Блог статистикасы
195
Жазбалар
5554
Өтініштер
228123
Келушілер
Бегалин Азамат Амантаевич
Руководителя управления физической культуры и спорта


Байланыс ақпараты



Телефон доверия: 8 (7142) 575-330
Факс: 8 (7142) 54-39-53
Почтовый адрес: 110000, Костанайская области, г.Костанай, ул. Тарана, 83, каб. 425
E-mail:

Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Бегалин Азамат Амантаевич
Руководителя управления физической культуры и спорта

Байланыс ақпараты

Телефон доверия: 8 (7142) 575-330 Факс: 8 (7142) 54-39-53 Почтовый адрес: 110000, Костанайская области, г.Костанай, ул. Тарана, 83, каб. 425 E-mail:

Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
Бегалин Азамат Амантаевич
Руководителя управления физической культуры и спорта

Байланыс ақпараты

Телефон доверия: 8 (7142) 575-330 Факс: 8 (7142) 54-39-53 Почтовый адрес: 110000, Костанайская области, г.Костанай, ул. Тарана, 83, каб. 425 E-mail:

БЖЗҚ


2019 жылғы архив

Операциялық залдар

Өзіне өзі қызмет көрсету терминалдары туралы


Зейнетақының сақталуына мемлекет кепіл


БЖЗҚ 2019 ж 1 сәуірге қарай маңызды
көрсеткіштер

Өзін-өзі жұмыспен қамтушыларды ел экономикасына тарту жолдары


Үздік журналистік материалға байқау


Оқушылар арасындағы эссе байқауы


Байқау қорытындысы эссе




* * * * *

«БЖЗҚ» АҚ өзекті сауалдарға жауап береді

1) Қайырлы күн! Мен абайсызда БЖТ-ны басқа айға төлеп жіберіппін, төлемді қалай қайтарып алуға болады?  

№4 Қағидалардың 12-тармағына сәйкес қате төленген БЖТ-ны қайтарып алу үшін төлем жасаушы, банк немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым Мемлекеттік корпорацияға №4 Қағидаларда белгіленген нысан бойынша қате төленген БЖТ-ны қайтару туралы өтініш беріп, оған төлем құжатының немесе БЖТ төленгенін растайтын құжаттың көшірмесін қоса тіркейді.

Агент өтінішінің негізінде Мемлекеттік корпорация БЖЗҚ-ға қате аударылған БЖТ сомасын аудару туралы электрондық өтінім жолдайды.

БЖЗҚ электрондық өтінім алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде БЖТ төлеушілердің аты-жөндері мен телефон нөмірлері, өтінім берген күндері көрсетілген тізімді қоса тіркей отырып, Мемлекеттік корпорацияға қайтарым жасайды.

БЖТ-ның толық сомасын алған кездеМемлекеттік корпорациясомалар түскен күннен бастап үш операциялық күн ішінде оларды БЖТ төлеушінің қате төленген БЖТ сомасын қайтару туралы өтінішінде көрсетілген банк шотына төлем тапсырысымен аударуды жүргізеді.

Жоғарыда айтылғандарға байланысты қате есептелген БЖТ сомаларын қайтаруды жүзеге асыру немесе Мемлекеттік корпорацияға БЖТ сомасын аударған банктің немесе ұйымның деректемелерін нақтылау мәселесі бойынша тұрғылықты жерде орналасқан Мемлекеттік корпорация бөлімшесіне жүгіну қажет.

2) Мен жақында босану және бала күтіміне байланысты демалысқа шығуға дайындалып жүрмін. Жұмысымды тоқтататындықтан зейнетақы жинақтарымның жай-күйі не болмақ?

Сәбиіңізді дүниеге әкелгенннен кейін Сізге бала күтіміне байланысты демалыста отырған аналарға арналған мемлекеттік қаржылай көмек берілуі тиіс. Осындай нысандардың бірі - бюджет қаражаты есебінен міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) субсидиялау. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 330 бұйрығымен бекітілген Қағидалардың 2-тарауы 4-тармағына сай МЗЖ-ны бюджет қаражаты есебінен субсидиялау әлеуметтік төлем алушылардың пайдасына ай сайын жүзеге асырылады.Яғни, бала бір жасқа толғанға дейін анасының жеке зейнетақы шотына ай сайын бюджет және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаражаты есебінен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы зейнетақы жарналары аударылып отырады.

МЗЖ субсидиялау барысында әйелдердің зейнетақы аударымдарының мөлшері төмендемейді және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) бала күтімі бойынша әлеуметтік төлемдерді алған кезең ішінде бала күтімі бойынша әлеуметтік төлемнің мөлшері әйелдің есептелген табысы мөлшерінің деңгейінде сақталады.

Яғни, міндетті зейнетақы жарналарының мөлшері босану және бала күтіміне байланысты демалысқа шыққанға дейінгі белсенді еңбек қызметі кезеңінде аударылған МЗЖ (табыстың 10%) деңгейінде сақталады. Осылайша 10 %-дық жарнаның:

4% - бала күтіміне байланысты төлем аударатын Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ);

6 % - республикалық бюджеттен (субсидия) бөлінеді.

Мысалы, бала туғанға дейін әйелдің ай сайынғы жалақы мөлшері 150 000 теңгені құрады делік. Ай сайын оның БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шотына осы сомадан 10% МЗЖ, яғни 15 000 теңге аударылып отырған еді. Босану және бала күтіміне байланысты демалысқа шыққаннан кейін осы жарнаның сомасы сақталуы тиіс, бұл ретте табыстың 4% (6000 теңге) МӘСҚ-дан, ал 6% (9000 теңге) республикалық бюджеттегі субсидиялар есебінен төленеді.

Айта кету керек, мемлекеттік субсидияларды есептеу үшін құжаттар жинау немесе бір жерге өтініш берудің қажеті жоқ. Субсидиялар бір жасқа дейінгі бала күтімі бойынша жәрдемақы есептеу кезінде әйелдің зейнетақы шотына автоматты түрде есептеледі және аударылады.

3) Сәлеметсіздер ме! Жақында БЖЗҚ салымшыларына есептелетін инвестициялық табыс көбею жағына қарай да, азаю жағына қарай да өзгеріп отыратындығы туралы оқыған едім. Сұрайын дегенім, біздің ақшамызды кім инвестициялайды, БЖЗҚ ма, әлде Ұлттық банк пе? Бүкіл қаржыға алтын сатып алып, оның құны өскенше жай ғана күтіп отыруға бола ма?

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Басқару тиімділігін арттыру, инвестициялау бағыттары және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін анықтау бойынша ұсыныстар әзірлеу жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган – ҚР Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес. ҚР Ұлттық Банкінің консультативтік-кеңесші органы – БЖЗҚ зейнетақы активтерін басқару жөніндегі кеңес. БЖЗҚ-ның зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітіледі.

Екінші мәселеге қатысты, тәуекелдерді басқарудың базалық қағидаттарына сай барлық зейнетақы жинақтарын құралдардың бір түріне жіберуге жол берілмейтінін атап өткен жөн.Сондықтанпортфельді валюталар мен құралдар түрлері бойынша әртараптандыру, инвестициялардың жағрафиясын, зейнетақы активтері есебінен сатып алынатын қаржы құралдарының спектрін кеңейтуге мүмкіндік береді. Бұл тәуекелдерді төмендетіп, жалпы зейнетақы портфелін қорғауды қамтамасыз етеді.

4) Бес жыл бұрын БЖЗҚ-да мағаншот ашылды. Өкінішке орай, соңғы уақытта менің ресми жұмысым болмай ешқандай аударым жасай алмадым. Меніңзейнетақы жинағым күйіп кетті ме?

Сіздің зейнетақы жинақтарыңыз Сіздің меншігіңіз болып табылады және жеке зейнетақы шотыңызда зейнеткерлік жасқа толғанға дейін немесе оларды төлеу үшін өзге де негіздер туындағанға дейін сақталады. Жеке зейнетақы шоттарындағы ақша БЖЗҚ-да мерзімсіз сақталатынын және олардың нақты әрекет ету мерзімі жоқ екенін есте сақтаған жөн. Бұған қоса оларға тұрақты түрде инвестициялық табыс есептеледі. Ол күн сайын әрбір қаржы күнінің соңында шоттағы қаржыға ол біткенге дейін есептеледі. Егер Сіз зейнеткерлікке шығып, зейнетақы төлемін ала бастасаңыз да шоттағы қалған жинағыңызға инвестициялық табыс есептеліп отырады.

Мемлекет алушылардың зейнетақы төлемін алу құқығы туындаған сәттегі инфляция деңгейін ескере отырып, олар аударған міндетті зейнетақы жарналарының нақты енгізілген мөлшерінде сақталатынына кепілдік береді («Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5–бабы).

5) Қайырлы күн! Келесі жылы менің әкем зейнеткерлікке шығады. Жақында біз үзінді көшірмені қараған едік, онда шамамен 900 000 теңгедей шағын қаржы жиналып тұр екен. Осы соманы толық бере аласыздар ма?

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру қағидаларының ережелеріне сәйкес БЖЗҚ-дан міндетті зейнетақы жарналары және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен төленетін зейнетақы төлемдері 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап ай сайын белгіленген кесте бойынша жүзеге асырылады және Сіз оны бір мезгілде ала алмайсыз.

Өтініш жасалған күндегі зейнетақы жинақтарының сомасы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі зейнетақының он екі еселенген мөлшерінен аспайтын жағдайда ғана бұл сома БЖЗҚ–дан алушыға бір мезгілде бірақ төленеді (2020 жылы бұл сома 01.04.2020 ж.бастап 485 292 теңгеге тең).

* * * * *

«БЖЗҚ» АҚ өзекті сауалдарға жауап береді

1) Қайырлы күн! Мен абайсызда БЖТ-ны басқа айға төлеп жіберіппін, төлемді қалай қайтарып алуға болады?  

№4 Қағидалардың 12-тармағына сәйкес қате төленген БЖТ-ны қайтарып алу үшін төлем жасаушы, банк немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым Мемлекеттік корпорацияға №4 Қағидаларда белгіленген нысан бойынша қате төленген БЖТ-ны қайтару туралы өтініш беріп, оған төлем құжатының немесе БЖТ төленгенін растайтын құжаттың көшірмесін қоса тіркейді.

Агент өтінішінің негізінде Мемлекеттік корпорация БЖЗҚ-ға қате аударылған БЖТ сомасын аудару туралы электрондық өтінім жолдайды.

БЖЗҚ электрондық өтінім алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде БЖТ төлеушілердің аты-жөндері мен телефон нөмірлері, өтінім берген күндері көрсетілген тізімді қоса тіркей отырып, Мемлекеттік корпорацияға қайтарым жасайды.

БЖТ-ның толық сомасын алған кездеМемлекеттік корпорациясомалар түскен күннен бастап үш операциялық күн ішінде оларды БЖТ төлеушінің қате төленген БЖТ сомасын қайтару туралы өтінішінде көрсетілген банк шотына төлем тапсырысымен аударуды жүргізеді.

Жоғарыда айтылғандарға байланысты қате есептелген БЖТ сомаларын қайтаруды жүзеге асыру немесе Мемлекеттік корпорацияға БЖТ сомасын аударған банктің немесе ұйымның деректемелерін нақтылау мәселесі бойынша тұрғылықты жерде орналасқан Мемлекеттік корпорация бөлімшесіне жүгіну қажет.

2) Мен жақында босану және бала күтіміне байланысты демалысқа шығуға дайындалып жүрмін. Жұмысымды тоқтататындықтан зейнетақы жинақтарымның жай-күйі не болмақ?

Сәбиіңізді дүниеге әкелгенннен кейін Сізге бала күтіміне байланысты демалыста отырған аналарға арналған мемлекеттік қаржылай көмек берілуі тиіс. Осындай нысандардың бірі - бюджет қаражаты есебінен міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) субсидиялау. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 330 бұйрығымен бекітілген Қағидалардың 2-тарауы 4-тармағына сай МЗЖ-ны бюджет қаражаты есебінен субсидиялау әлеуметтік төлем алушылардың пайдасына ай сайын жүзеге асырылады.Яғни, бала бір жасқа толғанға дейін анасының жеке зейнетақы шотына ай сайын бюджет және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаражаты есебінен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы зейнетақы жарналары аударылып отырады.

МЗЖ субсидиялау барысында әйелдердің зейнетақы аударымдарының мөлшері төмендемейді және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) бала күтімі бойынша әлеуметтік төлемдерді алған кезең ішінде бала күтімі бойынша әлеуметтік төлемнің мөлшері әйелдің есептелген табысы мөлшерінің деңгейінде сақталады.

Яғни, міндетті зейнетақы жарналарының мөлшері босану және бала күтіміне байланысты демалысқа шыққанға дейінгі белсенді еңбек қызметі кезеңінде аударылған МЗЖ (табыстың 10%) деңгейінде сақталады. Осылайша 10 %-дық жарнаның:

4% - бала күтіміне байланысты төлем аударатын Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ);

6 % - республикалық бюджеттен (субсидия) бөлінеді.

Мысалы, бала туғанға дейін әйелдің ай сайынғы жалақы мөлшері 150 000 теңгені құрады делік. Ай сайын оның БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шотына осы сомадан 10% МЗЖ, яғни 15 000 теңге аударылып отырған еді. Босану және бала күтіміне байланысты демалысқа шыққаннан кейін осы жарнаның сомасы сақталуы тиіс, бұл ретте табыстың 4% (6000 теңге) МӘСҚ-дан, ал 6% (9000 теңге) республикалық бюджеттегі субсидиялар есебінен төленеді.

Айта кету керек, мемлекеттік субсидияларды есептеу үшін құжаттар жинау немесе бір жерге өтініш берудің қажеті жоқ. Субсидиялар бір жасқа дейінгі бала күтімі бойынша жәрдемақы есептеу кезінде әйелдің зейнетақы шотына автоматты түрде есептеледі және аударылады.

3) Сәлеметсіздер ме! Жақында БЖЗҚ салымшыларына есептелетін инвестициялық табыс көбею жағына қарай да, азаю жағына қарай да өзгеріп отыратындығы туралы оқыған едім. Сұрайын дегенім, біздің ақшамызды кім инвестициялайды, БЖЗҚ ма, әлде Ұлттық банк пе? Бүкіл қаржыға алтын сатып алып, оның құны өскенше жай ғана күтіп отыруға бола ма?

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Басқару тиімділігін арттыру, инвестициялау бағыттары және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін анықтау бойынша ұсыныстар әзірлеу жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган – ҚР Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес. ҚР Ұлттық Банкінің консультативтік-кеңесші органы – БЖЗҚ зейнетақы активтерін басқару жөніндегі кеңес. БЖЗҚ-ның зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітіледі.

Екінші мәселеге қатысты, тәуекелдерді басқарудың базалық қағидаттарына сай барлық зейнетақы жинақтарын құралдардың бір түріне жіберуге жол берілмейтінін атап өткен жөн.Сондықтанпортфельді валюталар мен құралдар түрлері бойынша әртараптандыру, инвестициялардың жағрафиясын, зейнетақы активтері есебінен сатып алынатын қаржы құралдарының спектрін кеңейтуге мүмкіндік береді. Бұл тәуекелдерді төмендетіп, жалпы зейнетақы портфелін қорғауды қамтамасыз етеді.

4) Бес жыл бұрын БЖЗҚ-да мағаншот ашылды. Өкінішке орай, соңғы уақытта менің ресми жұмысым болмай ешқандай аударым жасай алмадым. Меніңзейнетақы жинағым күйіп кетті ме?

Сіздің зейнетақы жинақтарыңыз Сіздің меншігіңіз болып табылады және жеке зейнетақы шотыңызда зейнеткерлік жасқа толғанға дейін немесе оларды төлеу үшін өзге де негіздер туындағанға дейін сақталады. Жеке зейнетақы шоттарындағы ақша БЖЗҚ-да мерзімсіз сақталатынын және олардың нақты әрекет ету мерзімі жоқ екенін есте сақтаған жөн. Бұған қоса оларға тұрақты түрде инвестициялық табыс есептеледі. Ол күн сайын әрбір қаржы күнінің соңында шоттағы қаржыға ол біткенге дейін есептеледі. Егер Сіз зейнеткерлікке шығып, зейнетақы төлемін ала бастасаңыз да шоттағы қалған жинағыңызға инвестициялық табыс есептеліп отырады.

Мемлекет алушылардың зейнетақы төлемін алу құқығы туындаған сәттегі инфляция деңгейін ескере отырып, олар аударған міндетті зейнетақы жарналарының нақты енгізілген мөлшерінде сақталатынына кепілдік береді («Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5–бабы).

5) Қайырлы күн! Келесі жылы менің әкем зейнеткерлікке шығады. Жақында біз үзінді көшірмені қараған едік, онда шамамен 900 000 теңгедей шағын қаржы жиналып тұр екен. Осы соманы толық бере аласыздар ма?

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру қағидаларының ережелеріне сәйкес БЖЗҚ-дан міндетті зейнетақы жарналары және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен төленетін зейнетақы төлемдері 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап ай сайын белгіленген кесте бойынша жүзеге асырылады және Сіз оны бір мезгілде ала алмайсыз.

Өтініш жасалған күндегі зейнетақы жинақтарының сомасы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі зейнетақының он екі еселенген мөлшерінен аспайтын жағдайда ғана бұл сома БЖЗҚ–дан алушыға бір мезгілде бірақ төленеді (2020 жылы бұл сома 01.04.2020 ж.бастап 485 292 теңгеге тең).

* * * * *

Жеке зейнетақы шотынан берілетін үзінді көшірменің түрлері туралы

«БЖЗҚ» АҚ зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы бірнеше тәсіл арқылы білуге болатынын естеріңізге салады, атап айтсақ:  

  • Электрондық цифрлық қолтаңба көмегімен немесе БЖЗҚ-ның деректер базасында тіркелген ЖСН мен парольді пайдалана отырып, БЖЗҚ сайтындағы (www.enpf.kz) «Жеке кабинетте».
  • Жүйеде авторланып алғаннан кейін Google Play немесе App Store-дағы БЖЗҚ ұялы қосымшасынан алуға болады.

«Жеке кабинет» пен ұялы қосымшаның барлық функционалын пайдалану үшін «Интернет» ақпарат беру әдісін таңдау қажет. Бұл әрекетті enpf.kz сайтындағы «Электрондық қызметтер» бөлімінде ЭЦҚ көмегімен онлайн арқылы аласыз.

Жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірмені БЖЗҚ ұялы қосымшасынан немесе enpf.kz сайтынан ала отырып, салымшылар мен алушылар зейнетақы жинақтарының жай-күйі, яғни түскен жарналар мен инвестициялық кіріс туралы толық ақпаратты көре алады.

  • egov.kz электрондық үкімет порталында mgov.kz мемлекеттік мобильді деректер қорында тіркелген телефон нөміріне келетін ЭЦҚ немесе бір реттік пароль көмегімен алуға болады.

Сіздің назарыңызды egov.kz порталында ЖЗШ-дан үзінді көшірмені екі түрлі форматта алуға болатынына аударамыз:

зейнетақы аударымдары туралы анықтама, онда зейнетақы жарналарының аударылғандығы туралы мәліметтер инвестициялық кіріс есебінсіз көрсетіледі,

зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы инвестициялық кіріс есебі қамтылған ақпарат. Дәл осы себеппен кейбір салымшылар мен алушылар үзінді көшірмелердің аталған екі түрін салыстыра отырып, өз зейнетақы шоттарынан айырмашылықты көреді.

Сізге egov.kz сайтындағы инвестициялық табыс есебі көрсетілген үзінді көшірмеге сұраныс жасауға немесе enpf.kz сайтында және БЖЗҚ ұялы қосымшасында берілетін үзінді көшірмені алуға кеңес береміз.

Сондай-ақ үзінді көшірмені жылына бір рет зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта немесе ЖЗШ ашу туралы өтініште көрсетілген мекенжайға, сонымен бірге электрондық пошта мекенжайына өзіңіз таңдап алған кезеңділікпен алуға болады.

            Сіздің зейнетақы жинақтарыңыз Сіздің меншігіңіз болып есептеледі. Мемлекет алушылардың зейнетақы төлемін алу құқығы туындаған сәттегі инфляция деңгейін ескере отырып, олар аударған міндетті зейнетақы жарналарының нақты енгізілген мөлшерінде сақталатынына кепілдік береді (Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5–бабы)

.


* * * * *

«БЖЗҚ» АҚ өз қызметінің 85 пайызын сандық форматта көрсетеді

Әлемде коронавирустық індетінің (COVID-19) таралуына орай қалыптасқан қиын жағдайда адамдар үйде отыр, олардың көшеге шығуға мүмкіндіктері жоқ. Алайда бұл БЖЗҚ салымшыларына Қордың электрондық сервистері арқылы қызметтердің барлық спектрін алуға еш кедергі келтірмейді.

            2020 жылдың бірінші сәуіріне Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры көрсеткен 4,7 миллион қызметтің 84,5% (3,9 млн.) электрондық форматта орындалды. 2019 жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда өсім 6,8 % құрады. Көріп отырғанымыздай, біздің салымшылар ақпарат берудің дәл осы тәсілінің тиімді екеніне күн сайын көз жеткізуде.

            Мысалы, Жеке кабинетте тіркеліп, ЖЗШ-дан үзінді көшірме алуға және өз жинақтарыңызды екі-үш рет басу арқылы онлайн тәртібінде бақылауға болады. Осылайша 2020 жылдың үш айында БЖЗҚ салымшылары мен алушылары үйден шықпай-ақ жеке зейнетақы шотынан 3,9 миллион үзінді көшірме алды. Айта кету керек, Жеке кабинеттің артықшылығы – оны Сіз www.enpf.kz корпоративтік сайтында да, біздің ENPF ұялы қосымшамызда да пайдалана аласыз.

            Жеке кабинетте үзінді көшірме ғана емес, сонымен қатар БЖЗҚ ұсынатын басқа да бірқатар қызметтерді алуға болады. Мысалы, өз деректемелеріңізге өзгерістер мен толықтырулар енгізу, ЖЗШ бар екендігі туралы анықтама алу, 1 немесе 2 топтағы мүгедектіктің мерзімсіз белгіленуіне байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру, төлемге және (немесе) аудару берілген өтініштің мәртебесін бақылау және тағы басқалар.

            Электрондық қызметтердің танымалдығына қарамастан Қазақстанда карантиндік шаралар мен төтенше жағдай режимі енгізілгенге дейін БЖЗҚ салымшыларына кеңселерде де белсенді қызмет көрсетілді. 2020 жылдың алғашқы үш айында ғана филиалдарда 646 мың қызмет көрсетілді, бұл операциялардың жалпы көлемінің 13,9%. Бірінші тоқсанда, яғни ТЖ режимі енгізілгенге дейін 74 338 барып қызмет көрсетуі жүзеге асырылып, өткен жылмен салыстырғанда өсім 83,2% құрады. Халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында 200 мыңнан астам азаматқа 6802 барып қызмет көрсететін презентация өткізілді.

           Естеріңізге сала кетейік, БЖЗҚ-да зейнетақы шотын ашу рәсімінің жеңілдетілгеніне бір жылдай уақыт өтті. Қазақстан Республикасының «Зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңына енгізілген өзгерістерге сәйкес, өткен жылғы қаңтардан бастап жеке тұлғаға міндетті зейнетақы жарналарын есепке алу жөніндегі ЖЗШ ашу үшін БЖЗҚ-ның қызмет көрсету кеңселеріне ЖЗШ ашу туралы өтінішті ресімдеу мақсатында жүгінудің қажеті жоқ. Егер жеке тұлғаның БЖЗҚ-да жеке зейнетақы шоты болмаса, қазір ол алғашқы жарна түскен кезде автоматты түрде ашылады. Осылайша 2020 жылдың алғашқы үш айында 70 мыңнан астам зейнетақы шоты ашылды, бұл өткен жылдың көрсеткішінен 27,6% жоғары.


* * * * *

2020 жылдың бірінші тоқсанында БЖЗҚ өз салымшыларына

45 миллиард теңгеден аса сома төледі

2020 жылдың 1 сәуіріне Қор жалпы алғанда 195 384 алушыға төлем жасады. Жалпы сомасы 45 миллиард теңге болатын 480 мыңнан астам зейнетақы төлемі мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар жүзеге асырылды, оның ішінде:

- зейнеткерлік жасқа толуы бойынша төлемдер – 16,7 млрд теңге;

- ТТЖ-ға кетумен байланысты төлемдер – 11,6 млрд тенге;

- сақтандыру ұйымдарына аударымдар – 8,4 млрд теңге;

- мұрагерлік бойынша төлемдер – 7,1 млрд теңге;

- жерлеуге берілген төлемдер – 780 млн теңге;

- мүгедектік бойынша төлемдер – 476,5 млн теңге.

Бұл ретте кесте бойынша ай сайын төленетін (зейнеткерлік жасқа толуға байланысты) орташа төлем 22 082 теңгені құраса, ең жоғарғы ай сайынғы төлем сомасы – 506 980 теңге болды.


* * * * *

Карантин кезінде жинақтарыңызды қалай тексеруге болады?

Бүкіл әлем бойынша коронавирус (COVID-19) індетінің ойран салғанына біраз уақыт өтті. Қауіпті дертке шалдыққандар саны бір миллион адамнан асты. Қасіреті алапат ауыр сырқат Қазақстанды да айналып өтпеді. Елімізде тараған вирус барлық облыстарға жетіп, аурухана төсектеріне таңылған адамдар саны күн сайын артуда. Осыған орай елімізде төтенше жағдай енгізу туралы шешім қабылданып, ірі қалаларда карантин жарияланды.

Осының бәрі әрине, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры филиалдарының жұмыс тәртібіне де әсер етті. Инфекцияның таралу қауіпіне байланысты Қордың Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Қарағанды, Тараз, Павлодар, Қызылорда, Kөкшетау қалаларындағы өңірлік бөлімшелері күндізгі құжат қабылдауды тоқтатып, салымшыларға (алушыларға) жинақтаушы зейнетақы жүйесі мәселелері бойынша қашықтықтан қызмет көрсету режиміне ауыстырылды. Бұл филиалдардағы қашықтықтан қызмет көрсету тәртібі белгіленген карантин режимі аяқталғанға дейін жалғасады.

Тізімді қатаң карантин режимінің енгізілуіне байланысты жаңа қалалардың атаулары толықтыруы мүмкін. Бірақ әзірше Қордың басқа өңірлік бөлімшелерінде Қор көрсететін қызметтердің әлеуметтік маңыздылығы ескеріле отырып, кейінге қалдыруға болмайтын және күндізгі қызмет көрсетуді талап ететін жағдайларда, enpf.kz сайтында орналастырылған телефондар бойынша алдын ала жазылу арқылы құжаттарды байланыссыз қабылдауды жүзеге асыратын кезекші қызметкерлер жұмыс істеуде. Бұл филиалдарда құжаттарды қабылдау арнайы жабдықталған және үнемі дезинфекцияланатын жұмыс орны арқылы жүзеге асырылады.      

Алдын ала жазылуды өңірлік бөлімшелердің кезекші қызметкерлері (тізімі enpf.kz сайтында орналастырылған) арқылы не 1418 қысқа нөмірі (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін) немесе +7 727 356 10 60 (халықаралық және қалааралық қоңыраулар үшін) нөмірі бойынша БЖЗҚ байланыс орталығының мамандарымен хабарласып, жүзеге асыруға болады.

Құжаттарды байланыссыз қабылдау зейнетақы қызметтерінің төмендегі басым (кейінге қалдыруға болмайтын) түрлері бойынша жүзеге асырылатынын ескертеміз:

- салымшының / алушының қайтыс болуына (жерлеуге) байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініштерді ресімдеу;

– Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кетуіне байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініштерді ресімдеу;

- мүгедектігіне байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініштерді ресімдеу;

- салымшының / алушының қайтыс болуына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініштерді ресімдеу (мұрагерлік);

- зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына аудару туралы өтініштерді ресімдеу.

Бұған қоса БЖЗҚ-да құжаттар топтамасын Қордың корпоративтік сайтында алдын ала онлайн түрде тексеріп, кейіннен пошта байланысы («Қазпошта» АҚ) арқылы жіберу жолымен қызмет алу да қарастырылған.

БЖЗҚ-ның салымшылары мен алушылары кез келген мәселе бойынша төмендегі тәсілдер арқылы жауап ала алады:

1) өңірлік бөлімшелердің кезекші қызметкерлеріне телефон байланысы арқылы өтініш жасау (тізімі enpf.kz сайтында орналастырылған);

2) 1418 қысқа нөмірі бойынша Қордың байланыс орталығына жүгіну;

3) +7 777 000 14 18 телефон нөмірі бойынша WhatsApp, Viber чат-боттары;

4) Қордың www.enpf.kz корпоративтік сайтындағы онлайн-кеңесші;

5) өтініштерді enpf@enpf.kz электрондық поштасы арқылы жіберу;

6) Instagram, Facebook, ВКонтакте, twitter Telegram, Одноклассники сияқты әлеуметтік желілердегі аккаунттар.

Олардың жұмыс кестесі: жұмыс күндері сағат 9:00-ден бастап 18:00 дейін, сенбі және жексенбі – демалыс күндері.

Қордың кейінге қалдыруға болмайтын өзге де қызмет түрлерін біз электрондық сервистер – онлайн арқылы алуды табанды түрде ұсынамыз.

Мысалы, БЖЗҚ-дан алынатын ең танымал қызметтердің бірі – жеке зейнетақы шотынан үзінді алу. Қазіргі уақытта оны үйден шықпай-ақ, бірнеше минут ішінде еш қиындықсыз оп-оңай алуға болады. Сіз үзінді көшірмені enpf.kz. сайтындағы жеке кабинет арқылы ала аласыз. Оған кіру үшін сайтқа тіркеліп, өз деректеріңіз мен пароліңізді енгізу немесе электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) пайдалану жеткілікті. Айта кетейік, ЭЦҚ-ны қазір egov.kz сайтындағы электрондық үкімет порталында онлайн режимінде алу қолжетімді.

Егер құпия сөзді ұмытып қалсаңыз немесе құпия сөз қауіпсіздік талаптарына сай келмесе, онда Сізге тіркеуден қайта өту керек. Ол үшін сілтемені пайдалану қажет: www.enpf.kz, «Жеке кабинет» бөлімі, «Тіркеу/Парольді ұмыттыңыз» қосымша беті, барлық бағандарды толтыру, Қордың деректер базасында тіркелген электрондық мекенжайды немесе ұялы телефон нөмірін көрсету және «Жіберу» батырмасын басу. Көрсетілген электрондық мекенжайға немесе ұялы телефон нөміріне бір реттік парольді алғаннан кейін «Бір реттік парольді енгізу» қосымша бетін пайдалану қажет. Интернет-көшірмеге қол жеткізу үшін e-mail немесе SMS арқылы алынған бір реттік парольді енгізіңіз және жаңа парольді (қаласаңыз) тіркеңіз.

Одан кейін Сіз өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіріп, үзінді көшірмені ғана емес, сонымен қатар БЖЗҚ ұсынатын бірқатар қызметтерді де ала аласыз. Мысалы, өз деректемелеріңізге өзгерістер мен толықтырулар енгізу, ЖЗШ бар екендігі туралы анықтама алу, мерзімсіз уақытқа 1 немесе 2 топтағы мүгедектік белгіленуіне байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру, төлемге және (немесе) көшуге байланысты төлемге өтініштің мәртебесін бақылау және тағы басқалар.

ЖЗШ-дан үзінді көшірмені egov.kz электрондық үкімет сайтынан да алуға болады. Алайда осы тұрғыда бірқатар сұрақтар туындайды. Атап айтсақ, электрондық үкімет сайтынан алынған үзінді көшірмеде БЖЗҚ сайтынан алған үзінді көшірмеге қарағанда неліктен азырақ сома көрсетілген?

Бұған жауап берсек, egov.kz порталында жеке зейнетақы шоты туралы екі түрлі ақпарат алуға болады. Біріншісі, «Зейнетақы аударымдары туралы анықтама алу». Бұл анықтамада түскен жарналар туралы ақпарат көрсетіледі, яғни ол жерде Сіздің жинағыңыз инвестициялық табыстың есебінсіз көрсетілген. Егер инвестициялық табыс есептелген үзінді көшірмені алғыңыз келсе, онда Сізге egov.kz сайтындағы «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан салымшының (алушының) зейнетақы жинақтарының жай-күйі (инвестициялық табыс есебімен) туралы ақпарат беру» деп аталатын басқа қызметті пайдалануға кеңес береміз. Айтқандай, 2019 жылдың 25 қаңтарынан бастап кез келген салымшы (алушы) egov.kz сайты арқылы жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірмені ЭЦҚ көмегімен ғана емес, сондай-ақ салымшының (алушының) mgov мобильдік азаматтар базасында тіркелген ұялы телефон нөміріне сұраныс жіберілгеннен кейін келетін бір реттік sms-паролін қолдана отырып ала алады.

Қазір көптеген адамдар компьютер немесе ноутбукті пайдаланбайды. Барлық қызметтерді смартфон немесе планшеттер арқылы ыңғайлы және жылдам алуға дағдыланған БЖЗҚ салымшылары үшін қарапайым және көпфункциялы ENPF қосымшасы бар. Ол қазақ және орыс тілдерінде, Google Play немесе AppStore арқылы қолжетімді.

Осы ұялы қосымшаға тіркелу үшін пайдаланушы смс-хабарлама арқылы өзінің ұялы телефонына жіберілетін бір реттік парольді пайдалана алады. Ұялы қосымшада авторланудың екі тәсілі бар: ЖСН мен парольді енгізу немесе электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану, сондай-ақ ұялы құрылғыда бар болса, Android үшін Touch ID және iOS үшін IOS және Face ID арқылы кіруге болады.

БЖЗҚ сайты мен ұялы қосымшада Сіз жеке зейнетақы шотыңыздан үзінді көшірмені ғана алып қоймай, сонымен қатар зейнетақы активтері бойынша ағымдағы көрсеткіштермен танысып, «БЖЗҚ» АҚ-ның барлық филиалдары мен қызмет көрсету орталықтарының соңғы жаңалықтарын, мекенжайлары мен байланыстарын көре аласыз, болжамды зейнетақы калькуляторының көмегімен болашақ зейнетақыңызды есептеп, ең жиі қойылатын сұрақтарға жауап беретін онлайн-ботқа сұрақ қою және тағы басқа да көптеген мүмкіндіктерге қол жеткізе аласыз.

* * * * *

Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары жыл басынан бері 879 миллиард теңгеге ұлғайды

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-ның

2020 жылдың 1 сәуіріндегі негізгі көрсеткіштері

Қазақстанның ең маңызды қаржы институттарының бірі «БЖЗҚ» АҚ-ның зейнетақы активтері 2020 жылдың бірінші тоқсанында 879 миллиард теңгеге ұлғайды. Осылайша азаматтарымыздың зейнетақы жинақтары 11,7 триллион теңгеден асып, 2020 жылдың басынан бергі өсім 8% құрады.

Зейнетақы жинақтарының негізгі сомасы міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен қалыптасты және соңғы 12 айда 21% - ға ұлғайып, 11,4 трлн теңге болды. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 272,3 млрд теңгені құрап (өсім 30%), ерікті зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 2 млрд теңгеден асты (өсім 10%).

Айта кетейік, «БЖЗҚ» АҚ жарналарының барлық түрлері бойынша жеке зейнетақы шоттарының жалпы саны 10 миллионнан асты, дәлірек айтқанда - 10 698 980 бірлік. Өткен жылдың сәуір айынан бастап өсім 3% көрсетті. ЖЗШ-лардың басым бөлігін бұрынғысынша міндетті зейнетақы жарналары есептелетін шоттар құрады – 10,1 млн, одан әрі міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары – 514,8 мың шот. Ерікті зейнетақы жарналары да сенімді қарқынмен өсуін жалғастыруда, олардың саны БЖЗҚ-да 2020 жылдың 1 сәуіріне 55 371 шот болды.

2020 жылдың бірінші тоқсанында салымшылардың шоттарына жалпы көлемі 261,9 млрд теңге зейнетақы жарналары түсті, бұл 2019 жылдың алғашқы 3 айындағы көрсеткіштен 19% артық. Төлемдер 45 млрд теңгені құрады, олардың басым бөлігі жасы бойынша (16,7 млрд теңге), ҚР шегінен тыс ТТЖ кету бойынша (11,6 млрд теңге), сақтандыру ұйымдарына (8,4 млрд теңге), мұрагерлерге аударымдар (7,1 млрд теңге), жерлеуге (0,8 млрд теңге) төлемдер берілді.

Ерекше атап өтетін жәйт, 2020 жылдың басынан бастап 1 сәуірге дейінгі жағдай бойынша БЖЗҚ салымшыларының шоттарына 661,7 млрд теңгеден астам инвестициялық кіріс есептелді. Бұл өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 564,8 млрд теңгеге артық, өсім 583% құрады. Ал 2019 жылдың бірінші тоқсанындағы таза инвестициялық табыс 96,9 млрд теңге болған еді. Бұл ретте инвестициялық қызмет нәтижесінде шетел валюталары бағамдарының құбылмалылығы және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі салдарынан есептелген инвестициялық кірістің мөлшері әрқашан өзгеріп тұруы мүмкін екендігін және оны ұзақ мерзімді перспективада қарау қажет екенін есте сақтау маңызды.

           2019 және 2020 жылдардағы көрсеткіштерді салыстырып қарағанда көріп отырғанымыздай, инвестициялық кіріс – бұл қаржы құралдарының құнына және тұтастай қаржы нарығындағы жағдайға тәуелді, тіркелмеген шама. Сондықтан жекелеген қаржы құралдары есебінен инвестициялық кіріс шамасының уақытша төмендеу ықтималдылығы болашақта зейнетақы активтерінің барлық инвестициялық портфелін ұзақ мерзімде әртараптандыру есебінен өтелетін болады.



* * * * *

БЖЗҚ-дан берілетін ең төменгі ай сайынғы төлем мен

біржолғы төлем мөлшері ұлғайтылды

Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың тапсырмаларын орындау мақсатында және ҚР «2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңға 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап ең төменгі зейнетақы (ТЗ) мөлшерін 38 636 теңгеден 40 441 теңгеге дейін, ең төменгі күнкөріс (ТК) шамасын 31 183 теңгеден 32 668 теңгеге дейін ұлғайту көзделген өзгерістер мен толықтырулар негізінде БЖЗҚ-дан берілетін мына төлемдер мөлшері арттырылды:

- төлем кестесі бойынша ай сайын жүзеге асырылатын ең төменгі төлем мөлшері 17 640,72 теңге (төменгі күнкөріс деңгейінің 54%) (бұрын 16 838,82 теңге болған),

- бір рет біржолғы берілетін зейнетақы төлемінің мөлшері, яғни өтініш берген күндегі зейнетақы жинағының сомасы ең төменгі зейнетақының он екі еселенген мөлшерінен аспайтын соманы құраған жағдай, - 485 292 теңге (бұрын 463 632 теңге).

Бұған қоса мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің (базалық зейнетақы) және мемлекеттік бюджеттен төленетін жасына байланысты зейнетақы төлемінің мөлшері ұлғайтылды.

Базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері жиынтық еңбек өтілі мен зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі 10 жылдан кем мерзімді құрайтын адамдар үшін енді 17 641 теңгеге (бұрын 16 839 теңге) тең. Әрбір еңбек еткен жылы үшін төменгі күнкөріс деңгейінің 2% қосылады. Еңбек өтілі 33 жыл және одан көп болса, базалық зейнетақының ең жоғарғы мөлшері төменгі күнкөріс деңгейінің 100% немесе 32 668 теңгені құрайды.

Ең төменгі зейнетақы мөлшері 40 441 теңгеге дейін өсті, бұл жасы бойынша есептелген зейнетақы төлемінің толық көлемдегі мөлшері ең төменгі зейнетақы мөлшерінен кем емес көлемде тағайындалатын адамдарға қатысты.  

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша зейнетақы мен мемлекеттік жәрдемақыларды 10% жылдық мәнге индекстеу жүргізілді.

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап инфляция деңгейін 5%–ға, ал жасы бойынша және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін 7%-ға (инфляция деңгейінен 2%-ға озумен) ескере отырып, базалық зейнетақы мөлшерін жыл сайынғы индекстеу жүргізілді.

2020 жылдың 1 сәуірінен бастап жасы және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшері алып отырған көлемнен қосымша 5%-ға артты.

          Осылайша қазақстандықтардың базалық зейнетақы төлемдері, жасына байланысты зейнетақы төлемдері және БЖЗҚ-дан берілетін жинақтаушы зейнетақы төлемдерінің жиынтық мөлшері өсті.


* * * * *

Жыл басынан бері салымшылардың шоттарына 661,7 млрд аса теңге аударылды

БЖЗҚ салымшыларының шоттарында жинақталған зейнетақы активтері 2020 жылдың 1 сәуіріне 11,7 трлн теңгеден асты. Бұл ретте БЖЗҚ активтерін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқарып келе жатқан 2013 жылдың қыркүйек айынан1 бергі уақыт ішінде азаматтардың зейнетақы жинақтары құрылымындағы есептелген инвестициялық кіріс оның 30% - дан астамын (немесе 3,9 трлн теңге) құрады.

Шетел валюталары бағамдарының құбылмалылығы және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі салдарынан болған инвестициялық қызмет нәтижесінде есептелген инвестициялық кіріс мөлшері өзгеруі мүмкін және оны ұзақ мерзімді перспективада қарау қажет.

Мәселен, өткен 2019 жылы БЖЗҚ салымшыларының жеке зейнетақы шоттарына есептелген таза инвестициялық кіріс 641,8 млрд теңге, яғни табыстылық 6,57%, ал инфляция 5,4% болды. 2018 жылы салымшылардың таза инвестициялық кірісі 977,2 млрд теңгеге жетіп, 5,3% инфляция кезінде табыстылық 11,27% көрсетті. Осылайша кірістілік көрсеткіштері жылына қарай ерекшеленуі мүмкін, алайда инфляция деңгейінен әрдайым жоғары болып, зейнетақы активтерінің таза кірістілігі оң нәтиже берді.

2020 жылдың басынан бастап 1 сәуірдегі жағдай бойынша салымшылардың жеке зейнетақы шоттарына 661,7 млрд теңгеден астам инвестициялық табыс есептелді, бұл өткен жылдың осы кезеңімен (96,9 млрд. теңге) салыстырғанда 564,8 млрд теңгеге артық. Тұтастай алғанда инвестициялық кіріс – қаржы құралдарының құнына және жалпы қаржы нарығындағы жағдайға тәуелді белгіленбеген шама. Жекелеген қаржы құралдары есебінен инвестициялық кіріс шамасының уақытша төмендеуі зейнетақы активтерінің барлық инвестициялық портфелін неғұрлым ұзақ кезең ішінде әртараптандыру есебінен өтеледі.

Зейнетақы ақшаларын инвестициялаудың басты қағидаты – олардың сақталуын қамтамасыз ету, яғни қандай да болмасын бір себептерге байланысты шығынға ұшырату тәуекелдерін азайту. Сондықтан зейнетақы активтері отандық және шетелдік қор нарықтары ұсына алатын алуан түрлі, оның ішінде ең сенімді қаржы құралдарына салынады. Кірістілік неғұрлым көп болса – салымдарды жоғалту тәуекелдері соғұрлым жоғары, салымдарды жоғалту тәуекелдері неғұрлым төмен болса – кірістілік те соғұрлым аз болады. Зейнетақы активтерін инвестициялау үшін қаржы құралдарын таңдау кезінде ҚР Ұлттық Банкі тәуекел-кірістілік қатынасында барынша ақылға қонымды теңгерімді қамтамасыз етуге ұмтылады.


* * * * *

·        

·         БЖЗҚ байланыс орталығының карантин уақытындағы жұмыс тәртібі 

·         Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның 2020 жылғы 6 сәуірден бастап 13 сәуір аралығында Нұр-Cұлтан және Алматы қалаларында карантин режимін күшейту туралы шешімін бекітуіне орай «БЖЗҚ» АҚ-ның байланыс орталығы төмендегідей жұмыс кестесі бойынша қызмет атқаратындығы туралы хабарлайды:

·         жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін, сенбі және жексенбі – демалыс күндері.

·         Сонымен қатар, www.enpf.kz корпоративтік сайтында, +7 777 000 14 18 нөмірі бойынша Whatsapp және Viber чат-боттары, Instagram, Facebook, ВКонтакте, Twitter Telegram, Одноклассники әлеуметтік желілеріндегі БЖЗҚ-ның ресми парақшаларында кеңес алу мүмкіндігі call-орталықтың жұмыс кестесіне сәйкес болады.

·        

·         * * * * *

·          

·        Үйден шықпай-ақ өзіңіздің жеке мәліметтеріңізге

·        қалай өзгерістер енгізуге болады?

·          

·         Тұтынушылар арасында онлайн-қызметтерді алу танымалдығы артып келеді. Бұл өте ыңғайлы және ел үкіметі коронавирусқа қарсы күрес аясында қабылдаған карантиндік шараларға байланысты ерекше өзекті болып отыр.

·         БЖЗҚ-да салымшыларға (алушыларға) электрондық форматта, яғни кеңселерге бару қажеттілігінсіз қызмет көрсетудің енгізілгеніне де бірнеше жыл болып қалды және бұл бастама сәттілікпен жалғасын табуда.  

·         Айта кету керек, 2018 жылы «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) салымшысының (алушының) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат беру» қызметі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің тапсырысы бойынша «САНДЖ» зерттеу компаниясы жүргізген мемлекеттік қызметтердің қоғамдық мониторингі нәтижелері бойынша үздік бестікке кірді. Осы зерттеу БЖЗҚ сайтын, оның ыңғайлы интерфейсін, ауысу жылдамдығын және ақпараттың қазақ және орыс тілдерінде болуын жоғары бағалады.

·         Қордың барлық операцияларының 80%-дан астамы онлайн арқылы жасалады. Мысалы, Жеке кабинетте тіркеліп, ЖЗШ-дан үзінді көшірме алуға және өзіңіздің жинақтарыңызды онлайн бақылауға болады, сондай-ақ өзіңіздің ұялы телефоныңызға жүктеп алған болсаңыз, БЖЗҚ-ның ұялы қосымшасы арқылы да бұл қызметтерге оңай қол жеткізе аласыз. Жеке кабинетте бірнеше рет басу арқылы Сіз зейнетақы активтері бойынша ағымдағы көрсеткіштерді, шарттардың деректемелерін және көптеген басқа да мәліметтерді көре аласыз. «Жеке кабинет»сервисін:

·         1) БЖЗҚ-ның www.enpf.kz сайтында және ұялы қосымшада авторланудың электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) немесе өзінің ЖСН мен паролін енгізу сияқты екі тәсілі арқылы қолдануға болады, жоғарыда көрсетілген тәсілдермен авторланғаннан кейін, саусақ ізінің көмегіне (бар болса) жүгіне аласыз;

·         2)  www.egov.kz электрондық үкімет сайтында ЭЦҚ немесе бір реттік паролді пайдалану арқылы тұтыну мүмкіндігі бар.

·         ЭЦҚ-ны электрондық үкімет порталында еш қиындықсыз-ақ онлайн арқылы алуға болады.

·         Мысалы, өз деректемелеріне өзгерістер енгізгісі келетін салымшыларға (алушыларға) сайттағы «Электрондық сервистер» бөліміне кіріп, онда «Деректемелерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу» бөлімін табу қажет. Сіздің алдыңызда әрекет алгоритмі толық сипатталған бейне нұсқаулық ашылады. Оларды басшылыққа ала отырып, пошталық немесе электрондық мекенжай, телефон нөмірі тәрізді байланыс ақпаратыңызға өзгерістер енгізуге және (немесе) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат алу тәсілін өзгертуге болады.

·        БЖЗҚ-да міндетті зейнетақы жарналарын есепке алып отыратын жеке зейнетақы шотын ашпағандар үшін 2019 жылдың 08 қаңтарынан бастап БЖЗҚ-ға алғашқы жарна түскен, оның ішінде бірыңғай жиынтық төлемді аударған кезде жоғарыда аталған шот автоматты түрде ашылатынын ескертіп өткеннің еш артықтығы жоқ. Бұл ретте жеке тұлғаны сәйкестендіру жарнаны аудару кезінде көрсетілген дербес деректері бойынша жүзеге асырылады. БЖЗҚ басқа барлық қажетті мәліметтерді (жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың деректемелері, тұрақты тұратын жері және т.б.) Қазақстан Республикасы заңнамасының ережесіне сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер қорынан алады.

·         

·         

·         

·          

·         * * * * *

·          

БЖЗҚ-дан берілетін ай сайынғы төлемнің ең жоғарғы сомасы 500 мың теңгеден асты  

 

2020 жылдың ақпанында Қор жалпы алғанда 182 996 алушыға төлем жасады

 

2020 жылдың 1 наурызына жалпы сомасы 32,1 миллиард теңгені құрайтын 308 мыңнан астам зейнетақы төлемдері мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар жүзеге асырылды, оның ішінде:

- зейнеткерлік жасқа толу бойынша төлемдер - 12,2 млрд теңге;

- ТТЖ кетуге байланысты - 8,4 млрд теңге;

– сақтандыру ұйымдарына аударымдар - 5,4 млрд теңге;

- мұрагерлік бойынша төлемдер - 5,2 млрд теңге;

- жерлеуге төлемдер - 595,8 млн теңге;

- мүгедектік бойынша төлемдер - 360,2 млн теңге.

            Бұл ретте кесте бойынша ай сайынғы орташа төлем сомасы (зейнеткерлік жасқа толуына байланысты) 22 026 теңгені, ал ай сайынғы төлемнің ең жоғарғы сомасы 506 980 теңгені құрады.

·         * * * * *

ЕАЭО елдерінің еңбеккерлерін зейнетақымен қамтамасыз ету туралы не білу керек?

2019 жылдың 20 желтоқсанында Санкт-Петербург қаласында Жоғары Еуразиялық экономикалық одақтың отырысы өтті, онда Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше-мемлекеттердің басшылары ЕАЭО-ға мүше-мемлекеттердің еңбеккерлерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісімге (бұдан әрі – Келісім) қол қойды. 

Бұл Келісімнің қазақстандықтар мен ЕАЭО елдерінің басқа да азаматтары үшін қандай пайдасы бар және оны неден көруге болады? 

1.         Келісімге қол қойылды, алайда ол күшіне ЕАЭО-ның барлық елдері ратификациялау рәсімінен өткеннен кейін ғана (Келісімнің 14-бабы, қазіргі уақытта ЕАЭО елдерінде, оның ішінде Қазақстанда осы бағытта жұмыс жүргізілуде), шамамен 2021 жылдан кешіктірілмей енеді.

2.         Келісім күшіне енгеннен кейін ЕАЭО елдерінің еңбеккерлері зейнетақыны өз отанындағы жұмыс өтілі үшін ғана емес, сонымен қатар Келісім күшіне енген күннен кейін ЕАЭО-ның басқа мемлекеттеріндегі жұмыс өтілі үшін де алатын болады (Келісімнің 12-бабы). 

3.         Келісім еңбеккерлер мен олардың отбасы мүшелеріне қатысты қолданылатын болады. Бұл ретте Келісімде ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттің аумағында еңбек немесе өзге қызметті жүзеге асыру арқылы зейнетақы құқықтары қалыптастырылған немесе қалыптастырылатын ЕАЭО-ға мүше-мемлекеттің азаматы еңбек етуші болып табылатыны айқындалған (Келісімнің 1-бабы).  

4.         Келісімнің негізгі мақсаты – мүше-мемлекет еңбекшілерінің зейнетақы құқықтарын жұмысқа орналасатын мемлекеттің азаматтары қамтылған талаптар мен тәртіпте қалыптастыру. Келісім аясында ЕАЭО-ға мүше-мемлекет ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттердің азаматтарына зейнетақымен қамтамасыз ету бойынша құқықтар көлемін өз азаматтарына берілетін құқықтар көлемімен бірдей ұсынуға кепілдік беруі тиіс (Келісімнің 3-бабы).  

5.         Келісім қолданылатын ЕАЭО-ға мүше-мемлекеттер тағайындайтын зейнетақы түрлері Келісімнің 2-бабында айқындалған. 

Қазақстанда Келісімді БЖЗҚ-ға зейнетақы жарналарын төлеу және БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдері бойынша құқықтық қатынастарға қолдану көзделіп отыр, атап айтсақ:

·           зейнеткерлік жасқа жету бойынша төлем (Қазақстан заңнамасы бойынша);

·           1 және 2 топтағы мүгедектік белгіленген кезде, егер мүгедектігі мерзімсіз уақытқа белгіленген болса (Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша);

·           мұрагерлерге біржолғы төлем.

6.         Еңбеккерлер зейнетақы құқықтарын ЕАЭО елдерінде Келісім күшіне енгеннен кейін қалыптастырған жағдайда, зейнетақы тағайындау және төлеу құқығын іске асыру жұмысқа орналасқан елдің азаматтарына арналған шарттармен бірдей жағдайларда жүзеге асырылады.

Еңбеккер зейнетақы тағайындау және төлеу бойынша өтінішпен тұрғылықты және(немесе) жұмысқа орналасқан мемлекеттің құзыретті органына жүгінуге құқылы болады (Келісімнің 3-б.).

Еңбеккерге зейнетақы тағайындау және төлеу үшін қажетті құжаттар тізбесі ЕАЭО-ға мүше әрбір мемлекеттің ұлттық заңнамасымен реттеледі.

7.         Егер еңбек етушінің бір мүше-мемлекеттің аумағында Келісім күшіне енгеннен кейін жинаған еңбек өтілі зейнетақы алу (зейнетақы жинағын қоспағанда) құқығының туындауы үшін жеткіліксіз болса, онда ЕАЭО-ның басқа елдерінің аумақтарында жинақтаған жұмыс өтілі әрбір мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес ескерілмек, ал уақыты жағынан тұспа-тұс келетін еңбек өтілі бұған қосылмайды (Келісімнің 7-бабы).

8.         Келісім аясында мүгедектік бойынша зейнетақы төлемдерін тағайындау мақсатында еңбек етушіге мүгедектік белгілеу үшін медициналық тексеру тұрғылықты мемлекет заңнамасы бойынша оның тұрғылықты жерінде, ал мүгедектік мерзімі мен тобын белгілеу үшін медициналық куәландыру жұмысқа орналастыратын елдің заңнамасы бойынша жүргізіледі, мүгедектік бойынша зейнетақы тағайындау және төлеу сол мемлекеттің заңнамасына сай жүзеге асырылады (Келісімнің 9-бабы).

9.         Еңбеккер зейнетақыны тұрғылықты мемлекет аумағында не зейнетақы тағайындаған ЕАЭО-ға мүше-мемлекеттің аумағында алуға құқылы (Келісімнің 4-бабы).

10.     ЕАЭО-ға мүше әрбір мемлекет зейнетақы мөлшерін Келісімнің ережелерін ескере отырып, зейнетақы тағайындайтын мүше-мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен есептейді (Келісімнің 8-бабы).

Келісім ережелерін іске асыру жөніндегі мысал: 

Егер Қазақстан азаматы жұмыс өтілін (мысалы, 3-5 жыл) Келісім күшіне енгеннен кейін ЕАЭО-ға мүше-мемлекет аумағында жинаған жағдайда, жұмысқа орналасқан елдің зейнетақы заңнамасының шарттары бойынша зейнетақы алуға құқық туындаған кезде (зейнеткерлік жасқа жету, белгілі бір еңбек өтілінің, жеке зейнетақы коэффициентінің саны – РФ-да) мигрант еңбек еткен ел оған зейнетақыны дәл осы елдегі жұмыс істеген еңбек өтілі үшін тағайындайды. Бұл ретте Қазақстан азаматы зейнетақы тағайындау және төлеу үшін құжаттарымен жұмысқа орналасқан елдің зейнетақы қорына немесе БЖЗҚ-ға өтініш беруге құқылы болады.

 

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еңбеккерлерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісімнің толық мәтінімен Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) төмендегі ресми сайтынан танысуға болады: 

http://www.eurasiancommission.org/ru/act/finpol/migration/social_security/Documents/Соглашение о пенсионном обеспечении.pdf

 

 

·         * * * * *

·       

  Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары 11 триллион теңгеден асып түсті 

·          

·         «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-ның

·         2020 жылдың 1 наурызындағы негізгі көрсеткіштері 

·        

·         Қазақстанның аса маңызды қаржы институттарының бірі «БЖЗҚ» АҚ-ның зейнетақы активтері 2020 жылдың алғашқы екі айында 283 миллиард теңгеге ұлғайды. Осылайша  азаматтардың зейнетақы жинақтары 11 триллионнан асып, екі айдағы өсім 3% жетті.

·         Зейнетақы жинақтарының негізгі сомасы міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) бойынша қалыптасты және соңғы 12 айда 17% - ға ұлғайып, 10,8 трлн теңгені құрады. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 257 млрд теңге (өсім 25%), ал ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 2 млрд теңгеге  (өсім 6%) жуық.

·         Айта кетейік, «БЖЗҚ» АҚ жарналарының барлық түрлері бойынша жеке зейнетақы шоттарының жалпы саны - 10 498 852 бірлік (ЖСН жоқ, деректемелері толық емес техникалық шарттарды есепке алмағанда) болды. Өткен жылдың наурыз айынан бастап өсім 3%. ЖЗШ-лардың басым бөлігін міндетті зейнетақы жарналары – 9,9 млн (өсім 3%), одан кейін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары – 514 мың шотты (өсім 6%) құрады. Ең үлкен өсім ерікті зейнетақы жарналары бойынша байқалды, 2020 жылдың 1 наурызына  БЖЗҚ-да  ЕЗЖ бойынша 55 221 шот болды, бұл 2019 жылғы көрсеткіштен 12%  жоғары.

·         БЖЗҚ-ның техникалық шарттар бойынша жұмысын атап өту маңызды. Бұған сәйкестендірілмеген салымшылардың (алушылардың) ЖЗШ-лары жатады, мұндай шоттарда жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) жоқ, сондай-ақ тегі, аты, әкесінің аты мен туған күні бойынша қате деректемелер көрсетілген (ЖСН жоқ ЖЗШ). 2019 жылғы 1 наурыздан бастап 2020 жылғы 1 наурызға дейін БЖЗҚ қызметкерлері осындай 20 мыңнан астам шоттарды анықтап, олардың жалпы санын 11%  қысқартуға қол жеткізілді. Осылайша ағымдағы жылдың 1 наурызына БЖЗҚ-да 186, 8 тыс. техникалық шарт қалып отыр.

·         Салымшылардың (алушылардың) МЗЖ бойынша жеке зейнетақы шоттарындағы орташа жинақ көлемі (техникалық шарттарды есепке алмағанда) 1,11 млн.теңгеге жетті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12%  жоғары.

·                     2020 жылдың алғашқы 2 айында салымшылардың шоттарына жалпы көлемі 175,2 млрд. теңге зейнетақы жарналары түсті, бұл 2019 жылдың алғашқы 2 айындағы көрсеткіштен 20% артық. Төлемдер 32,1 млрд.теңгені құрады, олардың басым бөлігі жасына байланысты (12,2 млрд. теңге), ҚР шегінен тыс жерлерге ТТЖ-ға кету бойынша (8,4 млрд. теңге), сақтандыру ұйымдарына аударымдар (5,4 млрд. теңге), мұрагерлерге (5,2 млрд. теңге) берілген төлемдерден тұрады. Салымшылардың (алушылардың) шоттарына аударылған таза инвестициялық кіріс 139,9 млрд.теңге мөлшерінде есепке алынды.

·        

 

* * * * *

БЖЗҚ» АҚ-ның зейнетақы активтері 2020 жылдың наурыз айында 11,3 трлн теңгеден асып түсті (жыл басынан бергі өсім 4% пайызды құрады). 

Зейнетақы активтерін әр түрлі валюталардағы сенімді қаржы құралдарына инвестициялау тұрақты инвестициялық кірістілікті, сондай-ақ шетел валюталарына қатысты теңге бағамының өзгеруі тәуекелдерінен қорғауды қамтамасыз етеді. Зейнетақы активтері құрылымының 33,7%- дан астамы шетел валютасына номинацияланған қаржы құралдарынан тұрады. Олардың басым бөлігі (портфельдің 30,6%- ға жуық көлемі) - АҚШ долларында.

Қоржынды валюталық әртараптандырудың, инвестициялар географиясы мен қаржы құралдары спектрін кеңейтудің арқасында халықтың зейнетақы жинақтарындағы таза инвестициялық кіріс үлесі тұрақты түрде өсуде.

2020 жылдың басынан бері таза инвестициялық кіріс 332,34 млрд теңгеден асты (2019 жылдың осы кезеңінде 66,8 млрд теңге). Наурыз айының бірінші жартысында салымшылардың шоттарына аударылған инвестициялық кіріс 192,45 млрд теңгені құрады (2019 жылдың осы кезеңінде 54,74 млрд теңге).

Зейнетақы активтері бойынша жинақтардың сақталуы мен кірістіліктің теңгерімді деңгейін ұзақ мерзімге қамтамасыз ету мақсатында, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі БЖЗҚ зейнетақы активтерін басқарушы ретінде ұлттық валюта - теңгемен де, шетел валютасымен де инвестициялар қабылдайтын әртараптандырылған инвестициялық портфельді қалыптастыру тұжырымдамасын ұстанады.



Ең танымал қызмет – жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірме алу. Бір ай ішінде 1,3 миллионнан астам үзінді көшірме (олардың 93,2 пайызы – электрондық форматта) берілген. Сонымен қатар салымшылар мен алушылардың жеке деректемелерін өзгерту қызметі де сұранысқа ие. Бұл қызметтер негізінен (85%) Қор кеңселерінде көрсетіледі. 

Айта кетелік, егер электрондық цифрлық қолтаңба бар болса, жеке деректемелерді (электрондық мекенжайы және тұрғылықты мекенжайы) enpf.kz сайтында өзгертуге болады. Оны «Қазпошта» АҚ бөлімшелеріне барып өзгертуге де мүмкіндік бар.

Бір ай ішінде шамамен 51 мың салымшы жеке зейнетақы шотынан ақпарат алу тәсілін өзгерткен. Салымшылар үзінді көшірме алу тәсілін негізінен Қор кеңселерінде (42,7 мың қызмет) және көшпелі қызмет көрсету барысында (5,7 мың қызмет) ауыстырған. Хабарлау тәсілін ауыстыру қызметіне сұраныс әсіресе қыз мезгілінде артады. Мысалы, 2020 жылдың алғашқы айында бұл қызмет бойынша өсім - 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі еседен жоғары болды. Мұның негізінен «Мобильдік кеңсе» жобасы есебінен өскендігін айта кеткен жөн. Жоба аясында салымшыларға қызмет көрсетуде жасанды жер серігі байланысы қондырғысымен жабдықталған шағын автобус пайдаланылады.

Осылайша шалғай елдімекендердің тұрғындары Мобильдік кеңсе арқылы жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірме алу, ерікті зейнетақы жарналары бойынша шот ашу, зейнетақы шотынан ақпарат алу тәсілін өзгерту және басқа да қызметтерді ала алады.  

Қазіргі уақытта БЖЗҚ мобильді кеңселері еліміздің 10 облысында (Алматы, Ақтөбе, Ақмола, Атырау Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары) жұмыс істейді. 

Ал 2020 жылы «Мобильдік кеңсе» жобасы Батыс Қазақстан, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарында жүзеге асырылатын болады.  

 

 * * * * *

 

Зейнетақы туралы жиі қойылатын сұрақтар

 

1. Сәлеметсіздер ме, менің әкем полицияда жұмыс істейді және мен болашақта ол кісінің зейнетақысын қалай алатынын білгім келеді. БЖЗҚ-ның болашақ төлемдерде алатын рөлі қандай? Немесе төлемдердің барлығы тек бюджеттен қамтамасыз етіледі ме?

      2016 жылдың басынан бастап әлеуетті құрылым қызметкерлері  01.01.1998 жылға еңбек сіңірген жылдарының бар-жоғына қарамастан толық мемлекеттік зейнетақымен қамсыздандыруға ауыстырылды. Зейнетақы мөлшері ақшалай қамтылымның (АҚ) 50% есебінен белгіленді, бұл ретте еңбек сіңірген жылдарының әрбір жылы үшін (25 жылдан астам) зейнетақы мөлшері 2% – ға, еңбек өтілінің әрбір жылы үшін – АҚ-дан 1% - ға, бірақ республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 109 АЕК-тен (288 959 теңге) аспайтын мөлшерге көбейіп отырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына республикалық бюджет есебінен әскери қызметшілердің пайдасына бұрын жүзеге асырылып отырған міндетті зейнетақы жарналарының 20%-ын төлеу тоқтатылды. Осылайша 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы алу құқығына жиырма бес және одан да көп жалпы еңбек өтілі бар, оның кемінде он екі жыл және алты айын үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарында, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте өткерген әлеуетті құрылым қызметкерлері және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шекті жасқа толуы не штаттың қысқартылуы немесе денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметтен, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметтен, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтен босатылған тұлғалар ие.    

     Бұл ретте еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алу құқығы БЖЗҚ-да ашылған жеке зейнетақы шоттарынан 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналары сомасының 50 пайызы қайтарылған жағдайда ғана туындайды. Сондай-ақ зейнетке шығып алған зейнеткерлерге бұған дейін толық емес көлемде тағайындалған зейнетақы төлемдерінің мөлшерін қайта есептеу жүргізілді. Ол еңбек сіңірген жылдары мен зейнетақы ісіндегі қызметтен босатылған күндегі еңбек өтілін есепке ала отырып, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары сомасының 50% қайтарылған жағдайда зейнетақы төлемдерін толық көлемге жеткізу есебімен жасалды.

     БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарының қалған жартысын (қалған 50%) пайдалану құқығы зейнетақы заңнамасының нормаларына сәйкес іске асырылатын болады.

БЖЗҚ-дан міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін алу құқығына БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар төмендегі адамдар ие:

1) зейнет жасына толғанда, ерлер 63 жасқа, әйелдер 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 59,5 жасқа толғанда. 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап – 60 жас, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап – 60,5 жас, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – 61 жас, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – 61,5 жас, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – 62 жас, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап – 62,5 жас, 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап – 63 жас.

2) зейнетақы жинақтары ең төмен зейнетақы мөлшерінен кем емес зейнетақы төлемін қамтамасыз ету үшін жеткілікті болған кезде сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасау жолымен ерлер – 55 жасқа және әйелдер 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 51,5 жасқа толғанда;

3) егер мүгедектiгi мерзiмсiз болып белгiленсе, бiрiншi және екiншi топтардағы мүгедектер;

4) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған, кету дерегін растайтын құжаттарды ұсынған шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар.

 

Назар аударыңыз, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындауды уәкілетті мемлекеттік органдар жүзеге асырады. Сіздің әкеңіздің, яғни полиция қызметкерінің жағдайында зейнетақы төлемдерін тағайындауды Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі жүзеге асырады.  

Осылайша  еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемі мен мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау тәртібі бойынша толық ақпарат алу үшін Қазақстан Республикасының тиісті уәкілетті мемлекеттік органына хабарласу туралы кеңес береміз.   

 

2. Қайырлы күн, менің ағамның жеке сауда-саттықпен айналысатын орны бар және ол кісі өзіне жұмыс істейді. Егер ол кісі зейнетақы қорына ақша аудармаса, болашақта зейнетақыны қалай алады? Тек бірыңғай жиынтық төлемді ғана төлеу жеткілікті ме?

 

Біріншіден, бірыңғай жиынтық төлем (бұдан әрі – БЖТ) деген не екенін түсіну керек. Қазақстанда өзін – өзі жұмыспен қамтыған азаматтар үшін салық режимінің жаңа түрі –  БЖТ-ның қолданысқа енгізілгеніне де бір жылдай уақыт болып қалды. Бұл төлем түрі азаматтардың төмендегі санаттарына арналған: 

1. жеке қосалқы шаруашылық қызметкерлері;

2. отбасылық кәсіпорындардың ақы төленбейтін қызметкерлері;

3. жұмыскерлері жоқ, жылына 1 175 АЕК-тен кем (3 114 925 теңгеден кем) айналымы бар кәсіпкерлер.

Бұл ретте БЖТ тек төменде көрсетілген қызмет түрлеріне ғана қолданылады: 

1. Тек жеке тұлғаларға қызмет көрсету;

2. Жеке қосалқы шаруашылықтағы өзі өндірген ауыл шаруашылығы өнімдерін тек жеке тұлғаларға ғана сату.

Алайда  егер Сіздің ағаңыздың бір жыл ішіндегі табысы 1175 АЕК, яғни 3 114 925 теңге сомасынан асып кететін болса, онда оған жеке кәсіпкер ретінде тіркелу және басқа салық режимін таңдауға тура келеді. 

Бірыңғай жиынтық төлемді төлеу үшін салық органдарында тіркелудің қажеті жоқ; тек бірыңғай жиынтық төлемнің белгіленген сомасын төлеу қажет. Ай сайынғы БЖТ мөлшері республикалық маңызы бар қалаларда, астанада және облыстық маңызы бар қалаларда тұратын жеке тұлғалар үшін 1 АЕК-ті (2651 тг.); басқа елді мекендерде тұратын жеке тұлғалар үшін 0,5 АЕК-ті (1325.5 тг.) құрайды. Төлем екінші деңгейдегі банктер арқылы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының (ХҚКО) шотына бір сомамен жүргізіледі. Төлемді жүзеге асыру үшін банкте есеп айырысу шотын ашу талап етілмейді. Бірыңғай жиынтық төлем сомасын Мемлекеттік корпорация мынадай пропорцияларға бөледі: 10% - жеке табыс салығы (ЖТС); 20% - әлеуметтік аударымдар (ӘА); 30% - міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ); 40% - міндетті медициналық сақтандыруға аударымдар (МӘМС). Зейнеткерлік жасқа толған адамдар үшін төлемнің барлық сомасы жеке табыс салығы болып танылады, әлеуметтік төлемдерге бөлу жүргізілмейді.

Осылайша БЖТ жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысуға және зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі мен жинақтаған қаражатына қарай зейнетақы төлемін алуға құқық береді. БЖТ төлеушілері үшін БЖЗҚ-дағы өзінің зейнетақы жинақтарын толықтырудан басқа расталған еңбек өтіліне байланысты базалық зейнетақы алу мүмкіндігі пайда болады. Бұған қоса БЖТ төлеуші міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің қатысушысы болып тіркеледі және МӘМС енгізілгеннен кейін медициналық мекемені таңдау құқығымен сомасы мен түрлері бойынша шектеу қойылмайтын медициналық қызметтерге қол жеткізе алады, сондай-ақ еңбекке қабілеттілігінен, жұмысынан, асыраушысынан айырылған, жүктілік пен босану, бала асырап алу, бала күтімі жағдайларында әлеуметтік төлемдер ала алады.

Сондай-ақ, болашақта лайықты зейнетақы алуды қамтамасыз ету үшін оған ерікті зейнетақы жарналарын жүзеге асыруға болады. ЕЗЖ артықшылықтарының бірі – Сіз жарна мөлшері мен төлеу кезеңділігін, сондай-ақ ЕЗЖ төлемін алу құқығы туындаған кезде жинақталған зейнетақы қаражатын алу тәртібін өзіңіз белгілейсіз. Ерікті зейнетақы жарналарын өз ықтиярыңыз бойынша жүзеге асыру қажет. Бұл үшін ЖЗҚ-мен шарт жасасып, БЖЗҚ- ға ерікті аударымдарды Шартта көрсетілген банк деректемелері бойынша аудару қажет. Ыңғайлы болу үшін БЖЗҚ сайтында қолданыстағы ЭЦҚ кілті арқылы ерікті зейнетақы шотын онлайн ашу бойынша қызмет іске асырылды немесе  БЖЗҚ-ның көптеген филиалдарының біріне келу жеткілікті. Сонымен қатар ЕЗЖ-ны банктік сервистер – Kaspi.kz қосымшасы, Halyk Bank терминалдары арқылы төлеуге болады.

 

3. Сәлеметсіз бе, менің атым Елена. Осыдан екі жыл бұрын мен Ресейге ТТЖ-ға кеттім, тек жақында ғана БЖЗҚ-дағы өз жинақтарымды алуға болатынын білдім. Шынымды айтсам, менде бір мәселе туындап тұр – мен тұрмыс құрып, тегімді өзгерттім, ал жарналар менің қыз күнімдегі тегім бойынша аударылған болатын. Енді мен ақшамды қалай алсам болады және қандай құжаттар тапсыру қажет?

 

Егер Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында Сіздің міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) не ерікті зейнетақы жарналары бойынша (ЕЗЖ) жинақтарыңыз болса, онда сіздің Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрғылықты тұратын жерге кетуіңізге байланысты өз жинақтарыңызды алуға құқығыңыз бар.

Зейнетақы жинақтарын төлеуге арналған құжаттарды БЖЗҚ-ға мынадай тәсілдердің бірімен ұсынуға болады:

- өзіңіз келіп өтініш білдірген кезде;

- пошта байланысы арқылы;

- үшінші тұлға (сенім білдірілген адам) арқылы. Бұл ретте құжаттар сенім білдірілген адам БЖЗҚ кеңсесіне өзі келіп өтініш білдірген кезде ғана қабылданады.

Назар аударыңыз, өтініш берер алдында Сіз міндетті түрде ТТЖ-ға кетуді ресімдеуіңіз керек, өйткені, бұл заңнаманың зейнетақы төлемдерін алу үшін қойылатын міндетті талаптарының бірі. ТТЖ-ға кетуге байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініштерді қараған кезде «БЖЗҚ» АҚ қызметкерлері Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының ақпараттық жүйелеріне өтініш білдірген шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі не  шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты болуы туралы мәліметтерге сұраныс жасайды. Жоғарыда аталған құжаттардың жарамсыздығы туралы мәліметтер алған жағдайда, БЖЗҚ зейнетақы төлемдерін жүзеге асырады. Айта кетейік, БЖЗҚ-ға өзі келіп өтініш білдірген кезде міндетті түрде мына құжаттар ұсынылады:

1) БЖЗҚ-ның ішкі құжатымен бекітілген нысандағы зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш (бұдан әрі – өтініш);

2) егер халықаралық шарттарда өзгеше көзделмеген болса, шетелдік паспорттың көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқасы (Ресей Федерациясы азаматының ішкі паспортын ұсынған жағдайда  өтініш орындалуға жатпайды);

3) алушының банктегі шоты туралы мәліметтер.

Өтініш үшінші тұлға (сенім білдірілген адам) арқылы берілген жағдайда, жоғарыда көрсетілген құжаттарға қосымша үшінші тұлға:

1) нотариалды куәландырылған сенімхаттың түпнұсқасын немесе оның нотариалды куәландырылған көшірмесін;

2) үшінші тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқасы. Бұл ретте алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі нотариалды куәландырылады.

Өтінішті пошта байланысы құралдары арқылы берген кезде алушының жеке басын куәландыратын құжат және өтініштегі алушының қолы да нотариалды куәландырылады.

Айта кету керек, БЖЗҚ зейнетақы төлемдерін деректемелері өтініште көрсетілген алушының банктік шотына тек ұлттық валютада – Қазақстан аумағындағы екінші деңгейдегі банктерде/банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған банктік шоттарға аударған кезде; сондай-ақ АҚШ долларымен, еуромен, фунт стерлингпен немесе Ресей рублімен – Қазақстаннан тыс жерлердегі шетелдік банктерде ашылған банктік шоттарға аударған кезде жүзеге асырады.

БЖЗҚ-ға беру тәсіліне байланысты барлық қажетті құжаттардың өзекті тізбесін (өзі келіп өтініш білдірген кезде/пошталық байланыс құралдары арқылы/үшінші тұлға арқылы), оларды ресімдеуге қойылатын талаптарды, сондай-ақ өтініш бланкілері мен төлем валютасының түріне байланысты оларды толтыру үлгілерін, сенімхаттардың үлгілерін, уәкілетті мемлекеттік органдардың түсініктемелерін www.enpf.kz мекенжайы бойынша БЖЗҚ веб-сайтынан көруге болады, ондағы ақпарат үнемі жаңартылып отырады. Сонымен қатар, enpf.kz сайтындағы «Электрондық сервистер» бөлімінде құжаттарды онлайн режимінде алдын ала тексеру мүмкіндігі бар.

Шетелдік паспортты алу кезінде алушының деректемелері, атап айтқанда: тегі, аты, әкесінің аты - бар болса, туған күні өзгерген жағдайда, жоғарыда көрсетілген құжаттар тізбесіне қосымша шетелдік құжаттарды ресімдеуге қойылатын талаптарды сақтай отырып ресімделген, негізгі 4 деректеменің өзгеру дерегін растайтын, төменде көрсетілген құжаттардың бірінің түпнұсқасын не нотариалды куәландырылған көшірмесін БЖЗҚ-ға ұсыну қажет:

1) Қазақстан Республикасының уәкілетті органының анықтамасы;

2) шет мемлекеттің уәкілетті органының анықтамасы;

3) тегін/атын/әкесінің атын өзгерту туралы куәлік / анықтама;

4) неке қию/бұзу туралы куәлік.

 

4. Менің маркшейдер болып жұмыс істегеніме 25 жыл болды. Мамандығым еңбек жағдайлары қауіпті өндірістер қатарына кіреді. Мен өз ақшамды БЖЗҚ-дан сақтандыру ұйымына аударғым келеді. Сондықтан  білгім келетіні, біздің компания мен үшін МКЗЖ-ны БЖЗҚ-мен шарт жасалған күннен бастап аударуы керек пе әлде зейнетақы заңнамасына өзгерістер енгізілген, яғни 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап аударуы керек пе еді?    

 

Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілді. Дәл осы күннен бастап Сіздің жұмыс берушіңіз Сіз үшін ай сайынғы табысыңыздың 5 пайызына тең жарна төлеуге міндетті болған. Айта кету керек, жұмыс берушілер МКЗЖ-ны зиянды (аса зиянды) өндіріс түрлері бойынша және сол өндірістерде қызмет ететін адамдарға ғана төлейді.  

Бұл ретте төлемдер нақты жүргізілген және қызметкер кіріс алған жағдайда  жұмыс беруші уақытылы есептемеген және аудармаған МКЗЖ сомаларын Мемлекеттік кіріс органдары өндіріп алады немесе жұмыс беруші МКЗЖ төленетін қызметкерлердің пайдасына уәкілетті орган белгілеген есептелген өсімпұлмен әрбір кешіктірілген күнге (Мемлекеттік корпорацияға төленетін күнді қоса алғанда) аударуға тиіс. Жоғарыда көрсетілгенге сәйкес есептелген МКЗЖ мен өсімпұлдың толық және уақытында төленуін бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік кірістер органы жүзеге асырады. Бұл ретте қызметкердің пайдасына аударылған МКЗЖ қызметкердің БЖЗҚ-да МКЗЖ есепке алу үшін ашылған ЖЗШ-сы бар болған жағдайда, БЖЗҚ-дағы қызметкердің жеке зейнетақы шотына аударылуы мүмкін екендігіне назарыңызды аударамыз. Ал МКЗЖ-ны есепке алу бойынша ЖЗШ БЖЗҚ-ның зейнетақы қағидаларында көзделген нысан бойынша салымшы жазған өтініш негізінде ашылады. 

 

5. Мен зейнетке шықтым, бірақ менің зейнетақы жинақтарым тек шамамен 300 мың теңгені құрады. Оларды мен біржолғы төлеммен бір-ақ алдым, енді менің БЖЗҚ-дағы шотым жабылды ма? Немесе солай тұра бере ме? Маған банктегі сияқты шоттың жүргізілгендігі үшін ақша төлеуге тура келіп жүрмей ме?

 

Жоқ, жеке зейнетақы шотын жүргізгені үшін БЖЗҚ төлем алмайды. Оған қоса, Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес салымшының жеке зейнетақы шотында зейнетақы жинақтары, төленген зейнетақы жинақтарының қайтарымдары, зейнетақы жарналарының түсімдері, өсімпұлдар және өзге де түсімдер болмаған жағдайда ЖЗШ зейнетақы жинақтарын төлеуді жүзеге асырған күннен бастап 12 ай өткеннен кейін жабылады.

 

      * * * * * 

БЖЗҚ салымшылары зейнетақы калькуляторын миллион реттен аса пайдаланды

Қордың ең танымал сервистерінің бірі әрбір салымшыға болашақ зейнетақысын онлайн тәртібінде есептеуге мүмкіндік береді

Болжамды зейнетақы калькуляторы арқылы болашақ зейнетақы төлемдері бойынша әр түрлі актуарлық есептеулер жүргізуге болады. Бұл ретте ол мемлекеттік базалық зейнетақы, жасына байланысты (ортақ) зейнетақы және БЖЗҚ төлемдері бойынша автоматты түрде болжам жасайды. Одан басқа міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) немесе ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен ашылған зейнетақы шоттары бар болса, калькулятор болашақ төлемдердің болжамды сомасын лезде шығарып береді.  

Салымшылар зейнетақы калькуляторын айына орта есеппен 84 мың рет, ал күніне шамамен 2800 рет пайдаланады. Бұл аталмыш калькулятордың салымшылар арасында танымал болып жатқандығының айқын дәлелі.

Болашақ зейнетақыны есептеу үшін зейнетақы калькуляторындағы – туған күні, жынысы, еңбек өтілі, жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі, зейнетақы жинақтарының сомасы және соңғы уақытта алып жүрген жалақысының көлеміне қатысты барлық бағандарды толтыру қажет. Егер Сіз Қордың enpf.kz сайтының жеке кабинетінде тіркелген болсаңыз, жинақтардың сомасы автоматты түрде көрсетіледі.

Осылайша есептеу нәтижесі пессимистік, реалистік және оптимистік деп аталатын үш сценарий бойынша көрсетіледі. Барлық үш нұсқа табыстылықтың инфляциядан жоғары болжамды деңгейін ескереді. Болжамды нәтижелер (болжамды кезеңге тиесілі инфляция деңгейін алып тастағанда) нақты құндық шама ретінде көрсетіледі.

Айта кетелік, таяу жылдары зейнетке шығатын салымшылар үшін Қор сайтында «Ағымдағы зейнетақы калькуляторы» жұмыс істейді.

Қордың enpf.kz сайтының «Зейнетақы калькуляторы» бөлімінде «Зейнетақы жинақтарын өмірді сақтандыру компаниясына аудару» деп аталатын қызмет бар. Сол арқылы сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасу үшін шоттағы зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткілікті сомасын есептеуге болады. Бұл калькулятор ең төменгі зейнетақы мөлшерін ескере отырып, зейнетақы аннуитеті шартын жасасу үшін зейнетақы жинақтарының сомасы қандай болу керектігін есептейді. Тиісті бағанда жынысыңызға қатысты мәліметті белгілеген соң, шарт жасасуға қажетті жас мөлшері автоматты түрде көрсетіледі. Одан әрі кепілді мерзімді белгілейсіз. Осы мерзім ішінде сақтандыру компаниясынан төлемдер алушының қайтыс болған-болмағанына қарамастан тұрақты түрде төленіп тұрады. Әрі қарай калькулятор ағымдағы жыл бойынша ең төменгі зейнетақы мөлшерін ескере отырып, зейнетақы аннуитеті шартын жасасу үшін зейнетақы жинақтарының сомасы қандай болу керектігін есептейді.

Айта кету керек, өткен жылдың соңында Қор мамандары зейнетақы калькуляторын анағұрлым ыңғайлы ете отырып, оның көрнекі сызбасын жаңартты. Енді жаңартылған калькулятордағы қорытынды нәтижелер көрнекі сызба мен төлемдер кестесі арқылы көрсетіледі. Сәйкесінше зейнетақы калькуляторын пайдалану барынша ыңғайлы бола түсті. Егер қандай да бір қиындық туындап жатса, enpf.kz сайтындағы тиісті жадынаманы пайдалануға болады. Онда калькуляторды қалай пайдалану керектігі рет-ретімен жазылған және тиісті нұсқаулық берілген.

·         * * * * *

·        БЖЗҚ сұраусыз қалған 675 мың шоттың иелерін тапты

·         

·        Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қызметкерлері 2019 жылы сұраусыз қалған 675 мың зейнетақы шоттарының иелерімен байланыс орнатты. Бұл бір жыл және одан да көп жылдардан бері жарна түспеген «ұйқыдағы» шоттар. Олардың қатарында өзін-өзі жұмыспен қамтушылар, жұмыссыздар, сондай-ақ зейнетақы жарналарын уақытша аудармағандар: үйде бір жылдан астам уақыттан бері декреттік демалыста отырғандар, тәжірибе жұмысындағылар, тағылымдамадан өтушілер, үй шаруасындағы әйелдер, мүгедектігі бар адамдар, әскери қызметшілер және сотталғандардың шоттары бар.  

·        Қор мамандары ақпарат беру-түсіндіру жұмыстары аясында салымшыларға міндетті зейнетақы жарналарын аударудың маңыздылығын түсіндірді. Соның арқасында 128 мың жеке зейнетақы шотына жалпы сомасы 4 млрд теңгеге 523 202 жарна келіп түсті.

·        Осылайша БЖЗҚ «ұйқыдағы» шоттарды жандандыру, соңғы жылдары шоттарына зейнетақы жарнасын аудармай жүрген салымшыларды іздестіру жұмыстарын одан әрі жалғастыруда.

 

 

 

·         * * * * *

·         БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерінің орташа сомасы 100 мың теңгеден асты

·          

·         2020 жылдың алғашқы айында Қор салымшыларына 17,9 миллиард теңге төленді

·          

·         2020 жылдың алғашқы айында 146 мыңнан астам алушы үшін зейнетақы төлемдері мен сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдар 17,9 млрд теңгені құрады. Оның ішінде:

·         - зейнет жасына толуға байланысты – 7,4 млрд теңге;

·         - Қазақстаннан шетелге тұрақты тұруға кетуге байланысты – 4,8 млрд теңге;

·         - сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдар – 2,6 млрд теңге;

·         - мұрагерлік бойынша – 2,5 млрд теңге;

·         - жерлеуге байланысты – 311 млн теңге;

·         - мүгедектігі бар жандарға – 200 млн теңге төленді.

·         БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерінің орташа сомасы 100 803 теңге болды.

·         Бұл сомаға кесте бойынша төлемдер, сонымен қатар зейнет жасы, шетелге тұрақты тұруға кету, жерлеу, мүгедектік, мұрагерлік және сот шешімі бойынша біржолғы төлемдер кіреді. Ал кесте бойынша ай сайынғы зейнетақы төлемдерінің орташа сомасы – 21 810 теңге, ай сайынғы ең жоғары төлем – 446 794 теңге болды.

 

 

·          * * * * *

·        Зейнетақы туралы жиі қойылатын сұрақтар

·         

·        1. Сәлеметсіз бе, мен ұзақ уақыт бойы базарда бейресми жұмыс істедім және жалақымды «қолма-қол» алып отырдым. Әрине, менде зейнетақы шарты да, шотым да болған жоқ. Ал қазір мен бір компанияға жұмысқа тұрдым, бірақ маған БЖЗҚ-да шарт жасау қажеттілігі жоқ деген хабарлама берді. Неліктен?   

·        Міне, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы шотын ашу рәсімі жеңілдетілгеніне де бір жылдай уақыт болып қалды. 2019 жылғы 8 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заңына енгізілген өзгерістерге сәйкес міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) есепке алу бойынша жеке зейнетақы шотын (ЖЗШ) ашу үшін жеке тұлғаға БЖЗҚ қызмет көрсету кеңселеріне жүгіну қажет емес. Шот алғашқы жарна түскен кезде автоматты түрде ашылады. Бұл ретте жеке тұлғаны сәйкестендіру МЗЖ аудару кезінде жасалған электрондық форматтағы төлем тапсырмасында көрсетілген жеке деректері (аты-жөні, ЖСН, туған күні) бойынша жүзеге асырылады, ал жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын қолданыстағы құжат деректемелері, тұрғылықты тұратын жері туралы барлық қажетті мәліметтерді БЖЗҚ мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алады. Осылайша тек өткен жыл үшін 2019 жылы автоматтандырылған үрдіс көмегімен МЗЖ бойынша 400 мыңға жуық шот ашылды. 

·         

·        2.  Қайырлы күн, жақында маған инфаркт дертіне шалдыққаннан кейін екінші топ мүгедектігі берілді. Менің барлық жинақтарымды емделу үшін бірден бірақ беруі мүмкін бе?  

·        Қазіргі уақытта қолданыстағы «ҚР-да зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңға сәйкес БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алу құқығы белгілі бір жағдайларда, соның ішінде мерзімсіз уақытқа 1 және 2 топ мүгедектігі тағайындалған кезде басталады. Осылайша егер 2-топ мүгедектігі мерзімсіз уақытқа тағайындалған болса, Сіз БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін тек ай сайын белгіленген кесте бойынша ала аласыз.     

·        Қазі кезде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Үкімет жанынан арнайы құрылған жұмыс тобы зейнетақы жинақтарын зейнетақы төлемдерінен басқа өзге де мақсаттарға, атап айтқанда, жинақтың бір бөлігін емдік қажеттіліктерге пайдаланудың түрлі нұсқаларын қарастыруда. Алайда қазіргі уақытта бұл мәселе бойынша шешім қабылданған жоқ.  

·         

·        3. Менің тәтем шалғай ауылда тұрады, онда сіздердің филиалдарыңыз жоқ, аудан орталығына бару өте алыс, оған қалай кеңес алуға болады?

·        БЖЗҚ еліміздің шалғай елді мекендерін зейнетақы қызметтерімен қамту үшін жаңа жобалар енгізуде. Мысалы, «Мобильді кеңсе» жобасы. Бұл заманауи спутниктік байланыс құралдарын қоса алғанда, салымшыларға қызмет көрсету үшін қажетті барлық құралдармен жабдықталған шағын автобус. Шалғай елді мекендердің тұрғындары «Мобильді кеңседен» БЖЗҚ бөлімшелерінде көрсетілетін қызметтерді, атап айтқанда, шоттан үзінді көшірме алу немесе зейнетақы жинақтарын сақтандыру компаниясына аударуға өтініш беру, ерікті зейнетақы жарналары бойынша жеке зейнетақы шотын ашу, хабарландыру тәсілін өзгерту және басқа да көптеген қызметтерді ала алады. Қазіргі уақытта «Мобильді кеңселер» Алматы, Атырау, Қостанай, Қарағанды, Қызылорда, Ақтөбе, Ақмола, Жамбыл, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында қатынайды. Биылғы жылы Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Түркістан облыстарында да «Мобильді кеңселерді» қосымша енгізу жоспарланып отыр.

·        Сонымен қатар сіз «Қазпошта» бөлімшелерінің кең ауқымды желісін пайдалана аласыз. Қазпошта операторларын оқыту үдерісі жүргізілгеннен кейін, пошталық байланыс операторының 220 бөлімшесінде Сіз «БЖЗҚ» АҚ қызметтерін ала аласыз. «Қазпошта» арқылы қызмет көрсетуге Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарының елді мекендері қосылған. Барлық елді мекендердің толық тізімін enpf.kz (https://www.enpf.kz/ru/services/kazpost/index.php) сайтынан көруге болады. Егер сіздің туысыңыз осы елді мекендердің бірінде тұратын болса, онда ол осы жерлерден мынадай қызметтерді ала алады: салымшының қосымша деректемелерін өзгерту (толықтыру) туралы өтініш беру; хабарландыру тәсілін өзгерту (белгілеу) туралы келісімге (оның ішінде «БЖЗҚ» АҚ қызметтеріне электрондық форматта қол жеткізу үшін) қол қою.

·        Бұл ретте «Мобильдік кеңсе» және «Қазпошта» бөлімшелерінде сіздің тәтеңіз хабарландыру тәсілін электрондық нұсқаға өзгерте алады. Осылайша оның өз зейнетақы шотын ENPF.KZ сайтында немесе біздің ұялы қосымшада дербес бақылауға да мүмкіндігі бар. Қазіргі уақытта қор электрондық қызметтердің төмендегі түрлерін ұсынады:    

·        1) ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасау (өз пайдасына);

·        2) деректемелерге, оның ішінде хабарландыру тәсіліне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу;

·        3) жеке зейнетақы шотынан (ЖЗШ) үзінді көшірмені қарап, көру;

·        4) ЖЗШ-дан үзінді көшірмені электрондық мекенжайға алу;

·        5) ЖЗШ бар екендігі туралы анықтама алу;

·        6) ЖЗШ ашу туралы өтінішті/зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты жаңа редакцияда алу («дубликат»);

·        7) мерзімсіз уақытқа 1 немесе 2 топ мүгедектігі белгіленуіне байланысты, зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру;

·        8) төлем жасау және (немесе) зейнетақы жинақтарын аудару туралы өтініштің орындалу барысын қадағалау.

·         

·        4. Біз отбасымызбен, міне, бес жыл бойы Ресейде өмір сүріп жатырмыз. Мен анамды өзімнің қасыма алдырғым келеді, себебі, ол зейнетке шыққанда материалдық тұрғыдан қиналып қала ма деп алаңдаймыз. Бірақ ол жақсы зейнетақы алу үшін жинақтары мен еңбек өтілі жеткілікті деп санайды. Зейнетақы жасына жетуге оған бір-ақ жыл қалды, сол үшін де біз анамызға төленетін болашақ төлемдердің өлшемін шамамен есептеп көргіміз келеді, оны қалай істеуге болады?

·        Болашақ зейнетақыны болжалды зейнетақы калькуляторы арқылы есептеу өте оңай. Оның көмегімен болашақ зейнетақы төлемдерінің сан түрлі өзекті есебін шығару мүмкіндігі бар. Бұл ретте мемлекеттік базалық зейнетақы және жасына байланысты зейнетақы (немесе ортақ), сондай-ақ БЖЗҚ-дан төлемдер болған кезде автоматты түрде болжанады. Бұдан басқа міндетті зейнетақы жарналарынан (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарынан (МЗЖ) немесе ерікті зейнетақы жарналарынан (ЕЗЖ) қалыптастырылған жеке шоттар болған кезде бағдарлама екі-үш рет басу арқылы болашақ төлемдердің болжалды бейнесін бере алады.   

·        Болжалды калькуляторда есептеу үшін барлық бағандарды – туған күні, жынысы, еңбек өтілі, зейнетақы жинақтау жүйесіне қатысу өтілі, бүгінгі күндегі жинақталған қаражат сомасы және соңғы уақыттағы жалақы мөлшерін толтыру қажет. Егер сіздің анаңыз enpf.kz сайтындағы жеке кабинетте тіркелген болса, жинақ сомасы автоматты түрде көрсетіледі. Осылайша есептеу нәтижесі үш сценарийде беріледі: пессимистік, шынайы және оптимистік. Барлық үш нұсқа инфляциядан жоғары кірістіліктің болжамды деңгейін ескереді. Бұл ретте барлық болжамды нәтижелер нақты құндық көріністе (болжамның тиісті кезеңінің инфляциясын шегере отырып) ұсынылады.

·        Айтпақшы, алдағы жылы зейнетке шығатын салымшылар үшін калькулятордың жеңілдетілген нұсқасы бар, ол - ағымдағы зейнетақы калькуляторы деп аталады. 

·         

·        5.  Толығырақ айтып беріңізші, мемлекеттік кепілдікті қазіргі уақытта қалай ресімдеуге болады, қайда өтініш жасау керек?

·        2018 жылғы қазаннан бастап зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттік кепілдік «ұйғарым бойынша» есептеледі,  жасына байланысты зейнетақы төлемдерін және мемлекеттік бюджеттен мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау үшін, сондай-ақ БЖЗҚ-дан міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен зейнетақы төлемдерін алу үшін бір өтініш берген кезде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Халыққа қызмет көрсету орталығына (ХҚО) бірыңғай өтінішпен және құжаттар жинақтамасымен жүгіну қажет.

·        Өтінішке орай, мемлекеттік кепілдік төлемі әр адам үшін арнайы әзірленген әдістеме  бойынша жеке есептеледі және салымшы төлемді, егер оған тиесілі болса, өзінің банктегі шотына алады. 

·        Азаматтардың басқа санаттары, яғни егер мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе, І және ІІ топ мүгедектері, Қазақстанның шегінен тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен адамдар, МЗЖ, МКЗЖ аударған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, мемлекеттік кепілдік төлеміне құқығы бар адам қайтыс болған жағдайда, оның мұрагерлері зейнетақы төлемдерін алу үшін БЖЗҚ-ға, ал мемлекеттік кепілдік төлемі үшін ХҚО-ға хабарласады.   

·        Еске сала кетейік, Қазақстанда зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттік кепілдіктің бірегей үлгісі жұмыс істейді. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, мемлекет алушыларға Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы мiндеттi зейнетақы жарналарының, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарының алушы зейнетақы төлемдеріне құқықты алған кездегі инфляция деңгейiн ескере отырып, жарналардың нақты енгiзiлген мөлшерiнде сақталуына кепiлдiк бередi.

·        Мемлекеттік кепілдік төлемі (инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма) мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен біржолғы төлемді білдіреді. Мемлекет кепілдік бойынша төлем жасау құқығына салымшылар зейнеткерлік жасқа жеткен кезде ие болады. Бұдан бөлек, мұндай құқыққа егер мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе, І және ІІ топ мүгедектері, Қазақстанның шегінен тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен адамдар, МЗЖ, МКЗЖ аударған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, мемлекеттік кепілдік төлеміне құқығы бар адам қайтыс болған жағдайда, оның мұрагерлері ие.     

·         

·        * * * * *

·         Ерікті зейнетақы жарналары – төлеу оңай!

·          

·         БЖЗҚ салымшылары ерікті зейнетақы жарналары есебінен жасалған шарт бойынша жарналарды электрондық әдіспен қалай төлейді?

·           

·         Соңғы уақытта Қазақстан азаматтары ақшасыз аударымдар жасау барысында әр түрлі банк қосымшаларын жиі пайдалануда. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры бұл үрдістен қалыс қалмай, өз қызметтерін әр түрлі электрондық сервистерге ауыстырып жатыр. Осылайша Қор өз жүйесін мемлекеттік органдармен ғана емес, екінші деңгейдегі банк жүйелерімен де ықпалдастыруды қолға алды.  

·         Ерікті зейнетақы шоттарына жарналарды Kaspi.kz мобильді қосымшасы арқылы аудару – БЖЗҚ салымшылары үшін керемет жаңалық болды. Қазіргі уақытта Kaspi.kz қосымшасын пайдаланатын кез келген азамат ерікті зейнетақы шотына жарналарды ешқандай комиссиясыз аудара алады. Бұл үшін оның жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) және Kaspi.kz қосымшасы жүктелген әрі интернетке қосылған смартфоны немесе планшеті болса жеткілікті. Әрі қарай жарна аудару өте тез, жеңіл әрі ыңғайлы. Бұл үшін Kaspi.kz қосымшасына кіріп, «Төлемдер» бөліміндегі іздеу жолағына – «Ерікті зейнетақы жарналары» деп жазу керек. Бұдан кейін ЖСН бағанын толтырып, қажетті соманы енгізсеңіз болғаны.

·         Айта кетелік, өзіңіздің ғана емес, кез келген үшінші тұлғаның – мысалы, жұбайыңыздың, ата-анаңыздың, туған-туыстарыңыздың, тіпті жас балаңыздың да ерікті зейнетақы шотына жарна аударуыңызға болады. Бұл үшін оның жеке сәйкестендіру нөмірін енгізсеңіз жетіп жатыр. Ерікті жарналарды кәмелетке толмағандардың атына да аударуға болады. 

·         Бұдан басқа ерікті зейнетақы шотын өзіне-өзі қызмет көрсетуші Halyk Bank терминалы арқылы да толықтыруға мүмкіндік бар. Мұндай құрылғылар аталмыш банктің әрбір бөлімшесінде орнатылған. Бұл жерде төлем сомасының 0,3 пайызы көлемінде комиссия ұсталынады (комиссия 100 теңгеден төмен болмайды).  

·         Сонымен қатар ерікті жарналарды дәстүрлі тәсілмен – екінші деңгейдегі банктердің кассасы немесе «Қазпошта» АҚ бөлімшелері арқылы төлеуге болады. Бұл жағдайда да тиісті комиссия қарастырылған.

   

 

* * * * * 

Алты миллионнан астам салымшы БЖЗҚ-дан үзінді көшірмені онлайн тәртібінде алады

Зейнетақы шотынан үзінді көшірме алу – Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшылары арасындағы ең танымал қызмет. 2019 жылы бұл қызмет 14 миллионнан астам рет пайдаланылған.

Еске сала кетелік, БЖЗҚ салымшылары жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірмені шот ашылған күннен бастап сұрау салған кез келген күнге қарай тегін алуға құқылы. Бұл заң жүзінде бекітілген құқық.    

Бүгінде салымшылар мен алушылар зейнетақы жинағының жай-күйі туралы ақпаратты: 

·         Қор кеңсесіне тікелей келу;

·         пошта байланысы;

·         электрондық тәсілдер:

- БЖЗҚ-ға ұсынылған электрондық пошта;  

- интернет байланысы (логин мен құпиясөз (пароль) немесе электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ), enpf.kz сайтының «Жеке кабинет» бөлімі және ұялы телефонға жүктелген ENPF мобильді қосымшасы);

- электрондық үкімет порталындағы жеке кабинет (ЭЦҚ немесе mGov мобильдік азаматтар базасында тіркелген салымшының (алушының) ұялы телефонына келетін бір реттік sms-пароль) арқылы ала алады.

Ең ыңғайлы және жылдам тәсіл – бұл үзінді көшірмені БЖЗҚ сайты немесе электрондық үкімет порталының жеке кабинеті арқылы алу. Сонымен қатар БЖЗҚ-ның смартфон немесе планшеттерге арналған жаңартылған мобильді қосымшасын пайдалануға болады.

Барлығы 5,6 миллион адам зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты Жеке кабинет арқылы алған. Бір жыл ішінде интернет байланысы тәсілін таңдағандар саны 500 мыңға жуық адамға көбейді. 860 мың адам үзінді көшірмені электрондық пошта арқылы алады. Зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты БЖЗҚ филиалына келіп алу - танымалдығы жағынан екінші орында. Бұл тәсілді шамамен екі миллионға жуық адам таңдаған. БЖЗҚ-дан ақпаратты пошта байланысы арқылы алушылар саны біртіндеп азаюда. Бұл жағдайда ішіне үзінді көшірме салынған хат оларға жылына бір рет жіберіледі. Қазіргі уақытта бұл тәсілді таңдағандар саны - 1,3 млн адам. Бұл бұрнағы жылмен салыстырғанда 11,5 пайызға төмен.

Еске саламыз, салымшы мекенжайын ауыстырған жағдайда бұл туралы Қорға  хабарлауға міндетті. Егер хабарламаса, БЖЗҚ келесі жылы үзінді көшірме салынған хатты оған жібермеуге құқылы.

Салымшы ыңғайлы хабарлау тәсілін таңдау үшін жеке басын куәландыратын құжатпен Қордың жергілікті кеңсесіне жүгінуі тиіс. Егер ЭЦҚ болса, Қор кеңсесіне келмей-ақ,  хабарлау тәсілін enpf.kz сайтының Жеке кабинеті арқылы таңдауға немесе өзгертуге болады.


* * * * *

БЖЗҚ-дағы Ашық есік күні

 

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры тұрғындар арасында ақпарат беру-түсіндіру жұмыстарын жүргізу аясында үстіміздегі жылдың 18 наурызында Қазақстан бойынша өзінің барлық филиалдарында «Ашық есік күні» шарасын өткізеді.

Күн тәртібіндегі басты тақырып – «Алғашқы жарнаңызбен – БЖЗҚ-ға қош келдіңіз!» деп аталады.

2019 жылдың 8 қаңтарынан бастап БЖЗҚ-да міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) есепке алу бойынша жеке зейнетақы шотын (ЖЗШ) ашу үшін жеке тұлғаға тиісті өтінішті рәсімдеу үшін БЖЗҚ кеңсесіне келудің қажеті жоқ. Жеке тұлғаның БЖЗҚ-да МЗЖ бойынша ашылған зейнетақы шоты жоқ болса, алғашқы жарна келіп түскен сәтте зейнетақы шоты автоматты түрде ашылады. Бір жыл ішінде Қорда автоматты түрде 400 мыңдай жаңа зейнетақы шоты ашылды. Сәйкесінше сол шоттардың иелері «Ашық есік күні» шарасының ерекше қонақтары болмақ.

Филиал мамандары оларға Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесі, Қор қызметі туралы әңгімелеп, зейнетақы калькуляторы арқылы болашақ зейнетақыны есептеу жолдарын үйретіп, зейнетақы шотынан ақпарат алудың заманауи тәсілдерін ұсынады.

Аталмыш шараны өткізудегі басты мақсат – салымшыларға толыққанды ақпарат беру және зейнетақы жүйесі мен Қор қызметтері бойынша сұрақтарға жан-жақты жауап беру.

Біз сіздерді Қостанай қ. Әл-Фараби, 65 үй (212 к.) мекенжайында орналасқан БЖЗҚ АҚ Қостанай облыстық филиалының кеңсесінде күтеміз. 

 

* * * * *

Шетелге тұрақты тұруға кетуге байланысты зейнетақы жинақтарын қалай алуға болады?

 

Қазақстаннан басқа елдерге тұрақты тұруға кеткен бұрынғы отандастарымыздың көпшілігін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы жинақтарын қалай алуға болатындығы мазалайтыны белгілі.  

Айта кету керек, жеке зейнетақы шотында (ЖЗШ) есепке алынатын жинақ ақша салымшының меншігі болып табылады және салымшы келіп алғанша, тіпті ол шетелге көшіп кетсе де Қорда мерзімсіз сақтала береді.  

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес ел аумағынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен, кету дерегін растайтын құжаттар ұсынған шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың БЖЗҚ-дан мiндеттi зейнетақы жарналары (МЗЖ) және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебiнен қалыптасқан жинақтарын толық көлемде алуға құқығы бар.

Сонымен Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен шетелдіктер мен азаматтық жоқ адамдар Қорға өздері келіп өтініш бергенде мына төмендегі құжаттарды ұсынады:  

1) БЖЗҚ ішкі құжатымен бекітілген нысан бойынша толтырылған өтініш;

2) егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шетелдік паспорттың көшірмесі және салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы;

3) алушының банк шоты туралы мәлімет.

БЖЗҚ жоғарыда көрсетілген құжаттарды алған соң, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының ақпараттық жүйелерінен өтініш жасаған шетелдікте немесе азаматтығы жоқ адамда Қазақстан Республикасының уәкілетті органы берген Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхатының не болмаса азаматтығы жоқ адамның куәлігінің бар-жоғы және оның жарамдылығы туралы мәліметтерді сұратады.

Егер өтініш жасаған шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кетуіне байланысты

Қазақстан Республикасының уәкілетті органы берген шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхатының немесе азаматтығы жоқ адамның куәлігінің не болмаса Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің жарамсыздығы туралы мәліметтер алынса, сондай-ақ шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсатының күші жойылған жағдайда БЖЗҚ құжаттар қабылданған немесе құжаттар келіп түскен күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде зейнетақы төлемдерін жүзеге асырады. 

БЖЗҚ зейнетақы төлемдерін алушының өтінішінде көрсетілген банк шотына аударады. Егер алушының шоты Қазақстан аумағында жұмыс істейтін екінші деңгейдегі банкте/жекелеген банк операцияларын орындайтын ұйымда ашылса, зейнетақы төлемдері ұлттық валюта – теңгемен аударылады. Ал егер алушының шоты Қазақстан аумағынан тыс жердегі шетелдік банктерде ашылған болса, АҚШ долларымен, евро, фунт стерлинг немесе ресейлік рубльмен аударылады.

Егер өтініш жасаған шетелдіктің немесе азамат­тығы жоқ адамның Қазақстан Респуб­ликасының уәкілетті органы берген Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің немесе шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхатының не болмаса азаматтығы жоқ адамның куәлігінің бар екендігі және жарамдылығы туралы мәліметтер алынса, сондай-ақ өтініш жасаған шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Респуб­ли­касынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткені жайында мәліметтер болмаса, БЖЗҚ өтініш жасалған күні құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхатты бере отырып, өтінішті қабылдаудан немесе құжаттарды алған кезден бастап 10 жұмыс күні ішінде хабарлама жолдау арқылы бас тарту себебін көрсете отырып, өтінішті орындаудан бас тартады. Сондықтан Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кетпей тұрып, елден кетуге арналған құжаттарды белгіленген тәртіпте рәсімдеу қажет.

Егер шетелдік және азаматтығы жоқ адам бұлай істемесе, Қордан зейнетақы жинақтарын алу үшін Қазақстанға қайта келіп, елде тұруға ықтиярхат алып,  ҚР Ішкі істер министрлігінің көші-қон органдарында елден кетуге арналған құжаттарды рәсімдеуіне тура келеді. Айта кетелік, бұл шара шетелге тұрақты тұруға кеткен азаматтың Қазақстанда орындамаған (салық, мүлік, сот, мерзімді әскери қызметті өтеу және т. б.) міндеттемелерін анықтау үшін қажет.

ҚР Ішкі істер министрлігі Қазақстаннан кетуді рәсімдеуге қатысты ақпараттардың барлығын ҚР Әділет министрлігінің «Жеке тұлғалар» Мемлекеттік дерекқорына жіберіп отырады. Ал БЖЗҚ құжаттарды тексеруге алған кезде өтініш берушінің шетелге көшетіндігін растау үшін осы Мемлекеттік дерекқорға сауал жібереді.

 

 

 

* * * * *

2020 жылдың қаңтарында БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтары 97 миллиард теңгеге көбейді  

2020 жылдың 1 ақпанына қарасты Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының негізгі көрсеткіштері

 

2020 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша барлық негізгі көрсеткіштер былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда оң сипатқа ие. Зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 10,9 триллион теңгені құрап, бір жыл ішінде 16 пайызға өсті.

Зейнетақы жинақтарының басым бөлігі міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен  қалыптасқан. Ал МЗЖ есебінен жиналған жинақ ақша 10,6 трлн теңгені құрады. Бір жыл ішіндегі өсім – 15 пайыз. 

Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы  жинақтарының сомасы 251,2 млрд теңгеге (өсім – 25%), ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша 1,9 млрд теңгеге (өсім – 4%) жетті.

2020 жылдың қаңтарында зейнетақы жинақтары шамамен 97 млрд теңгеге ұлғайды. Бұл сан мынадай кіріс және шығыс ағындарынан қалыптасты:

- 86,7 млрд теңге жарналар түрінде келіп түскен, бұл көрсеткіш 2019 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 22 пайызға жоғары. Аталмыш соманың 94 пайызы МЗЖ есебінен толықты – бұл 81,6 млрд теңге. Одан әрі МКЗЖ – 4,9 млрд теңге, ЕЗЖ – 16 млн теңге.  

- жыл басынан бері таза инвестициялық табыс ретінде 28,2 млрд теңге түсіп, салымшылардың жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) есептелді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен (15,4 млрд теңге) екі еседей жоғары.  

Соңғы 12 ай ішінде зейнетақы жинақтарының табыстылығы – 6,68 пайызды, ал инфляция деңгейі – 5,6 пайызды көрсетті. Осылайша зейнетақы активтерінің нақты табыстылығы оң сипатқа ие.

- 146 мыңнан астам алушы үшін зейнетақы төлемдері мен сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдар 17,9 млрд теңгені құрады.

 

·        * * * * *

     

БЖЗҚ электронды үлгідегі қызметтерінің үлесі 80 пайызға жетті

 

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры электронды үлгіде көрсететін қызметтерді белсенді түрде енгізуде. Өткен жылы бұл бағытта жақсы көрсеткіштерге қол жеткізілді. Мысалы, салымшылар мен алушыларға көрсетілетін қызметтердің 80 пайыздан астамы, яғни 13,6 миллионнан астам қызмет цифрлық технологиялардың көмегімен орындалды. Бұл 2018 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 36 пайызға жоғары. Электрондық қызметтердің бірқатары жаңартылып, жетілдірілді. Солардың бірі – Қордың мобильді қосымшасы.  

Қордың қазақ және орыс тілінде жұмыс істейтін мобильді қосымшасы арқылы жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірме алуға, сондай-ақ зейнетақы активтері бойынша ағымдағы көрсеткіштерді, шарттардың деректемелерін, жаңалықтарды, Қор филиалдарының байланыс нөмірлері мен мекенжайларын көруге болады. Енді осы қызметтердің қатары жаңа мүмкіндіктермен толықты. Олар: болжамды зейнетақы калькуляторы, онлайн-бот және халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарына өтініш жасауға мүмкіндік беретін қызметтер. Бұл ретте зейнетақы калькуляторы арқылы болашақ зейнетақыны есептеуге мүмкіндік берілсе, онлайн-бот арқылы жиі қойылатын сұрақтарға жауап алуға болады. Бұдан басқа Push-хабарлама қызметі енгізілді. Оны пайдалану үшін ұялы қосымшаны ашып, «Баптау» бөліміне кірген соң, (push-хабарламаны қосу/өшіру) осы қызметті іске қоссаңыз болды. Сонда зейнетақы шотыңызға міндетті және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары келіп түскендігін экранда пайда болатын қысқаша хабарлама арқылы дер кезінде біліп отырасыз.

Танымал мессенджерлерге орнатылған сервистер де салымшылардың сұранысына ие болуда. Мысалы, Telegram мессенджері қажетті ақпараттарды алуға, қысқаша үзінді көшірмені электрондық поштаға жіберуге, Жеке кабинеттің паролін қалпына келтіруге, Қор жаңалықтарымен танысуға және оның бөлімшелерінің мекенжайын білуге мүмкіндік береді.

Бүгінде БЖЗҚ өзінің ресми сайты мен мобильді қосымшасы арқылы мынадай электрондық қызметтерді көрсетеді:

1) ерікті зейнетақы жарналары есебінен (өз пайдасына) зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасу;

2) жеке деректемелерге, оның ішінде хабарлау тәсіліне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу;

3) жеке зейнетақы шотынан (ЖЗШ) үзінді көшірмені қарау;

4) ЖЗШ-дан үзінді көшірмені электрондық мекенжайға жіберу;

5) ЖЗШ бар болуы туралы анықтама алу;

6) ЖЗШ ашу туралы өтінішті/зейнетақымен қамсыздандыру туралы жаңа редакциядағы шартты («телнұсқа») алу;

7) I немесе II топтағы мүгедектік мерзімсіз болып белгіленуіне байланысты зейнетақы төлемдерін рәсімдеу туралы өтініш беру;

8) төлемдер және (немесе) қоныс аудару жөніндегі өтініштердің мәртебесін, яғни орындалу барысын қадағалау.

Айта кету керек, салымшылардың сұранысы бойынша ең жиі көрсетілетін қызмет: жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірме беру. 2019 жылы үзінді көшірме электрондық үлгіде 13,5 миллион рет сұралған. Одан басқа, цифрлық технологиялардың көмегімен жеке деректемелерді өзгертуге 62,3 мыңнан астам өтініш және жеке зейнетақы шотын ашуға 5 мың өтініш қабылданып, хабарлау тәсілін белгілеу/өзгерту бойынша 31,5 мыңнан астам келісім рәсімделген. Басқа  электрондық үлгідегі қызметтер бойынша да өсім байқалады.  

Осылайша БЖЗҚ әрбір салымшыға қолжетімді жоғары технологиялық ұйым ретінде халыққа өз қызметін үздіксіз ұсынуда.  

* * * * * 

Зейнеткерлік жасқа толған 174 мың адам БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алу үшін өтініш бермеген

 

Олардың шоттарында 10,6 миллиардтан астам теңге жинақталған

 

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы төлемдерін дер кезінде рәсімдеу керектігі туралы тұрақты хабарлап тұрады. Бірақ соған қарамастан 2020 жылдың 1 қаңтарына қарай зейнет жасына толған және Қорда зейнетақы жинақтары бар 174 235 адам әлі күнге дейін зейнетақы төлемдерін рәсімдеген. Осылайша талап етілмеген зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 10 604 764 131 теңгеге жетті.  

Атап өту керек, БЖЗҚ зейнет жасына толған, бірақ төлемдерін әлі алмаған азаматтар үшін бірқатар шараларды жүзеге асыруда. Мысалы, қазақ және орыс тілдерінде SMS-хабар, электрондық пошталарға хабарламалар, тіпті мекенжайларына хат-хабарлар таратылып, БЖЗҚ сайты мен әлеуметтік желілерде тұрақты негізде осы тақырып бойынша ақпараттық материалдар жарияланады.        

Зейнет жасына жеткен азаматтар БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін рәсімдеу үшін жергілікті мекенжайлар бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының Халыққа қызмет көрсету орталығына (ХҚО) жүгінуі тиіс. Өздерімен бірге жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі мен салыстыру үшін түпнұсқасын, сондай-ақ банк шоты туралы мәлімет ұсынады. Банк шотына Қор төлемдері мен мемлекеттік зейнетақылар ай сайын бір мезгілде аударылады.

БЖЗҚ тағы да еске салады. Зейнеткерлік жасқа толған азаматтар (ерлер – 63 жас, әйелдер биыл – 59,5 жас), сондай-ақ бірінші және екінші топтағы мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленген адамдар белгіленген кесте бойынша Қордағы міндетті және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарынан құралған жинағы есебінен зейнетақы төлемдерін алуға құқылы.      

Егер зейнеткер Қордан зейнетақы төлемдерін алу үшін Мемлекеттік корпорацияға өтініш берген күні, оның шотындағы жинақтарының сомасы ең төменгі зейнетақының 12 еселенген мөлшерінен аспаған жағдайда, бұл сома алушыға бір рет толығымен төленеді. Биыл (2020 жылы) ең төмен зейнетақы көлемі: 38 636 теңге.

Сәйкесінше оның 12 еселенген мөлшері: 463 632 теңге. Егер шоттағы ақшаның көлемі бұл сомадан артық болса, зейнетақы төлемдері тек ай сайын беріледі. 

Зейнет жасына жеткен таныстарыңыз бен туған-туыстарыңызға БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарын тексеріп, зейнетақы төлемдерін рәсімдеу үшін Мемлекеттік корпорацияның жергілікті Халыққа қызмет көрсету орталығына тиісті құжаттарды тапсыру керектігін жеткізіңіз.

 ·     

   * * * * *

·         

·        БЖЗҚ-да 2019 жылы 17 миллионға жуық қызмет көрсетілді

·         

·        2020 жылдың 1 қаңтарына қарай Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы қызметтерін көрсету аясында 16,9 млн операция орындалса, олардың 80 пайызы (13,6 млн) электрондық форматта жүзеге асырылды. 2018 жылмен салыстырғанда өсім 36 пайызға жетті. Дейтұрғанмен көптеген салымшылар зейнетақы қызметтерін алу үшін тікелей Қор мамандарына жүгінгенді қалайды. Еліміз бойынша күн сайын БЖЗҚ-ның барлық кеңселерінде шамамен 13 мың операция орындалады.

·        2019 жылы сәуір айында БЖЗҚ шалғай елдімекендерді зейнетақы қызметтерімен қамту үшін Қазпоштамен бірге осы ұлттық оператордың бөлімшелері арқылы зейнетақы қызметтерін көрсету бойынша ортақ жобаны іске қосқан еді.   

·        Қордың қызмет көрсету орталықтары жоқ елдімекендерде орналасқан Қазпошта бөлімшелерінің операторлары оқыту курсынан өткен соң, келушілерге зейнетақы қызметтерін көрсете бастады. Осылайша қазіргі және болашақ салымшылар БЖЗҚ-ның әр түрлі қызметтерін, оның ішінде зейнетақы шотынан ақпарат алу тәсілін интернет-байланысы тәсіліне ауыстыру қызметін алуға қол жеткізіп, Қазпошта бөлімшелері арқылы транфер-агенттік қызмет көрсету аясында барлығы – 1 298 операция жүзеге асырылды.

·         

·        * * * * *

·        БЖЗҚ-да автоматты түрде 400 мыңға жуық шот ашылды

·         

·      

  Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында жеке зейнетақы шотын ашу рәсімінің оңайлатылғанына бір жыл болды. 2019 жылдың 8 қаңтарынан бастап, Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заңына сәйкес жеке тұлғаға міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) бойынша жеке зейнетақы шотын (ЖЗШ) ашу үшін БЖЗҚ-ның жергілікті кеңсесіне келудің қажеті жоқ. Алғашқы жарна келіп түскен сәтте, шот автоматты түрде ашылады. Бұл ретте жеке тұлғаның аты-жөні, басқа да жеке деректемелері жарнаға қатысты төлем тапсырмасының электрондық форматында көрсетілген дербес деректер (тегі, аты, әкесінің аты, жеке сәйкестендіру нөмірі, туған күні) бойынша расталады. Ал жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың деректемелері бойынша қажетті мәліметтерді Қор мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алады. Осылайша 2019 жылы Қорда МЗЖ бойынша автоматты түрде барлығы 398 376 шот ашылды. 

·        Автоматты түрде ашылған жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпарат салымшыға Қор кеңсесіне тікелей келген кезінде хабардар етіледі. Алайда зейнетақы шотынан ақпарат алудың ыңғайлы тәсілін таңдасаңыз, Қор сайтының жеке кабинетіне тіркеліп, зейнетақы жинақтарыңыздың жай-күйін Қор сайты немесе мобильді қосымшасы арқылы кез келген уақытта бақылай аласыз. Сонымен қатар жеке кабинетте зейнетақы шоты бойынша үзінді көшірмені алып, одан зейнетақы активтері бойынша ағымдағы көрсеткіштерді, шарттардың деректемелерін және басқа да ақпараттарды көруге болады.      

·        Жеке кабинетке қол жеткізу үшін БЖЗҚ кеңсесіне немесе «Қазпошта» АҚ бөлімшесінің трансфер-агентіне жүгініп, шоттан ақпарат алу тәсілін өзгертуге өтініш беру қажет.

·        Ақпарат алудың электрондық тәсілін таңдаған соң, Қор қызметкері enpf.kz сайты және мобильді қосымша арқылы жеке кабинетке тіркелуге көмектеседі. Егер электрондық цифрлық қолтаңбаңыз бар болса, Қор сайтының жеке кабинетінде ақпарат алу тәсілін дербес түрде өзгерте аласыз.

·        * * * * *

·        БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтарының орташа сомасы тұрақты жарна аудару барысында 4 млн теңгеден асты

·         

·        Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2019 жылы атқарған қызметтерін алдын ала қорытындылады

·      

  Міндетті зейнетақы жарналарын зейнетақы қорына 1998 жылдан бері тұрақты аударып келе жатқан салымшылардың шоттарындағы орташа жинақ сома ерлерде – 5,8 млн теңге, әйелдерде – 4,4 млн теңге. Бұл барлық салымшылардың шоттары бойынша алынған сан.

·        2019 жылдың қорытындысы бойынша салымшылардың МЗЖ есебінен ашылған шоттарындағы жинақтардың орташа сомасы – 1,1 млн теңге (2018 жылмен салыстырғанда өсім – 11%), МКЗЖ бойынша – 500,2 мың теңге (өсім – 17%) және ЕЗЖ бойынша – 48,6 мың теңге болды.

·        2019 жылы БЖЗҚ-да белсенді салымшылардың саны – 6,6 млн адамды құрады.

·        Зейнетақы шоттарына жарналар орташа есеппен – 8,13 рет аударылды.

·        МЗЖ бойынша қалыптасқан жинақтардың орташа сомасы ерлерде – 1,2 млн

·        теңге (жыл басынан бергі өсім – 10%), ал әйелдерде – 942,2 мың теңге (жыл басынан бергі өсім – 12%).

·        * * * * *

·        БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтарының сомасы 10,8 триллион теңгеден асты

·         

·       

Қазақстанның маңызды қаржы институттарының бірі – Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2019 жылды қорытындылады.

·        2020 жылдың 1 қаңтарына қарай барлық көрсеткіштер бойынша даму серпіні оң сипатқа ие. Нақты айтсақ, 2020 жылдың 1 қаңтарына қарай Қордың зейнетақы жинақтары 10,8 триллион теңгеден асты. Ал жарналардың барлық түрлері бойынша жеке зейнетақы шоттарының саны 10 миллионнан асып отыр. Дәлірек – 10 672 567 бірлікті құрап, бір жыл ішінде 3 пайызға өсті. Жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) басым бөлігі міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен ашылған – 9,9 млн бірлік. Бұдан кейінгі орында міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша ашылған шоттар – 0,5 млн бірлік. Ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша да өсім байқалады. 2019 жылдың соңына қарай ЕЗЖ бойынша ашылған шоттардың саны – 54 365 бірлікке жетіп, 2018 жылғы көрсеткіштен салыстырғанда 14 пайызға көбейді.

·        Зейнетақы жинақтарының басым бөлігі міндетті зейнетақы жарналары есебінен  қалыптасқан. МЗЖ есебінен жиналған жинақ ақша 10,6 трлн теңгені құрап, 2019 жылдың басынан бері 15 пайызға өсті.

·        Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 246,1 млрд теңгеге (өсім – 25%), ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша 1,9 млрд теңгеге (өсім – 4%) жетті.

·        2019 жылдың басынан бері салымшылар мен алушылардың зейнетақы шоттарына есептелген таза инвестициялық табыс – 641,8 млрд теңге. Зейнетақы жинақтарының табыстылығы – 6,57 пайыз. Ал инфляция деңгейі – 5,4 пайызды көрсетті. Осылайша зейнетақы активтерінің нақты табыстылығы оң сипатқа ие.

·         ·    

    * * * *

БЖЗҚ маңызды сұрақтарға жауап береді

 

1. Биыл 25 ақпанда менің анам 59 жасқа толады. Ол зейнеткерлікке шығуға дайындалып жатыр. Бұл үшін құжаттарды қайда тапсыру керек?

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңына сәйкес зейнет жасына толған азаматтар, олардың ішінде биыл 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 59,5 жасқа толған әйелдер Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен зейнетақы төлемдерін алуға құқылы. Осылайша Сіздің анаңыз 59,5 жасқа толуға 10 күн қалғанда, яғни ағымдағы жылдың 15 тамызында зейнетақы төлемдерін алуға өтініш бере алады. Алайда есіңізде болсын, зейнетақыны 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейін рәсімдеу керек. Егер анаңыз одан кешіктірсе өтінішті 2021 жылы 60 жасқа толғанда беруіне тура келеді.    

Зейнетақы алу құқығына ие болған азаматтар зейнетақы төлемдерін рәсімдеу бойынша бірыңғай өтініш пен құжаттар топтамасын тек бір жерге – «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының Халыққа қызмет көрсету орталығына (ХҚО) тапсырады. Әрі қарай Қор төлемдері мен бюджет есебінен берілетін зейнетақылар (ортақ және базалық зейнетақы) кесте бойынша алушының өтінішінде көрсетілген банк шотына ай сайын бір мезгілде аударылып отырады. Бұл ретте алушыға мемлекеттік кепілдік бойынша айырма сомасын (инфляция деңгейін ескере отырып, зейнетақы жинақтары мен нақты енгізілген МЗЖ, МКЗЖ сомасы арасындағы айырма) төлеуге қатысты алдын алу қызметі көрсетіледі. Яғни, бұл үшін бөлек өтініш берудің қажеті жоқ.

Қордан алғашқы төлемдер зейнет жасына толған алушының банк шотына оның өтініші Мемлекеттік корпорацияға тіркелген күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде немесе Қордан зейнетақы төлемдерін алу құқығы туындаған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Әрі қарай Қор төлемдері мен бюджет есебінен берілетін зейнетақылар арнайы кесте бойынша алушының өтінішінде көрсетілген банк шотына ай сайын бір мезгілде аударылып отырады.

Зейнетақыны рәсімдеу үшін ХҚО-ға мынадай құжаттарды тапсыру қажет:

жеке басты куәландыратын құжат;

банк шотының нөмірі;

жұмыс орнынан айлық табыстар және міндетті зейнетақы жарналары туралы анықтама;

еңбек кітапшасы;

білімі туралы диплом;

әскери билет (қорғаныс істері бойынша жергілікті басқармадан);

неке туралы куәлік;

балалардың туу туралы куәліктері.

Туу туралы куәлік жоқ болса, актілік жазбадан үзінді-көшірмені немесе азаматтық хал актісін тіркеу туралы анықтаманы әкелуге болады. Толық ақпаратты Мемлекеттік корпорацияның egov.kz сайтынан немесе ХҚО-ның жергілікті филиалдарының бірінен біле аласыз.   

2. Қайырлы күн. Мен 25 жыл бойы кенші болып еңбек еттім. 55 жасымда зейнеткерлікке шықсам деп едім. Аннуитетті пайдалана отырып, мерзімінен бұрын зейнетке шығудың жолын айтып берсеңіз екен. 

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының 59-бабына сәйкес 55 жасқа толған ерлер, биыл 51,5 жасқа толған әйелдер және өздері үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары кемінде күнтізбелік 60 ай (5 жыл) төленген 50 жасқа толған адамдар (ерлер мен әйелдер) Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы жинақтарын өздері таңдаған сақтандыру ұйымына аудару арқылы мерзімінен бұрын алуға құқылы. Бірақ бұл үшін Қордағы жинақ ақша ай сайын кемінде ең төмен зейнетақы мөлшерiнде зейнетақы төлеп тұруға жеткілікті болуы тиіс. Бұл ретте зейнетақы аннуитеті шарты әйелдер: 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап - 50,5 жасқа; 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап - 51 жасқа; 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап - 51,5 жасқа; 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап - 52 жасқа; 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап - 52,5 жасқа; 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап - 53 жасқа; 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап - 53,5 жасқа; 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап - 54 жасқа; 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап - 54,5 жасқа; 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап - 55 жасқа толғанда жүргізіледі.

Зейнетақы аннуитеті шартын жасасу мақсатында жеткілікті зейнетақы жинақтарын есептеу үшін біздің сайттағы «Зейнетақы калькуляторын» пайдалануыңызға болады.

Зейнетақы жинақтарын БЖЗҚ-дан сақтандыру ұйымдарына аудару салымшының Қор кеңсесіне тікелей өзі келуі немесе сенім білдірілген тұлға арқылы (бұл жағдайда сенім білдірілген тұлға құжаттарды Қор кеңсесіне тікелей өзі әкелуі тиіс) жүзеге асырылады. Құжаттардың тізімі Қор сайтында «Қызметтер»-«Салымшылар»-«Зейнетақы жинақтары сақтандыру ұйымына қалай аударылады» бөлімінде орналасқан.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры құжаттарды алған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде алушының зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына аударады.

 

3. Саламатсыз ба, бұдан екі жыл бұрын жұбайым екеуміз ұлымыздың неке тойына деп банктен несие алған едік. Алайда қазір қаржы жағынан қиналып отырмыз. Сұрайын дегенім, БЖЗҚ-дағы жинақтарымыздың бір бөлігін несиені өтеуге пайдалансақ болады ма?

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын несиені өтеуге пайдалану мүмкін емес. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңына сәйкес жеке тұлғалардың зейнетақы активтеріне деген құқығы заттық құқық санатына жатады және Заңда белгіленген мақсатқа ғана, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруға қолданылуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдері зейнет жасына толған азаматтарға (ерлерге 63 жасқа толғанда, әйелдерге биыл 59,5 жасқа толғанда) төленеді.

Оларға қоса мүгедектігі бар жандар I немесе II топтағы мүгедектігінің мерзімсіз, яғни, өмір бойына тағайындалу уақытына қарай Қордағы жинақтары есебінен зейнетақы төлемдерін ала алады.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен, кету дерегін растайтын құжаттар ұсынған шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың мiндеттi және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебiнен қалыптасқан зейнетақы жинақтарын толық көлемде алуға құқығы бар.

Әйелдерге жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау: 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап - 58,5 жасқа толғанда; 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап - 59 жасқа толғанда; 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап - 59,5 жасқа толғанда; 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап - 60 жасқа толғанда; 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап - 60,5 жасқа толғанда; 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап - 61 жасқа толғанда; 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап - 61,5 жасқа толғанда; 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап - 62 жасқа толғанда; 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап - 62,5 жасқа толғанда; 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап 63 жасқа толғанда жүргізіледі.

Заңға сәйкес Қордағы зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымдары арқылы мерзімінен бұрын алуға мүмкіндік бар. Яғни, 55 жасқа толған ерлер, биыл 51,5 жасқа толған әйелдер және өздері үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары кемінде күнтізбелік 60 ай (5 жыл) төленген 50 жасқа толған адамдар (ерлер мен әйелдер) Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы жинақтарын өздері таңдаған сақтандыру ұйымына аудару арқылы мерзімінен бұрын алуға құқылы. Бірақ бұл үшін Қордағы жинақ ақша ай сайын кемінде ең төмен зейнетақы мөлшерiнде (2020 жылы ол – 38 636 теңге) зейнетақы төлеп тұруға жеткілікті болуы тиіс.

 

4. Қайырлы күн, мен зейнетақы шотымнан үзінді көшірмені БЖЗҚ сайтының жеке кабинетінен алып тұратынмын. Бірақ соңғы бірнеше айда жеке кабинетке кірмеген соң, паролімді ұмытып қалдым. Не істеймін, тағы да Қордың бөлімшесіне баруым керек пе?

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының www.enpf.kz сайтының «Жеке кабинет» бөліміне кіру үшін жеке сәйкестендіру нөмірі мен құпиясөз (пароль) керек. Егер пароліңізді ұмытып қалсаңыз, онда қайта тіркеуден өтуіңіз қажет болады. Бұл үшін Қор сайтының «Жеке кабинет» бөліміне кіріп, «Пароль ауыстыру» батырмасын басып, барлық жолақтарды толтырыңыз. Сөйтіп, Қордың дерекқорында тіркелген электрондық мекенжайыңызды немесе ұялы телефоныңызды көрсетіп, «Жіберу» түймешігін басыңыз.  

Енгізілген деректер жеке зейнетақы шотын ашу жөніндегі өтініште немесе хабарлау тәсілін өзгерту (белгілеу) туралы келісімде көрсетілген деректермен сәйкес болуы керектігін ұмытпаған жөн. Сондықтан Қорға тек маңызды және дұрыс деректерді ұсыну қажет. Көрсетілген электрондық мекенжайыңызға немесе ұялы телефоныңызға SMS арқылы келіп түскен бір реттік парольды алған соң, «Бір реттік пароль енгізу» батырмасын пайдаланыңыз. Яғни, бір реттік парольды енгізіп, жаңа пароліңізді тіркеңіз. Сөйтіп үзінді көшірмеге қол жеткізе аласыз.  

 

5. Қайырлы күн! 2005-2006 жылдары менің жұмыс берушім зейнетақы қорына жарна ретінде менің жалақымның көлеміне сәйкес келмейтін ең аз соманы аударып отырған екен. Бұл туралы менің бұрынғы әріптесім айтты. Менің жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысып келе жатқаныма 15 жылдан асты. Осы жылдар бойынша толық үзінді көшірмені қалай алуға болады?   

Сіздің басқа зейнетақы қорларындағы зейнетақы жинақтарыңыз бойынша тарихи мәліметтерді алу үшін Бірыңғай жиинақтаушы зейнетақы қорының жергілікті филиалына жеке басыңызды куәландыратын құжатпен барып, өтініш беруіңіз керек. БЖЗҚ филиалдарының мекенжайы мен байланыс телефондарын Қор сайтының «Байланыстар» бөлімінде немесе 1418 тегін телефон нөміріне хабарласу арқылы алуға болады.

·        * * * *

2020 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша

БЖЗҚ зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелі

 

Зейнетақы активтерін басқару бойынша толыққанды есеп enpf.kz сайтында жарияланған.

Алматы, Қазақстан – 2020 жылдың 1 қаңтарына қарай Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтерінің көлемі – 10 798,31 млрд теңге болды.

БЖЗҚ ресми сайтында зейнетақы активтерін басқару бойынша инвестициялық портфель туралы толық ақпарат жарияланған. Ол «Көрсеткіштер»-«Инвестициялық қызмет» бөлімінде мына сілтеме бойынша қолжетімді:

https://www.enpf.kz/upload/medialibrary/3c7/3c70a3b031ce2f6ead2f84c6fa86d3ce.pdf.

2019 жылы зейнетақы активтерінің табыстылығы 6,57 пайызды құрады. Ал инфляция деңгейі осы кезеңде 5,4 пайыз болды. Бұл зейнетақы активтерінің нақты табыстылығы оң сипатқа ие екендігін көрсетеді.   

2019 жылы есептелген инвестициялық табыстың жалпы сомасы 699,77 млрд теңгеге жетті. Зейнетақы активтері бойынша алынған инвестициялық табыстың құрылымы мынадай:

–        бағалы қағаздар, орналастырылған салымдар және «кері РЕПО» операциялары бойынша сыйақы түріндегі табыстар 665,06 млрд теңге;

–        бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалаудан болған табыстар (шығындар)  (35,35) млрд теңге;

–        шетелдік валютаны қайта бағалаудан түскен табыстар (шығындар) (7,37) млрд теңге;

–        сыртқы басқарудан түскен табыстар 12,94 млрд теңге;

–        басқа активтерді (ТҚҚ) қайта бағалаудан түскен табыстар (шығындар) 19,8 млрд теңге;

–        басқа да табыстар 44,69 млрд теңгені құрады.

Қордың зейнетақы активтері портфелінің басым бөлігі Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарына (40,45 пайыз) тиесілі. Өйткені ол тұрақты және табысты қаржы құралы. Бұл бағалы қағаздардың ағымдағы құны – 4 368,01 млрд теңге. Жыл басынан бергі өсім – 7,64 пайыз. Есепті күнге қарай теңгеде номиналданған ҚР мемлекеттік бағалы қағаздарының өтелуіне қатысты орташа алынған табыстылық жылына 7,8  пайыз, ал АҚШ долларында жылына 4,4 пайыз болды. 

2020 жылдың 1 қаңтарына қарай шет елдердің мемлекеттік бағалы қағаздарының (МБҚ) ағымдағы құны – 1 235,06 млрд теңгені құрап, портфельдегі үлесі – 11,44 пайызды көрсетті. Есепті күнге қарай БЖЗҚ зейнетақы активтерінің портфеліндегі шет елдердің МБҚ өтелуіне қатысты алынған орташа табыстылық шетел валютасында жылына 2,2 пайызды құрады.

2020 жылдың 1 қаңтарына қарай Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік ұйымдары облигацияларының портфельдегі үлесі – 14,86 пайыз болды. Осы қаржы құралының ағымдағы құны – 1 604,96 млрд теңге. Жыл басынан бергі өсім – 23,47 пайыз. Есепті күнге қарай ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының теңгеде номиналданған облигациялары бойынша алынған орташа табыстылық жылына 10,4 пайызды, ал АҚШ долларында 5,0 пайызды көрсетті.

Қазақстанның екінші деңгейдегі банктерінің қаржы құралдары былайша көрсетілген: портфельдің 10,96 пайызы осы банктердің облигацияларына тиесілі. Олардың ұлттық валютадағы жылдық табыстылығы – 10,0 пайыз, ал АҚШ долларында – 6,4 пайыз. Депозиттердің үлесі – 2,36 пайыз, ал олардың орташа алынған жылдық табыстылығы теңгеде – 9,1 пайыз.

Атап өту керек, 2019 жылы зейнетақы активтерін Қазақстанның екінші деңгейдегі банктерінің депозиттеріне орналастыру көлемі 22,74 млрд теңгеге (немесе 8,19%) төмендеді.  

Қордың зейнетақы активтері есебінен сатып алынған қаржы құралдарының инвестициялық портфелі валюталық тұрғыда былайша келтірілген: ұлттық валютада жасалған инвестиция көлемі – 66,69 пайыз, АҚШ долларында – 30,20 пайыз, басқа валюталарда – 3,11 пайыз болды.

Қордың сенімгерлік басқарудағы зейнетақы активтері портфелінің құрылымдық үлестірілімі БЖЗҚ Инвестициялық декларациясына толығымен сәйкес келеді.


хат жіберу