақпараттық жүйені тұрақты дамытуды және дерекқордың қауіпсіздігін және құпиялылылғын қамтамасыз етуді талап етеді;

      – негізгі құралдарды жөндеу және пайдалану (151 млн теңге);

– коммуналдық қызметтер (123 млн теңге);

     – операциялық қызметтер бойынша автокөліктерді жалға алу барлық өңірлік филиалдар және орталық аппарат бойынша, оның ішінде салымшылар мен алушыларға қызмет көрсету үшін еліміздің шалғай аудандарына баратын мобильдік кеңселерге кеткен шығындар (95 млн теңге).

Еңбекақы қорына қатысты шығындар

2019 жылдың 1 қаңтарынан бері қызметкерлер құрамы 1981 адамнан 1735 адамға (12,4 пайызға) дейін қысқарды. Барлығы 2017 жылдан 2019 жылға дейінгі аралықта «БЖЗҚ» АҚ қызметкерлерінің саны 2302 адамнан 1735 адамға дейін немесе 25 пайызға қысқарды. Сәйкесінше 2017-2018 жылдары қызметкерлер құрамына қатысты шығын 13 пайызға төмендеді.

Осылайша қызметкерлер құрамы мен еңбекақы төлеу қоры БЖЗҚ-ның бизнес-үдерістерді оңтайландыру, қызметтерді автоматтандырып, электрондық форматқа ауыстыру, операциялық бөлімшелерді оңтайландыру, еңбек өнімділігі мен жұмыскерлердің тиімділігін арттыру бойынша атқарып жатқан жұмыстарының арқасында елеулі түрде қысқартылды.    

Қор қызметкерлері жалақысының көлемі олардың лауазымы, біліктілігі, қызметтік міндеті және жауапкершілігіне сәйкес тағайындалады. БЖЗҚ-да орташа жалақы көлемі Қазақстан бойынша орташа жалақы көлемінен жоғары емес. Жұмыскерлерге жұмыс нәтижесі бойынша төленетін сыйлықақыны ескеретін болсақ, БЖЗҚ-дағы жалақы деңгейі қаржы саласындағы орташа атаулы жалақыға жақындатылған, бірақ одан 25 пайызға төмен.

Бұл ретте Қорда білікті мамандардың жұмыс істейтіндігін ескерген жөн. Қызметкерлердің 95 пайыздан астамы жоғары білімді және негізінен экономика, қаржы, заңтану, естептегіш техникалар, ақпараттық техникалар, аудит, қаржылық талдау және тәуекелдерді басқару салалары бойынша маманданған. Жұмыскерлердің басым бөлігінің БЖЗҚ-дағы еңбек өтілі 3 жылдан 10 жылға дейін. Сондай-ақ қосымша арнайы дайындықтары және біліктілік сертификаттары бар.   

«Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР Заңына сәйкес лауазымдық жалақы мөлшерін, еңбекақы төлеу шартын анықтау және Басқарма жетекшісі мен мүшелеріне сыйлықақы беру Директорлар кеңесінің құзырлығына жатады. 2018 жылы еңбекақы төлеу шарты мемлекеттің қатысуымен жұмыс істейтін басқа да қаржылық ұйымдар мен компаниялардағы сыйақы төлеу деңгейімен салыстырымды болған.          

БЖЗҚ дамыту бойынша стратегиялық міндеттер

Электрондық қызметтерді дамыту, шығындарды оңтайландыру, тиімділікті арттыру

БЖЗҚ Қазақстанның барлық өңірлерінде жұмыс істейді және жергілікті халыққа барлық қолжетімді зейнетақы қызметтерін көрсетеді. Күн сайын Қор кеңселерінде 13 мыңнан астам қызмет көрсетіледі. Бұл ретте БЖЗҚ жоғары технологиялық ұйым ретінде дамып жатыр. Қазіргі уақытта қызметтердің шамамен 80 пайызы электрондық форматта көрсетіледі.

Көрсетілетін қызметтердің көлемі мен атқарылатын міндеттер артып жатыр. Соған қарамастан 2017 жылдан 2019 жылға дейін «БЖЗҚ» АҚ қызметкерлерінің саны 567 бірлікке немесе 25 пайызға қысқарды. Сәйкесінше екі жыл ішінде қызметкерлер құрамына қатысты шығын (2017-2018 жж.) 13 пайызға төмендеді. 2017-2018 жылдар аралығында Қордың қызметкерлерге жұмсаған шығындары, сондай-ақ операциялық жалға алу, іс-сапарлық шығындары 2016 жылмен салыстырғанда 2 млрд астам теңгені құрады.

Қызметті автоматтандыру, электрондық қызметтерді дамыту, операциялық бөлімшелердің бір бөлігін қысқарту, еңбек өнімділігін арттыру негізінде қызметтерді дамыту, шығындарды оңтайландыру, Қор жұмысының тиімділігін арттыру жұмыстары жалғасатын болады.

Проблемалық зейнетақы активтерін қайтару    

БЖЗҚ проблемалық активтерді қайтару бойынша күрделі және маңызды жұмыстарды жүзеге асыруда. Олардың басым бөлігі жеке жинақтаушы зейнетақы қорларынан мұра болып қалған. Осыған байланысты Қазақстанда және басқа да шетелдік юрисдикцияларда оңалту, эмитенттердің банкротқа ұшырауы рәсімдері және сот талқылаулары жүріп жатыр. Берешектерін азаматтық тәртіпте қайтарудың барлық мүмкіндіктері таусылған эмитенттердің ісі қылмыстық-құқықтық арнаға аударылды.

   БЖЗҚ-ның проблемалық зейнетақы активтерін қайтару бойынша жүргізіп жатқан жұмыстары мүдделі тұлғалар, проблемалық компаниялардың жекелеген акционерлері тарапынан наразылық және белгілі бір қарсылық тудырады. Қазір Қорға қарсы жасалып жатқан ақпараттық шабуылдар және жалпыға қолжетімді мәліметтердің бұрмаланып түсіндірілуі осыған байланысты болуы мүмкін.        

БЖЗҚ Ұлттық Банк және Үкіметпен бірлесе отырып, алдына қойылған стратегиялық міндеттерді орындауды одан әрі жалғастырады. Бұл ретте Қор салымшылардың қаражатын қайтаруға және зейнетақы активтеріне келтірілген залалға қатысы бар тұлғаларды жауапқа тартуға ниетті.

Сенімділік, тұтынушыны бағдар тұту және қызметтің ашықтығы – Қордың басты құндылықтары және қызмет ету қағидалары болып табылады. Жинақтаушы зейнетақы жүйесі және БЖЗҚ қызметі бойынша шынайы ақпарат және түсініктемелер алу қажет болған жағдайда қалаған уақытта Қорға жүгінуге немесе БЖЗҚ жанындағы Қоғамдық кеңестің жұмысына қатысуға болады. Қордың қызметі туралы ақпарат, оның ішінде қаржы есептілігі, проблемалық активтерге қатысты атқарылып жатқан жұмыстар туралы мәліметтер, зейнетақы активтерін басқару туралы деректер enpf.kz сайтында орналдастырылған, сондай-ақ БЖЗҚ жанындағы Қоғамдық кеңеске тұрақты түрде ұсынылып отырады. Бұдан басқа бұқаралық ақпарат құралдарында және Қордың әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында жарияланады.

  

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).


* * * * *

Тұрғындарды жинақтаушы зейнетақы жүйесімен қамту

2019 жылдың 1 қаңтарына қарай салымшылардың жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) саны 10,4 млн бірлікті құрады. Олардың ішінде 9,8 млн шот – міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), 479,5 мың шот – міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және 47 803 шот – ерікті зейнетақы жарналары есебінен ашылған.   

МЗЖ есебінен ашылған шоттардың ішінде 8 млн 730 мың шот (зейнеткерлік жасқа толғандарды, қайтыс болған немесе шетелге тұрақты тұруға кеткендерді есепке алмағанда) қызметтегі салымшыларға тиесілі. Бұл көрсеткіш еліміздегі жұмыспен қамтылған халық санына (2019 ж. 1 қаңтарына қарай 8 млн 965 мың адам) сәйкес келеді. Бұған қарап, елімізде жұмыспен қамтылғандар жинақтаушы зейнетақы жүйесімен толық дерлік қамтылған деп тұжырым жасауға болады.   

2018 жылдың қорытындысы бойынша жылына кемінде бір жарна болса да аударатын белсенді салымшылардың саны 6 млн 407 мың адамды құрады. Бұл көрсеткіш жыл сайын ұлғайып жатыр. Мысалы, 2017 жылы бұл көрсеткіш 5 млн 914 мың адамды құраған болатын.

Бүгінде белсенді салымшылардың үлесі әлеуетті салымшылардың жалпы санының шамамен 76 пайызын (төрттен үші) құрайды. Бұл ретте 3 млн шотқа жылына – 12 жарна, ал 5 млн шотқа жылына – 6 жарнадан 12 жарнаға дейін түскен. Сондай-ақ 2018 жылы бір салымшының шотына орта есеппен – 9 жарна келіп түскен.

Салыстырып қарасақ, мысалы, Малайзияда белсенді салымшылардың үлесі шамамен 47 пайызды құрайды.

Атап өту керек, жарналардың тұрақты аударылып тұруы салымшының жұмыспен қаншалықты қамтылғандығына (тұрақты жұмыс, уақытша немесе маусымдық жұмыс), сондай-ақ салық режимдеріне (жеке кәсіпкерлер, өзін-өзі жұмыспен қамтушыларға арналған арнаулы салық режимдері) байланысты.

Негізі салымшылардың жеке зейнетақы шоттарын олардың алатын айлық табысы және жинақтаушы зейнетақы жүйесіндегі еңбек өтілі (МЗЖ-ның аударылу кезеңі және жиілігі) аясында қараған жөн. Өйткені МЗЖ осы айлық табыс есебінен аударылады.  

Елімізде салымшылардың көпшілігі зейнетақы жинақтарын енді-енді қалыптастырып жатыр. Салымшылардың 50 пайыздан астамының жинақтаушы зейнетақы жүйесіне белсенді түрде қатысу өтілі 5 жылға жетпейді. Ал салымшылардың 75 пайыздан астамының жүйеге қатысу өтілі 5 жылдан жоғары, бірақ 10 жылға жетпейтіндігін айта кеткен жөн.   

Жинақтаушы зейнетақы жүйесі іске қосылғалы бері міндетті зейнетақы жарналарын тұрақты аударып келген салымшылардың зейнетақы жинақтарының орташа сомасы ерлерде – 5,1 млн теңге, әйелдерде – 3,9 млн теңге болды.   


* * * * *

Ұялы қосымшаның жаңа мүмкіндіктері

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшылар мен алушыларға арналған ұялы қосымшасы қолдануға барынша ыңғайлы бола түсті.

Еске саламыз, Қордың қазақ және орыс тілінде жұмыс істейтін ұялы қосымшасы арқылы жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірме алуға, сондай-ақ зейнетақы активтері бойынша ағымдағы көрсеткіштерді, шарттардың деректемелерін, жаңалықтарды, Қор филиалдарының байланыс нөмірлері мен мекенжайларын көруге болады. Енді осы қызметтердің қатары жаңа мүмкіндіктермен толықты. Олар: болжамды зейнетақы калькуляторы, онлайн-бот және халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарына өтініш жасауға мүмкіндік беретін қызметтер. Бұл ретте зейнетақы калькуляторы арқылы болашақ зейнетақыны есептеуге мүмкіндік берілсе, онлайн-бот арқылы жиі қойылатын сұрақтарға жауап алуға болады.   

Пайдаланушылар ұялы қосымшада тіркелу үшін бір реттік парольді қолдана алады. Пароль ұялы телефонға SMS-хабарлама ретінде жіберіледі.

Ұялы қосымшада екі әдіс бойынша: жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) мен құпиясөзді (пароль) енгізу және электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану арқылы авторлануға болады. Сонымен қатар пайдаланушы Android пен IOS операциялық жүйесіне арналған Touch ID және IOS жүйесіне арналған Face ID сканерлік жүйесін қолдана алады.   

Қордың ұялы қосымшасын әдеттегідей Google Play және App Store дүкендерінен жүктеп алынады.

«БЖЗҚ» АҚ ұялы қосымшасы жаңғыртылғанға дейін оны 2,5 миллионнан астам адам жүктеген. Қордың бұл электрондық қызметі бүгінде салымшылар мен алушылар арасында ерекше танымал болып отыр.   

Айта кетелік, «БЖЗҚ» АҚ өзінің ұялы қосымшасын алаяқтар мен хакерлердің шабуылынан қорғауға ерекше көңіл бөледі. Сондықтан жеке ақпараттардың құпия сақталуына уайымдаудың қажеті жоқ.


* * * * *

Жоғары оқу орындары студенттеріне арналған байқау

Биыл Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Жастар жылы аясында 7 қазан мен 1 қараша аралығында қазақстандық жоғары оқу орындары бакалавриатының студенттері арасында - «Болашағың өз қолында!/Твоё будущее в твоих руках!» атты тақырыпта студенттік жобалар байқауын ұйымдастырады. Оған барлық ниет білдіруші студенттер мамандықтары мен оқыту нысанына қарамастан қатыса алады.

Байқауға қатысу үшін студент жеке өзі немесе командасымен (төрт адамнан аспайды) бірге жоба әзірлеуі қажет. Ол жинақтаушы зейнетақы жүйесінің маңыздылығы, жеке зейнетақы шотына жарна аударып, жинақ ақшаны молайту және ерікті жинақтарды қалыптастыру арқылы болашақта лайықты зейнетақы алуға болатындығы туралы ақпаратты халыққа тиімді жеткізуге бағытталуы тиіс. Яғни, ақпаратты әр түрлі байланыс арналары (мысалы, БАҚ-пен жұмыс істеу бойынша жоба, бейнеролик, тележобалар және т. б. ), IT шешімдер (ойындар, арнайы қосымшалар және т. б.) және басқа да әдістер арқылы халыққа жеткізетін дайын әрі тиімді шешім болуы қажет.

Қиялға ерік беріп, тың идеялар ұсынуға шек қойылмайды! Үздік идеялар үшін бағалы сыйлықтар табыс етіледі. Олардың ішінде ұялы телефондар, планшеттер және басқа да сыйлықтар бар.

Талпынып, әрекет етіп көр, жас дос! Дәл осы байқау сенің өміріңе оң өзгерістер енгізуі ғажап емес! Дәл сенің жобаң Қордың салымшылары мен алушылары арасында сұранысқа ие болуы мүмкін! Толық ақпарат Қордың www.enpf.kz сайтының «Жаңалықтар» бөлімі мен әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында.

Жұмыстарды, бейне сәлемдесу, арнайы нысан бойынша қатысушының өтінімі, сондай-ақ суреттер мен фотосуреттерді student@enpf.kz электрондық поштасына жіберу керек. Сұрақтар туындаған жағдайда «БЖЗҚ» АҚ Жұртшылықпен байланыс департаментіне 331-66-99 (ішкі 5220) телефон нөмірі арқылы хабарласуға болады.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).


* * * * *

«БЖЗҚ» АҚ-дағы «Ашық есік күні»

«Ашық есік күні» Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшылары үшін дәстүрлі түрде өткізілуде. Бүгін халықпен кезекті кездесу өтті, ал басты күн тәртібіндегі тақырып – «Ерікті зейнетақы жарналары».

Бұл тақырып кездейсоқ таңдалған жоқ, себебі ерікті зейнетақы жарналары келешекте еңбек сіңірген демалысқа шыққан кезде азаматтар үшін қосымша қаржылық қолдау бола алады.

Ерікті зейнетақы жарналарының басты артықшылығы – салымшы өзі үшін отбасы бюджетіне ыңғайлы соманы анықтап, шотқа салуға құқылы. Бұл жерде аударым сомасы ғана емес, олардың жүйелілігі де маңызды. Кездесуде заңды тұлғалардың өз қызметкерлері үшін ақшаны ерікті түрде қалай сала алатынын білгісі келетін түрлі компаниялар өкілдерінің көп болғанын атап өткіміз келеді.

Жеке тұлғалардың үшінші тұлғалар үшін ерікті жарналар салу мәселесіне де көңіл бөлінді. Көбіне бұл рөл жақындар немесе туғандар үлесіне тиіп жатады, мысалы, үй шаруасындағы өз жұбайының зейнетақы шотын толтыратын жолдасы, қазір жұмыс істей алмайтын ата-анасы үшін ерікті жарналар салатын балалары немесе басқа туысқандары және үшінші тұлғалар.

Ерікті зейнетақы жинақтарын жалпы зейнет жасынан әлдеқайда ертерек – 50 жастан бастап пайдалануға болатынына ерекше көңіл бөлінді. Бұл туралы толық ақпаратты https://www.enpf.kz/ru/services/recipient/voluntary-benefits.php сілтемесі арқылы біле аласыздар.

«Ашық есік күніне» келген адамдар зейнетақы калькуляторы арқылы өз зейнетақысын міндетті жарналарды ескеріп есептеп қана қоймай, ерікті жарналар салғаннан кейінгі мүмкін пайданы да есептеп көрді.

«БЖЗҚ» АҚ филиалдарының барлығында іс-шараға қызығушылықпен көп адам қатысып жандандыра түсті.

«Ашық есік күнінің» соңында қатысушылардың барлығына бағалау сауалнамасы арқылы өз тілектері мен ескертулерін айту мүмкіндігі беріледі. Олардың барлығы жуырда міндетті түрде ескерілетін болады.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін көтеру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді.

Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).


* * * * *

5 сұрақ айдары

1. Мен таяуда жұмыстан шығып, «Болашақ» бағдарламасы бойынша магистратураға түстім. Мен бұл жағдайда зейнетақы жарнасын төлеймін бе?

Жоқ, төлеуге міндетті емессіз. Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару қағидалары мен мерзімдеріне сәйкес білім алу ұйымдарынан берілетін шәкіртақылардан, ҚР Үкіметі бекіткен мемлекеттік атаулы шәкіртақылардан және ҚР Президентінің арнаулы шәкіртақыларынан міндетті зейнетақы жарналары ұсталмайды және Қорға аударылмайды.  

2. Қайырлы күн! Менің жолдасым Өзбекстан азаматы. Бірақ Қазақстанда тұрақты тұрамыз. Осы жерде жұмыс істеп жатырмыз. Жолдасым Қазақстанның азаматы болмаса да кейін зейнетақыдан құралақан қалмас үшін осы бастан зейнетақы қорына жарна аудара ала ма?   

Әрине, Сіздің жұбайыңыз Қазақстанның зейнетақы жүйесіне қатысуға құқылы. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес елімізде тұрақты тұратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан азаматтарымен бiрдей зейнетақымен қамсыздандырылу құқығын пайдаланады. Бұл ретте жұмыс берушіге жеке басты куәландыратын құжатты (шетелдіктер үшін – шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат, ал азаматтығы жоқ адамдарға – азаматтығы жоқ адамның куәлігі) ұсынса болғаны, жұмыс беруші күйеуіңіздің жеке зейнетақы шотына зейнетақы жарналарын аудара бастайды.

3. Мен зейнетақы қорындағы жеке шотымның жай-күйі бойынша ақпаратты қалай алуыма болады?

Қазіргі уақытта зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты алудың бірнеше тәсілі бар. Сіз салымшы ретінде өзіңізге ыңғайлысын таңдай аласыз.

Мысалы, ақпаратты электрондық поштаңызға алуыңызға болады (бұл үшін «БЖЗҚ» АҚ кеңсесіне барып, жазбаша өтініш қалдыру керек).  

Ең ыңғайлы және ұтқыр тәсіл – бұл ақпаратты www.enpf.kz сайтындағы Жеке кабинет арқылы алу. Егер Сіздің логин мен пароліңіз немесе электрондық цифрлық қолтаңбаңыз бар болса, үйден немесе жұмыс кеңсесінен шықпай-ақ жеке шотыңыздың жай-күйін қадағалап тұруыңызға болады. Сонымен қатар смартфондар мен планшеттерге арналған ұялы қосымшаны пайдалануға мүмкіндік бар.

Егер ақпаратты «БЖЗҚ» АҚ мамандарынан алғыңыз келсе тіпті жақсы – Қордың бүкіл республика бойынша дербес қызмет көрсету орталықтары жұмыс істейді. Солардың біріне барып, жеке зейнетақы шотыңыздың жай-күйі туралы ақпаратты және Қор мамандарына сұрақ қойып, толыққанды жауаптар ала аласыз.

Олардан басқа, зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта немесе жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтініште ақпаратты алу тәсілі ретінде пошта байланысы көрсетілген болса, үзінді көшірме салынған хат әрбір жылдың басында сол пошта байланысы бойынша үйіңізге жеткізіледі.  

4. Осыдан екі ай бұрын немере ағам жол-көлік апатынан көз жұмды. Оның зейнетақы қорында жинақ ақшасы болуы мүмкін. Егер бар болса оны қалай алуға болады?

Жеке зейнетақы шотындағы ақша салымшының (алушының) меншігі болып табылады және ол қайтыс болған жағдайда да «БЖЗҚ» АҚ-та мерзімсіз сақтала береді. Қайтыс болған салымшылардың заң немесе өсиет бойынша мұрагерлері мұра қалдырушының зейнетақы шотының бар болуы, онда қанша ақша бар екендігі және оның қозғалысы туралы анықтаманы Қорға жазбаша сауал жолдау арқылы алуға құқы бар. Бірақ бұл үшін оларда Мұрагерлік құқығы туралы куәлігі болуы керек. Бұдан басқа мұндай анықтама соттарға да олардың жүргізуіндегі мұрагерлік істер бойынша беріледі.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы зейнетақы жинақтары өсиет бойынша және «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының 31-33 - баптарына сәйкес мұраға қалдырылады. Зейнетақы жинақтары бар адам қайтыс болған жағдайда, Қор қажет жағдайда (қанша уақыт өтсе де) оның отбасына немесе жерлеуді ұйымдастырған адамға жерлеуге арналған біржолғы төлем төлейді. Бұл төлем 1998 жылдан бері жүзеге асырылып келеді және оның көлемі әр жылдары әрқалай болып келді. Ал биыл оның сомасы тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 52,4 еселенген мөлшерінде (2525*52,4 = 132 310 теңге) белгіленген.

Бірақ бұл сома жеке зейнетақы шотында жатқан қаражаттан аспауы тиіс. Егер жерлеуге арналған біржолғы төлемнен кейін шотта қалған ақшаның сомасы ең төмен зейнетақы мөлшерінен (биыл: 36 108 теңге) аспайтын болса, онда бұл қалдық жерлеуге арналған бір жолғы төлемге қосылып төленеді. Заң бойынша жерлеуге арналған төлем 5 (бес) жұмыс күні ішінде алушының банк шотына аударылады.  

Жерлеуге арналған біржолғы төлемді алу үшін мынадай құжаттар талап етіледі: зейнетақы жинақтары бар қайтыс болған адамның отбасы мүшесінің немесе жерлеуді жүзеге асырған тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқасы, зейнетақы жинақтары бар адамның қайтыс болғаны туралы куәліктің көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқасы және алушының банк шоты туралы мәліметтер.

Ал зейнетақы қорында жерлеуге арналған біржолғы төлемнен кейін қалған зейнетақы жинақтарын алу үшін Мұрагерлік құқығы туралы куәлік қажет. Оны алу үшін мұрагер нотариусқа жүгініп, өтініш береді.

5. Зейнетақы қорында менің ерікті жарналар есебінен жинақ ақшам бар. Оны зейнет жасына жетпей ала аламын ба?

Ерікті зейнетақы жинақтарының артықшылығы сол, оны зейнет жасына толғанға дейін, яғни – 50 жастан бастап ала беруге болады.

«БЖЗҚ» АҚ-тан ерікті жарналар есебінен қалыптасқан жинақтарды алу үшін мынадай құжаттар ұсынылады:

1)    алушының жеке басын куәландырушы құжаттың көшірмесі және оны салыстыру үшін түпнұсқасы;

2)    алушының банк шоты туралы мәліметтер.

Атап өту керек, салымшылардың бұл тобына мүгедек болып табылатын және

Қазақстаннан тыс жерлерге тұрақты тұруға кететiн немесе кеткен және кету ниетiн немесе дерегін растайтын құжаттарды ұсынған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар қосыла алады.

Еске саламыз, Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 326-бабының талаптарына сәйкес БЖЗҚ-дан жүзеге асырылатын зейнетақы төлемдері салық салуға жататын табысқа жатады.


* * * * *

«БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күніне» шақырады

Тақырып: «Ерікті зейнетақы жарналары – өзіңіздің және жақындарыңыздың қамын ойлаңыз»

2019 жылғы 20 қыркүйекте сағат 10:00-да «БЖЗҚ» АҚ Қостанай областық филиалында Қостанай қ. Әл-Фараби, 65 үй (212 к.) мекенжайында «Ашық есік күнін» өткізеді.

«Ашық есік күні» аясында «БЖЗҚ» АҚ филиалдарының мамандары ерікті зейнетақы жарналары бойынша насихаттау жұмысын жүргізеді.

Қор мамандары өз зейнетақы капиталын қалыптастыру маңызы туралы және ерікті зейнетақы жарналарының келешек зейнетақыға әсері туралы айтып береді.

Ниет білдірушілердің барлығы басты күн тәртібі бойынша ғана емес, зейнетақы жүйесінің қызметі мен жеке салымдарға қатысты басқа тақырыптар бойынша да жауап ала алады.

«БЖЗҚ» АҚ өз салымшыларын, алушыларын және ниет білдірушілердің барлығын «Ашық есік күнінде» күтеді!


* * * * *

Баспасөз аңдатпасы

БЖЗҚ-дағы Ашық есік күні

Халық арасындағы насихаттау жұмысы аясында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 20 қыркүйекте Қазақстан аумағындағы өзінің барлық филиалында «Ашық есік күнін» өткізеді.

Күннің басты тақырыбы – «Ерікті зейнетақы жарналары – өзіңіздің және жақындарыңыздың қамын ойлаңыз». Қазір – бұл зейнетақы жинақтары саласындағы ең жиі талқыланатын мәселелердің бірі. Қор мамандары келешекте салымшыларды қандай артықшылықтар мен бонустар күтіп тұрғанын айтып береді.

Сонымен қатар бұл іс-шара мақсаты – зейнетақы жүйесінің жалпы жұмысына қатысты басқа да мәселелер бойынша салымшыларды кешенді хабарландыру.

Іс-шараға қатысушылардың барлығына бағалау сауалнамасы арқылы өз тілектері мен ескертулерін айту мүмкіндігі беріледі.

Сіздерді «БЖЗҚ» АҚ кеңселерінде күтеміз!

Біз сіздерді Қостанай қ. Әл-Фараби, 65 үй (212 к.) мекенжайындағы «БЖЗҚ» АҚ Қостанай областық филиалында кеңсесінде күтеміз.

* * * * *

5 сұрақ

1.     Менің азық-түлік дүкенім бар. Зейнетақы жарналарын өзімнің және жұмыскерлерімнің пайдасына қалай аударамын?

Міндетті зейнетақы жарналарын заңды тұлғалардың, жеке кәсіпкерлердің, жеке практикамен айналысушылардың және басқа да адамдардың пайдасына аудару мерзімі мен тәртібі ҚР заңнамасында көрсетілген.  

Егер Сіз жеке кәсіпкер ретінде жұмыс істейтін болсаңыз, міндетті зейнетақы жарналарын өз қарамағыңыздағы қызметкерлеріңіздің зейнетақы шотына табыстар төленген айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей төлеуіңіз қажет. Ал өз пайдаңызға аударылатын жарнаны – есептегі айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей төлейсіз.

Арнайы салық режимін патент негізінде қолданатын жеке кәсіпкерлер міндетті зейнетақы жарналарын патент құнын төлеуге арналған мерзімде аударады. Бұл ретте салық кезеңі – бір күнтізбелік жыл. Демек, міндетті зейнетақы жарналары жылына бір рет патент алғанға дейін төленеді. Толығырақ БЖЗҚ сайтының «Қызметтер»-«Зейнетақы жарналарын қалай жүзеге асырады»бөлімінен оқи аласыз.

2.     Мен өзімді-өзім жұмыспен қамтушымын. Ерікті зейнетақы жарналарын аудара аламын ба?

Сіз жеке тұлға ретінде ерікті жарналарды өз табысыңыздың есебінен өз пайдаңызға немесе үшінші тұлғаның пайдасына аудара аласыз. Сәйкесінше ерікті жарналар өзіңіздің және үшінші тұлғаның зейнетақы капиталын толықтыруға мүмкіндік береді. Бұл ретте ерікті жарналардың мөлшерін, оларды аудару және Қордан алу тәртібінҚормен өзара келісе отырып өзіңіз белгілейсіз.

Айта кетелік, айлық табысыңызға қарай ерікті зейнетақы жарналарының мөлшері ай сайын өзгеріп тұруы мүмкін.Ерікті жарналарды өзіңіз төлеуіңіз қажет. Бұл үшін БЖЗҚ-мен зейнетақы шартын жасасып, ерікті жарналарды Қордың шартта көрсетілген деректемелеріне банк арқылы аударып тұрасыз.  

Қазіргі кезде ерікті жарналар бойынша шот ашудың екі жолы бар. Бірі – жеке басты куәландыратын құжатпен Қор бөлімшесіне келу арқылы, екіншісі – үйде отырып-ақ, Қордың ресми сайты арқылы ашу. Соңғысы өткен жылдың шілде айында іске қосылған.Бұл қызметті пайдалану үшін электрондық цифрлық қолтаңба қажет. Ал оны Халыққа қызмет көрсету орталығы (ХҚО)береді.Бұл туралы толық ақпаратты Қор сайтынан оқи аласыз.

3.     Мен фрилансермін. Екі-үш тапсырыс берушімен азаматтық-құқықтық сипатта шарт жасасқанмын. Енді зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын қалай төлеуге болады?

Егер Сіз салық агенттерімен азаматтық-құқықтық сипатта шарт жасасу арқылы жұмыс атқаратын болсаңыз, Сіз үшін міндетті зейнетақы жарналарын Қорға осы салық агенттері төлейді. Ал салық агенттері деген кімдер? Олар:заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар және кәсіби медиаторлар болуы мүмкін. Бұл ретте жарналар мен шарттардың санына шектеу қойылмайды: егер үш шартыңыз болса, жарналар сол үш шартыңыз бойынша түседі.  

Ал егер салық агенті болып табылмайтын жеке тұлғалармен азаматтық-құқықтық сипатта шарт жасасқан болсаңыз, онда Сіз осы шарт бойынша алған табысыңыздан Қорға зейнетақы жарналарын төлеуден босатыласыз. Бірақ бұл жарналарды Қорға өз еркіңізбен төлеуге құқыңыз бар. Бұл қомақты зейнетақы жинақтарын қалыптастыруға оң әсер етеді. Яғни, еңбек өтіліңіз үздіксіз жүріп отырады. Ал бұл базалық зейнетақыны жоғары мөлшерде алуға мүмкіндік береді. Жарналар екінші деңгейдегі банктер немесе Қазпошта арқылы төленеді.

4.     Бірыңғай жиынтық төлемді төлей бастадым. Бірақ бірнеше айды жіберіп алдым. Мен енді осы ағымдағы айда бірыңғай төлемді өткен айлар үшін төлей аламын ба?

Жоқ, бірыңғай жиынтық төлемді ағымдағы ай мен алдағы айлар үшін ғана төлеуге болады.

Жеке тұлғалар бұл төлемді өз бетімен екінші деңгейдегі банктер және жекелеген банк операцияларын орындайтын ұйымдар немесе Қазпошта арқылы қолма-қол ақшамен немесе банктегі шоты арқылы Мемлекеттік корпорацияның банк шотына аударады.

Төлеушілердің бірыңғай жиынтық төлемін төлеуді олар өз бетінше немесе үшінші жақтың пайдасына жасайды, бұл бірыңғай жиынтық төлемді төлеудің «ММЖЖЖ» форматында көрсетілген мерзімін көрсете отырып жүзеге асырылады.

5.     Адвокаттық практикамен айналыса бастадым. Адвокаттар міндетті зейнетақы жарналарын өз пайдасына қандай мөлшерде аударулары тиіс?

Адвокаттар, жеке сот орындаушылары, жеке нотариустар, кәсіпқой медиаторлар және жеке кәсіпкерлер міндетті зейнетақы жарналарын өз пайдаларына өз бетімен аударып отырады. Бұл ретте міндетті зейнетақыжарналары алынатын табыстың 10 пайызы мөлшерінде, бірақ ең төменгі жалақы мөлшерінің 10 пайызынан кем емес және 50 еселенген мөлшерінің 10 пайызынан жоғары емес мөлшерде белгіленеді. Жарна үшін есептелетін табысты олар өз бетімен айқындайды.  

Табыс болмаған жағдайда, Сіз тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінің 10 пайызы есебімен өз пайдаңызға міндетті зейнетақы жарналарын төлеуге құқылысыз.

* * * * *

2019 жылдың 1 тамызына қарай БЖЗҚ-ның негізгі көрсеткіштері

Зейнетақы активтерінің табыстылығы инфляциядан жоғары

2019 жылдың 1 тамызына қарай жарналардың барлық түрі бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 10,17 трлн теңгені құрап, жыл басынан бері 8 пайызға, ал бір жыл ішінде 1,6 трлн теңгеге немесе 19 пайызға өсті.

Зейнетақы шоттарының барлық түрі бойынша келіп түскен зейнетақы жарналарының сомасы жыл басынан бері 549,2 млрд теңге болды. Бұл ретте міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) бойынша жинақтар сомасы 9,9 трлн теңгені құраса, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша жинақтар сомасы 224,9 млрд теңгеге және ерікті зейнетақы жарналары бойынша (ЕЗЖ) жинақтар сомасы 1,9 млрд теңгеге жетті.

2019 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша салымшылар мен алушылардың МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ бойынша жеке зейнетақы шоттарының жалпы саны жыл басынан бері 152 мыңдай шотқа көбейіп (жүйден шыққан қатысушылардың жабылған шоттары ескерілді), 10,3 млн бірлікті құрады.

2019 жылдың жеті айы ішінде зейнетақы төлемдерінің жалпы сомасы 124 млрд астам теңгені құрады. Салыстырып қарасақ, былтырғы жылдың сәйкес кезңінде зейнетақы төлемдерінің жалпы сомасы 110,9 млрд теңге болған.Бұл ретте жасына байланысты төлемдер – 43,9 млрд теңге, ҚР аумағынан тыс жерлерге тұрақты кетуге байланысты төлемдер – 26,2 млрд теңге, ал сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдар – 35,5 млрд астам теңге болды. 2019 жылы сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдар көлемінің елеулі түрде артқанын атап өткен жөн (2018 жылдың 7 айы ішінде ол 11,1 млрд сәл астам теңгені құраған еді). Өйткені 2019 жылы міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары енгізілген күннен бастап (01.01.2014ж.) толық 5 жыл өтті. Сәйкесінше өз пайдаларына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары кемінде күнтізбелік 60 ай (5 жыл) төленген 50 жасқа толған адамдар (ерлер мен әйелдер)өздері таңдаған сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасу мүмкіндігіне ие болды. Бірақ бұл үшін Қордағы міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан жинақ ақша ай сайын кемінде ең төмен зейнетақы мөлшерiндегі зейнетақыны төлеп тұруға жеткілікті болуы тиіс.Жыл басынан бастап күні бүгінге дейін 1,2 мыңнан астам адам осы құқықтарын пайдаланып үлгерді. Олар сақтандыру ұйымдарына жиынтық жинақтары есебінен шамамен 16,2 млрд теңгені аударды.Осылайша еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын адамдар үшін Қордан МКЗЖ есебінен зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу түріндегі жеңілдік толығымен жүзеге асырылып жатыр.

2019 жылдың 7 айы ішінде салымшылар мен алушылардың шоттарына есептелген таза инвестициялық табыс сомасы 363,2 млрд теңгеден асты. Зейнетақы жинақтарының табыстылығы жыл басынан бері 3,77 пайыз, ал инфляция 2,8 пайыз болды. Егер бұл көрсеткішті жылдық тұрғыда алып қарайтын болсақ, зейнетақы жинақтарының табыстылығы соңғы 12 ай ішінде 9,65 пайызды құрады. Бұл кезеңде инфляция деңгейі 5,4 пайызды көрсетті. Осылайша зейнетақы активтерінің табыстылығы инфляциядан жоғары болып, нақты табыстылық 4,25 пайызға жетіп отыр.  

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

* * * * *

«БЖЗҚ» АҚ 2019 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысын жариялады

2019 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша БЖЗҚ қызметінің негізгі көрсеткіштері сенімді оң динамиканы көрсетеді: 2019 жылдың 1 шілдесіне қарай зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 9,99 трлн. теңгені құрап, жыл басынан бері 7% - ға немесе 615 млрд.теңгеге ұлғайды.

2019 жылдың бірінші жартыжылдығында жинақталған зейнетақы қаражатының өзгеруі 464,8 млрд.теңге мөлшерінде зейнетақы жарналарының, 107,6 млрд.теңге мөлшеріндегі зейнетақы төлемдерінің, сондай-ақ, 257,5 млрд.теңге көлеміндегі инвестициялық кірістіңтүсулерімен байланысты.

01.07.2019 ж. қарай міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтары 9,8 трлн. теңгені, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ)есебінен - 220,0 млрд.теңгені, ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ)есебінен-1,9 млрд. теңгені құрады.

2019 жылдың 1 шілдесіне қарай МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ жеке зейнетақы шоттарының жалпы саны (техникалық шоттарды қоспағанда) 10,3 млн. шотты құрап, жыл басынан бастап 1,2%-ға немесе 119,3 мың шотқа өсті (жүйеден шыққан қатысушылар бойынша шоттардың жабылуын ескере отырып).

Бұл ретте МЗЖ бойынша жеке зейнетақы шоттарының саны (техникалық шоттарды есепке алмағанда) жыл басынан бастап 1%-ға немесе 100 мың шотқа (жүйеден шыққан қатысушылар бойынша шоттардың жабылуын ескере отырып) ұлғайып, 9,7 млн.шотты құрады.

Техникалық (сәйкестендірілмеген) шоттар саны есептік кезеңде 216,3 мыңнан 201,8 мың шотқа дейін 7%-ға азайды.

2019 жылдың бірінші жартыжылдығында БЖЗҚ-да 155 821 салымшы үшін жеке зейнетақы шоттары ашылды. Алғаш рет БЖЗҚ-да шот ашқандардың 22%-ы 20 жасқа дейінгі топты құрады, 36,2% - 21-ден 30 жасты, 18,3%- 31-ден 40 жасты, 13,6%- 41-ден 50 жасқа дейінгі, 9,9% - 51 жастан жоғары топтарды құрады.

2019 жылдың бірінші жартыжылдығындағы зейнетақы төлемдерінің жалпы сомасы 107,6 млрд. теңгені құрады. Бұл ретте жасына байланысты төлемдер 41 млрд.теңгені құрап, сақтандыру ұйымдарына 30 млрд. теңге аударылды, 21 млрд. теңге ҚР шегінен тыс жерлерге тұрақты тұруға кетуге байланысты төленді. Салыстыру үшін – өткен жылдың осы кезеңінде зейнетақы төлемдерінің жалпы сомасы 100,9 млрд.теңгені құрады.

2019 жылдың бірінші жартыжылдығында БЖЗҚ салымшыларының жеке зейнетақы шоттарына есептелген таза инвестициялық кіріс 257,5 млрд. теңгені құрады. Соңғы 12 айда зейнетақы активтерінің табыстылығы инфляция 5,4% болғанда 9,4% құрады. Осылайша зейнетақы активтері соңғы 12 айда 4% мөлшерінде нақты оң кірістілікке ие.

«БЖЗҚ» АҚ салымшылар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда. 01.01.2017 ж. - 01.07.2019 ж. аралығында Қор қызметкерлері 59,8 мың көшпелі тұсаукесерлер өткізіп, оған 1,8 млн. адам (немесе елдің жұмыспен қамтылған халқының 21%) қатысты.

2019 жылдың бірінші жартыжылдығында Қор кеңселерінде күн сайын Қазақстан бойынша 13 мыңнан астам қызмет көрсетілді.

2019 жылдың бірінші жартыжылдығында Қор қызметінің 80,5%-ы электронды форматта (онлайн) жүргізілді.

2019 жылдың бірінші жартыжылдығында Қор әртүрлі байланыс арналары арқылы келіп түскен 300 мыңға жуық салымшылардың (алушылардың) өтініштерін қабылдап, өңдеді.


* * * * *

Алгоритмді жеңілдету – уақытты үнемдеу

«БЖЗҚ» АҚ қызмет көрсетуді одан әрі жетілдіруде. Енді Қор сайтында негізгі төлем түрлері бойынша ұсынылатын құжаттарды алдын ала тексеруге болады.

enpf.kz сайтында «Электрондық қызметтер» бөлімінде салымшылар мен төлем алушыларға ыңғайлы болу үшін қажетті құжаттарды пошта байланысы арқылы Қорға ұсынылуы мүмкін төлем түрлеріне сәйкестігін тексеру мүмкіндігі бар.

Сайтта құжаттарды тексеру қызметін келесі тұлғалар ала алады:

- ерікті зейнетақы жарналары есебінен БЖЗҚ зейнетақы төлемдеріне құқығы барлар;

- мерзімсіз уақытқа тағайындалған 1,2 топтардағы мүгедектігі барлар;

- Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға қоңыс аударғандар;

- қайтыс болған салымшы/алушының зейнетақы жинақтарының мұрагерлері.

Құжаттарды алдын ала онлайн-тексеру «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына ХҚО арқылы жасына байланысты төлемдерді алуға құжаттарды ұсынған кезде және жерлеуге төлемдер алу кезінде жүзеге асырылмайды, себебі мұндай құжаттар Қорға жеке жүгінген кезде беріледі.

Құжаттарды алдын-ала тексеру үшін бірнеше қарапайым қадамды орындау керек:

- сканерді баптау;

- форматы - A4 қағазын пайдалану;

- құжаттарды jpg/tif форматында сканерлеу және сақтау;

- көп парақты құжаттар бір файлда сақталуы тиіс;

- түсі бойынша сканерлеген кезде, суреттің сапасы 300 dpi форматында қолданылуы тиіс, себебі бұл формат құжаттардың анықтығы мен оқылуын қамтамасыз етеді.

Ұсынылатын құжаттар келесі шарттарға сәйкес келуі керек:

- зейнетақы төлемдерінің түрі бойынша, сканерленген құжаттардың толық пакеті зейнетақы төлемдерінің түріне және оларды БЖЗҚ-ға ұсыну әдісіне байланысты құжаттардың тізбесіне сәйкес ұсынылуы тиіс;

- зейнетақы төлемдерінің түрлері бойынша барлық құжаттарды түрлі түсті сканерлеу қажет (құжаттың түпнұсқасы талап етілген жағдайда құжаттың түпнұсқасын сканерлеу қажет, бұл ретте-шетелдік паспорттың/азаматтығы жоқ адамның куәлігінің/Қазақстан Республикасы азаматының паспортының түпнұсқасынан белгілері барсканерленген беттерді ұсынуға жол беріледі);

- түрлі түсті сканерленген әрбір көшірменің өлшемі 2 МБ-тан аспауы тиіс.

Зейнетақылық төлем түріне және БЖЗҚ-ға өтініш беру әдісіне байланысты құжаттар тізімі «Алушыларға қызметтер» бөлімінде қолжетімді.

Бұл қызметті алу үшін сіз https://www.enpf.kz/ru/elektronnye-servisy/checkdoc.php сілтемесіне өтуіңіз керек.

Аталған қызмет түрі уақытты үнемдейді және барлық қажетті құжаттарды түзетуге/толықтыруға мүмкіндік беріп, қойылған талаптарға сай болуға септігін тигізеді.


* * * * * 

Бірыңғай жиынтық төлем - Жартыжылдық қорытындысы

2019 жылдың басынан бастап Қазақстан заңнамасында жаңа жаңалық - Бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) енгізілді. Оны енгізудің басты себебі – бейресми жұмыспен қамтылған тұлғалардың қызметін тіркеуді жеңілдету.

Бүгінгі күні бұл төлем 4 міндетті төлемді бір реттік төлеммен алмастырады. Олар:

- жеке табыс салығы;

- БЖЗҚ-ға міндетті зейнетақы жарнасы;

- мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына міндетті әлеуметтік аударым (МӘСҚ);

- әлеуметтік медициналық сақтандыру Қорына әлеуметтік жарна (ӘМСҚ).

БЖТ төлеушілер - кәсіпкерлік қызметті жеке кәсіпкер ретінде тіркеусіз жүзеге асыратын, бір уақытта келесі шарттарға жауап беретін тұлғалар: бірыңғай жиынтық төлемді төлеген; жалданған қызметкердің еңбегін пайдаланбайтын, салық агенттері болып табылмайтын жеке тұлғаларға қызмет көрсететін және акцизделетін тауарларды қоспағанда, өздері өндіретін жеке қосалқы шаруашылықтардың ауылшаруашылық өнімдерін сатумен айналысатын тұлғалар болып табылады.

Сауда және ойын-сауық орталықтарының (СОО) аумағында қызмет атқаратын (белгілі жұмыстарды орындайтын) жеке тұлғалар; жеке практикамен айналысатын адамдар, тұрғын емес үй-жайларды жалға берушілер, жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеуден өткен азаматтар, сондай-ақ, оралмандарды қоспағанда, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар БЖТ төлеушілер ретінде есептелмейді.

Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес БЖТ төлеушілері болып табылатын жеке тұлғалар үшін БЖЗҚ-ға өз пайдасына төлеуге жататын, міндетті зейнетақы жарналары 2019 жылы төмендегідей:

-          республикалық және облыстық маңызға ие қалаларда, астанада – 2525 теңге

-          өзге елді-мекендерде – 1262 теңге.

Төлем жасаушыларға бұл соманы өз бетімен 4 төлемге бөлудің қажеті жоқ, ол бюджетке түскеннен кейін тағайындалуы бойынша автоматты түрде бөлінеді.

Бірыңғай жиынтық төлем сомасы «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ-мен келесі шамаларға бөлінеді:

10% - жеке табыс салығы (ЖТС);

20% – әлеуметтік аударымдар (ӘА);

30% – міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ);

40% – міндетті медициналық сақтандыруға аударымдар (ММСА).

Бірыңғай жиынтық төлемнің мөлшері алынған табыстың мөлшеріне тәуелді емес және қосымша есептеулерді (кірістер, шығыстар, шегерімдер, пайда) талап етпейді.

Табыс алынған әр ай үшін бірыңғай жиынтық төлемді төлеу қажет.

Бірыңғай жиынтық төлем режиміне түсетін азаматтардың барлық төлемдерді жеңілдетілген шарттарда төлеуге және әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне қатысуға мүмкіндіктері бар. Сондай-ақ, БЖТ артықшылықтарына міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысу және сомасы мен түрлері бойынша шектеусіз медициналық қызметтерге қол жеткізу, ММСА енгізілгеннен кейін медициналық мекемені таңдау құқығына ие болу жатады. Жүйеге қатысушының сондай-ақ, еңбек ету қабілетінен, жұмысынан, асыраушысынан айырылған, жүктілік пен босану, бала асырап алған, бала күтімі жағдайында да әлеуметтік төлемдерді алуға құқығы бар.

БЖТ төлеушілері болып табылатын қазақстандықтар үшін жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу арқылы жүйеге қатысу өтіліне байланысты базалық зейнетақы төлемін алу басты артықшылықтардың бірі болып табылады. БЖЗҚ-да өзінің зейнетақы жинақтарын толықтырудан басқа БЖТ төлеушілері үшін енді зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты базалық зейнетақы төлемін алу мүмкіндігі пайда болды.

Осылайша төлемнің осы түрі енгізілген күннен бастап өткен бірінші жартыжылдықта 121 977 жеке тұлға БЖТ арқылы БЖЗҚ-ға жалпы сомасы 112 млн теңге көлемінде міндетті зейнетақы жарналарын төледі.

Бірыңғай жиынтық төлемнің тағы бір артықшылығы мемлекет кепілдік берген әлеуметтік көмек түріндегі минималды жәрдемақыға айтарлықтайқаржылық өсімнің қосылуы, сонымен қатар азаматтардың табысын растау арқылы несиені төлеу қабілеттілігінің жоғарылауы болып табылады. Яғни, БЖТ-ні төлеуші ендітұрақты төлемдер арқылы төлем қабілеттілігін растап, банктен ресми түрде несие ала алады.

БЖТ екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жалпы сомамен төленуге жатады (мысалы, «Қазпошта» АҚ арқылы). Төлемді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының банктік шотына аудару керек. Бұдан әрі Мемлекеттік корпорация төлемді жеке табыс салығы (ЖТС) және әлеуметтік төлемдер түріндегі төлемдерге бөледі, содан кейін ЖТС аймақ бюджетіне, ал әлеуметтік төлемдерді БЖЗҚ, ӘСМҚ және ММСА аударады.

БЖТ төлеушілер салық есептілігін ұсынбайды. Қызметтің басталуын тіркеу (хабарлау) және қызметті тоқтата тұру (тоқтату) туралы өтініш талап етілмейді. Жеке тұлға төлем жүргізген күннен бастап бірыңғай жиынтық төлемді төлеуші болып есептеледі. Егер жеке тұлға төлемді тоқтатса, онда олБЖТ-ның төлемшісі болып есептелмейді.


* * * * * 

«Бес сұрақ» айдары

1. Менің жалақы мөлшерім аса көп емес, демек БЖЗҚ-ға зейнетақы жарналарын төлемеуіме болады ма?

Жоқ. ҚР барлық азаматтары ай сайынғы зейнетақы жарналарын төлеп, жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысуға міндетті. Зейнетақы жарналарының жиілігі жинақ көлеміне ғана байланысты емес, сонымен қатар жинақтаушы зейнетақы жүйесіндегі өтілге де байланысты. Жүйедегі өтіл базалық зейнетақыға тікелей әсер етеді. Зейнетке шығуға әлі уақыт бар болса да, банктерден несие алған кезде ай сайынғы зейнетақы жарналары маңызды көрсеткіш болып табылады. Бұл сіз үшін жүйеге белсенді қатысудың тағы бір ынталандырушы көрінісі.

Қазақстан Республикасның «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Занының 24 бабында тек белгілі санаттағы тұлғалардың бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын төлеуден босатылатыны туралы жазылған:

1)Заңның 11-бабының 1-тармағына сәйкес зейнеткерлік жасқа толған жеке тұлғалар (еркектер 63 жасқа толғанда, әйелдер 58 жасқа толған кезде. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап – әйелдер 58,5 жасқа толғанда, одан әрі жыл сайын жарты жылға ұлғайып, 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап - 63 жасқа толғанда);

2) егер мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе, бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар жеке тұлғалар босатылады. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын төлеу осы тармақшада көрсетілген адамдардың өтініші бойынша жүзеге асырылады;

3)әскери қызметшiлер (мерзiмдi қызметтегі әскери қызметшiлерден басқа), арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлері, сондай-ақ, арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап жойылған адамдар;

4) еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушылар;

5) салық агенттері болып табылмайтын жеке тұлғалармен жасалған, нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кірістер алатын, еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін жеке тұлғалар босатылады.

Бұл тізімге кірмейтіндердің барлығы зейнетақы жарналарын міндетті түрде төлейді,сол арқылы өзінің жеке зейнетақы капиталын қалыптастырады.

2. Жақын уақыттан бері кенші болып жұмыс істеймін. Маған түсіндіргендей, жұмыс беруші ай сайын 10%міндетті зейнетақы жарналарымен қоса, 5% міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарынөз есебінен аударуға тиіс екен. Салымдардың дер кезінде аударылғанын қалай қадағалуға болады? Жұмыс беруші салымдарды аудармай, уақытынан кешіктіріп жатса оған қандай шара қолданылады?

Әрине, зейнетақы шотының, міндетті және міндетті кәсіби зейнетақы жарналарының жай-күйін әркез тексеруге болады. Осыған орай, БЖЗҚ сізге барлық жағдайларды жасап отыр. Мысалы, БЖЗҚ-ның кез келген кеңсесіне баруыңызға болады. Онда шоттың жай-күйін біліп, сондай-ақ, ақпарат алу тәсілін таңдау туралы қосымша келісім жасауға болады: жылына бір рет әдеттегі пошта хаты арқылы немесе сіз таңдаған кезеңділікпен көрсетілген мекенжайға электрондық хат жіберу арқылы.Интернет арқылы ақпарат алу ең ыңғайлы болып табылады. Жеке кабинет арқылы немесе БЖЗҚ-ның ұялы қосымшасы арқылы шотыңызды тексеруіңізге болады. Осы тәсілді пайдалану арқылы жеке шотыңызды кез келген ыңғайлы уақытта қадағалай аласыз. Егер сізде электрондық цифрлық қолтаңба болса, онда үзінді көшірмеңізді тексеріп, Қорға бармай-ақ ақпарат алу тәсілін таңдай аласыз.

Енді міндетті кәсіби зейнетақы жарналары(МКЗЖ) ұғымына түсініктеме бере кетейік. МКЗЖ жұмыс берушінің өз пайдасы есебінен жұмысшы пайдасына аударылатын 5% қосымша жарнасы болып табылады. Қосымша жарна аудару себебі, кеншілер қауіпті, денсаулыққа зиянды еңбек жағдайларында, өндірістік орындарда жұмыс істейтін мамандықтар тізіміне кіреді. Денсаулыққа зиянды, өмірге қауіпті ортада жұмыс істейтін жұмыскерлер үшін қосымша зейнетақы жарналары аударылады.

Егер жұмыс беруші Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәртіпте және мерзімде арнаулы салық режимі қолданылатын шаруашылық субъектісі болмаса, табыстарды төлеу айынан кейінгі айдың 25-нен кешіктірілмей МКЗЖ төленіп отыруы тиіс. МКЗЖ уақытылы аударылуын салық органдары қадағалайды. Ал егер жұмыс беруші дер кезінде Сіздің зейнетақы шотыңызға қаражат аудармаса, салық органдары жұмыс берушіден әрбіркешіктірілген күн үшін есептелген сыйақы сомасымен бірге БЖЗҚ-ғы шотыңызға ай сайынғы салымды аудартады.

3. Қазақстанда зейнетақы жарналарының сақталуының қандай кепілдіктері бар?

Қазақстан Республикасының «Зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңында көрсетілгендей мемлекет жинақталған зейнетақы қаражатының сақталуын қамтамасыз етуді 2003 жылы қолға алды. Сол уақыттан бастап мемлекет жеке зейнетақы шоттарындағы қаражатты қорғауды өз міндеттемесіне алды. Бұл іс жүзінде жасалған жарналар көлемінде ғана емес, сонымен қатар инфляцияны ескере отырып жүзеге асырылады. Егер зейнеткерлік демалысқа шығу уақытында жинақ инфляцияға қарағанда төмен болса, онда бұл айырмашылық республикалық бюджет есебінен өтеледі. Бұл механизм қаржы дағдарысы салдарынан зейнетақы активтерінің табыстылығы төмендеген кезде 2009 жылдан бері белсенді түрде жұмыс істеп келеді.

Қаржы нарықтарындағы ахуалға байланысты зейнетақы активтерін инвестициялаудың кірістілігі инфляция деңгейінен жоғары немесе төмен болуы мүмкін. Осыған байланысты іс жүзінде жасалған жарналар мен нақты жинақ көлемі арасында айырмашылық бар. Демек, қызметкер зейнетке шықса, жинақталған зейнетақы жүйесіндегі барлық кезең үшін инфляция деңгейіне байланысты өзінің жинақталған зейнетақы қаражатының табыстылығын есептейді. Инвестициялық кіріс инфляция деңгейінен асып кетсе, онда салымшыға мемлекеттік кепілдік төленбейді. Мемлекет тарапынан кепілдік табысы инфляция деңгейінен төмен болатын тұлғаларға ғана беріледі.

Мемлекеттік кепілдік зейнетақы төлемдерін алуға құқығыбар салымшыларға төленеді. Бұл құқыққа: зейнеткерлік жасқа толған адамдар, мүгедектігі мерзімсіз уақытқа тағайындалған І және ІІ топтағы мүгедектер, ҚР аумағынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен азаматтар, сондай-ақ, міндетті зейнетақы жарналары мен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аударған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар ие болады. Мемлекеттік кепілдік алуға құқығы бар салымшы қайтыс болған жағдайда, қаражатмұрагерлерге аударылады. Бұл үшін өтініш пен жеке куәліктің көшірмесінен басқа мұрагерлерге қайтыс болу және мұраға құқық туралы нотариалды куәландырылған куәліктерді ұсынулары қажет.

4.Мен 2-ші топтағы мүгедекпін. Өзімді қызықтыратын сұрақтар бойынша жеке кеңес алғым келеді. Осы ретте қызметкерлер үйге келіп, маған қызмет көрсете алады ма?

Иә, әрине. 1 және 2 топтағы мерзімсіз мүгедектігі бар адамдар үйлерінде кеңес ала алады. Осы мақсатта Қорда «Мобильді агент» қызметі бар - ол денсаулығына байланысты кеңсеге өз бетімен бара алмайтын адамдарға баратын қызметкер. Осы қызмет түріне ие болу үшін сайтта өтінім қалдырып немесе 1418 нөміріне қоңырау шалу керек.

Сіздің қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету үшін Қор қызметкерлері алдын-ала қоңырау шалып, келетін күнін және уақытын хабарлайды. Сондай-ақ, әр қызметкерде қызметтік куәлігі болады, сондықтан күмән туындаса, сіз 1418 нөмірі арқылы Қордың байланыс орталығына хабарласып, осындай маманның шынымен БЖЗҚ-дақызмет жасайтынын біле аласыз.

«Мобильді агент» сапалы жұмыс істеу үшін барлық қажетті құралдармен жабдықталған: ноутбук, USB-модем, құжаттарды сканерлеуге, шығаруға арналған портативті көпсалалы құрылғы және т.б. Мұның бәрі салымшыларға БЖЗҚ-ның барлық қызметтер түрін алуға мүмкіндік береді: кеңседен тыс мамандар үзінді көшірме мен келісімшарт көшірмесін береді. Сондай-ақ, кеңес беріп, үзінді көшірме салынған конвертті күтпейтіндей, кез келген уақытта смартфон немесе компьютер арқылы өзінің жеке кабинетіне кіріп, барлық қажетті ақпаратты көре алатындай хабардар ету тәсілі туралы қосымша келісімдер жасайды.

5. Біз БЖЗҚ кеңсесі жоқ шалғай ауданда тұрамыз. Енді барлық қызметтерді Қазпошта бөлімшелерінен алуға болатыны жайлы естідім. Бұл ақпарат қаншалықты рас?

Дұрыс ақпарат. 2019 жылдың 15 сәуірінен бастап еліміздің шалғай елді мекендерін зейнетақы қызметтерімен қамту мақсатында «БЖЗҚ» АҚ және «Қазпошта» АҚ Қор салымшылары мен алушыларына қызмет көрсету бойынша бірлескен жобаны іске қосты. Бүгінгі күні 94 елді мекен тұрғындары Ұлттық пошта байланыс операторы арқылы келесі қызмет түрлерін ала алады:

·салымшының (алушының) қосымша деректемелерін (жеке куәлігінің нөмірі, телефон нөмірі, электрондық және пошталық мекенжайы) өзгерту/толықтыру туралы өтініш беру).

·ақпараттандыру тәсілін өзгерту (анықтау) туралы келісімге қол қою (оның ішінде «БЖЗҚ» АҚ қызметтеріне электрондық форматта қол жеткізу үшін).

«Қазпошта» АҚ арқылы қызмет көрсетуге Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарының елді мекендері қосылған.

Сіздің елді мекеніңіз біздің қызметтер көрсетілетін тізімде бар/жоғы жайлы Қор сайтынан біле аласыз https://www.enpf.kz/ru/services/kazpost/index.php

БЖЗҚ кеңселері жоқ шалғай елді мекендер мен аудандар үшін «Казпошта» АҚ-да «Мобильді кеңсе» көшпелі қызмет көрсету бөлімі сәтті жұмыс істейді, ол online режиміндебарлық қызметтерді ұсынады.

«Мобильді кеңсе» - ол барлық қажетті техникамен және спутниктік байланыспен жабдықталған заманауи жоғары технологиялық микроавтобус. Бұл жылжымалы дербес қызмет көрсету орталығы барлық қызметтерді ұсынады және кеңседен еш кем емес: мұнда операторлар үшін екі автоматтандырылған жұмыс орындарымен жабдықталған жұмыс бөлімі, азаматтар үшін отыратын орындар және күтушілер үшін қосымша қарастырылған үш орынды орындықтар бар. Бір келгенде «Мобильді кеңсе» қызметкерлері орта есеппен 60-қа жуық салымшыға қызмет көрсетеді.

«Мобильді кеңсе» арқылы Қор бөлімшелерінде көрсетілетін қызметтер түрін алуға болады. Атап айтқанда - жеке зейнетақы шотын ашу, ақпараттандыру тәсілін өзгерту, шоттан үзінді көшірме алу немесе зейнетақы жинақтарын сақтандыру компаниясына аударуға өтініш беру.

Шалғай аудандарға көлік алдын-ала жоспарланған кесте бойынша жол жүреді. Барлық бағыттар жергілікті атқарушы органдармен келісіліп, тұрғындар мамандардың келуіне дейін хабардар болады. Сондықтан сіз жергілікті атқарушы органға елді-мекеніңізді сапар кестесіне қосу туралы өтінішпен хабарласыңыз.


* * * * *

2019 жылғы 05 тамыз

БЖЗҚ зейнетақы жинақтарын алу қажеттілігін ескертеді

Зейнеткерлік жасқа толған және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы жинақтары бар, бірақ қандай да бір себептермен оларды алмаған адамдар «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының бөлімшесінежүгінуі қажет. Бұл ретте БЖЗҚ 2018 жылдың қазан айына дейін зейнеткерлік жасқа толған азаматтардың зейнетақы жинақтарын алу үшін Қорға, ал мемлекеттік бюджет есебінен базалық және ортақ зейнетақыны алу үшін Мемлекеттік корпорацияға жүгініп келгенін еске салады.

2018 жылдың 11 қазанынан бастап жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау барысында «Бір терезе» қағидаты қолданылады –яғни, зейнеткерлік жасқа толған азаматтар мемлекеттік бюджет есебінен жасына байланысты зейнетақы төлемдері мен базалық зейнетақыны, сондай-ақ БЖЗҚ-дан міндетті зейнетақы жарналары мен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін алу үшін бірыңғай өтінім мен құжаттар топтамасын тек бір жерге –Мемлекеттік корпорацияның Халыққа қызмет көрсету орталығына (ХҚО) тапсырулары қажет.

Осыған байланысты БЖЗҚ зейнет жасына толған азаматтарға Қорда зейнетақы жинақтарының бар-жоғын тексеруді, егер бар болса, Мемлекеттік корпорацияның жергілікті бөлімшесіне бару керектігін хабарлайды. Толық ақпаратты Қордың байланысорталығының 1418 тегін нөміріне хабарласу немесе жергілікті бөлімшесіне бару арқылы алуға болады. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері –Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады.

2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kzсайтында).

* * * * *

2019 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелі

2019 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 9,99 трлн теңгені құрады.
Салымшылар мен алушылардың зейнетақы активтерінің табыстылығы 2018 жылдың шілде мен 2019 жылдың маусымы аралығында (өткен 12 ай ішінде) 9,4 пайызға жетті.
Дәл осы кезеңде инфляция деңгейі 5,4пайызды көрсетті. 2019 жылдың басынан бері есептелген инвестициялық табыстың жалпы сомасы 285,2 млрд теңгеден асты.
Зейнетақы активтері бойынша алынған инвестициялық табыстың құрылымы мынадай: -бағалы қағаздар, орналастырылған салымдар және «кері РЕПО» операцияларыбойынша сыйақы түріндегі табыстар 330,57 млрд теңге; -бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалаудан орын алған шығындар (31,79) млрд теңге;-шетелдік валютаны қайта бағалаудан орын алған шығындар (24,10) млрд теңге; -сыртқы басқарудан түскен табыстар 6,68 млрд теңге; -басқа да шығындар 3,85 млрд теңгені құрады.2019 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің инвестициялық портфеліндегі борыштық қаржы құралдарының өтелуі бойынша орташа табыстылық жылына 7,0 пайызды құрады.

Оның ішінде теңгеге номиналданғандары бойынша орташа табыстылық –жылдық 8,5 пайыз, ал шетелдік валютада –жылдық 3,7 пайызды құрады.Қордыңзейнетақы активтері портфелінің негізгі бөлігі Қазақстан Республикасының мемлекеттік құнды қағаздарына (40,31 пайыз) тиесілі. Бұл табысы ең тұрақты қаржы құралдарының бірі.

Есепті күнге қарай теңгеге номиналданған ҚР мемлекеттік бағалы қағаздарының өтелуі бойынша орташа табыстылық жылдық 7,5 пайызды, ал АҚШ долларында –жылдық 4,5 пайызды құрады.Шет мемлекеттердің мемлекеттік бағалы қағаздарының ағымдағы құны 2019 жылдың 1 шілдесіне 1 446,22 млрд теңгені құрап, жыл басынан бері 21,34 пайызға артты. Олардың портфельдегі үлесі 14,47 пайызды құрады.
БЖЗҚ зейнетақы активтерінің портфелінде шетел мемлекеттерінің МБҚ өтеугеорташа алынған кірістілігі есепті күнге 3,2 пайызды құрады.
ҚазақстанРеспубликасының квазимемлекеттік ұйымдарының 2019 жылдың 1 шілдесіндегі облигациялары зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелінің 13,71 пайызын құрады. Есепті күнге ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының теңгемен номиналданған облигациялары бойынша өтеуге орташа алынған кірістілік жылдық 10,2 пайызды, АҚШ долларымен -жылдық 5,0 пайызды құрады.

Екінші деңгейлі қазақстандық банктердің қаржы құралдары былайша келтірілген: портфельдің 12,69 пайызы облигацияларға орналастырылған, олардың орташа алынған кірістілігі ұлттық валютада жылдық 10 пайызды және АҚШ долларында 6,4 пайызды құрады; депозиттердің үлесі орташа алынған кірістілікпен жылдық 9,4% пайызды құрап, 2,66 пайызға жетті.

БЖЗҚ зейнетақы активтері есебінен сатып алынған қаржы құралдары номиналданған валюталар шеңберіндегі қаржы құралдарының инвестициялық портфелі былайша көрініс тапты: ұлттық валютадағы инвестициялар -68,23 пайыз, АҚШ долларында –31,36 пайыз, басқа валюталарда –зейнетақы активтері портфелінің 0,42 пайызын құрады.Қордыңсенімгерлік басқарудағы зейнетақы активтері портфелінің құрылымдық үлестірілімі БЖЗҚ Инвестициялық декларациясына толығымен сәйкес келеді.БЖЗҚ ресми сайтында зейнетақы активтерін басқару бойынша инвестициялық портфель туралы толық ақпарат жарияланған.
Ол мына сілтеме бойынша қолжетімді:https://www.enpf.kz/upload/medialibrary/f65/f657f047351a31b5e726c10056d5da2c.pdfИнвестициялық қызмет туралы толық есеп салымшылардың зейнетақы жинақтары қандай нарықтық баға бойынша қандай бағалы қағаздарға және қанша мөлшерде инвестицияланғаны жайындағы мағлұматтардан тұрады.

* * * * *

Салымшылардың алтын уақыты үнемделеді

БЖЗҚ жоғары технологиялық байланыс құралдарының көмегімен қашықтан байланыс жасау арналарын дамытып жатыр. Бұл қазіргі өркениеттің қарыштап дамып жатқан кезеңінде өте маңызды екені сөзсіз.

Интернет – белсенді қолжетімділік құралы, ал ұялы қосымша – ақпарат алудың заманауи тәсілі.Қазіргі уақытта олар көпшілік салымшылар үшін ең сұранысқа ие қызметтердің біріне айналған.

Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) мен құпиясөз немесе электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы кез келген уақытта www.enpf.kzсайтындағы Жеке кабинетке кіріп, зейнетақы жинақтарының жай-күйін, табыстылығын көруге болады. ЖСН мен құпиясөз және ЭЦҚ ұялы телефонға жүктелген ENPF ұялы қосымшасында авторлану үшін де қолданылады. Ұялы қосымшаны Android және iOS базасында жұмыс істейтін кез келген смартфон немесе планшетке тегін жүктеп алуға болады. Пайдаланушыларға ыңғайлы болуы үшін бұл қызмет қазақ және орыс тілдерінде жұмыс істейді. Салымшылар ENPF ұялы қосымшасы арқылы: зейнетақы шоттарының жай-күйін, зейнетақы жинақтарын төлеу жөніндегі өтініштің орындалу барысын, зейнетақы жүйесіндегі барлық өзгерістерді, Қордың жақын жердегі кеңсесінің мекенжайын анықтап, байланыс орталығына хабарласа алады.

Жинақтаушы зейнетақы жүйесі мен Қор қызметі туралы барлық сұрақтар бойынша жауап алу үшін БЖЗҚ байланыс орталығына 1418 нөмірі бойынша хабарласуға болады (Қазақстан бойынша телефон шалу тегін). Ағымдағы жылдың 5 айы ішінде Қор операторлары 171 290 қоңырауға жауап берген.

Қор сайты арқылы тиісті нысанды толтырып, кері қоңырау шалуға тапсырыс беруге болады. Қор мамандары өтініште көрсетілген уақытта хабарласып, барлық сұрақтарыңызға жауап береді. Бұдан басқа Қор сайты арқылы жазбаша түрде сұрақ қойып, жауап алуға мүмкіндік бар. Сондай-ақ онлайн кеңес беруші қызметі арқылы да онлайн тәртібінде ақыл-кеңес алуғаболады.

Жоғарыда аталған байланыс арналарынан бөлек, «БЖЗҚ» АҚ Басқарма төрағасы Жанат Құрмановтың жеке блогы үлкен танымалдыққа ие. Сол арқылы салымшылар Қор басшысына тікелей хабарласып, жинақтаушы зейнетақы жүйесі мен Қор қызметі туралы өздерін толғандырған барлық сұрақтар бойынша жан-жақты жауаптар ала алады.

2019 жылдың қаңтар-мамырында осы блог арқылы 114 сұраққа жауап берілді.Ақпараттардың толыққандылығы және ашықтығы БЖЗҚ-ға деген сенімді арттыра түседі.

What’s Арp сервисі арқылы +7 777 000 1418 нөмірі бойынша Қор маманына хабарласып, өзіңізді қызықтырған ақпаратты ала аласыз.

Telegram-bot қызметі де салымшылар арасында сұранысқа ие болып отыр. Сол арқылы зейнетақы шотыңыздан кішігірім үзінді көшірме алып, оны электронды поштаңызға жібере аласыз. Айтпақшы, осы сервистің көмегімен Жеке кабинетке арналған пароліңізді қалпына келтіріп, Қордың маңызды жаңалықтарымен және ағымдағы көрсеткіштерімен танысып, жақын маңдағы кеңсесінің мекенжайын анықтауға болады.  

Қашықтан байланысу арналарын дамыту уақытты үнемдеп қана қоймай, сонымен қатар қазіргі жастарды жинақтаушы зейнетақы жүйесіне тартуға септігін тигізеді. Ал олар әлеуметтік желілердің белсенді пайдаланушылары екені белгілі. Сәйкесінше Қордың «Одноклассники», «Facebook», «В контакте», «Twitter» және «Instagram»әлеуметтік желілерінде ресми парақшалары жұмыс істейді. 2019 жылдың 1 қаңтарындағы мәлімет бойынша оларға жазылушылардың жалпы саны 38 мыңнан асты.

Осылайша Қордың қашықтықтан байланыс жасау арналарын пайдалана отырып, салымшылар мен алушылардың жинақтары туралы мәліметтерді қоспағанда, БЖЗҚ қызметтері мен жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы ақпараттар және ақыл-кеңестер алуға болады. Бұл ретте салымшылар мен алушылардың жинақтары туралы мәліметтер құпия болып саналатындықтан, оны Жеке кабинет арқылы ЭЦҚ немесе ЖСН және құпиясөздің көмегімен анықтауға болады.

* * * * *

Салымшыларға ақпарат беру тәсілдері

«БЖЗҚ» АҚ зейнетақы шотынан үзінді көшірме алудың бірнеше тәсілі бар екендігі туралы тағы да салымшылар мен алушылардың есіне салады. Бұл заң жүзінде бекітілген құқық және оны Қор кеңсесіне келу, дәстүрлі пошта немесе электрондық тәсіл арқылы жүзеге асыруға болады.

Электрондық тәсілдің бірнеше нұсқасы бар:

– БЖЗҚ-ға ұсынылған электрондық пошта арқылы. Бұл жағдайда салымшы (алушы) зейнетақы шоты бойынша үзінді көшірмені электрондық пошта арқылы өзі таңдаған кесте бойынша: ай сайын, үш ай сайын, алты ай сайын немесе жыл сайын алады;

– электрондық цифрлық қолтаңба немесе логин мен құпиясөзді қолдана отырып, Қор сайтының Жеке кабинеті арқылы алу;

– электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегімен электрондық үкімет порталының   Жеке кабинеті арқылы алу. Бұл ретте бір реттік sms-парольді де пайдалануға болады. Ол үшін салымшы (алушы) электрондық үкімет порталының Жеке кабинетінде тіркеліп, үзінді көшірме алуға сауал жолдайды. Сонда оның ұялы телефонына бір реттік sms-пароль жіберіледі.

egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы мәліметтер алу үшін салымшылар осы сайттың «Азаматтар» санатына кіріп, «Әлеуметтік қамтамасыз ету» айдарын таңдайды. Одан әрі «Зейнетақымен қамтамасыз ету» бөлімінде қажетті ақпаратты алуға қол жеткізеді.

Зейнетақы шотынан ақпарат алу тәсілін мүлдем таңдамаған салымшыларға үзінді көшірме оған Қор кеңсесіне өздері келіп сұраған жағдайда ғана беріледі. Ақпарат алу тәсілін таңдау үшін салымшы (алушы) Қор кеңсесіне жеке басын куәландыратын куәлігін алып келеді. Бұл жерде хабарлау тәсілін өзгерту/анықтау туралы қосымша келісімге қол қояды. Кейін Қор мамандары ЖСН мен құпиясөздің көмегімен enpf.kz сайтының Жеке кабинетінде тіркелуге көмектеседі.

Егер электрондық цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) өзекті кілті болса, Қор кеңсесіне келмей-ақ, оның сайтының Жеке кабинетінде зейнетақы шотынан ақпарат алу тәсілін таңдауға және өзгертуге болады. Сондай-ақ Қор сайтының Жеке кабинетінде зейнетақы жинақтарыңыз бен есептелген инвестициялық табыстардың көлемін және зейнеткерлік жасқа толуға қанша уақыт қалғанын біле аласыз.

ЭЦҚ және ЖСН мен құпиясөзді қалта телефонындағы ENPF ұялы қосымшасына кіру үшін де қолдануға болады. Қосымшаны Android және IOS базасында жұмыс істейтін кез келген смартфон мен планшетке тегін жүктейаласыз. Ол қазақ және орыс тілдерінде жұмыс істейді. Ұялы қосымшадан шотыңыздың жай-күйін, зейнетақы жүйесіндегі өзгерістерді білуге, Қордың жергілікті кеңселерінің мекенжайларын көруге және Қордың байланыс орталығына хабарласуға болады. Бұл қызмет салымшыларға өздерінің зейнетақы жинақтарының жай-күйін аптасына 7 күн, тәулігіне 24 сағат бойы бақылауға мүмкіндік береді.

Бүгінде Қордың ұялы қосымшасы қазақстандықтар арасында өте танымал болуда.Ал заманауи байланыс құралдарын пайдалана алмайтындардыңзейнетақы шоты бойынша үзінді көшірмені пошта байланысы арқылы жылына бір рет алып тұруға мүмкіндіктері бар. Мекенжай өзгерген жағдайда бұл туралы Қорға міндетті түрде хабарлау қажет. Егер бұлай жасалсмаса БЖЗҚ алдағы уақытта зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты жібермеуге құқылы. Сонымен қатар БЖЗҚ зейнетақы шоттарында жинақтары жоқ салымшыларға да үзінді көшірме жібермейді.

* * * * *

«БЖЗҚ» АҚ барлық филиалында «Ашық есік күні» шарасы өтті

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорытұрғындар арасында зейнетақы жүйесіне қатысты барлық сұрақтар бойынша ақпарат беру-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді.

Бұл жолғы шараның жаңашылдығы мен артықшылығы сол, бұл күні Қор мамандарымен қатар тұрғындарға әлеуметтік қызметтер көрсететін мемлекеттік органдардың, қоғамдық және мемлекеттік емес бірлестіктердің өкілдері келушілерге әр түрлі сұрақтар бойынша жауаптар менақыл-кеңестер берді. Олар:

- «ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің еңбекәлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің департаменті»

- «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы»

- «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ

- «ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің басқармасы»

- «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі»

- «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»КЕАҚ

- «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ

- «Қазпошта» АҚ

Ашық есік күнін өткізудегі мақсат – салымшыларға зейнетақы және әлеуметтік сала бойынша жан-жақты ақпарат беру және тұрғындар арасында ең сұранысқа ие қызметтерді бір жерде көрсету.

Шара барысында азаматтарды бірінші кезекте зейнетақының неден құралатындығы қызықтырды. «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ өкілдері базалық және ортақ зейнетақы, ал Қор мамандары өз кезегінде зейнетақы төлемдерінің жинақтаушы бөлігі туралы әңгімеледі.Сонымен қатар шара барысында әлеуметтік сақтандыру туралы да сұрақтар қойылды. «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ қызметкерлері жұмыс берушілер үшін мұның міндетті екендігін еске салды.

Бала күтімімен декреттік демалыста жүрген әйелдер үшін бюджеттен міндетті зейнетақы жарналары бойынша қосымша көмекқаржы бөлінетіндігінен әйелдердің көпшілігі бейхабар болып шықты. Еске сала кетелік, жұмыс істейтін әйелдердің Қордағы жеке зейнетақы шотына баласы бір жасқа толғанша мемлекеттік бюджет пен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан міндетті зейнетақы жарналары аударылып отырады. Мұны «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы жүзеге асырады.

Аталмыш шара «БЖЗҚ» АҚ барлық филиалында жоғары деңгейде өтті. Келушілер көп болды және олар зейнетақы жүйесінің жұмысына үлкен қызығушылық танытты.

«Ашық есік күні» шарасының соңында қатысушылардың барлығы бағалау сауалнамасы арқылы өздерінің пікірлері мен ескертпелерін жазып қалдыруға мүмкіндік алды.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz


* * * * *

ХАБАРЛАНДЫРУ

«БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күні» шарасына шақырады

Зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру саласы бойынша кеңес беру қызметтерінің барлық түрі

2019 жылдың 21маусымында таңғы 10:00-да Қостанай қ. Әл-Фараби, 65 үй (212 к.)мекенжайында орналасқан «БЖЗҚ» АҚ Қостанай областық филиалында «Ашық есік күні» шарасы өткізіледі.

Осы шара аясында «БЖЗҚ» АҚ филиалдарының мамандары тұрғындарға әлеуметтік қызметтер көрсететін мемлекеттік органдардың, қоғамдық және мемлекеттік емес бірлестіктердің өкілдерімен бірлесе отырып, келушілерге жинақтаушы зейнетақы жүйесі, әлеуметтік қамсыздандыру мен әлеуметтік бағдарламалар және басқа да тақырыптар бойынша ақпарат ұсынады және ақыл-кеңес беру қызметтерін көрсетеді.

«БЖЗҚ» АҚ өзінің салымшылары мен алушыларын және барлық келем деуші азаматтарды «Ашық есік күні» шарасында күтеді.

* * * * *

Қазақстандықтардың зейнетақы жүйесіне деген сенім деңгейі артты

Жыл сайын жүргізілетін тәуелсіз әлеуметтік зерттеу қорытындысы шығарылды. Сол арқылы халықтың зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы қаржылық сауаттылығы, жинақтаушы зейнетақы жүйесі мен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) деген сенім деңгейі айқындалды.

Зерттеу қорытындысы бойынша:

–        бір жыл ішінде Қорға деген сенім деңгейі 10 баллдық шәкілде 5,7-ден (2017 ж. желтоқсаны) 6,4 баллаға дейін өсті;

–        бір жыл ішінде жинақтаушы зейнетақы жүйесіне деген сенім деңгейі 10 баллдық шәкілде 5,9-дан (2017 ж. желтоқсаны) 6,3 баллға дейін өсті;

–        жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы базалық деңгейге ие тұрғындардың үлесі 60,2 пайызды құрады (2017 ж. желтоқсанында бұл көрсеткіш 58,2 пайыз болған).

Зерттеу Қазақстанның 14 облысы мен республикалық маңызға ие 3 қаласының тұрғындарына жаппай сауалнамалық сұрақтар қою әдісі бойынша жүргізілді.  

Халықтың отандық зейнетақы жүйесіне деген сенім деңгейін анықтау аясында сауалнамаға қатысушыларға сенім деңгейін он баллдық шәкіл бойынша бағалау ұсынылды. Мұнда «10» саны – толық сенімді, ал «1» - зейнетақы жүйесіне мүлдем сенбеушілікті білдіреді.

Зерттеу көрсеткендей, халықтың Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесіне деген сенім деңгейінің орташа көрсеткіші 6,3 балл деңгейінде қалыптасты. Жалпы БЖЗҚ-ға деген сенім деңгейінің көрсеткіші Қазақстанның зейнетақы жүйесіне деген сенім деңгейінің көрсеткішімен тығыз байланысты. БЖЗҚ шын мәнінде қазіргі зейнетақы жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылады және сауалға жауап берушілердің көпшілігі Қорды жүйе жұмысын жүзеге асыру құралы ретінде қарайды. Соған қарамастан, сұхбат берушілердің БЖЗҚ-ға деген сенім деңгейін анықтауға бағытталған сауалнама Қорға деген сенім деңгейінің, аз да болса, Қазақстанның зейнетақы жүйесіне деген сенім деңгейінің жиынтық көрсеткішінен жоғары екендігін көрсетті.

БЖЗҚ-ға деген сенім деңгейінің орташа көрсеткіші 6,4 балл болды.

Облыстар мен республикалық маңызға ие қалалар тұрғысынан алып қарағанда зейнетақы жүйесіне ең көп сенім білдіргендер Алматы (7,19 балл) мен Жамбыл (7,13 балл) облысы және Алматы қаласының (7,10 балл) тұрғындары болды.Шығыс Қазақстан (5,16 балл), Ақтөбе (5,01) және Қарағанды облысының (4,71) респонденттері Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесіне аз сенім білдіретіндер болып шықты.

Егер қала және ауыл тұрғындарының жинақтаушы зейнетақы жүйесіне деген сенім деңгейін салыстырып қарайтын болсақ, онда Қазақстанның 10 облысында (14 облыстың ішінде) бұл көрсеткіш қала тұрғындарына қарағанда ауыл тұрғындары тарапынан жоғары. Ауыл халқының сенім деңгейінің орташа көрсеткіші – 6,4 балл болса, ал қала тұрғындарына қатысты көрсеткіш – 6,09 балл.

Тұрғындардың 78,3 пайызы (2017 жылдың қорытындысы бойынша 61 пайыз) еңбек қызметі аяқталған соң, қаржылық әл-ауқаттың негізі зейнетақы болады деген пікірмен келіседі. Бұл ретте тұрғындардың көпшілігі (сауалнамаға жауап бергендердің 44,9 пайызы) өздерінің қаржылық әл-ауқатының негізгі көзі Қордан төленетін зейнетақы жинақтары болады деген сенімде. Ал сауалнамаға жауап берушілердің 33,4 пайызы мемлекеттен төленетін зейнетақыға үміт артады. Бұдан басқа, сауалнамаға қатысушылардың пікіріне сүйенсек, болашақ қаржылық әл-ауқаттың тағы бір үшінші негізі – кәсіпкерлік. Яғни, жауап берушілердің 9,1 пайызы өз бизнесіне үміт артады. Мұндай жауапты негізінен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен өз бизнесін басқарып жүргендер беріп отыр.

Сауалнама нәтижесі жауап берушілердің басым бөлігі БЖЗҚ-ның рөлі мен оның жинақтаушы зейнетақы жүйесі үшін маңыздылығы туралы хабардар екендігін көрсетті. Бұл ретте респонденттердің басым бөлігі БЖЗҚ-ның негізгі атқаратын қызметін жақсы біледі. Демек бұл олардың жинақтаушы зейнетақы жүйесінде Қордың атқаратын рөлін жақсы түсінетіндігін көрсетеді. Жауап берушілер үшін Қор – оның кеңселері мен ресми сайты – жинақтаушы зейнетақы жүйесі бойынша негізгі ақпарат көзі екендігі сөзсіз үлкен маңызға ие.

Зерттеу барысында тұрғындарға қосымша түсіндіруді талап ететін тақырыптар анықталды. Мысалы, олар ерікті зейнетақы жарналары мен бірыңғай жиынтық төлем аясында төленетін міндетті зейнетақы жарналарының мөлшері мен оларды төлеу шарты, инвестициялық басқару және зейнетақы активтеріне есептелетін инвестициялық табыстың қалыптасу қағидалары секілді сұрақтар. Бұдан басқа, республикалық және жергілікті телеарналарды ақпарат беру арналары ретінде қолдану, сондай-ақ ақпаратты халыққа ұялы қосымша мен дербес кеңес беру арқылы жеткізу бойынша ұсыныстар берілді.    

Зерттеу тұжырымдары Қорға деген сенімді одан әрі нығайту және халықтың жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы хабардарлығын арттыру бойынша стратегиялық міндеттерді жүзеге асыру барысында ескерілетін болады.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz


* * * * *

«БЖЗҚ» АҚ құрылғаннан бері жинақталған инвестициялық табыс оң сипатқа ие

Ағымдағы жылдың 4 айы ішінде салымшылар мен алушылардың жеке зейнетақы шотына есептелген таза инвестициялық табыс көлемі 154,9 млрд теңгені құрады. Өткен 12 ай ішінде зейнетақы активтерінің табыстылығы 10,7 пайызға жетсе, бұл кезеңде инфляция деңгейі 4,9 пайызды көрсетті. Осылайша жылдық мерзімде зейнетақы активтерінің нақты табыстылығы инфляциядан 5,8 пайыздық тармаққа жоғары.

Әдетте нарықтық бағалау барысында зейнетақы активтерінің портфелінде бір қаржы құралы табыс әкелсе, екіншісі шығын әкелетіні белгілі. Бұл жалпы әлемдік құбылыс. Дегенмен БЖЗҚ құрылғаннан бері оның зейнетақы активтеріне есептелген қорытынды инвестициялық табыс оң сипатқа ие. Мысалы, 2015 жылдан 2018 жылға дейінгі аралықта жинақталған оң сипаттағы шынайы табыстылық (жинақталған инфляцияны шегергенде) 8,43 пайызды құрады.

Зейнетақы жинақтарының шынайы табыстылығы 2018 жылы5,97 пайызды, (бұл ретте жалпы табыстылық 11,27%, ал инфляция деңгейі 5,3%) және 2014 жылдың 1 қаңтары мен 2018 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі кезеңде жинақталған шынайы табыстылық 9,93 пайызды (бұл ретте жалпы табыстылық 59,38%, ал инфляция 49,45%) құрады.

Инвестициялық табыс салымшылар мен алушылардың шоттарына күн сайын есептеледі және оның көлемі шоттағы жинақ ақшаның сомасына, зейнетақы жарналарының мөлшері мен аударылу жиілігіне байланысты.

Инвестициялық табысты есептеу шартты зейнетақы бірлігінің (ШЗБ) құнына байланысты. Әрбір жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтары теңгемен және шартты зейнетақы бірлігі санымен есепке алынады. Зейнетақы шотына түскен әрбір зейнетақы жарнасының сомасын Қордағы шартты зейнетақы бірлігіне бөлу арқылы ШЗБ саны есептеп шығарылады. Мысалы, Сіздің жеке зейнетақы шотыңызға 10 000 теңге көлемінде зейнетақы жарнасы келіп түсті делік. 2019 жылдың 23мамырына қарай ШЗБ құны – 760,5 теңге дейтін болсақ, Сіздің шотыңызға есептелетін ШЗБ саны 13,2 бірлік болады (10 000 теңге/ 760,5 теңге).

2019 жылдың 24 мамырындағы жағдай бойынша ШЗБ құны 762 теңге болды делік. Бұл ретте шотқа есептелген инвестициялық табыс ескерілді. Енді осы күнгі ШЗБ санын есептеп шығарайық. Сіздің шотыңызға есептелген ШЗБ саны ШЗБ-ның ағымдағы құны негізінде былайша қайта бағаланады: 13,2 ШЗБ * 762 теңге = 10 058 теңге. Осылайша Сіздің зейнетақы жинақтарыңыз 2019 жылдың 24мамырына қарай 10 058 теңге болады. Бұл жерде зейнетақы жинақтары инвестициялық табыстан (58 теңге) және есептелген жарналардан (10 000 теңге) құралатындығын айта кеткен жөн.

Сонымен зейнетақы жинақтары инвестициялық табысты есептеуге байланысты көбейді. Соның арқасында ШЗБ құны 1,5 теңгеге артты (762 теңге – 760,5 теңге).

ШЗБ құнын Қордың www.enpf.kz сайтының басты бетінен күн сайын көруге болады. Зейнетақы жинақтарының көлемі жарналардың мөлшері мен тұрақты аударылуынажәне инвестициялық табыс сомасына тәуелді. Сондықтан жарналарды жеке зейнетақы шотына уақытылы және толық көлемде аудару өте маңызды.     

БЖЗҚ – Қазақстан Республикасы жинақтаушы зейнетақы жүйесінің барлық қаржылық және ақпараттық легінің бірыңғай әкімшісі және операторы. Қордың басты мақсаты – Қазақстан азаматтары БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтарын қалыптастыру мүмкіндігіне ие болуы үшін оларға барлық қажетті жағдайды жасау. Бұл үшін зейнетақы қызметтерінің сапасы мен қолжетімділігі одан әрі арттырылып, зейнетақы активтерінің есебі шынайы жүргізіледі, сондай-ақ зейнетақы жинақтарын жоспарлау мәдениетін арттыруға көмек көрсетіледі.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz


* * * * *

БЖЗҚ өзін-өзі жұмыспен қамтушылардың қамын ойлайды

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры халықтың зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы қаржылық сауаттылығын, жинақтаушы зейнетақы жүйесі мен БЖЗҚ-ға деген сенім деңгейін анықтау мақсатында биыл да тәуелсіз компанияның күшімен 2018 жылдың қорытындысы бойынша әлеуметтік зерттеу жүргізді. Зерттеу қорытындысы бойынша жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы базалық білімге ие тұрғындардың үлесі 60,2 пайызды көрсетсе, Қорға деген сенім деңгейі 10 баллдық шәкілде 6,4 баллға жетті. Бұл ретте сауалнамаға қатысқан тұрғындардың 78,3 пайызы (2017 жылдың қорытындысы бойынша 61 пайыз) еңбек қызметі аяқталған соң, қаржылық әл-ауқаттың негізі зейнетақы болады деген пікірмен келіседі. Демек адамдар ертеңгі күні, болашақ зейнетақысы туралы ойлана бастады деген сөз. Ал бұл экономикалық тұрғыдан тұрақты қоғамның негізі болып табылады.

Қор бүгінде белсенді тұрғындарды жинақтаушы зейнетақы жүйесімен қамту бағытында қарқынды жұмыс жүргізіп келеді. Сәйкесінше БЖЗҚ-ға деген сенім деңгейі арта түсетіндігіне сенім мол.     

Соңғы жылдары кішігірім болса да өз бизнесін жүргізетіндер, әрі қашықтықтан фрилансер болып жұмыс істеп, қызмет көрсететін өзін-өзі жұмыспен қамтушылар саны да артып келеді.Соңғы деректер бойынша елімізде мұндай адамдардың саны екі миллионнан асады. Олар негізінен өздеріне жұмыс істейді және әрине, табыстары тұрақты емес. Көпшілігі салық төлемейді және зейнетақы қорына жарна аудармайды. Ал мұның салдары кейін үлкен қиындыққа әкеп соғары hақ. Өйткені, олар зейнетақы жинақтары болмаған соң, қарттық шақта кедейлік қамытын киюі ықтимал. Бұл адамдар зейнетақы қорынан жеке зейнетақы шотын ашқан соң, өкінішке қарай, оған жарна аударып тұруды ұмытады.

Міне, Қор мамандары осындай «ұйқыдағы» (жинақ ақша бар, бірақ бірнеше жыл жарна аударылмаған) немесе «нөлдік» (бір тиын ақша жоқ) шоттардың иелерімен жарналарды тұрақты аударып тұру жайында ақпарат беру-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Мысалы, Қор мамандары 2019 жылдың басынан бері 180,8 мыңнан астам шоттың иелерімен байланыс орнатты. Олардың ішінде 9,2 мыңнан астам адамағымдағы жылдың 1 қаңтары мен 30 сәуірі аралығында шамамен 137 млн теңгеге зейнетақы жарналарын аударды. Жалпы белсенді емес шоттармен жұмыс жүргізу барысында Қор (2018 жылдың ақпаны мен 2019 жылдың 1 мамыры аралығы) шоттарына бірнеше жыл бойы жарна түспеген 810,8 мың адаммен байланыс орнатып, ақпарат беру-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Соның арқасында белсенді емес шоттарға жалпы сомасы 2,4 млрд астам теңгеге зейнетақы жарналары түсті.

2019 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 9,8 трлн теңгеге жетті. Жыл сайынғы өсім 20 пайызды құрап отыр. Бұған зейнетақы жарналарын Қорға тұрақты аударып отыратын белсенді салымшылардың арқасында қол жеткізіліп отыр. Олардың шоттарындағы жинақтардың сомасы орташа есеппен 5-10 млн теңгені құрайды. Қазірдің өзінде Қордан өз жинақтары есебінен ай сайын 300 мың теңгеге дейін зейнетақы төлемдерін алатын зейнеткерлер баршылық.

Өзін-өзі жұмыспен қамтушылар үшін зейнетақы жинақтарын қалыптастырудың бірнеше жолы бар.

Біріншіден, жалақысы тұрақты емес немесе жұмыс жағдайына және белгіленген салық тәртібіне байланысты зейнетақы жарналарын тұрақты төлей алмайтындар үшін ерікті зейнетақы жарналарын аудару – болашақта таптырмас табыс көзіне айналуы мүмкін. Бұл жарналардың мөлшері мен төлеу кезеңділігін салымшылар өздері белгілейді. Жеке тұлға бұл жарналарды өз табысы есебінен үшінші бір тұлғаның атына да аудара алады. Мысалы, зейнетақылары қомақты болуы үшін ата-аналарының атына немесе бала күтімімен уақытша үйде отырған жұбайының атына аударуы мүмкін. Заңды тұлғалар да өз кезегінде жеке тұлғалардың, мысалы, өз қызметкерлерінің атына, оларды жұмысқа ынталандыру үшін ерікті зейнетақы жарналарын аударуға құқылы.

Екіншіден, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры тұрғындар арасында әрбір қазақстандықтың жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысуы керектігі туралы кең көлемде ақпарат беру-түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Бұған қоса мемлекеттік деңгейде басқа да ынталандыру шаралары қолданылуда.

Азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыс істеп, қызмет көрсететін жеке тұлғалар 2018 жылдың шілдесінен бастап міндетті зейнетақы жарналарын өз бетімен екінші деңгейдегі банктер немесе Қазпошта арқылы төлеуге міндеттелді. Бұған дейін олар тек құқылы болатын. Бұл ретте 2019 жылдың қаңтарынан бастап олар үшін міндетті зейнетақы жарналарын төлеу тәртібі жеңілдетілді.  

Енді, егер жеке тұлғалар, олардың ішінде фрилансерлер жұмыс істеу үшін немесе қызмет қызмет көрсету үшін салық агенттерімен азаматтық-құқықтық сипатта шарт жасасатын болса, олар үшін Қорға міндетті зейнетақы жарналарын осы салық агенттері төлейді. Ал егер еңбек шарты бойынша жұмыс істемейтін жеке тұлғалар, олардың ішінде фрилансерлер салық агенті болып табылмайтын жеке тұлғалармен азаматтық-құқықтық сипатта шарт жасасатын болса, олар осы шарт бойынша алған табыстан Қорға міндетті зейнетақы жарналарын төлеуден босатылады. Бірақ бұл ретте олар Қорға міндетті зейнетақы жарналарын өз ұйғарымымен төлеуге құқылы. Жарналарды Қорға өз еркімен аудару жеке зейнетақы капиталын қалыптастыруға оң әсер етеді.

Үшіншіден, ағымдағы жылдың басынан бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) енгізілді. Ол өзін-өзі жұмыспен қамтушы жеке тұлғалардың бейресми қызметін тіркеуді оңайлатуға бағытталған.БЖТ арқылы төрт міндетті төлемді: мемлекеттік кірістер органына төленетін жеке табыс салығын (ЖТС), БЖЗҚ-ға төленетін міндетті зейнетақы жарналарын, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төленетін әлеуметтік аударымды және Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төленетін әлеуметтік аударымды бір төлеммен жүзеге асыруға болады. Осылайша адамдар барлық төлемдерді жеңілдетілген жағдайда жүзеге асырып, әлеуметтік қамсыздандыру мен медициналық сақтандыру жүйесіне қатысуға мүмкіндік алды. Бұдан басқа БЖТ төлеуші қазақстандықтар жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысып, жинақтарын молайтады және қатысу өтіліне қарай мемлекеттік базалық зейнетақыны жоғары мөлшерде алуға үміт арта алады. Өйткені, базалық зейнетақы еңбек өтілі мен жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне қарай тағайындалатыны белгілі. Бұл бағытта жақсы нәтижелерге қол жеткізілді.  

2019 жылдың 4 айы ішінде салымшылардың шоттарына жалпы сомасы 49,5 млн теңгеге 95,8 мың жарна келіп түсті.Бұдан басқа өнімді еңбекпен қамту және жаппай кәсіпкерлік бағдарламалары жұмыс істейді.   

Қазір жұмыссыз жүрген, бірақ тұрақты жұмыс істегісі келетіндер үшін жұмысқа тұру, жаңа мамандықты игері мүмкіндіктері пайда болып жатыр. Бұл да жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысудың маңыздылығын түсіндіруге бағытталған маңызды қадам болары сөзсіз.  


* * * * *

«Бес сұрақ» айдары

Мен шет ауылда тұрамын, аудан орталығы алыста. Мен секілділерге зейнетақы қызметтерін қолжетімді ету үшін Қорда қандай шаралар жүзеге асырылып жатыр?

Бүгінде еліміздің шалғай аудандарында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының «Мобильдік кеңсе» деп аталатын жобасы ойдағыдай жүзеге асырылып жатыр. Бұл жоба шалғайда орналасқан елдімекендер мен бөлімшелері жоқ аудандардың тұрғындарын зейнетақы қызметтерімен толыққанды қамту мақсатында қолға алынған. Соған сәйкес Қор филиалдарының мамандары халықтың әр түрлі әлеуметтік осал топтарымен жұмыс істейді. Олардың арасында қандай да бір себептермен кеңсеге келе алмайтын адамдар да бар. Жоба аясында қызмет көрсету үшін шағын автобус пайдаланылады. Ол жерсеріктік байланыс құралдары және басқа да қажетті заманауи техникалармен жабдықталған. Автобустың салонында операторларға арналған екі автоматтандырылған жұмыс орны мен келушілерге арналған екі орын бар. Кезек күтушілер үшін тағы үш адамдық орындық қойылған. Бұл көлікті барлық қызметтерді онлайн тәртібінде көрсететін өзіндік бір жылжымалы дербес қызмет көрсету орталығы деп атауға болады. «Мобильдік кеңсе» қызметкерлері бір сапар барысында орта есеппен 60-қа жуық салымшыға қызмет көрсетелді. Қызмет түрлерін атап айтар болсақ: ерікті зейнетақы жарналары бойынша жеке зейнетақы шотын ашу, шоттың жай-күйі туралы хабарлау тәсілін өзгерту, шоттан үзінді көшірме беру, жеке деректемелерге өзгерістер енгізу, зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына аудару жөнінде өтініш қабылдау секілді қызметтер.   

«Мобильдік кеңсенің» жолға шығуы арнайы жоспар бойынша жүзеге асырылады. Оның жүру бағыттары жергілікті әкімдікпен алдын ала келісіледі және тұрғындар оның келу уақытын алдын ала біліп отырады. Өйткені бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабарландыру таратылады. Бұл ретте жергілікті атқарушы органға хабарласып, елді мекеніңізді жоспарға енгізу жөнінде өтініш беруіңізге де болады. Әзірге үш «Мобильдік кеңсе» Алматы, Атырау және Қостанай облыстарында жұмыс істеп жатыр. Биыл жыл соңына дейін тағы 10 облыс қамтылатын болады.

Одан басқа шалғай елдімекендерді зейнетақы қызметтерімен қамту мақсатында «БЖЗҚ» АҚ пен «Қазпошта» АҚ бірлескен жобаны іске қосты. Соған сәйкес зейнетақы қызметтері «Қазпошта» АҚ бөлімшелері арқылы көрсетіледі.

Осылайша экономикалық тұрғыдан белсенді халқының саны 2 мыңнан асатын 94 елдімекеннің тұрғындары зейнетақы қызметтерін ұлттық пошта байланысы операторы арқылы алуға қол жеткізді. Атап айтар болсақ, бұл ауылдар мен кенттердің тұрғындары Қазпошта бөлімшелерінде мынадай қызметтерді алады:

·        салымшының (алушының) қосымша деректемелерін (жеке куәлігінің нөмірі, телефон нөмірі, электрондық және пошталық мекенжайы) өзгерту/толықтыру туралы өтініш беру;

·        хабарлау тәсілін өзгерту (белгілеу) (оның ішінде «БЖЗҚ» АҚ электрондық форматтағы қызметтеріне қол жеткізу) туралы келісімге қол қою.

Мүмкіндігі шектеулі азаматтар Қор қызметтерін қалай алады?

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын, оның ішінде әсіресе мүмкіндігі шектеулі жандарды зейнетақы қызметтерімен қамту мәселесіне ерекше көңіл бөледі. Осы мәселені шешу мақсатында «Мобильдік агент» жобасы іске қосылған. Соның аясында Қор қызметкерлері қандай да бір себеппен, бірінші кезекте денсаулығына байланысты БЖЗҚ кеңсесіне келе алмайтын салымшылардың үйіне өздері барып қызмет көрсетеді.

Бүгінде аталмыш жоба Қордың барлық 18 филиалында жүзеге асырылады. Бұл ретте мүмкіндігі шектеулі жандар Қор қызметкерлерін үйге шақыру үшін enpf.kz сайтының «Электрондық қызмет көрсету» - «Халықтың әлеуметтік осал топтары үшін электрондық өтініш беру» бөлімі арқылы немесе Байланыс орталығының 1418 тегін телефон нөміріне хабарласып, өтініш бере алады. Бұдан кейін «БЖЗҚ» АҚ қызметкері өтініш берушіге хабарласып, кездесу уақытын белгілейді.

«Мобильдік агент», яғни Қордың маманы барлық керекті құралдармен жабдықталған. Сапарға шыққанда өзімен бірге ноутбук, құжаттарды сканерлейтін әрі басып шығаратын принтер және 4G-модемі бар құрылғыны алып жүреді. Солардың көмегімен салымшыға қажет құжаттар лезде дайындалады.

Қауіпсіздікті сақтау мақсатында Қор қызметкерлері салымшыларға алдын ала телефон шалып, келу уақытын хабарлап қояды. Олардың әрқайсысында қызметтік куәлігі бар. Егер сонда да күмәнданатын болсаңыз, Қордың байланыс орталығына хабарласып, маманның аты-жөнін нақтылауыңызға болады.

Жұмыс беруші қандай уақытта жұмыс берушісі үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеуге міндетті?

Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілген. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңға сәйкес зейнетақы қорына төленуге жататын міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары жұмыскердің ай сайынғы табысының 5 пайызы мөлшерінде белгіленген. Бұл жарналарды жұмыс берушілер еңбек жағдайлары зиянды деп саналатын жұмыстармен айналысатын жұмыскерлерінің пайдасына өз қаражаты есебінен төлейді.

Еңбек жағдайлары зиянды кәсіптер Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1562 қаулысымен бекітілген Тізбеде көрсетілген. Егер, еңбек өнімділігі жақсарып, денсаулыққа зиянды жағдайлар жойылатын болса және ол өндірістік нысандарды аттестаттау нәтижесімен расталса, жұмыс берушілер міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеуден босатылады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 984 қаулысымен бекітілген Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидаларының (Зейнетақы қағидалары) 10 тармағына сәйкес МКЗЖ есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт (қосылу шарты) бекітілген. Ол «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңында көзделген құқықтарды, міндеттер мен жауапкершілікті, сондай-ақ БЖЗҚ-ның, МКЗЖ аударылатын жеке тұлғаның (МКЗЖ есебінен зейнетақы төлемдерiн алушының) және агенттің арасындағы құқықтық қатынастардың өзге де ерекшеліктерін белгілейді.

Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары табыстар алынған айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірілмей Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен төленеді. Арнайы салық режимін қолданатын шаруашылық жүргізуші субъектілер бұл жарналарды Қорға еліміздің салық заңнамасында көрсетілген тәртіпте аударады.

Мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарының толық және уақытылы төленуін бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік кіріс органдары жүзеге асырады.

Мен тұңғыш рет жұмысқа орналасайын деп жатырмын. Жұмыс берушім зейнетақы жарналарын аудару үшін Қорға барып, зейнетақы шотын ашудың керегі жоқтығын айтты. Шынымен солай ма? Мүмкін менің жұмыс берушім жарналарды аудырғысы келмейтін шығар?

Сіздің жұмыс берушіңіз дұрыс айтады. 2019 жылдың 8 қаңтарынан бастап БЖЗҚ-да міндетті зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша жеке зейнетақы шотын ашу үшін Қор кеңсесіне келіп өтініш берудің қажеті жоқ. Енді алғашқы жарна келіп түскен кезде зейнетақы шоты Қордың ақпараттық жүйесінде автоматты түрде ашылады. Бұл ретте жеке тұлға жарна аудару кезінде төлем тапсырмасының электрондық форматында көрсетілген дербес деректер (тегі, аты, әкесінің аты, жеке сәйкестендіру нөмірі, туған күні) бойынша сәйкестендіріледі. Ал жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың деректемелері бойынша қажетті мәліметтерді Қор мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алатын болады. Сол үшін Сізге уайымдаудың қажеті жоқ. Алайда міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша шот ашу үшін Қор кеңсесіне келу керек. Ал ерікті зейнетақы жарналарын есепке алу үшін жеке зейнетақы шотын Қор кеңсесіне келгенде немесе үйде отырып-ақ электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегімен Қор сайты арқылы ашуға болады.

Мен білім саласының ардагерімін. Жалақым жоғары болған емес. Көп ұзамай зейнеткерлікке шығамын. Болашақ зейнетақымның болжамды мөлшерін білуге бола ма?

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында тұрғындарға көрсетілетін қызмет сапасын жақсарту мақсатында инновациялық қызмет іске қосылған. Соның көмегімен әрбір салымшы өзінің дербес зейнетақы жоспарын Қордың enpf.kz сайтының «Электрондық қызмет көрсету» - «Зейнетақы калькуляторы» бөлімінде жүзеге асыра алады.

Қор сайтында екі зейнетақы калькуляторы орналастырылған. Оның бірі – «Ағымдағы зейнетақы калькуляторы» деп аталады.Ол таяу жылдары зейнеткерлікке шығуға дайындалып жүрген азаматтарға арналған. Сол арқылы ай сайын берілетін зейнетақының болжамды мөлшерін анықтауға болады.

Екіншісі – «Болжамдық зейнетақы калькуляторы». Сол арқылы зейнетке шығуға дайындалып жүрген азаматтар да, бүгінгі жас мамандар да болашақта алатын зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептей алады. Сонымен қатар бұл калькулятор зейнетақының қандай төлемдерден құралатындығын, табыстылық пен инфляция өзгерген жағдайда оның болжамды көлемінің қандай болатындығын көрсетіп береді.

Таяуда enpf.kz сайтының «Зейнетақы калькуляторы» бөлімінде «Жинақтарды өмірді сақтандыру бойынша компанияға аудару» деп аталатын жаңа қызмет іске қосылды. Сол арқылы өмірді сақтандыру бойынша компаниямен зейнетақы аннуитеті шартын жасасу үшін шоттағы зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткілікті сомасын есептеуге болады.Болжамды калькуляторға болашақ зейнетақыны есептеу үшін: туған күні, жынысы, еңбек өтілі, жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі, жинақтардың ағымдағы сомасы және айлық жалақы мөлшері секілді барлық қажетті деректерді енгізу қажет. Содан кейін «Есептеу» түймешігін басамыз.

Бір айта кететін жәйт, егер болжамды калькуляторды сайттың Жеке кабинеті арқылы ашатын болсаңыз, онда нысандар автоматты түрде толтырылады. Сөйтіп, «Есептеу» түймешігін басу арқылы анағұрлым дәл көрсеткіштерге қол жеткізуге болады.

Салымшы егер қаласа Қордың кез келген бөлімшесіне жүгіне алады. Бұл ретте жеке басты куәландыратын құжат керек. Қорда өткен жылдан бері дербес кеңес беру қызметі жүзеге асырылып келеді. Біздің мамандар болашақ зейнетақыны қалай есептеуді және оның мөлшерін арттыру жолдарын түсіндіреді.


* * * * *

Шалғайдағы елдімекендердің тұрғындары «БЖЗҚ» АҚ қызметтерін «Қазпошта» АҚ бөлімшелерінде ала алады

Алматы, Қазақстан – «БЖЗҚ» АҚ пен «Қазпошта» АҚ елдің шалғай елдімекендерін зейнетақы қызметтерімен қамту мақсатында Қордың салымшылары мен алушыларына «Қазпошта» АҚ бөлімшелерінде қызмет көрсету бойынша бірлескен жобаны іске қосты.

Еске сала кетелік, 2018 жылы зейнетақы қызметтерін елдің шалғай аудандарындағы пошта бөлімшелері арқылы көрсету туралы «БЖЗҚ» АҚ пен «Қазпошта» АҚ арасында Меморандумға және агенттік келісімге қол қойылған болатын.

Қазір «Қазпошта» АҚ операторлары арнайы оқыту курсынан өткен соң, «БЖЗҚ» АҚ-тың қызмет көрсету орталықтары жоқ елдімекендерде зейнетақы қызметтері көрсетіле бастады. Осылайша экономикалық тұрғыдан белсенді халқының саны 2 мыңнан асатын 94 елдімекеннің тұрғындары зейнетақы қызметтерін ұлттық пошта байланысы операторы арқылы алуға қол жеткізді. Бұл ретте зейнетақы қызметтері ұлттық пошта желісі арқылы Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай (Октябрьское ауылы, Қарасу ауданы, Ленин көшесі, 24; Заречное ауылы, Қостанй ауданы, Юбилейная көшесі,71), Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарының елдімекендерінде көрсетіледі. Елдімекендердің толық тізімін Қор сайтынан көруге болады https://www.enpf.kz/kz/services/kazpost/index.php.

Атап айтар болсақ, бұл ауылдар мен кенттердің тұрғындары Қазпошта бөлімшелерінде мынадай қызметтерді алады:

· салымшының (алушының) қосымша деректемелерін (жеке куәлігінің нөмірі, телефон нөмірі, электрондық және пошталық мекенжайы) өзгерту/толықтыру туралы өтініш беру;

· хабарлау тәсілін өзгерту (белгілеу) (оның ішінде «БЖЗҚ» АҚ электрондық форматтағы қызметтеріне қол жеткізу) туралы келісімге қол қою.

Сонымен 2019 жылы республика өңірлерін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қызметтерімен қамту деңгейі 43,7 пайызға дейін өседі. «Қазпошта» АҚ Қазақ елі аумағында ең үлкен филиалдық желіге ие. «БЖЗҚ» АҚ жоспарында елдің басқа да шалғай аудандарын «Қазпошта» АҚ бөлімшелері арқылы зейнетақы қызметімен қамту көзделген.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz


* * * * *

2019 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша

БЖЗҚ зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелі

2019 жылдың қаңтар-наурыз айларында зейнетақы активтері бойынша есептелген инвестициялық табыстың жалпы сомасы 112 млрд теңгеден асты

Алматы, Қазақстан – БЖЗҚ ресми сайтында зейнетақы активтерін басқару бойынша инвестициялық портфель туралы толық ақпарат жарияланған. Ол мына сілтеме бойынша қолжетімді:

https://www.enpf.kz/upload/medialibrary/861/86186778f6e13baebb116b60f46b77e6.pdf

Инвестициялық қызмет туралы толық есеп салымшылардың зейнетақы жинақтары қандай нарықтық баға бойынша қандай бағалы қағаздарға және қанша мөлшерде инвестицияланғаны жайындағы мағлұматтардан тұрады.

2019 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 9 641, 27 млрд теңгені құрады.

Салымшылар мен алушылардың зейнетақы активтерінің табыстылығы 2018 жылдың наурызы мен 2019 жылдың ақпаны аралығында (өткен 12 ай ішінде) 11,5 пайызға жетті. Дәл осы кезеңде инфляция деңгейі 4,8 пайызды көрсетті. Осылайша зейнетақы активтерінің нақты табыстылығы 6,7 пайыз болды.

2019 жылдың басынан бері есептелген инвестициялық табыстың жалпы сомасы 112 млрд теңгеден асты.

2019 жылдың қаңтар-наурыз айларында зейнетақы активтері бойынша алынған инвестициялық табыстың құрылымы мынадай:

-         бағалы қағаздар, орналастырылған салымдар және «кері РЕПО» операциялары бойынша сыйақы түріндегі табыстар 152,22 млрд теңге;

-         бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалаудан орын алған шығындар (16,2) млрд теңге;

-         шетелдік валютаны қайта бағалаудан орын алған шығындар (28,94) млрд теңге;

-         сыртқы басқарудан түскен табыстар 3,16 млрд теңге;

-         басқа да шығындар 2,37 млрд теңгені құрады.

2019 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің инвестициялық портфеліндегі борыштық қаржы құралдарыныңөтелуі бойынша орташа табыстылық жылына 7,0 пайызды құрады. Оныңішінде теңгеге номинирленгендері бойыншаорташа табыстылық –жылдық 8,4%, ал шетелдік валютада –жылдық 3,9% болды.

Қордың зейнетақы активтері портфелінің негізгі бөлігі Қазақстан Республикасының мемлекеттік құнды қағаздарына (40,66 пайыз) тиесілі. Бұл табысы ең тұрақты қаржы құралдарының бірі. Есепті күнге қарайтеңгеге номинирленген ҚР мемлекеттік бағалы қағаздарының өтелуі бойынша орташа табыстылық жылдық 7,2 пайызды, ал АҚШ долларында–жылдық 4,4 пайызды құрады.

2019 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша ҚР квазимемлекеттік ұйымдары облигацияларының портфельдегі үлесі 13,52 пайыз болды. Осы есептік күнге қарай аталмыш ұйымдардың облигацияларының өтелуі бойынша орташа табыстылық теңгеге номинирленген облигациялар бойынша жылына 10,3 пайызды, ал АҚШ доллары бойынша жылына 5,0 пайызды құрады.

Есепті кезеңде шетелдік мемлекеттердің мемлекеттік бағалы қағаздарының ағымдағы құны1506,00 млрд теңгеге жетіп, олардың портфельдегі үлесі15,62 пайызды көрсетті. Сонымен қатар қарастырылыпотырған кезеңде жалпы сомасы 158,97млрд теңгеге шет елдердің мемлекеттік бағалы қағаздары өтелді. Есепті күнге қарай БЖЗҚ зейнетақы активтерінің портфеліндегі шет елдердің мемлекеттік бағалы қағаздарының өтелуіне қатысты орташа табыстылық жылына 3,6 пайызды құрады.

Қордың зейнетақы активтері есебінен сатып алынған қаржы құралдарының инвестициялық портфелі былайша келтірілген:

ұлттық валютада жасалған инвестиция көлемі – 67,61 пайыз, АҚШ долларында – 31,97 пайыз, басқа валюталарда – 0,42 пайыз болды.

Қордың сенімгерлік басқарудағы зейнетақы активтері портфелінің құрылымдық үлестірілімі БЖЗҚ Инвестициялық декларациясына толығымен сәйкес келеді.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz


* * * * *

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы төлемдерінен ұсталған жеке табыс салығын қайтару туралы

Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) берілетін зейнетақы төлемдеріне жеке табыс салығы (ЖТС) салынады.

Егер зейнетақы төлемдерін алушы 2018 жылдың 1 қаңтарына дейін:

Ұлы Отан соғысына қатысушы және оған теңестірілген адам;

Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестер Одағының ордендері және медальдарымен марапатталған адам;

1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестер Одағының ордендері және медальдарымен марапатталмаған адам;

I, II немесе III топтағы мүгедек;

мүгедек бала;

мүгедек бала он сегіз жасқа толғанға дейін әрбір осындай мүгедек бала үшін - оның ата-анасының, қорғаншыларының, қамқоршыларының бірі;

«бала кезінен мүгедек» деген себеппен мүгедек деп танылған адамның өмір бойына әрбір осындай адам үшін - оның ата-анасының, қорғаншыларының, қамқоршыларының бірі;

асырап алынған бала он сегіз жасқа толғанға дейін әрбір осындай адам үшін - бала асырап алушылардың бірі болса, Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (бұдан әрі – Салық кодексі) Кодексінің ережелеріне сәйкес Қордан берілетін зейнетақы төлемдері түріндегі табыстарына, оның ішінде жерлеуге байланысты біржолғы төлемдерге Салық кодексінде белгіленген шекте жеке табыс салығы салынбады.

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Салық кодексінің 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 121-VI редакциясына сәйкес жоғарыда аталған адамдар мен қосымша санаттағы адамдардың (жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алған ата-аналардың бірі) табыстарына, Қордан берілетін зейнетақы төлемдеріне және жерлеуге байланысты біржолғы төлемдерге салық шегерімдері мен табысты түзету қолданылмады. Сәйкесінше Қор төлемдеріне 10 пайыз мөлшерінде жеке табыс салығы салынды.

Аталған санаттағы зейнетақы төлемдерін алушылардың мүдделерін қорғау мақсатында БЖЗҚ жеке табыс салығы бойынша жеңілдіктерді қайтару үшін Салық кодексіне түзету енгізу туралы бастама көтерді. Бұл бастамаға мемлекеттік органдар (Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті, Ұлттық экономика министрлігі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі) және депутаттық корпус қолдау көрсетті және ол «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес-ортаны дамыту және сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 2 сәуірдегі № 241-VІ Заңы аясында бекітілді. Бұл Заңның нормалары 2018

жылдың 1 қаңтарынан бастап орын алатын қатынастарға таратылады. Осыған байланысты табысты түзету немесе салық шегерімін қолдануға және 2018 жылдың 1 қаңтарынан бері ұсталынып келген жеке табыс салығының өтелуіне құқығы бар зейнетақы төлемдерін алушыларға ұсталынып келген жеке табыс салықтары қайтарылады.

2018 жылдың 1 қаңтарынан бері ұсталынып келген жеке табыс салығын қайтару үшін БЖЗҚ-ға мына құжаттарды ұсыну қажет:

• табысты түзету немесе салық шегерімін (оның ішінде жерлеуге байланысты біржолғы төлемдер) қолдану туралы өтініш;

• табысты түзету немесе салық шегерімін қолдануды растайтын құжаттардың көшірмелері.

Ұсталынған жеке табыс салығын қайтару жөніндегі өтініштің үлгісін www.enpf.kz

сайтынан жүктеп алуға болады.

Ұсталынған жеке табыс салығының өтелуіне қатысты құқық зейнетақы төлемдері, оның ішінде жерлеуге байланысты біржолғы төлемдер жүзеге асырылған күннен бастап 5 жыл бойы сақталады.

Айта кетелік, бұл құқық табыстардың басқа түрлері бойынша салық заңнамасында көрсетілген шекте табысты түзету немесе салық шегерімін пайдаланбаған жоғарыда аталған тұлғаларға таратылады.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz


* * * * *

Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары.

Жұмыскердің әлеуметтік жауапкершілігі.

Зиянды өндірістегі жұмыс адам денсаулығына нұқсан келтіретіндігі бәсенеден белгілі. Сондықтан бұл шетін мәселеде жұмыс берушінің әлеуметтік жауапкершілігі өте маңызды.

Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) – еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын, кәсіптері өндірістердің, жұмыстардың, жұмыскерлер кәсіптерінің тізбесінде көрсетілген жұмыскерлердің пайдасы үшін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (бұдан әрі – Қор) агенттер меншікті қаражаты есебінен аударған ақша. Тізбені Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. Бұл жарналар зиянды еңбек жағдайы үшін жұмыс берушінің өз қаражаты есебінен жұмыскерлерінің пайдасына аударатын өтемақысы.

Қорға төленуге жататын МКЗЖ Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіп бойынша жұмыскердің ай сайынғы табысының 5 пайызы мөлшерінде белгіленеді. Зейнетақы жарнасының бұл түрі 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілген.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 984 қаулысымен бекітілген Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидаларының (бұдан әрі – Зейнетақы қағидалары) 10 тармағына сәйкес МКЗЖ есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт (қосылу шарты) бекітілген. Ол «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңында көзделген құқықтарды, міндеттер мен жауапкершілікті, сондай-ақ БЖЗҚ-ның, МКЗЖ аударылатын жеке тұлғаның (МКЗЖ есебінен зейнетақы төлемдерiн алушының) және агенттің арасындағы құқықтық қатынастардың өзге де ерекшеліктерін белгілейді.

Зейнетақы қағидаларының 11 тармағына сәйкес МКЗЖ есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасу БЖЗҚ-ның ішкі құжатымен бекітілген нысан (ол enpf.kz. сайтында орналастырылған) бойынша МКЗЖ-ны есепке алу жөнінде жеке зейнетақы шотын (ЖЗШ) ашу туралы өтінішке агенттің және өзі үшін МКЗЖ аударылатын жеке тұлғаның қол қоюы арқылы жүзеге асырылады.

БЖЗҚ «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясынан МКЗЖ есебінензейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жөніндегі мәліметтердің бірыңғай тізімге енгізілгені туралы электрондық хабарламаны алған күннен бастап агент және өзі үшін МКЗЖ аударылатын жеке тұлға МКЗЖ есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа қосылған болып есептеледі.

МКЗЖ есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы бұрын жасалған шарт болған жағдайда МКЗЖ аударылатын жеке тұлға және жаңа агент МКЗЖ есепке алу бойынша жаңа ЖЗШ ашпай-ақ БЖЗҚ-ның ішкі құжаттарымен айқындалатын нысан бойынша МКЗЖ есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа қосылу туралы өтінішке қол қояды. Бұл ретте МКЗЖ есепке алу бойынша жаңа шот ашылмайды.

БЖЗҚ-ға МКЗЖ еспке алу бойынша ЖЗШ ашу туралы өтінішті рәсімдеу үшін салымшы Қорға тиісті құжаттарды ұсынады. Бұл құжаттардың тізімі Қор сайтында орналастырылған. МКЗЖ табыстар алынған айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірілмей Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен төленеді.

Арнайы салық режимін қолданатын шаруашылық жүргізуші субъектілер бұл жарналарды Қорға Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көрсетілген тәртіпте аударады.

Қорға міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеуден агент:

1) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының (бұдан әрі – Заң) 11-бабының 1-тармағына сәйкес зейнеткерлік жасқа толған жеке тұлғалар;

2) әскери қызметшiлер (мерзiмдi қызметтегі әскери қызметшiлерден басқа), арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлері, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар;

3) еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушылар үшін босатылады.

Іс жүзінде төленген және жұмыскер кіріс алған жағдайда, жұмыс беруші уақтылы аудармаған МКЗЖ сомаларын мемлекеттік кіріс органдары өндіріп алады немесе жұмыс беруші оларды уәкілетті орган белгілеген қайта қаржыландырудың 1,25 еселенген ресми мөлшерлемесі көлемінде мерзімі өткен әрбір күн үшін есепке жазылған өсімпұлмен бірге Қорға жұмыскердің пайдасына аударылуы тиіс. Бұған қарап, еңбеу жағдайлары зиянды өндірістерде жұмыс істейтіндердің мемлекет тарапынан қорғалғандығына және құрметті демалысқа шыққан соң барабар төлемдерге үміт арта алатындығына көз жеткізуге болады.

Қордағы зейнетақы жинақтары ай сайын ең төмен зейнетақы мөлшерiненкем емес төлемдi қамтамасыз етуге жеткілікті болған жағдайда өздері үшін МКЗЖ кемінде күнтізбелік 60 ай бойы (5 жыл) төленген әрі 50 жасқа толған азаматтар өздері таңдаған сақтандыру ұйымымен сақтандыру төлемдерiн өмiр бойы алып тұру үшін зейнетақы аннуитетi шартын жасасуға құқылы. Бұл жарналардың 2014 жылы енгізілгенін ескерсек, зиянды өндірістерде жұмыс істейтін әрі 50 жасқа толған азаматтар биылдан, яғни 2019 жылдан бастап зейнетақы аннуитеті шартын жасасу арқылы зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу құқығына ие болды. Айта кетелік, 2019 жылдың басынан бері осы санаттағы азаматтар 150-ден астам зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан.

Міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары жеткіліксіз болған жағдайда, зейнетақы аннуитеті шартын жасасу үшін салымшы (алушы) ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарын пайдалануға құқылы.

Осылайша, сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитетін жасасу арқылы сақтандыру ұйымынан ай сайын өмір бойы сақтандыру төлемдерін алып тұруға болады. Сақтандыру ұйымына аударуға жеткілікті соманы зейнетақы калькуляторы арқылы есептеуге мүмкіндік бар. Ол Қор сайтындағы «Электрондық қызмет көрсету»  - «Зейнетақы калькуляторы» бөлімінде қол жетімді  (https://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/calcInsurance/calc.php).

Айта кетелік, БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтары алушыларға тек заңнамада көрсетілген жағдайлар туындаған кезде ғана беріледі. Заң талаптарына сәйкес Қордан төленетін зейнетақы төлемдері зейнеткерлік жасқа толған азаматтарға (ерлерге 63 жасқа толғанда, әйелдерге биыл 59 жасқа толғанда)және бірінші немесе екінші топтардағы мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленген жандарға төленеді.Сонымен қатар Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен, кету дерегін растайтын құжаттарды ұсынған шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың да мiндеттi және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар.

2019 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша Қорда МКЗЖ есепке алу бойынша 487,3 мың шот тіркелген. Оларда барлығы 209,5 млрд астам теңге жинақталған. 

Анықтама: 2020 жылдан бастап елімізде шартты-жинақтаушы құрамдауыш  енгізіледі, яғни жұмыс жағдайына қарамастан барлық жұмыс берушілер жұмыскерлерінің пайдасына өз қаражаты есебінен Қорға айлық табыстың 5 пайызын қосымша аударатын болады.


* * * * *

БЖЗҚ-да «2019 жылы күшіне енген, ҚР зейнетақы заңнамасындағы өзгерістер» тақырыбы бойынша Ашық есік күні өткізілді 

2019 жылдың 19 наурызында БЖЗҚ-ның барлық филиалында биылғы жылы алғашқы «Ашық есік күні» шарасы өткізілді.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры тұрғындар арасында ақпарат беру-түсіндіру жұмыстарын жалғастырып келеді. Осы жұмыстар аясында салымшылар мен алушыларға зейнетақы жүйесіне қатысты маңызды сұрақтар бойынша тұрақты түрде ақпаратберіліп жатыр.

Аталмыш шараның тақырыбы – зейнетақы заңнамасына енгізілген өзгерістер. 

Зейнетақы жүйесін жаңғыртудағы басты мақсат – зейнетақы төлемдерінің тиімділігін арттыру.  

Азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыстар мен қызметтер атқаратын жеке тұлғалардың міндетті зейнетақы жарналарын төлеу рәсімін оңайлату мақсатында зейнетақы заңнамасына мынадай өзгерістер енгізілді:

- егер азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттардың бір тарабы салық агенті болса, жеке тұлғаларға, олардың ішінде фрилансерлерге берілетін табыстан міндетті зейнетақы жарналарын осы салық агенті төлейтін болады;

- егер азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт жеке тұлғамен жасалған болса, міндетті зейнетақы жарналарын төлеу – фрилансердің міндеті емес, құқығы болып табылады; 

- егер жеке тұлға жалдамалы жұмысшы болса және азаматтық-құқықтық сипаттағы шартты салық агенті болып табылмайтын жеке тұлғамен жасаса, онда осы шарт бойынша міндетті зейнетақы жарналарын төлеу – оның міндеті болып есептелмейді. Бұл ретте жарналарды есептеу үшін алынатын ең жоғары жиынтық жылдық табыс республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі жалақының 50 еселенген мөлшерінің 12 еселенген сомасынан аспауы тиіс.

Биылғы жылғы жаңа енгізілімдердің бірі – жеке зейнетақы шоттарының автоматты түрде ашылуы. Яғни, 2019 жылдың 8 қаңтарынан бастап жеке тұлғаға міндетті зейнетақы жарналары бойынша шот ашу үшін Қорға жүгінудің қажеті жоқ. Жеке тұлғаның Қорда міндетті зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша шоты жоқ болса, онда алғашқы жарна түскен сәтте шот автоматты түрде ашылады.

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде Бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) іске қосылды. Сол арқылы қатарынан төрт төлемді:

- мемлекеттік кірістер органына төленетін жеке табыс салығын;

- БЖЗҚ-ға төленетін міндетті зейнетақы жарналарын;

- Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төленетін әлеуметтік аударымды;

- Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төленетін әлеуметтік жарнаны жүзеге асыруға болады.

Бұдан басқа, 2019 жылдың 25 қаңтарынан бастап жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпаратты электрондық үкімет порталы арқылы алу оңай бола түсті.

Осы күннен бастап кез келген салымшы (алушы) жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірмені тек электрондық цифрлық қолтаңба ғана емес, бір реттік sms-парольдің көмегімен де ала алатын болды. Бұл үшін салымшы (алушы) электрондық үкімет порталының жеке кабинетінде тіркеліп, үзінді көшірме алуға сауал жолдайды. Содан кейін mGov мобильдік азаматтар базасында тіркелген салымшының (алушының) ұялы телефонына бір реттік sms-пароль жіберіледі.       

2019 жылдың ақпанында «Е-нотариат» жүйесі мен БЖЗҚ ақпараттық жүйесінің өзара ықпалдастығы жүзеге асырылды. Енді нотариустар «Е-нотариат» Бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйесі арқылы өздерінің өндірісіндегі мұрагерлік істер бойынша (мұрагерлер өтініш берген жағдайда) қайтыс болған салымшылардың (алушылардың) Қорда жеке зейнетақы шотының және онда ақшаның болуы туралы БЖЗҚ-ға онлайн тәртібінде (хат жүзінде сауалдар жолдамастан) сауалдар жолдай алады.     

Зейнетақы жүйесіне енгізілген өзгерістер Ашық есік күніне келушілер мен Қор мамандары арасында қызу талқыланды. Қатысушылар бүгінгі кездесудің пайдалы және достық сипатта өткендігін ерекше атап өтті.

Айта кетелік, БЖЗҚ-да Ашық есік күні осымен үшінші жыл қатарынан әрбір үш ай сайын өткізілуде. Өткен жылы бұл шараға еліміз бойынша 20 мыңнан астам адам қатысқан болатын.

Бүгінгі шараға қатысушылар биылғы жылы күшіне енген, зейнетақы заңнамасындағы барлық өзгерістер туралы толыққанды және маңызды мәліметтерді, сондай-ақ өздерін қызықтырған сұрақтар бойынша ақыл-кеңес алды.          

Қандай да бір себептермен Ашық есік күніне келе алмағандар зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша Қордың www.enpf.kz сайты арқылы Басқарма Төрайымының блогына сұрақ қоюға, байланыс орталығының 1418 телефон нөміріне қоңырау шалуға (Қазақстан бойынша қалалық және ұялы телефон арқылы хабарласу тегін) болады. Сонымен қатар салымшылар мен алушылар өз өтініштерін Қордың әлеуметтік желілердегі негізгі парақшалары және WhatsApp арнасы арқылы жолдай алады. 


* * * * *

Жыл басынан бері фрилансерлер мен жеке кәсіпкерлердің «БЖЗҚ» АҚ-тағы зейнетақы шоттарына 4,2 млрд теңге түсті

2019 жылдың қаңтар айында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына 253,4 мың салымшыдан, яғни жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерден жалпы сомасы 4,2 млрд теңгеге 768,6 мың жарна келіп түсті.  

«Қазақстан республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңына енгізілген өзгерістерге байланысты, мынадай өзгерістер күшіне енді:

– егер азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттардың бір тарабы салық агенті, яғни заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, кәсіби медиаторлар болатын болса, онда олар фрилансерлер үшін міндетті зейнетақы жарналарын төлейтін агентке айналады. Бұл ретте жарналар жеке тұлғаның алатын табысының 10 пайызы мөлшерінде, бірақ тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі жалақының 10 пайызынан кем емес және 50 еселенген мөлшерінің 10 пайызынан жоғары емес мөлшерде белгіленеді.

Бұл ретте жарналарды есептеу үшін алынатын ең жоғары жиынтық жылдық табыс республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі жалақының 50 еселенген мөлшерінің 12 еселенген сомасынан аспауы тиіс.

Егер азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар салық агенті болып табылмайтын жеке тұлғалармен жасалса, онда фрилансерлер жарна төлеуге тек құқылы болады. Бірақ міндетті емес. Дегенмен жеке тұлға бұл жарналарды өзінің ұйғаруымен Қордағы жеке шотына аудара алады. Бұл үшін ол жарналарды банктер немесе Қазпошта арқылы «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясына төлейді. Әрі қарай корпорация жарналарды Қорға аударады. Егер фрилансер өзінің осы құқығын пайдаланса, бұл оның жеке зейнетақы капиталын қалыптастыруына оң әсер ететін болады.

Сонымен қатар еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін азаматтар әрі азаматтық-құқықтық шарттар бойынша жеке тұлғалардың тапсырысын орындайтын болса, онда олар азаматтық-құқықтық шарттар бойынша жарна төлеуден босатылады. Бұл жағдайда міндетті зейнетақы жарналарын салық агенті болып табылатын жұмыс беруші ғана төлейді. 

* * * * *

2019 жылдың қаңтарынан бастап «БЖЗҚ» АҚ-та жеке зейнетақы шоттары автоматты түрде ашылады

2019 жылдың қаңтар айында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының базасында автоматты түрде 9 409 жеке зейнетақы шоты ашылды  

2019 жылдың 8 қаңтарынан бастап жеке тұлғаға міндетті зейнетақы жарналары бойынша шот ашу үшін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына,  оның ішінде Қордың веб-сайты арқылы да жүгінудің қажеті жоқ. Енді жеке тұлғаның Қорда міндетті зейнетақы жарналары бойынша ашылған шоты жоқ болса, онда алғашқы жарна келіп түскен кезде зейнетақы шоты автоматты түрде ашылады. Ол туралы Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасына тиісті өзгерістер енгізілді.

Бұл ретте жеке тұлға жарналарды аудару барысында төлем тапсырмасының электрондық форматында көрсетілген дербес деректер (тегі, аты, әкесінің аты, жеке сәйкестендіру нөмірі, туған күні) бойынша танылады. Ал жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың деректемелері бойынша қажетті мәліметтерді Қор мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алатын болады. 

* * * * *

Зейнетақы калькуляторы

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) тұрғындарға көрсетілетін қызмет сапасын жақсарту мақсатында инновациялық қызмет іске қосылған. Соның көмегімен әрбір салымшы өзінің дербес зейнетақы жоспарын Қордың enpf.kz сайтының «Электрондық қызмет көрсету» - «Зейнетақы калькуляторы» бөлімінде жүзеге асыра алады.

Қор сайтында екі зейнетақы калькуляторыорналастырылған.  Оның бірі – «Ағымдағы зейнетақы калькуляторы» деп аталады. Ол таяу жылдары зейнеткерлікке шығуға дайындалып жүрген азаматтарға арналған. Сол арқылы ай сайын берілетін зейнетақының болжамды мөлшерін анықтауға болады. Екіншісі – «Болжамдық зейнетақы калькуляторы». Сол арқылы зейнетке шығуға дайындалып жүрген азаматтар да, бүгінгі жас мамандар да болашақта алатын зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептей алады. Сонымен қатар бұл калькуятор зейнетақының қандай төлемдерден құралатындығын, табыстылық пен инфляция өзгерген жағдайда оның болжамды көлемінің қандай болатындығын көрсетіп береді.

Болжамды калькуляторға болашақ зейнетақыны есептеу үшін: туған күні, жынысы, еңбек өтілі, жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі, жинақтардың ағымдағы сомасы және айлық жалақы мөлшері секілді барлық қажетті деректерді енгізу қажет. Содан кейін «Есептеу» түймешігін басамыз.

Бір айта кететін жәйт, егер болжамды калькуляторды сайттың Жеке кабинеті арқылы ашатын болсаңыз, онда нысандар автоматты түрде толтырылады. Сөйтіп «Есептеу» түймешігін басу арқылы анағұрлым дәл көрсеткіштерге қол жеткізуге болады.

Егер сіз Жеке кабинетте тіркелмеген болсаңыз, болашақ зейнетақыны ағымдағы калькулятор арқылы есептеу барысында оған зейнетақы жинақтарыңыздың ағымдағы сомасын енгізу қажет. Бұл ақпаратты: БЖЗҚ сайты, Қордың ұялы қосымшасы, электрондық үкімет порталы және электрондық пошта секілді бірнеше тәсілмен тегін алуға болады. Сондай-ақ салымшы Қордың кез келген бөлімшесіне жүгіне алады. Бұл ретте жеке басты куәландыратын құжат немесе электрондық цифрлық қолтаңбасының (ЭЦҚ) өзекті кілті болуы керек.

Болжамды калькулятор болашақ зейнетақыны «Пессимистік», «Реалистік» және «Оптимистік» деп аталатын үш сценарий бойынша есептейді. Әрбір сценарийде жинақтардың инфляциямен салыстырғандағы табыстылық деңгейі көрсетіледі.

«БЖЗҚ» АҚ Қостанай облыстық филиалының директоры түсіндіргеніндей,– «Есептеу барысында калькулятор салымшының тек жеке жинақтарын ғана емес, басқа да деректерді қолданады. Өйткені зейнетақы калькуляторының міндеті – болашақ жиынтық зейнетақының мөлшерін есептеу.

Сонымен жиынтық зейнетақы бірнеше төлемнен: мемлекеттік бюджеттен төленетін ортақ және базалық зейнетақыдан және Қордан берілетін зейнетақы төлемінен құралады. Ортақ зейнетақыны 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін кемінде алты ай еңбек өтілі бар азаматтар алуға құқылы. Базалық зейнетақының мөлшері еңбек өтілі мен жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне тәуелді. Ал БЖЗҚ-дан берілетін төлемдер салымшының зейнетақы жинақтары есебінен қалыптасады.      

Ерікті зейнетақы жарналарын аударатындардың жиынтық зейнетақысы осы жарналардың есебінен елеулі түрде ұлғаятындығын айта кеткен жөн.

Зейнетақы калькуляторы жинақтарыңыздың қанша жылға жететіндігін, құрметті демалысқа шығар алдында шамамен қанша мөлшерде жалақы алатыныңызды есептейді,әрі жалақыны жиынтық зейнетақымен ауыстыру коэффициентін көрсетеді».

Таяуда enpf.kz сайтының «Зейнетақы калькуляторы» бөлімінде «Жинақтарды өмірді сақтандыру бойынша компанияға аудару» деп аталатын жаңа қызмет іске қосылды. Сол арқылы өмірді сақтандыру бойынша компаниямен зейнетақы аннуитеті шартын жасасу үшін шоттағы зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткілікті сомасын есептеуге болады. Бұл калькулятор ең төменгі зейнетақы мөлшерін ескере отырып, зейнетақы аннуитеті шартын жасасу үшін зейнетақы жинақтарының сомасы қандай болу керектігін есептейді.Сіз тиісті бағанда жынысыңызға қатысты мәліметті белгілеген соң, шарт жасасуға қажетті жас мөлшері автоматты түрде көрсетіледі. Ол ерлер үшін – 55 жас, әйелдер үшін биыл –51 жас.

Одан әрі кепілді мерзімді белгілейсіз. Бұл осы мерзім ішінде сақтандыру компаниясынан төлемдердітұрақты алып тұруға ниет білдіргеніңізді білдіреді. Әрі қарай калькулятор ағымдағы жыл бойынша ең төменгі зейнетақы мөлшерін ескере отырып, зейнетақы аннуитеті шартын жасасу үшін зейнетақы жинақтарының сомасы қандай болу керектігін есептейді. Қазіргі уақытта зейнетақы аннуитеті шартын жасасу үшін әйелдердің шотындағы зейнетақы жинақтарының сомасы кемінде 13 млн 580 мың теңге, ал ерлерде кемінде 9 млн 710 мың теңге болуы керек. Бұл әрине, ағымдағы күнтізбелік жылға арналған болжамды сома. Ал нақты соманы сақтандыру ұйымынанбілуге болады.

Айтпақшы, есептеу барысында сайтта сақтандыру ұйымдарының іс жүргізуге қатысты шығындары есепке алынбайды. Бұл шығындардың көлемі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2015 жылғы 20 қазандағы №194 қаулысына сәйкес сақтандыру сыйақысы мен әрбір сақтандыру төлемінің 0 пайызынан 3 пайызына дейін құрауы мүмкін.

Егер барлық есептеулерден кейін, болашақ зейнетақы мөлшері күтілген сомадан аз болып шықса, оны ерікті зейнетақы жарналарын аудару арқылы ұлғайтуға болады. Қазір Қорда ерікті зейнетақы жарналары есебінен шамамен 50 мың шот ашылған. Зейнетақыны жоспарлау деген осы. Құрметті демалыста лайықты өмір сүргісі келетін әрбір адам, зейнет жасына дейін қанша ақша жинау керектігін осы бастан білуі қажет. 

Қор өз кезегінде болашақ зейнетақыны қалыптастыру жолында әрбір салымшыға дербес кеңесші болуға тырысады және бұл үшін барлық мүмкіндіктерді ұсынады.   

«Зейнетақы калькуляторы» қызметімен «БЖЗҚ» АҚ сайтында мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/calcs.php

* * * * *

2019 жылдың қаңтар айында БЖТ төлеу аясында БЖЗҚ-дағы 3 655 жеке зейнетақы шотына жалпы сомасы 2,1 млн теңгеге 4019 жарна (1,1 млн теңге қала тұрғындарынан, ал 948 мың теңге ауыл тұрғындарынан) келіп түсті. 

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде Бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) іске қосылды.Бірыңғай жиынтық төлем өзін-өзі жұмыспен қамтушы жеке тұлғалардың бейресми қызметін тіркеуді оңайлатуға бағытталған. Сол арқылы төрт міндетті төлемді: мемлекеттік кірістер органына төленетін жеке табыс салығын, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленетін міндетті зейнетақы жарналарын, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төленетін әлеуметтік аударымды және Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төленетін әлеуметтік аударымды бір төлеммен жүзеге асыруға болады. Осылайша БЖТ төлеу мүмкіндігіне ие азаматтар барлық төлемдерді оңайлатылған тәртіпте төлеп, әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне қатыса алады.

Бұдан басқа БЖТ төлеуші қазақстандықтар жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысып, жинақтарын молайтады және қатысу өтіліне қарай мемлекеттік базалық зейнетақыны жоғары мөлшерде алуға үміт арта алады..

* * * * *

«БЖЗҚ» АҚ салымшылар мен алушыларға ақпарат беру бойынша атқарылған жұмыстар туралы хабарлайды

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшылары мен алушылары жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірмені кез келген уақытта (электрондық тәсілмен) тегін алуға құқылы. Бұл заң жүзінде бекітілген құқық.  

Бүгінде зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы анықтаманы мынадай тәсілдермен алуға болады:

1)    БЖЗҚ-ға тікелей келіп өтініш беру;

2)    электрондық тәсіл, оның ішінде:

–үзінді көшірме БЖЗҚ-ға ұсынылған электрондық мекенжайға жіберіледі.Салымшы (алушы) таңдап алынған кестеге сәйкес зейнетақы шотынан үзінді көшірмені: ай сайын, үш ай сайын, жарты жылда бір рет немесе жыл сайын алады; 

– логин мен пароль (құпия сөз) немесе электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегімен, Қор сайтының Жеке кабинеті арқылы;

–  электрондық үкімет порталының Жеке кабинеті немесе бір реттік sms-парольарқылы, мұнда sms-пароль mGov мобильді азаматтар базасында тіркелген салымшылар мен алушылардың ұялы телефонына жіберіледі;

3)    дәстүрлі пошта байланысы арқылы.

Ақпарат алу тәсілін таңдау үшін салымшы (алушы) жеке басын куәландыратын құжатпен БЖЗҚ кеңсесіне келеді. Электрондық цифрлық қолтаңба болған жағдайда, ақпарат алу тәсілін Қор сайтының Жеке кабинетінде таңдауға немесе өзгертуге болады.

Жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы анықтаманы электрондық пошта арқылы алу тәсілін 800 мыңнан астам салымшы (алушы) таңдаған. 2018 жылы оларға шамамен 5,6 млн хабарлама жіберілді.

2019 жылдың 1 қаңтарына қарай 5,2 млн адам зейнетақы шотының жай-күйі туралы анықтаманы Қордың enpf.kz сайтының Жеке кабинеті арқылы алу мүмкіндігіне ие. 

Бір жыл ішінде интернет-хабарландыру тәсілін таңдағандар саны 1,2 млн жуық адамға көбейді. Бұл тәсіл шынында да өте ыңғайлы: зейнетақы шотының жай-күйі туралы анықтаманы кез келген жерде аптасына 7 күн, тәулігіне 24 сағат бойы жедел түрде алып тұруға болады. 

Алғашқы жылдары салымшылар мен алушылардың көпшілігі зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасу барысында шоттан анықтама алу тәсілі ретінде пошта байланысын таңдаған болатын. Бұл ретте зейнетақы шотынан үзінді көшірме салымшылар мен алушыларға жылына бір рет жіберіледі. Ал пошталық мекенжай өзгерген жағдайда, бұл туралы Қорға міндетті түрде хабарлау қажет. Егер хабар берілмесе, БЖЗҚ бұдан кейін зейнетақы жинақтары туралы анықтаманы жібермеуге құқылы. Сонымен қатар шоттарында ақша жоқ салымшылар мен алушыларға үзінді көшірме жіберілмейді.

2019 жылдың қаңтар-ақпан айларында Қор 2019 жылдың 1 қаңтарына қарай зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы 1 миллионға жуық анықтаманы салымшылар мен алушыларға жіберу шарасын жүзеге асыруда. Яғни, БЖЗҚ 2019 жылдың басынан бері 2018 жылдың қорытындысы бойынша салымшыларға (алушыларға) ақпарат беру шарасын жүргізіп жатыр.     

Айта кетелік, үзінді көшірмені Қор кеңсесіне келіп алу тәсілін 1,8 млн астам адам таңдаған.  

* * * * *

Зейнетақы жинақтарының жай-күйін egov порталында sms-хабарламаның көмегімен білуге болады

«БЖЗҚ» АҚ 2019 жылдың 25 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2018 жылғы 11 қарашадағы №288 Қаулысының күшіне енетіндігін хабарлайды. Соған сәйкес «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының (инвестициялық табысты ескере отырып) жай-күйі туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызметі электрондық үкімет порталында енді электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегінсіз де қолжетімді болады.  

Бүгінде зейнетақы жинақтарының жай-күйін мынадай тәсілдермен білуге болатындығын еске саламыз. Олар:

1)  БЖЗҚ кеңсесіне тікелей келіп өтініш жасау;

2)  дәстүрлі пошта байланысы;

3)  электрондық тәсіл, оның ішінде:

–   БЖЗҚ-ға ұсынылған жеке электрондық мекенжай;

–  логин және пароль (құпия сөз) немесе электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдана отырып, БЖЗҚ порталындағы жеке кабинет;

–   электрондық үкімет порталындағы жеке кабинет арқылы.

Айта кетелік, соңғы хабарлау тәсілін қолдану үшін тек электрондық цифрлық қолтаңба қажет болатын. Енді 2019 жылдың 25 қаңтарынан бастап кез келген салымшы (алушы) бір реттік sms-парольді қолдана отырып, жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірме ала алады. Бұл үшін салымшы (алушы) электрондық үкімет порталының жеке кабинетінде тіркеліп, үзінді көшірме алуға сауал жолдайды. Содан кейін mGov мобильдік азаматтар базасында тіркелген салымшының (алушының) ұялы телефонынабір реттік sms-парольжіберіледі.

Атап өту керек, жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірмені электрондық тәсілмен алған өте ыңғайлы. Бұл зейнетақы жинақтары туралы маңызды ақпараттарды 24/7 режимінде алуға мүмкіндік береді.

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz


* * * * *

Зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат беру қызметі көрсетілетін 60 мемлекеттік қызметтің ішінде үздіктердің бірі болып танылды

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің тапсырысы бойынша «САНДЖ» зерттеу компаниясының мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына жүргізген қоғамдық мониторинг нәтижесінде «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының (инвестициялық кірістерін ескере отырып) жай-күйі туралы ақпарат беру» қызметі үздік бестіктің қатарына енді.

Мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасына қатысты қоғамдық мониторинг 2018 жылдың тамыз-қазан айлары аралығында өткізілді. Зерттеу барысында Қазақстанның барлық өңірлерінде 10 000 қызмет алушы арасында сауалнамалық сұрау жүргізілді. Бұл ретте көрсетілетін 60 мемлекеттік қызметнегізге алынды.

Мониторинг аясында қызмет алушылар арасында сауалнамалық сұрау жүргізіліп, қызмет көрсетуші мен қызмет алушылардан тиянақты сұхбаттар алынды.Сонымен қатар «Құпия сатып алушы» әдісі бойынша бақылау жүргізіліп, бірқатар фокус-топтық талқылаулар ұйымдастырылды.

Зерттеу жүргізудегі мақсат – қызмет алушылардың көрсетілетін қызметтердің сапасына қанағаттанушылық деңгейін бағалау. Бұл ретте ақпараттың қолжетімділігі, қызмет көрсету мерзімінің сақталуы, қызмет көрсету деңгейі (сыпайылық, біліктілік, қызметкерлердің шапшаңдығы), құжаттардың дұрыс рәсімделуі, шарттардың ыңғайлылығы ескерілді.

Зерттеу қорытындысы бойынша БЖЗҚ салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат беру қызметіне баға беру барысы ақпараттың сапасы мен қолжетімділігі, жеделдігі мен құзыреттілігі бойынша жоғары нәтижелер көрсетті: сауалнамаға жауап берушілердің 80,4 пайызы қызметтер бойынша ақпараттың ашықтығына және қолжетімділігіне риза. Бұл ретте жауап берушілердің 82,9 пайызының пікірінше ақпараттар ашық және шынайы.Жауап берушілердің 88,3 пайызыныңқызметтердің көрсетілу мерзіміне және 92,1 пайызының құжаттардың жиналу және әзірлеу мерзіміне көңілдері толады.

Сауалнамаға қатысушылардың 79,8 пайызы қызмет көрсетушінің мамандарының біліктілігін жоғары бағаласа, 80,7 пайызы үшін қызметкерлердің сыпайылығы, әдептілігі қанағаттанарлық деңгейде болды. Сонымен қатар қызметкерлерінің шапшаңдығын сауалнамаға жауап берушілердің 81,3 пайызы атап өтсе, 80,4 пайызы қызмет көрсетушіге сенеді.

Көрсетілетін қызметтерді барынша әділ бағалау үшін «Құпия сатып алушы» әдісі де қолданылды. Ол БЖЗҚ филиалында және Астана қаласында Халыққа қызмет көрсету орталықтарының бірінде жүзеге асырылды. Құпия сатып алушы көрсетілетін қызметтердің сапасын үш өлшем бойынша бағалауы тиіс болды. Олар: 1) ақпаратты сайттан іздеу, 2) ақпаратты стендтен іздеу, 3) байланыс орталығына қоңырау шалу.

Құпия сатып алушы БЖЗҚ-ның https://www.enpf.kzсайтын жоғары бағалады.Ол сайттың интерфейсін,онда байланыс орталығының телефон нөмірібар екендігін, бір бөлімнен екінші бөлімге тез ауысуға болатындығын және ақпараттардың орыс және қазақ тілдерінде қолжетімді екендігін атап өтті. Қордың байланыс орталығы жұмысының сапасына да жоғары балл берілді. Өйткені, Қор маманы байланысқа тез шығып, қойылған сұрақтардың барлығына нақты және толыққанды жауап берген.

БЖЗҚ-ның Астана қаласындағы филиалына барған кезде де қызмет көрсетуші қызметкерлердің жұмысына Құпия сатып алушының көңілі толды.  

«Операция бөлімінің қызметкері менің барлық сұрақтарыма жауап берді және тіпті зейнетақы жарналарының түсуіне қатысты ақпаратты поштама жіберуді ұсынды. Ол сонымен қатар БЖЗҚ ұялы қосымшасының бар екендігін айтып, тіркелуге көмектесті. БЖЗҚ ұялы қосымшасы мен БЖЗҚ сайтындағы Жеке кабинет өте ыңғайлы. Зейнетақы жарналарының түсуін үнемі қадағалап отыруға мүмкіндік бар».

Бұл зерттеудің негізгі нәтижелері тұрғындардың «БЖЗҚ» АҚ қызмет көрсету сапасына көңілдері толатындығын көрсетті. Ал бұл Қорды қызмет көрсету сапасын одан әрі жетілдіруге ынталандыра түседі.

Мониторинг нәтижесі бойынша толық есепті Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сайтынан мына сілтеме бойынша:   https://nationalbank.kz/?docid=3525&switch=kazakh көре аласыз.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz


* * * * *

«Е-нотариат» жүйесі мен БЖЗҚ ақпараттық жүйесінің өзара ықпалдастығы жүзеге асырылды

«БЖЗҚ» АҚ «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңына сәйкес салымшы (алушы) қайтыс болған жағдайда нотариустарға және шетелдік консулдық мекемелерге, олардың өндірісіндегі мұрагерлік істер бойынша жеке зейнетақы шотының және онда қаражаттың бар болуы туралы анықтама береді.    

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) мен Қазақстан Республикасы нотариустарының өзара іс-қимылын оңтайландыру мақсатында Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі, Республикалық нотариаттық палата, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы («ҰАТ» АҚ) және БЖЗҚ арасында «Е-нотариат» Бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйесі мен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры ақпараттық жүйесінің өзара іс-қимылы туралы Шарт жасалды. Бұл шара «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында реттелген болатын.

Енді аталған Шарт аясында нотариустар өздерінің өндірісіндегі мұрагерлік істер бойынша (мұрагерлер өтініш берген жағдайда) қайтыс болған салымшылардың (алушылардың) Қорда жеке зейнетақы шотының және онда ақшаның болуы туралы БЖЗҚ-ға«Е-нотариат» Бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйесі арқылы онлайн тәртібінде (БЖЗҚ-ға хат жүзінде сауалдар жолдамастан) сауалдар жолдай алады.

Қор өз кезегінде салымшылар мен алушылар Қазақстан Республикасының нотариустары куәландырған немесе растаған құжаттарды ұсынған жағдайда «Е-нотариат» Бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйесіне сауал жолдап, салымшылар мен алушылардың Қорға ұсынған құжаттарына қатысты жасалған нотариалдық әрекеттер бойынша ресми растау құжатын алады.

Бұл қызмет нотариустарға жүгінген мұрагерлердің уақытын үнемдейді және қағаздық құжатайналымын жояды.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz


* * * * *

Бірыңғай жиынтық төлем және оның артықшылықтары

Жаңа 2019 жыл отандастарымыз үшін бірқатар республикалық заңдарға енгізілген өзгерістерден басталды. Солардың бірі – 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген Бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ).

Бұл не және не үшін енгізілді?

Бірыңғай жиынтық төлем өзін-өзі жұмыспен қамтушы жеке тұлғалардың бейресми қызметін тіркеуді оңайлатуға бағытталған.Сол арқылы төрт міндетті төлемді: мемлекеттік кірістер органына төленетін жеке табыс салығын (ЖТС), Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (БЖЗҚ, Қор) төленетін міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ), Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төленетін әлеуметтік аударымды және Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төленетін әлеуметтік аударымдыбір төлеммен жүзеге асыруға болады.

Бұл бізге қандай мүмкіндіктер береді?

Жеке кәсіпкер ретінде кәсіпкерлік қызметін тіркелместен жүзеге асыратын, бір мезгілде мынадай шарттарға сай келетін: БЖТ төлеген, жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланбайтын, қызметтерді салық агенттері болып табылмайтын жеке тұлғаларға ғана көрсететін және (немесе) акцизделетін өнімдерді қоспағанда, өзінің жеке қосалқы шаруашылығында өндірген ауыл шаруашылығы өнiмiн салық агенттері болып табылмайтын жеке тұлғаларға ғана өткізетін жеке тұлғалар БЖТ төлеушілер деп танылады.

Ал сауда-ойын-сауық орталықтары аумағында жұмыстар атқаратындар (қызметтер көрсететін), тұрғын емес орынжайларды жалға берушілер, жеке практикамен айналысатын адамдар, оралмандарды қоспағанда, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар және жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелген адамдар БЖТ төлеушілер ретінде танылмайды.

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес БЖТ төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалар үшін өз пайдасына Қорға төленуге жататын міндетті зейнетақы жарналары республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда, астанада – айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) 1 еселенген мөлшерінің және басқа елдімекендерде айлық есептік көрсеткіштің 0,5 еселенген мөлшерінің 30 пайызын құрайды.

Бұл ретте республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын АЕК мөлшері қолданылады.

БЖТ төлеу мүмкіндігіне ие азаматтар барлық төлемдерді оңайлатылған тәртіпте төлеп, әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне қатыса алады.Сонымен қатар БЖТ төлеу арқасында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында медициналық қызметтерге толық көлемде қол жеткізіледі, яғни, көрсетілетін медициналық қызметтердің бағасы мен түрі бойынша шек қойылмайды және медициналық мекемелерді таңдау құқығы беріледі. Бұдан басқа БЖТ төлеуші қазақстандықтар жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысып, жинақтарын молайтады және қатысу өтіліне қарай мемлекеттік базалық зейнетақыны жоғары мөлшерде алуға үміт арта алады.

Жүйеге қатысушы жұмыстан, еңбекке қабілеттілігінен, асыраушысынан айырылған жағдайда, сонымен қатар жүктілік, бала туу және бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жоғары мөлшерде әлеуметтік төлемдер алу мүмкіндігіне ие болады.

Осылайша алатын табысты растаудың арқасында азаматтардың несие өтеу қабілеті арта түседі. Сәйкесінше олар өздерінің төлем қабілеттілігін растап, банктен несие ала алады.    

Өзін-өзі жұмыспен қамтушы жеке тұлғалар БЖТ-ны «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясына екінші деңгейдегі банктер немесе жекелеген банк операцияларын жүзеге асыратын ұйымдар (мысалы, «Қазпошта» АҚ) арқылы төлейді. Әрі қарай Мемлекеттік корпорация төлемді төрт бағыт бойынша: жеке табыс салығы ретінде мемлекеттік кірістер органына, әлеуметтік аударым ретінде мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына, міндетті зейнетақы жарналары ретінде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және әлеуметтік аударым ретінде Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударады.

БЖЗҚ салымшылары үшін тағы бір жағымды жаңалық!Бұған дейін МЗЖ есепке алу бойынша жеке зейнетақы шоты (ЖЗШ) жеке тұлғаның БЖЗҚ-ға ұсынған ЖЗШ ашу жөніндегі өтініші негізінде ашылатын. Енді 2019 жылдың қаңтарынан бастап БЖЗҚ-да МЗЖ есепке алу бойынша ЖЗШ ашу үшін жеке тұлғаға БЖЗҚ-ға жүгінудің қажеті жоқ. Енді жеке тұлғаның БЖЗҚ-да МЗЖ есепке алу бойынша ашылған зейнетақы шоты жоқ болса, алғашқы жарна келіп түскен кезде зейнетақы шоты Қордың ақпараттық жүйесінде автоматты түрде ашылады.

Бұл ретте жеке тұлға МЗЖ аудару кезінде төлем тапсырмасының электрондық форматында көрсетілген дербес деректер (тегі, аты, әкесінің аты, жеке сәйкестендіру нөмірі, туған күні) бойынша сәйкестендіріледі. Ал жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың деректемелері және тұрғылықты мекенжайы бойынша қажетті мәліметтерді Қор мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алатын болады.

Ескере кететін жәйт, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) мен ерікті зейнетақы жарналарын (ЕЗЖ) есепке алу бойынша ЖЗШ ашу тәртібі бұрынғыша өзгеріссіз қалады.

Сондай-ақ электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) бар болған жағдайда, ЕЗЖ (өз пайдасына) есепке алу бойынша жеке зейнетақы шотын БЖЗҚ сайтында онлайн тәртібінде ашуға болады. Бұл салымшылар мен алушылар үшін өте ыңғайлы.

  

* * * * *

БЖЗҚ-да зейнетақы шотын ашу рәсімі оңайлатылды

2019 жылдың 8 қаңтарынан бастапБЖЗҚ-да міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) есепке алу бойынша жеке зейнетақы шотын (ЖЗШ) ашу үшін жеке тұлғаға ЖЗШ ашу жөніндегі өтінішті рәсімдеу үшін БЖЗҚ-ға, оның ішінде Қордың веб-сайты арқылы жүгінудің қажеті жоқ.Енді жеке тұлғаның БЖЗҚ-да МЗЖ есепке алу бойынша ашылған зейнетақы шоты жоқ болса, алғашқы жарна келіп түскен кезде зейнетақы шоты Қордың ақпараттық жүйесінде автоматты түрде ашылады. Бұл туралы Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасына (ҚР 26.12.2018ж. №203-VI Заңы)тиісті өзгерістер енгізілді.

Бұл ретте жеке тұлға МЗЖ аудару кезінде төлем тапсырмасының электрондық форматында көрсетілген дербес деректер (тегі, аты, әкесінің аты, жеке сәйкестендіру нөмірі, туған күні) бойынша сәйкестендіріледі. Ал жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың деректемелері бойынша қажетті мәліметтерді Қор мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алатын болады.

 Еске саламыз, бұған дейін жеке тұлға МЗЖ есепке алу бойынша ЖЗШ ашу үшін шот ашу жөнінде тиісті өтінішті рәсімдеуге міндетті болатын. 

Ескере кететін жәйт, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен ерікті зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша ЖЗШ ашу тәртібі бұрынғыша өзгеріссіз қалады.

Айта кетелік, электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) бар болған жағдайда, ерікті зейнетақы жарналарын (өз пайдасына) есепке алу бойынша жеке зейнетақы шотын БЖЗҚ сайтында онлайн тәртібінде ашуға болады. Бұл салымшылар мен алушылар үшін өте ыңғайлы. 

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz


* * * * *

Фрилансерлер үшін жарналарды төлеу рәсімі оңайлатылды  

2018 жылдың 26 желтоқсанында «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңына тиісті өзгерістер енгізілді. Ол азаматтық-құқықтық сипаттағы (АҚС) шарттар бойынша жұмыстар орындайтын және қызметтер көрсететін жеке тұлғалар үшін міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) төлеу рәсімін оңайлатуға бағытталған.    

Еске сала кетелік, азаматтардың бұл санаты 2018 жылдың шілде айынан бастап МЗЖ төлеуге міндеттелген болатын.  

Ал жаңадан енгізілген өзгерістер 2019 жылдың қаңтар айынан бастап күшіне енеді.  

Егер азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттардың бір тарабы салық агенті, яғни заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, кәсіби медиаторлар болатын болса, олар жеке тұлғалар үшін, олардың ішінде фрилансерлерге берілетін табыстан МЗЖ төлейтін агентке айналады. Бұл ретте міндетті зейнетақы жарналары алатын табыстың 10 пайызы мөлшерінде, бірақ республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі жалақының 10 пайызынан кем емес және 50 еселенген мөлшерінің 10 пайызынан жоғары емес мөлшерде белгіленеді.

Ал егер азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар салық агенті болып табылмайтын жеке тұлғалармен жасалатын болса, онда фрилансерлер МЗЖ төлеуге құқылы болады. Яғни, міндетті емес. Бұл жағдайда жеке тұлға міндетті зейнетақы жарналарын өзінің ұйғаруымен Қордағы жеке зейнетақы шотына аудара алады. Бұл үшін ол жарналарды екінші деңгейдегі банктер немесе Қазпошта арқылы «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясына төлейді. Әрі қарай Мемлекеттік корпорация жарналарды Қорға аударады. Атап өту керек, егер фрилансер өзінің осы құқығын пайдаланатын болса, бұл оның жеке зейнетақы капиталын қалыптастыруына оң әсер ететін болады.

Бұдан басқа, еңбек шарты бойынша жалдамалы жұмыскер ретінде еңбек ететін әрі жеке тұлғалармен жасалған азаматтық-құқықтық шарттар бойынша жұмыстар орындайтын немесе қызмет көрсететін азаматтар азаматтық-құқықтық шарттар бойынша алынатын табыстан МЗЖ төлеуден босатылады.      

Бұл ретте МЗЖ есептеу үшін алынатын ең жоғары жиынтық жылдық табыс республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі жалақының 50 еселенген мөлшерінің 12 еселенген сомасынан аспауы тиіс. Яғни, 2019 жылы жиынтық жылдық табыс 25 500 000 теңгеден асатын болса, бұл сомадан артық алынатын табыс МЗЖ төлеуден босатылады.   

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz


хат жіберу