Блог статистикасы
195
Жазбалар
4324
Өтініштер
172829
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Калмаков Ерлан Болатович
Руководитель управления культуры

Байланыс ақпараты

Почтовый адрес: Республика Казахстан, Костанайская область г.Костанай, пр. Аль-Фараби, 60 Тел./факс: +7(714-2) 57-53-20 E-mail:

Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
Калмаков Ерлан Болатович
Руководитель управления культуры

Байланыс ақпараты

Почтовый адрес: Республика Казахстан, Костанайская область г.Костанай, пр. Аль-Фараби, 60 Тел./факс: +7(714-2) 57-53-20 E-mail:

БЖЗҚ



2018 жылғы архив

2017 жылғы архив

2016 жылғы архив

Операциялық залдар

5 сұрақ (сәуір)

Өзіне өзі қызмет көрсету терминалдары туралы

Зейнетақының сақталуына мемлекет кепіл

БЖЗҚ 2019 ж 1 сәуірге қарай маңызды көрсеткіштер

Өзін-өзі жұмыспен қамтушыларды ел экономикасына тарту жолдары

Үздік журналистік материалға байқау

Оқушылар арасындағы эссе байқауы

Байқау қорытындысы эссе

* * * * *

Шалғайдағы елдімекендердің тұрғындары «БЖЗҚ» АҚ қызметтерін «Қазпошта» АҚ бөлімшелерінде ала алады

Алматы, Қазақстан – «БЖЗҚ» АҚ пен «Қазпошта» АҚ елдің шалғай елдімекендерін зейнетақы қызметтерімен қамту мақсатында Қордың салымшылары мен алушыларына «Қазпошта» АҚ бөлімшелерінде қызмет көрсету бойынша бірлескен жобаны іске қосты.

Еске сала кетелік, 2018 жылы зейнетақы қызметтерін елдің шалғай аудандарындағы пошта бөлімшелері арқылы көрсету туралы «БЖЗҚ» АҚ пен «Қазпошта» АҚ арасында Меморандумға және агенттік келісімге қол қойылған болатын.

Қазір «Қазпошта» АҚ операторлары арнайы оқыту курсынан өткен соң, «БЖЗҚ» АҚ-тың қызмет көрсету орталықтары жоқ елдімекендерде зейнетақы қызметтері көрсетіле бастады. Осылайша экономикалық тұрғыдан белсенді халқының саны 2 мыңнан асатын 94 елдімекеннің тұрғындары зейнетақы қызметтерін ұлттық пошта байланысы операторы арқылы алуға қол жеткізді. Бұл ретте зейнетақы қызметтері ұлттық пошта желісі арқылы Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай (Октябрьское ауылы, Қарасу ауданы, Ленин көшесі, 24; Заречное ауылы, Қостанй ауданы, Юбилейная көшесі,71), Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарының елдімекендерінде көрсетіледі. Елдімекендердің толық тізімін Қор сайтынан көруге болады https://www.enpf.kz/kz/services/kazpost/index.php.

Атап айтар болсақ, бұл ауылдар мен кенттердің тұрғындары Қазпошта бөлімшелерінде мынадай қызметтерді алады:

· салымшының (алушының) қосымша деректемелерін (жеке куәлігінің нөмірі, телефон нөмірі, электрондық және пошталық мекенжайы) өзгерту/толықтыру туралы өтініш беру;

· хабарлау тәсілін өзгерту (белгілеу) (оның ішінде «БЖЗҚ» АҚ электрондық форматтағы қызметтеріне қол жеткізу) туралы келісімге қол қою.

Сонымен 2019 жылы республика өңірлерін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қызметтерімен қамту деңгейі 43,7 пайызға дейін өседі. «Қазпошта» АҚ Қазақ елі аумағында ең үлкен филиалдық желіге ие. «БЖЗҚ» АҚ жоспарында елдің басқа да шалғай аудандарын «Қазпошта» АҚ бөлімшелері арқылы зейнетақы қызметімен қамту көзделген.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz


* * * * *

2019 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша

БЖЗҚ зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелі

2019 жылдың қаңтар-наурыз айларында зейнетақы активтері бойынша есептелген инвестициялық табыстың жалпы сомасы 112 млрд теңгеден асты

Алматы, Қазақстан – БЖЗҚ ресми сайтында зейнетақы активтерін басқару бойынша инвестициялық портфель туралы толық ақпарат жарияланған. Ол мына сілтеме бойынша қолжетімді:

https://www.enpf.kz/upload/medialibrary/861/86186778f6e13baebb116b60f46b77e6.pdf

Инвестициялық қызмет туралы толық есеп салымшылардың зейнетақы жинақтары қандай нарықтық баға бойынша қандай бағалы қағаздарға және қанша мөлшерде инвестицияланғаны жайындағы мағлұматтардан тұрады.

2019 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 9 641, 27 млрд теңгені құрады.

Салымшылар мен алушылардың зейнетақы активтерінің табыстылығы 2018 жылдың наурызы мен 2019 жылдың ақпаны аралығында (өткен 12 ай ішінде) 11,5 пайызға жетті. Дәл осы кезеңде инфляция деңгейі 4,8 пайызды көрсетті. Осылайша зейнетақы активтерінің нақты табыстылығы 6,7 пайыз болды.

2019 жылдың басынан бері есептелген инвестициялық табыстың жалпы сомасы 112 млрд теңгеден асты.

2019 жылдың қаңтар-наурыз айларында зейнетақы активтері бойынша алынған инвестициялық табыстың құрылымы мынадай:

-         бағалы қағаздар, орналастырылған салымдар және «кері РЕПО» операциялары бойынша сыйақы түріндегі табыстар 152,22 млрд теңге;

-         бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалаудан орын алған шығындар (16,2) млрд теңге;

-         шетелдік валютаны қайта бағалаудан орын алған шығындар (28,94) млрд теңге;

-         сыртқы басқарудан түскен табыстар 3,16 млрд теңге;

-         басқа да шығындар 2,37 млрд теңгені құрады.

2019 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің инвестициялық портфеліндегі борыштық қаржы құралдарыныңөтелуі бойынша орташа табыстылық жылына 7,0 пайызды құрады. Оныңішінде теңгеге номинирленгендері бойыншаорташа табыстылық –жылдық 8,4%, ал шетелдік валютада –жылдық 3,9% болды.

Қордың зейнетақы активтері портфелінің негізгі бөлігі Қазақстан Республикасының мемлекеттік құнды қағаздарына (40,66 пайыз) тиесілі. Бұл табысы ең тұрақты қаржы құралдарының бірі. Есепті күнге қарайтеңгеге номинирленген ҚР мемлекеттік бағалы қағаздарының өтелуі бойынша орташа табыстылық жылдық 7,2 пайызды, ал АҚШ долларында–жылдық 4,4 пайызды құрады.

2019 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша ҚР квазимемлекеттік ұйымдары облигацияларының портфельдегі үлесі 13,52 пайыз болды. Осы есептік күнге қарай аталмыш ұйымдардың облигацияларының өтелуі бойынша орташа табыстылық теңгеге номинирленген облигациялар бойынша жылына 10,3 пайызды, ал АҚШ доллары бойынша жылына 5,0 пайызды құрады.

Есепті кезеңде шетелдік мемлекеттердің мемлекеттік бағалы қағаздарының ағымдағы құны1506,00 млрд теңгеге жетіп, олардың портфельдегі үлесі15,62 пайызды көрсетті. Сонымен қатар қарастырылыпотырған кезеңде жалпы сомасы 158,97млрд теңгеге шет елдердің мемлекеттік бағалы қағаздары өтелді. Есепті күнге қарай БЖЗҚ зейнетақы активтерінің портфеліндегі шет елдердің мемлекеттік бағалы қағаздарының өтелуіне қатысты орташа табыстылық жылына 3,6 пайызды құрады.

Қордың зейнетақы активтері есебінен сатып алынған қаржы құралдарының инвестициялық портфелі былайша келтірілген:

ұлттық валютада жасалған инвестиция көлемі – 67,61 пайыз, АҚШ долларында – 31,97 пайыз, басқа валюталарда – 0,42 пайыз болды.

Қордың сенімгерлік басқарудағы зейнетақы активтері портфелінің құрылымдық үлестірілімі БЖЗҚ Инвестициялық декларациясына толығымен сәйкес келеді.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz


* * * * *

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы төлемдерінен ұсталған жеке табыс салығын қайтару туралы

Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) берілетін зейнетақы төлемдеріне жеке табыс салығы (ЖТС) салынады.

Егер зейнетақы төлемдерін алушы 2018 жылдың 1 қаңтарына дейін:

Ұлы Отан соғысына қатысушы және оған теңестірілген адам;

Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестер Одағының ордендері және медальдарымен марапатталған адам;

1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестер Одағының ордендері және медальдарымен марапатталмаған адам;

I, II немесе III топтағы мүгедек;

мүгедек бала;

мүгедек бала он сегіз жасқа толғанға дейін әрбір осындай мүгедек бала үшін - оның ата-анасының, қорғаншыларының, қамқоршыларының бірі;

«бала кезінен мүгедек» деген себеппен мүгедек деп танылған адамның өмір бойына әрбір осындай адам үшін - оның ата-анасының, қорғаншыларының, қамқоршыларының бірі;

асырап алынған бала он сегіз жасқа толғанға дейін әрбір осындай адам үшін - бала асырап алушылардың бірі болса, Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (бұдан әрі – Салық кодексі) Кодексінің ережелеріне сәйкес Қордан берілетін зейнетақы төлемдері түріндегі табыстарына, оның ішінде жерлеуге байланысты біржолғы төлемдерге Салық кодексінде белгіленген шекте жеке табыс салығы салынбады.

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Салық кодексінің 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 121-VI редакциясына сәйкес жоғарыда аталған адамдар мен қосымша санаттағы адамдардың (жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алған ата-аналардың бірі) табыстарына, Қордан берілетін зейнетақы төлемдеріне және жерлеуге байланысты біржолғы төлемдерге салық шегерімдері мен табысты түзету қолданылмады. Сәйкесінше Қор төлемдеріне 10 пайыз мөлшерінде жеке табыс салығы салынды.

Аталған санаттағы зейнетақы төлемдерін алушылардың мүдделерін қорғау мақсатында БЖЗҚ жеке табыс салығы бойынша жеңілдіктерді қайтару үшін Салық кодексіне түзету енгізу туралы бастама көтерді. Бұл бастамаға мемлекеттік органдар (Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті, Ұлттық экономика министрлігі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі) және депутаттық корпус қолдау көрсетті және ол «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес-ортаны дамыту және сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 2 сәуірдегі № 241-VІ Заңы аясында бекітілді. Бұл Заңның нормалары 2018

жылдың 1 қаңтарынан бастап орын алатын қатынастарға таратылады. Осыған байланысты табысты түзету немесе салық шегерімін қолдануға және 2018 жылдың 1 қаңтарынан бері ұсталынып келген жеке табыс салығының өтелуіне құқығы бар зейнетақы төлемдерін алушыларға ұсталынып келген жеке табыс салықтары қайтарылады.

2018 жылдың 1 қаңтарынан бері ұсталынып келген жеке табыс салығын қайтару үшін БЖЗҚ-ға мына құжаттарды ұсыну қажет:

• табысты түзету немесе салық шегерімін (оның ішінде жерлеуге байланысты біржолғы төлемдер) қолдану туралы өтініш;

• табысты түзету немесе салық шегерімін қолдануды растайтын құжаттардың көшірмелері.

Ұсталынған жеке табыс салығын қайтару жөніндегі өтініштің үлгісін www.enpf.kz

сайтынан жүктеп алуға болады.

Ұсталынған жеке табыс салығының өтелуіне қатысты құқық зейнетақы төлемдері, оның ішінде жерлеуге байланысты біржолғы төлемдер жүзеге асырылған күннен бастап 5 жыл бойы сақталады.

Айта кетелік, бұл құқық табыстардың басқа түрлері бойынша салық заңнамасында көрсетілген шекте табысты түзету немесе салық шегерімін пайдаланбаған жоғарыда аталған тұлғаларға таратылады.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz


* * * * *

Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары.

Жұмыскердің әлеуметтік жауапкершілігі.

Зиянды өндірістегі жұмыс адам денсаулығына нұқсан келтіретіндігі бәсенеден белгілі. Сондықтан бұл шетін мәселеде жұмыс берушінің әлеуметтік жауапкершілігі өте маңызды.

Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) – еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын, кәсіптері өндірістердің, жұмыстардың, жұмыскерлер кәсіптерінің тізбесінде көрсетілген жұмыскерлердің пайдасы үшін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (бұдан әрі – Қор) агенттер меншікті қаражаты есебінен аударған ақша. Тізбені Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. Бұл жарналар зиянды еңбек жағдайы үшін жұмыс берушінің өз қаражаты есебінен жұмыскерлерінің пайдасына аударатын өтемақысы.

Қорға төленуге жататын МКЗЖ Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіп бойынша жұмыскердің ай сайынғы табысының 5 пайызы мөлшерінде белгіленеді. Зейнетақы жарнасының бұл түрі 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілген.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 984 қаулысымен бекітілген Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидаларының (бұдан әрі – Зейнетақы қағидалары) 10 тармағына сәйкес МКЗЖ есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт (қосылу шарты) бекітілген. Ол «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңында көзделген құқықтарды, міндеттер мен жауапкершілікті, сондай-ақ БЖЗҚ-ның, МКЗЖ аударылатын жеке тұлғаның (МКЗЖ есебінен зейнетақы төлемдерiн алушының) және агенттің арасындағы құқықтық қатынастардың өзге де ерекшеліктерін белгілейді.

Зейнетақы қағидаларының 11 тармағына сәйкес МКЗЖ есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасу БЖЗҚ-ның ішкі құжатымен бекітілген нысан (ол enpf.kz. сайтында орналастырылған) бойынша МКЗЖ-ны есепке алу жөнінде жеке зейнетақы шотын (ЖЗШ) ашу туралы өтінішке агенттің және өзі үшін МКЗЖ аударылатын жеке тұлғаның қол қоюы арқылы жүзеге асырылады.

БЖЗҚ «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясынан МКЗЖ есебінензейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жөніндегі мәліметтердің бірыңғай тізімге енгізілгені туралы электрондық хабарламаны алған күннен бастап агент және өзі үшін МКЗЖ аударылатын жеке тұлға МКЗЖ есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа қосылған болып есептеледі.

МКЗЖ есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы бұрын жасалған шарт болған жағдайда МКЗЖ аударылатын жеке тұлға және жаңа агент МКЗЖ есепке алу бойынша жаңа ЖЗШ ашпай-ақ БЖЗҚ-ның ішкі құжаттарымен айқындалатын нысан бойынша МКЗЖ есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа қосылу туралы өтінішке қол қояды. Бұл ретте МКЗЖ есепке алу бойынша жаңа шот ашылмайды.

БЖЗҚ-ға МКЗЖ еспке алу бойынша ЖЗШ ашу туралы өтінішті рәсімдеу үшін салымшы Қорға тиісті құжаттарды ұсынады. Бұл құжаттардың тізімі Қор сайтында орналастырылған. МКЗЖ табыстар алынған айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірілмей Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен төленеді.

Арнайы салық режимін қолданатын шаруашылық жүргізуші субъектілер бұл жарналарды Қорға Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көрсетілген тәртіпте аударады.

Қорға міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеуден агент:

1) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының (бұдан әрі – Заң) 11-бабының 1-тармағына сәйкес зейнеткерлік жасқа толған жеке тұлғалар;

2) әскери қызметшiлер (мерзiмдi қызметтегі әскери қызметшiлерден басқа), арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлері, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар;

3) еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушылар үшін босатылады.

Іс жүзінде төленген және жұмыскер кіріс алған жағдайда, жұмыс беруші уақтылы аудармаған МКЗЖ сомаларын мемлекеттік кіріс органдары өндіріп алады немесе жұмыс беруші оларды уәкілетті орган белгілеген қайта қаржыландырудың 1,25 еселенген ресми мөлшерлемесі көлемінде мерзімі өткен әрбір күн үшін есепке жазылған өсімпұлмен бірге Қорға жұмыскердің пайдасына аударылуы тиіс. Бұған қарап, еңбеу жағдайлары зиянды өндірістерде жұмыс істейтіндердің мемлекет тарапынан қорғалғандығына және құрметті демалысқа шыққан соң барабар төлемдерге үміт арта алатындығына көз жеткізуге болады.

Қордағы зейнетақы жинақтары ай сайын ең төмен зейнетақы мөлшерiненкем емес төлемдi қамтамасыз етуге жеткілікті болған жағдайда өздері үшін МКЗЖ кемінде күнтізбелік 60 ай бойы (5 жыл) төленген әрі 50 жасқа толған азаматтар өздері таңдаған сақтандыру ұйымымен сақтандыру төлемдерiн өмiр бойы алып тұру үшін зейнетақы аннуитетi шартын жасасуға құқылы. Бұл жарналардың 2014 жылы енгізілгенін ескерсек, зиянды өндірістерде жұмыс істейтін әрі 50 жасқа толған азаматтар биылдан, яғни 2019 жылдан бастап зейнетақы аннуитеті шартын жасасу арқылы зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу құқығына ие болды. Айта кетелік, 2019 жылдың басынан бері осы санаттағы азаматтар 150-ден астам зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан.

Міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары жеткіліксіз болған жағдайда, зейнетақы аннуитеті шартын жасасу үшін салымшы (алушы) ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарын пайдалануға құқылы.

Осылайша, сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитетін жасасу арқылы сақтандыру ұйымынан ай сайын өмір бойы сақтандыру төлемдерін алып тұруға болады. Сақтандыру ұйымына аударуға жеткілікті соманы зейнетақы калькуляторы арқылы есептеуге мүмкіндік бар. Ол Қор сайтындағы «Электрондық қызмет көрсету»  - «Зейнетақы калькуляторы» бөлімінде қол жетімді  (https://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/calcInsurance/calc.php).

Айта кетелік, БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтары алушыларға тек заңнамада көрсетілген жағдайлар туындаған кезде ғана беріледі. Заң талаптарына сәйкес Қордан төленетін зейнетақы төлемдері зейнеткерлік жасқа толған азаматтарға (ерлерге 63 жасқа толғанда, әйелдерге биыл 59 жасқа толғанда)және бірінші немесе екінші топтардағы мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленген жандарға төленеді.Сонымен қатар Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен, кету дерегін растайтын құжаттарды ұсынған шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың да мiндеттi және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар.

2019 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша Қорда МКЗЖ есепке алу бойынша 487,3 мың шот тіркелген. Оларда барлығы 209,5 млрд астам теңге жинақталған. 

Анықтама: 2020 жылдан бастап елімізде шартты-жинақтаушы құрамдауыш  енгізіледі, яғни жұмыс жағдайына қарамастан барлық жұмыс берушілер жұмыскерлерінің пайдасына өз қаражаты есебінен Қорға айлық табыстың 5 пайызын қосымша аударатын болады.


* * * * *

БЖЗҚ-да «2019 жылы күшіне енген, ҚР зейнетақы заңнамасындағы өзгерістер» тақырыбы бойынша Ашық есік күні өткізілді 

2019 жылдың 19 наурызында БЖЗҚ-ның барлық филиалында биылғы жылы алғашқы «Ашық есік күні» шарасы өткізілді.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры тұрғындар арасында ақпарат беру-түсіндіру жұмыстарын жалғастырып келеді. Осы жұмыстар аясында салымшылар мен алушыларға зейнетақы жүйесіне қатысты маңызды сұрақтар бойынша тұрақты түрде ақпаратберіліп жатыр.

Аталмыш шараның тақырыбы – зейнетақы заңнамасына енгізілген өзгерістер. 

Зейнетақы жүйесін жаңғыртудағы басты мақсат – зейнетақы төлемдерінің тиімділігін арттыру.  

Азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыстар мен қызметтер атқаратын жеке тұлғалардың міндетті зейнетақы жарналарын төлеу рәсімін оңайлату мақсатында зейнетақы заңнамасына мынадай өзгерістер енгізілді:

- егер азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттардың бір тарабы салық агенті болса, жеке тұлғаларға, олардың ішінде фрилансерлерге берілетін табыстан міндетті зейнетақы жарналарын осы салық агенті төлейтін болады;

- егер азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт жеке тұлғамен жасалған болса, міндетті зейнетақы жарналарын төлеу – фрилансердің міндеті емес, құқығы болып табылады; 

- егер жеке тұлға жалдамалы жұмысшы болса және азаматтық-құқықтық сипаттағы шартты салық агенті болып табылмайтын жеке тұлғамен жасаса, онда осы шарт бойынша міндетті зейнетақы жарналарын төлеу – оның міндеті болып есептелмейді. Бұл ретте жарналарды есептеу үшін алынатын ең жоғары жиынтық жылдық табыс республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі жалақының 50 еселенген мөлшерінің 12 еселенген сомасынан аспауы тиіс.

Биылғы жылғы жаңа енгізілімдердің бірі – жеке зейнетақы шоттарының автоматты түрде ашылуы. Яғни, 2019 жылдың 8 қаңтарынан бастап жеке тұлғаға міндетті зейнетақы жарналары бойынша шот ашу үшін Қорға жүгінудің қажеті жоқ. Жеке тұлғаның Қорда міндетті зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша шоты жоқ болса, онда алғашқы жарна түскен сәтте шот автоматты түрде ашылады.

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде Бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) іске қосылды. Сол арқылы қатарынан төрт төлемді:

- мемлекеттік кірістер органына төленетін жеке табыс салығын;

- БЖЗҚ-ға төленетін міндетті зейнетақы жарналарын;

- Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төленетін әлеуметтік аударымды;

- Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төленетін әлеуметтік жарнаны жүзеге асыруға болады.

Бұдан басқа, 2019 жылдың 25 қаңтарынан бастап жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпаратты электрондық үкімет порталы арқылы алу оңай бола түсті.

Осы күннен бастап кез келген салымшы (алушы) жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірмені тек электрондық цифрлық қолтаңба ғана емес, бір реттік sms-парольдің көмегімен де ала алатын болды. Бұл үшін салымшы (алушы) электрондық үкімет порталының жеке кабинетінде тіркеліп, үзінді көшірме алуға сауал жолдайды. Содан кейін mGov мобильдік азаматтар базасында тіркелген салымшының (алушының) ұялы телефонына бір реттік sms-пароль жіберіледі.       

2019 жылдың ақпанында «Е-нотариат» жүйесі мен БЖЗҚ ақпараттық жүйесінің өзара ықпалдастығы жүзеге асырылды. Енді нотариустар «Е-нотариат» Бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйесі арқылы өздерінің өндірісіндегі мұрагерлік істер бойынша (мұрагерлер өтініш берген жағдайда) қайтыс болған салымшылардың (алушылардың) Қорда жеке зейнетақы шотының және онда ақшаның болуы туралы БЖЗҚ-ға онлайн тәртібінде (хат жүзінде сауалдар жолдамастан) сауалдар жолдай алады.     

Зейнетақы жүйесіне енгізілген өзгерістер Ашық есік күніне келушілер мен Қор мамандары арасында қызу талқыланды. Қатысушылар бүгінгі кездесудің пайдалы және достық сипатта өткендігін ерекше атап өтті.

Айта кетелік, БЖЗҚ-да Ашық есік күні осымен үшінші жыл қатарынан әрбір үш ай сайын өткізілуде. Өткен жылы бұл шараға еліміз бойынша 20 мыңнан астам адам қатысқан болатын.

Бүгінгі шараға қатысушылар биылғы жылы күшіне енген, зейнетақы заңнамасындағы барлық өзгерістер туралы толыққанды және маңызды мәліметтерді, сондай-ақ өздерін қызықтырған сұрақтар бойынша ақыл-кеңес алды.          

Қандай да бір себептермен Ашық есік күніне келе алмағандар зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша Қордың www.enpf.kz сайты арқылы Басқарма Төрайымының блогына сұрақ қоюға, байланыс орталығының 1418 телефон нөміріне қоңырау шалуға (Қазақстан бойынша қалалық және ұялы телефон арқылы хабарласу тегін) болады. Сонымен қатар салымшылар мен алушылар өз өтініштерін Қордың әлеуметтік желілердегі негізгі парақшалары және WhatsApp арнасы арқылы жолдай алады. 


* * * * *

Жыл басынан бері фрилансерлер мен жеке кәсіпкерлердің «БЖЗҚ» АҚ-тағы зейнетақы шоттарына 4,2 млрд теңге түсті

2019 жылдың қаңтар айында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына 253,4 мың салымшыдан, яғни жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерден жалпы сомасы 4,2 млрд теңгеге 768,6 мың жарна келіп түсті.  

«Қазақстан республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңына енгізілген өзгерістерге байланысты, мынадай өзгерістер күшіне енді:

– егер азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттардың бір тарабы салық агенті, яғни заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, кәсіби медиаторлар болатын болса, онда олар фрилансерлер үшін міндетті зейнетақы жарналарын төлейтін агентке айналады. Бұл ретте жарналар жеке тұлғаның алатын табысының 10 пайызы мөлшерінде, бірақ тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі жалақының 10 пайызынан кем емес және 50 еселенген мөлшерінің 10 пайызынан жоғары емес мөлшерде белгіленеді.

Бұл ретте жарналарды есептеу үшін алынатын ең жоғары жиынтық жылдық табыс республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі жалақының 50 еселенген мөлшерінің 12 еселенген сомасынан аспауы тиіс.

Егер азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар салық агенті болып табылмайтын жеке тұлғалармен жасалса, онда фрилансерлер жарна төлеуге тек құқылы болады. Бірақ міндетті емес. Дегенмен жеке тұлға бұл жарналарды өзінің ұйғаруымен Қордағы жеке шотына аудара алады. Бұл үшін ол жарналарды банктер немесе Қазпошта арқылы «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясына төлейді. Әрі қарай корпорация жарналарды Қорға аударады. Егер фрилансер өзінің осы құқығын пайдаланса, бұл оның жеке зейнетақы капиталын қалыптастыруына оң әсер ететін болады.

Сонымен қатар еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін азаматтар әрі азаматтық-құқықтық шарттар бойынша жеке тұлғалардың тапсырысын орындайтын болса, онда олар азаматтық-құқықтық шарттар бойынша жарна төлеуден босатылады. Бұл жағдайда міндетті зейнетақы жарналарын салық агенті болып табылатын жұмыс беруші ғана төлейді. 

* * * * *

2019 жылдың қаңтарынан бастап «БЖЗҚ» АҚ-та жеке зейнетақы шоттары автоматты түрде ашылады

2019 жылдың қаңтар айында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының базасында автоматты түрде 9 409 жеке зейнетақы шоты ашылды  

2019 жылдың 8 қаңтарынан бастап жеке тұлғаға міндетті зейнетақы жарналары бойынша шот ашу үшін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына,  оның ішінде Қордың веб-сайты арқылы да жүгінудің қажеті жоқ. Енді жеке тұлғаның Қорда міндетті зейнетақы жарналары бойынша ашылған шоты жоқ болса, онда алғашқы жарна келіп түскен кезде зейнетақы шоты автоматты түрде ашылады. Ол туралы Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасына тиісті өзгерістер енгізілді.

Бұл ретте жеке тұлға жарналарды аудару барысында төлем тапсырмасының электрондық форматында көрсетілген дербес деректер (тегі, аты, әкесінің аты, жеке сәйкестендіру нөмірі, туған күні) бойынша танылады. Ал жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың деректемелері бойынша қажетті мәліметтерді Қор мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алатын болады. 

* * * * *

Зейнетақы калькуляторы

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) тұрғындарға көрсетілетін қызмет сапасын жақсарту мақсатында инновациялық қызмет іске қосылған. Соның көмегімен әрбір салымшы өзінің дербес зейнетақы жоспарын Қордың enpf.kz сайтының «Электрондық қызмет көрсету» - «Зейнетақы калькуляторы» бөлімінде жүзеге асыра алады.

Қор сайтында екі зейнетақы калькуляторыорналастырылған.  Оның бірі – «Ағымдағы зейнетақы калькуляторы» деп аталады. Ол таяу жылдары зейнеткерлікке шығуға дайындалып жүрген азаматтарға арналған. Сол арқылы ай сайын берілетін зейнетақының болжамды мөлшерін анықтауға болады. Екіншісі – «Болжамдық зейнетақы калькуляторы». Сол арқылы зейнетке шығуға дайындалып жүрген азаматтар да, бүгінгі жас мамандар да болашақта алатын зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептей алады. Сонымен қатар бұл калькуятор зейнетақының қандай төлемдерден құралатындығын, табыстылық пен инфляция өзгерген жағдайда оның болжамды көлемінің қандай болатындығын көрсетіп береді.

Болжамды калькуляторға болашақ зейнетақыны есептеу үшін: туған күні, жынысы, еңбек өтілі, жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі, жинақтардың ағымдағы сомасы және айлық жалақы мөлшері секілді барлық қажетті деректерді енгізу қажет. Содан кейін «Есептеу» түймешігін басамыз.

Бір айта кететін жәйт, егер болжамды калькуляторды сайттың Жеке кабинеті арқылы ашатын болсаңыз, онда нысандар автоматты түрде толтырылады. Сөйтіп «Есептеу» түймешігін басу арқылы анағұрлым дәл көрсеткіштерге қол жеткізуге болады.

Егер сіз Жеке кабинетте тіркелмеген болсаңыз, болашақ зейнетақыны ағымдағы калькулятор арқылы есептеу барысында оған зейнетақы жинақтарыңыздың ағымдағы сомасын енгізу қажет. Бұл ақпаратты: БЖЗҚ сайты, Қордың ұялы қосымшасы, электрондық үкімет порталы және электрондық пошта секілді бірнеше тәсілмен тегін алуға болады. Сондай-ақ салымшы Қордың кез келген бөлімшесіне жүгіне алады. Бұл ретте жеке басты куәландыратын құжат немесе электрондық цифрлық қолтаңбасының (ЭЦҚ) өзекті кілті болуы керек.

Болжамды калькулятор болашақ зейнетақыны «Пессимистік», «Реалистік» және «Оптимистік» деп аталатын үш сценарий бойынша есептейді. Әрбір сценарийде жинақтардың инфляциямен салыстырғандағы табыстылық деңгейі көрсетіледі.

«БЖЗҚ» АҚ Қостанай облыстық филиалының директоры түсіндіргеніндей,– «Есептеу барысында калькулятор салымшының тек жеке жинақтарын ғана емес, басқа да деректерді қолданады. Өйткені зейнетақы калькуляторының міндеті – болашақ жиынтық зейнетақының мөлшерін есептеу.

Сонымен жиынтық зейнетақы бірнеше төлемнен: мемлекеттік бюджеттен төленетін ортақ және базалық зейнетақыдан және Қордан берілетін зейнетақы төлемінен құралады. Ортақ зейнетақыны 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін кемінде алты ай еңбек өтілі бар азаматтар алуға құқылы. Базалық зейнетақының мөлшері еңбек өтілі мен жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне тәуелді. Ал БЖЗҚ-дан берілетін төлемдер салымшының зейнетақы жинақтары есебінен қалыптасады.      

Ерікті зейнетақы жарналарын аударатындардың жиынтық зейнетақысы осы жарналардың есебінен елеулі түрде ұлғаятындығын айта кеткен жөн.

Зейнетақы калькуляторы жинақтарыңыздың қанша жылға жететіндігін, құрметті демалысқа шығар алдында шамамен қанша мөлшерде жалақы алатыныңызды есептейді,әрі жалақыны жиынтық зейнетақымен ауыстыру коэффициентін көрсетеді».

Таяуда enpf.kz сайтының «Зейнетақы калькуляторы» бөлімінде «Жинақтарды өмірді сақтандыру бойынша компанияға аудару» деп аталатын жаңа қызмет іске қосылды. Сол арқылы өмірді сақтандыру бойынша компаниямен зейнетақы аннуитеті шартын жасасу үшін шоттағы зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткілікті сомасын есептеуге болады. Бұл калькулятор ең төменгі зейнетақы мөлшерін ескере отырып, зейнетақы аннуитеті шартын жасасу үшін зейнетақы жинақтарының сомасы қандай болу керектігін есептейді.Сіз тиісті бағанда жынысыңызға қатысты мәліметті белгілеген соң, шарт жасасуға қажетті жас мөлшері автоматты түрде көрсетіледі. Ол ерлер үшін – 55 жас, әйелдер үшін биыл –51 жас.

Одан әрі кепілді мерзімді белгілейсіз. Бұл осы мерзім ішінде сақтандыру компаниясынан төлемдердітұрақты алып тұруға ниет білдіргеніңізді білдіреді. Әрі қарай калькулятор ағымдағы жыл бойынша ең төменгі зейнетақы мөлшерін ескере отырып, зейнетақы аннуитеті шартын жасасу үшін зейнетақы жинақтарының сомасы қандай болу керектігін есептейді. Қазіргі уақытта зейнетақы аннуитеті шартын жасасу үшін әйелдердің шотындағы зейнетақы жинақтарының сомасы кемінде 13 млн 580 мың теңге, ал ерлерде кемінде 9 млн 710 мың теңге болуы керек. Бұл әрине, ағымдағы күнтізбелік жылға арналған болжамды сома. Ал нақты соманы сақтандыру ұйымынанбілуге болады.

Айтпақшы, есептеу барысында сайтта сақтандыру ұйымдарының іс жүргізуге қатысты шығындары есепке алынбайды. Бұл шығындардың көлемі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2015 жылғы 20 қазандағы №194 қаулысына сәйкес сақтандыру сыйақысы мен әрбір сақтандыру төлемінің 0 пайызынан 3 пайызына дейін құрауы мүмкін.

Егер барлық есептеулерден кейін, болашақ зейнетақы мөлшері күтілген сомадан аз болып шықса, оны ерікті зейнетақы жарналарын аудару арқылы ұлғайтуға болады. Қазір Қорда ерікті зейнетақы жарналары есебінен шамамен 50 мың шот ашылған. Зейнетақыны жоспарлау деген осы. Құрметті демалыста лайықты өмір сүргісі келетін әрбір адам, зейнет жасына дейін қанша ақша жинау керектігін осы бастан білуі қажет. 

Қор өз кезегінде болашақ зейнетақыны қалыптастыру жолында әрбір салымшыға дербес кеңесші болуға тырысады және бұл үшін барлық мүмкіндіктерді ұсынады.   

«Зейнетақы калькуляторы» қызметімен «БЖЗҚ» АҚ сайтында мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/calcs.php

* * * * *

2019 жылдың қаңтар айында БЖТ төлеу аясында БЖЗҚ-дағы 3 655 жеке зейнетақы шотына жалпы сомасы 2,1 млн теңгеге 4019 жарна (1,1 млн теңге қала тұрғындарынан, ал 948 мың теңге ауыл тұрғындарынан) келіп түсті. 

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде Бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) іске қосылды.Бірыңғай жиынтық төлем өзін-өзі жұмыспен қамтушы жеке тұлғалардың бейресми қызметін тіркеуді оңайлатуға бағытталған. Сол арқылы төрт міндетті төлемді: мемлекеттік кірістер органына төленетін жеке табыс салығын, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленетін міндетті зейнетақы жарналарын, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төленетін әлеуметтік аударымды және Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төленетін әлеуметтік аударымды бір төлеммен жүзеге асыруға болады. Осылайша БЖТ төлеу мүмкіндігіне ие азаматтар барлық төлемдерді оңайлатылған тәртіпте төлеп, әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне қатыса алады.

Бұдан басқа БЖТ төлеуші қазақстандықтар жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысып, жинақтарын молайтады және қатысу өтіліне қарай мемлекеттік базалық зейнетақыны жоғары мөлшерде алуға үміт арта алады..

* * * * *

«БЖЗҚ» АҚ салымшылар мен алушыларға ақпарат беру бойынша атқарылған жұмыстар туралы хабарлайды

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшылары мен алушылары жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірмені кез келген уақытта (электрондық тәсілмен) тегін алуға құқылы. Бұл заң жүзінде бекітілген құқық.  

Бүгінде зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы анықтаманы мынадай тәсілдермен алуға болады:

1)    БЖЗҚ-ға тікелей келіп өтініш беру;

2)    электрондық тәсіл, оның ішінде:

–үзінді көшірме БЖЗҚ-ға ұсынылған электрондық мекенжайға жіберіледі.Салымшы (алушы) таңдап алынған кестеге сәйкес зейнетақы шотынан үзінді көшірмені: ай сайын, үш ай сайын, жарты жылда бір рет немесе жыл сайын алады; 

– логин мен пароль (құпия сөз) немесе электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегімен, Қор сайтының Жеке кабинеті арқылы;

–  электрондық үкімет порталының Жеке кабинеті немесе бір реттік sms-парольарқылы, мұнда sms-пароль mGov мобильді азаматтар базасында тіркелген салымшылар мен алушылардың ұялы телефонына жіберіледі;

3)    дәстүрлі пошта байланысы арқылы.

Ақпарат алу тәсілін таңдау үшін салымшы (алушы) жеке басын куәландыратын құжатпен БЖЗҚ кеңсесіне келеді. Электрондық цифрлық қолтаңба болған жағдайда, ақпарат алу тәсілін Қор сайтының Жеке кабинетінде таңдауға немесе өзгертуге болады.

Жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы анықтаманы электрондық пошта арқылы алу тәсілін 800 мыңнан астам салымшы (алушы) таңдаған. 2018 жылы оларға шамамен 5,6 млн хабарлама жіберілді.

2019 жылдың 1 қаңтарына қарай 5,2 млн адам зейнетақы шотының жай-күйі туралы анықтаманы Қордың enpf.kz сайтының Жеке кабинеті арқылы алу мүмкіндігіне ие. 

Бір жыл ішінде интернет-хабарландыру тәсілін таңдағандар саны 1,2 млн жуық адамға көбейді. Бұл тәсіл шынында да өте ыңғайлы: зейнетақы шотының жай-күйі туралы анықтаманы кез келген жерде аптасына 7 күн, тәулігіне 24 сағат бойы жедел түрде алып тұруға болады. 

Алғашқы жылдары салымшылар мен алушылардың көпшілігі зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасу барысында шоттан анықтама алу тәсілі ретінде пошта байланысын таңдаған болатын. Бұл ретте зейнетақы шотынан үзінді көшірме салымшылар мен алушыларға жылына бір рет жіберіледі. Ал пошталық мекенжай өзгерген жағдайда, бұл туралы Қорға міндетті түрде хабарлау қажет. Егер хабар берілмесе, БЖЗҚ бұдан кейін зейнетақы жинақтары туралы анықтаманы жібермеуге құқылы. Сонымен қатар шоттарында ақша жоқ салымшылар мен алушыларға үзінді көшірме жіберілмейді.

2019 жылдың қаңтар-ақпан айларында Қор 2019 жылдың 1 қаңтарына қарай зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы 1 миллионға жуық анықтаманы салымшылар мен алушыларға жіберу шарасын жүзеге асыруда. Яғни, БЖЗҚ 2019 жылдың басынан бері 2018 жылдың қорытындысы бойынша салымшыларға (алушыларға) ақпарат беру шарасын жүргізіп жатыр.     

Айта кетелік, үзінді көшірмені Қор кеңсесіне келіп алу тәсілін 1,8 млн астам адам таңдаған.  

* * * * *

Зейнетақы жинақтарының жай-күйін egov порталында sms-хабарламаның көмегімен білуге болады

«БЖЗҚ» АҚ 2019 жылдың 25 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2018 жылғы 11 қарашадағы №288 Қаулысының күшіне енетіндігін хабарлайды. Соған сәйкес «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының (инвестициялық табысты ескере отырып) жай-күйі туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызметі электрондық үкімет порталында енді электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегінсіз де қолжетімді болады.  

Бүгінде зейнетақы жинақтарының жай-күйін мынадай тәсілдермен білуге болатындығын еске саламыз. Олар:

1)  БЖЗҚ кеңсесіне тікелей келіп өтініш жасау;

2)  дәстүрлі пошта байланысы;

3)  электрондық тәсіл, оның ішінде:

–   БЖЗҚ-ға ұсынылған жеке электрондық мекенжай;

–  логин және пароль (құпия сөз) немесе электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдана отырып, БЖЗҚ порталындағы жеке кабинет;

–   электрондық үкімет порталындағы жеке кабинет арқылы.

Айта кетелік, соңғы хабарлау тәсілін қолдану үшін тек электрондық цифрлық қолтаңба қажет болатын. Енді 2019 жылдың 25 қаңтарынан бастап кез келген салымшы (алушы) бір реттік sms-парольді қолдана отырып, жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірме ала алады. Бұл үшін салымшы (алушы) электрондық үкімет порталының жеке кабинетінде тіркеліп, үзінді көшірме алуға сауал жолдайды. Содан кейін mGov мобильдік азаматтар базасында тіркелген салымшының (алушының) ұялы телефонынабір реттік sms-парольжіберіледі.

Атап өту керек, жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірмені электрондық тәсілмен алған өте ыңғайлы. Бұл зейнетақы жинақтары туралы маңызды ақпараттарды 24/7 режимінде алуға мүмкіндік береді.

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz


* * * * *

Зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат беру қызметі көрсетілетін 60 мемлекеттік қызметтің ішінде үздіктердің бірі болып танылды

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің тапсырысы бойынша «САНДЖ» зерттеу компаниясының мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына жүргізген қоғамдық мониторинг нәтижесінде «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының (инвестициялық кірістерін ескере отырып) жай-күйі туралы ақпарат беру» қызметі үздік бестіктің қатарына енді.

Мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасына қатысты қоғамдық мониторинг 2018 жылдың тамыз-қазан айлары аралығында өткізілді. Зерттеу барысында Қазақстанның барлық өңірлерінде 10 000 қызмет алушы арасында сауалнамалық сұрау жүргізілді. Бұл ретте көрсетілетін 60 мемлекеттік қызметнегізге алынды.

Мониторинг аясында қызмет алушылар арасында сауалнамалық сұрау жүргізіліп, қызмет көрсетуші мен қызмет алушылардан тиянақты сұхбаттар алынды.Сонымен қатар «Құпия сатып алушы» әдісі бойынша бақылау жүргізіліп, бірқатар фокус-топтық талқылаулар ұйымдастырылды.

Зерттеу жүргізудегі мақсат – қызмет алушылардың көрсетілетін қызметтердің сапасына қанағаттанушылық деңгейін бағалау. Бұл ретте ақпараттың қолжетімділігі, қызмет көрсету мерзімінің сақталуы, қызмет көрсету деңгейі (сыпайылық, біліктілік, қызметкерлердің шапшаңдығы), құжаттардың дұрыс рәсімделуі, шарттардың ыңғайлылығы ескерілді.

Зерттеу қорытындысы бойынша БЖЗҚ салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат беру қызметіне баға беру барысы ақпараттың сапасы мен қолжетімділігі, жеделдігі мен құзыреттілігі бойынша жоғары нәтижелер көрсетті: сауалнамаға жауап берушілердің 80,4 пайызы қызметтер бойынша ақпараттың ашықтығына және қолжетімділігіне риза. Бұл ретте жауап берушілердің 82,9 пайызының пікірінше ақпараттар ашық және шынайы.Жауап берушілердің 88,3 пайызыныңқызметтердің көрсетілу мерзіміне және 92,1 пайызының құжаттардың жиналу және әзірлеу мерзіміне көңілдері толады.

Сауалнамаға қатысушылардың 79,8 пайызы қызмет көрсетушінің мамандарының біліктілігін жоғары бағаласа, 80,7 пайызы үшін қызметкерлердің сыпайылығы, әдептілігі қанағаттанарлық деңгейде болды. Сонымен қатар қызметкерлерінің шапшаңдығын сауалнамаға жауап берушілердің 81,3 пайызы атап өтсе, 80,4 пайызы қызмет көрсетушіге сенеді.

Көрсетілетін қызметтерді барынша әділ бағалау үшін «Құпия сатып алушы» әдісі де қолданылды. Ол БЖЗҚ филиалында және Астана қаласында Халыққа қызмет көрсету орталықтарының бірінде жүзеге асырылды. Құпия сатып алушы көрсетілетін қызметтердің сапасын үш өлшем бойынша бағалауы тиіс болды. Олар: 1) ақпаратты сайттан іздеу, 2) ақпаратты стендтен іздеу, 3) байланыс орталығына қоңырау шалу.

Құпия сатып алушы БЖЗҚ-ның https://www.enpf.kzсайтын жоғары бағалады.Ол сайттың интерфейсін,онда байланыс орталығының телефон нөмірібар екендігін, бір бөлімнен екінші бөлімге тез ауысуға болатындығын және ақпараттардың орыс және қазақ тілдерінде қолжетімді екендігін атап өтті. Қордың байланыс орталығы жұмысының сапасына да жоғары балл берілді. Өйткені, Қор маманы байланысқа тез шығып, қойылған сұрақтардың барлығына нақты және толыққанды жауап берген.

БЖЗҚ-ның Астана қаласындағы филиалына барған кезде де қызмет көрсетуші қызметкерлердің жұмысына Құпия сатып алушының көңілі толды.  

«Операция бөлімінің қызметкері менің барлық сұрақтарыма жауап берді және тіпті зейнетақы жарналарының түсуіне қатысты ақпаратты поштама жіберуді ұсынды. Ол сонымен қатар БЖЗҚ ұялы қосымшасының бар екендігін айтып, тіркелуге көмектесті. БЖЗҚ ұялы қосымшасы мен БЖЗҚ сайтындағы Жеке кабинет өте ыңғайлы. Зейнетақы жарналарының түсуін үнемі қадағалап отыруға мүмкіндік бар».

Бұл зерттеудің негізгі нәтижелері тұрғындардың «БЖЗҚ» АҚ қызмет көрсету сапасына көңілдері толатындығын көрсетті. Ал бұл Қорды қызмет көрсету сапасын одан әрі жетілдіруге ынталандыра түседі.

Мониторинг нәтижесі бойынша толық есепті Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сайтынан мына сілтеме бойынша:   https://nationalbank.kz/?docid=3525&switch=kazakh көре аласыз.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz


* * * * *

«Е-нотариат» жүйесі мен БЖЗҚ ақпараттық жүйесінің өзара ықпалдастығы жүзеге асырылды

«БЖЗҚ» АҚ «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңына сәйкес салымшы (алушы) қайтыс болған жағдайда нотариустарға және шетелдік консулдық мекемелерге, олардың өндірісіндегі мұрагерлік істер бойынша жеке зейнетақы шотының және онда қаражаттың бар болуы туралы анықтама береді.    

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) мен Қазақстан Республикасы нотариустарының өзара іс-қимылын оңтайландыру мақсатында Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі, Республикалық нотариаттық палата, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы («ҰАТ» АҚ) және БЖЗҚ арасында «Е-нотариат» Бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйесі мен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры ақпараттық жүйесінің өзара іс-қимылы туралы Шарт жасалды. Бұл шара «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында реттелген болатын.

Енді аталған Шарт аясында нотариустар өздерінің өндірісіндегі мұрагерлік істер бойынша (мұрагерлер өтініш берген жағдайда) қайтыс болған салымшылардың (алушылардың) Қорда жеке зейнетақы шотының және онда ақшаның болуы туралы БЖЗҚ-ға«Е-нотариат» Бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйесі арқылы онлайн тәртібінде (БЖЗҚ-ға хат жүзінде сауалдар жолдамастан) сауалдар жолдай алады.

Қор өз кезегінде салымшылар мен алушылар Қазақстан Республикасының нотариустары куәландырған немесе растаған құжаттарды ұсынған жағдайда «Е-нотариат» Бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйесіне сауал жолдап, салымшылар мен алушылардың Қорға ұсынған құжаттарына қатысты жасалған нотариалдық әрекеттер бойынша ресми растау құжатын алады.

Бұл қызмет нотариустарға жүгінген мұрагерлердің уақытын үнемдейді және қағаздық құжатайналымын жояды.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz


* * * * *

Бірыңғай жиынтық төлем және оның артықшылықтары

Жаңа 2019 жыл отандастарымыз үшін бірқатар республикалық заңдарға енгізілген өзгерістерден басталды. Солардың бірі – 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген Бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ).

Бұл не және не үшін енгізілді?

Бірыңғай жиынтық төлем өзін-өзі жұмыспен қамтушы жеке тұлғалардың бейресми қызметін тіркеуді оңайлатуға бағытталған.Сол арқылы төрт міндетті төлемді: мемлекеттік кірістер органына төленетін жеке табыс салығын (ЖТС), Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (БЖЗҚ, Қор) төленетін міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ), Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төленетін әлеуметтік аударымды және Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төленетін әлеуметтік аударымдыбір төлеммен жүзеге асыруға болады.

Бұл бізге қандай мүмкіндіктер береді?

Жеке кәсіпкер ретінде кәсіпкерлік қызметін тіркелместен жүзеге асыратын, бір мезгілде мынадай шарттарға сай келетін: БЖТ төлеген, жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланбайтын, қызметтерді салық агенттері болып табылмайтын жеке тұлғаларға ғана көрсететін және (немесе) акцизделетін өнімдерді қоспағанда, өзінің жеке қосалқы шаруашылығында өндірген ауыл шаруашылығы өнiмiн салық агенттері болып табылмайтын жеке тұлғаларға ғана өткізетін жеке тұлғалар БЖТ төлеушілер деп танылады.

Ал сауда-ойын-сауық орталықтары аумағында жұмыстар атқаратындар (қызметтер көрсететін), тұрғын емес орынжайларды жалға берушілер, жеке практикамен айналысатын адамдар, оралмандарды қоспағанда, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар және жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелген адамдар БЖТ төлеушілер ретінде танылмайды.

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес БЖТ төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалар үшін өз пайдасына Қорға төленуге жататын міндетті зейнетақы жарналары республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда, астанада – айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) 1 еселенген мөлшерінің және басқа елдімекендерде айлық есептік көрсеткіштің 0,5 еселенген мөлшерінің 30 пайызын құрайды.

Бұл ретте республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын АЕК мөлшері қолданылады.

БЖТ төлеу мүмкіндігіне ие азаматтар барлық төлемдерді оңайлатылған тәртіпте төлеп, әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне қатыса алады.Сонымен қатар БЖТ төлеу арқасында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында медициналық қызметтерге толық көлемде қол жеткізіледі, яғни, көрсетілетін медициналық қызметтердің бағасы мен түрі бойынша шек қойылмайды және медициналық мекемелерді таңдау құқығы беріледі. Бұдан басқа БЖТ төлеуші қазақстандықтар жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысып, жинақтарын молайтады және қатысу өтіліне қарай мемлекеттік базалық зейнетақыны жоғары мөлшерде алуға үміт арта алады.

Жүйеге қатысушы жұмыстан, еңбекке қабілеттілігінен, асыраушысынан айырылған жағдайда, сонымен қатар жүктілік, бала туу және бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жоғары мөлшерде әлеуметтік төлемдер алу мүмкіндігіне ие болады.

Осылайша алатын табысты растаудың арқасында азаматтардың несие өтеу қабілеті арта түседі. Сәйкесінше олар өздерінің төлем қабілеттілігін растап, банктен несие ала алады.    

Өзін-өзі жұмыспен қамтушы жеке тұлғалар БЖТ-ны «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясына екінші деңгейдегі банктер немесе жекелеген банк операцияларын жүзеге асыратын ұйымдар (мысалы, «Қазпошта» АҚ) арқылы төлейді. Әрі қарай Мемлекеттік корпорация төлемді төрт бағыт бойынша: жеке табыс салығы ретінде мемлекеттік кірістер органына, әлеуметтік аударым ретінде мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына, міндетті зейнетақы жарналары ретінде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және әлеуметтік аударым ретінде Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударады.

БЖЗҚ салымшылары үшін тағы бір жағымды жаңалық!Бұған дейін МЗЖ есепке алу бойынша жеке зейнетақы шоты (ЖЗШ) жеке тұлғаның БЖЗҚ-ға ұсынған ЖЗШ ашу жөніндегі өтініші негізінде ашылатын. Енді 2019 жылдың қаңтарынан бастап БЖЗҚ-да МЗЖ есепке алу бойынша ЖЗШ ашу үшін жеке тұлғаға БЖЗҚ-ға жүгінудің қажеті жоқ. Енді жеке тұлғаның БЖЗҚ-да МЗЖ есепке алу бойынша ашылған зейнетақы шоты жоқ болса, алғашқы жарна келіп түскен кезде зейнетақы шоты Қордың ақпараттық жүйесінде автоматты түрде ашылады.

Бұл ретте жеке тұлға МЗЖ аудару кезінде төлем тапсырмасының электрондық форматында көрсетілген дербес деректер (тегі, аты, әкесінің аты, жеке сәйкестендіру нөмірі, туған күні) бойынша сәйкестендіріледі. Ал жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың деректемелері және тұрғылықты мекенжайы бойынша қажетті мәліметтерді Қор мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алатын болады.

Ескере кететін жәйт, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) мен ерікті зейнетақы жарналарын (ЕЗЖ) есепке алу бойынша ЖЗШ ашу тәртібі бұрынғыша өзгеріссіз қалады.

Сондай-ақ электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) бар болған жағдайда, ЕЗЖ (өз пайдасына) есепке алу бойынша жеке зейнетақы шотын БЖЗҚ сайтында онлайн тәртібінде ашуға болады. Бұл салымшылар мен алушылар үшін өте ыңғайлы.

  

* * * * *

БЖЗҚ-да зейнетақы шотын ашу рәсімі оңайлатылды

2019 жылдың 8 қаңтарынан бастапБЖЗҚ-да міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) есепке алу бойынша жеке зейнетақы шотын (ЖЗШ) ашу үшін жеке тұлғаға ЖЗШ ашу жөніндегі өтінішті рәсімдеу үшін БЖЗҚ-ға, оның ішінде Қордың веб-сайты арқылы жүгінудің қажеті жоқ.Енді жеке тұлғаның БЖЗҚ-да МЗЖ есепке алу бойынша ашылған зейнетақы шоты жоқ болса, алғашқы жарна келіп түскен кезде зейнетақы шоты Қордың ақпараттық жүйесінде автоматты түрде ашылады. Бұл туралы Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасына (ҚР 26.12.2018ж. №203-VI Заңы)тиісті өзгерістер енгізілді.

Бұл ретте жеке тұлға МЗЖ аудару кезінде төлем тапсырмасының электрондық форматында көрсетілген дербес деректер (тегі, аты, әкесінің аты, жеке сәйкестендіру нөмірі, туған күні) бойынша сәйкестендіріледі. Ал жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың деректемелері бойынша қажетті мәліметтерді Қор мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алатын болады.

 Еске саламыз, бұған дейін жеке тұлға МЗЖ есепке алу бойынша ЖЗШ ашу үшін шот ашу жөнінде тиісті өтінішті рәсімдеуге міндетті болатын. 

Ескере кететін жәйт, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен ерікті зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша ЖЗШ ашу тәртібі бұрынғыша өзгеріссіз қалады.

Айта кетелік, электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) бар болған жағдайда, ерікті зейнетақы жарналарын (өз пайдасына) есепке алу бойынша жеке зейнетақы шотын БЖЗҚ сайтында онлайн тәртібінде ашуға болады. Бұл салымшылар мен алушылар үшін өте ыңғайлы. 

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz


* * * * *

Фрилансерлер үшін жарналарды төлеу рәсімі оңайлатылды  

2018 жылдың 26 желтоқсанында «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңына тиісті өзгерістер енгізілді. Ол азаматтық-құқықтық сипаттағы (АҚС) шарттар бойынша жұмыстар орындайтын және қызметтер көрсететін жеке тұлғалар үшін міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) төлеу рәсімін оңайлатуға бағытталған.    

Еске сала кетелік, азаматтардың бұл санаты 2018 жылдың шілде айынан бастап МЗЖ төлеуге міндеттелген болатын.  

Ал жаңадан енгізілген өзгерістер 2019 жылдың қаңтар айынан бастап күшіне енеді.  

Егер азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттардың бір тарабы салық агенті, яғни заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, кәсіби медиаторлар болатын болса, олар жеке тұлғалар үшін, олардың ішінде фрилансерлерге берілетін табыстан МЗЖ төлейтін агентке айналады. Бұл ретте міндетті зейнетақы жарналары алатын табыстың 10 пайызы мөлшерінде, бірақ республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі жалақының 10 пайызынан кем емес және 50 еселенген мөлшерінің 10 пайызынан жоғары емес мөлшерде белгіленеді.

Ал егер азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар салық агенті болып табылмайтын жеке тұлғалармен жасалатын болса, онда фрилансерлер МЗЖ төлеуге құқылы болады. Яғни, міндетті емес. Бұл жағдайда жеке тұлға міндетті зейнетақы жарналарын өзінің ұйғаруымен Қордағы жеке зейнетақы шотына аудара алады. Бұл үшін ол жарналарды екінші деңгейдегі банктер немесе Қазпошта арқылы «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясына төлейді. Әрі қарай Мемлекеттік корпорация жарналарды Қорға аударады. Атап өту керек, егер фрилансер өзінің осы құқығын пайдаланатын болса, бұл оның жеке зейнетақы капиталын қалыптастыруына оң әсер ететін болады.

Бұдан басқа, еңбек шарты бойынша жалдамалы жұмыскер ретінде еңбек ететін әрі жеке тұлғалармен жасалған азаматтық-құқықтық шарттар бойынша жұмыстар орындайтын немесе қызмет көрсететін азаматтар азаматтық-құқықтық шарттар бойынша алынатын табыстан МЗЖ төлеуден босатылады.      

Бұл ретте МЗЖ есептеу үшін алынатын ең жоғары жиынтық жылдық табыс республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі жалақының 50 еселенген мөлшерінің 12 еселенген сомасынан аспауы тиіс. Яғни, 2019 жылы жиынтық жылдық табыс 25 500 000 теңгеден асатын болса, бұл сомадан артық алынатын табыс МЗЖ төлеуден босатылады.   

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz


хат жіберу