Блог статистикасы
195
Жазбалар
4450
Өтініштер
176095
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Әкімдік бөлімдері

«Рудный қалалық қаржы бөлімі» ММ

Бөлім басшысы - Сержан Әбдікәрімұлы Асанов
Мекен-жайы: Қостанай облысы, Рудный қаласы, Ленин көшесі, 95
Телефоны: 8 (71431) 4 65 18
E-mail: Kassimova_ds@mail.ru
Интернет-ресурс: rudgorfo.kz
Бөлім қызметінің негізгі бағыттары: рудный қаласы қаржысын басқаруды жүзеге асыру, шараларды әзірлеуге қатысады және қала әкіміне экономикалық қаржыны қалпына келтіру бойынша ұсыныс енгізеді, жергілікті бюджеттік орындалуын ұйымдастырады, заем жинаушыларға бюджеттік несиелерді пайдалану және қайтару бойынша мониторинг жүргізеді, тиісті қаржы жылына арналған қалалық бюджет туралы мәслихат шешімімен бекітілген сома шегіндегі бюджеттік бағдарламалардың толық және уақытылы орындалуына бағытталған іс-шараларды жүзеге асырады.  


«Рудный қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ

Бөлім басшысы - Зоя Витальевна Жигунова
Мекен-жайы: Қостанай облысы, Рудный қаласы, Ленин көшесі, 95
Телефоны: 8 (71431) 4 52 42
E-mail: econom.rud@yandex.kz
Интернет-ресурс: rudeconom.kz
Бөлім қызметінің негізгі бағыттары: белгіленген кезеңге арналған қаланың әлеуметтік-экономикалық даму жоспарларының орташа жедел жобаларын, индикативті жоспарлардың жобаларын, қаланың жиынтық қаржы балансын әзірлейді, шараларды жетілдіреді және қала әкіміне экономикалық қаржыны қалпына келтіру бойынша ұсыныс енгізеді, өз құзыреті шегінде жергілікті бюджетті қаржыландыру жоспарын құрастырады және жергілікті бюджеттің облыспен өзара қатынасын реттейді, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдардың құрылымдарын жақсарту бойынша ұсыныстарды әзірлеуге қатысады.


«Рудный қалалық ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ

Бөлім басшысы - Саят Саматұлы Байғожин
Мекен-жайы: Қостанай облысы, Рудный қаласы, Космонавтов д-лы, 12
Телефоны: 8 (71431) 4 98 42
E-mail: selsky_rud@mail.ru
Бөлім қызметінің негізгі бағыттары: шағын және орта кәсіпкерлік саласындағы белгіленген мерзімде қаланың әлеуметтік – экономикалық даму жоспарының орташа жедел жоспарын әзірлеуге, кәсіпкерлік субъектілерінің дамуына мониторинг және талдау жасауға қатысады, шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдау мемлекеттік бағдарламасын орындауды ұйымдастырады және үйлестіреді, кәсіпкерлік субъектілерінің инвестициялық жобаларымен жұмысты жүзеге асырады, шараларды жетілдіреді, шағын және орта бизнесті ынталандыру бойынша қала әкіміне ұсыныс енгізеді.


«Рудный қалалық ішкі саясат бөлімі» ММ

Бөлім басшысы - Данияр Қайратұлы Сәбитов
Мекен-жайы: Қостанай облысы, Рудный қаласы, Ленин көшесі, 95
Телефоны: 8 (71431) 3 93 12
E-mail: Politika_rud@mail.ru
Интернет-ресурс: sayasat-rudny.kz/
Бөлім қызметінің негізгі бағыттары: қаладағы саяси партиялар мен өзге де қоғамдық бірлестіктері қызметінің қоғамдық саяси жағдайларының мониторингін, талдауын және болжамын ұйымдастырады, ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, қоғамдық біріктіру, қазақстандықтарды патриоттыққа тәрбиелеу және насихаттау бойынша жұмыстарды ұсыну және ұйымдастыруды жүргізеді, саяси партиялар, діни және басқа да қоғамдық бірлестіктермен байланысты жүзеге асырады.


«Рудный қалалық мәдениет және тіл дамыту бөлімі» ММ

Бөлім басшысының міндетін атқарушы - Айнұр Азырханқызы Уразбаева
Мекен-жайы: Қостанай облысы, Рудный қаласы, Ленин көшесі, 95
Телефоны: 8 (71431) 4 55 50
E-mail: Kultura_rud@mail.ru
Бөлім қызметінің негізгі бағыттары: мәдениет және өнерді дамыту бағдарламаларын әзірлейді, мәдени құндылықтарды пайдалану және қорғау, ұлттық мерекелер мен салттарды ұйымдастыру, толығымен ұлттық мәдениетті, мемлекеттік тілді және басқа да Қазақстан халықтарының дамуы бойынша жұмыстарды ұйымдастырады.


«Рудный қалалық спорт және дене тәрбиесі бөлімі» ММ

Бөлім басшысы - Талғат Кадырханұлы Ерішев
Мекен-жайы: Қостанай облысы, Рудный қаласы, Ленин көшесі, 95
Телефоны: 8 (71431) 4 53 68
E-mail: Sport-rud@mail.ru
Бөлім қызметінің негізгі бағыттары: дене  тәрбиесі және спортты дамыту жөніндегі мемлекеттік саясаттық негізгі бағыттарын іске асырады, дене тәрбиесі және спорт саласындағы кешенді ағымдағы, нысаналы  бағдарламаларды әзірлейді және жүзеге асырады,  дене тәрбиесін және спорт мәселелері жөніндегі қаланың мекемелері мен кәсіпорындарының, қоғамдық  бірлестіктерінің қызметін үйлестіреді.


«Рудный қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ

Бөлім басшысы - Ульяна Александровна Бухвалова
Мекен-жайы: Қостанай облысы, Рудный қаласы, Космонавтов д-лы, 12
Телефоны: 8 (71431) 4 63 73
E-mail: arhitektyra@mail.ru
Бөлім қызметінің негізгі бағыттары: қала бюджеті жобаларының негізгі көрсеткіштерінің басқару құзыреттігіне кіретін бағыттар бойынша белгілеудегі,  қала құрылысындағы бас жоспарларды әзірлеуге қатысады, сәулет, қала құрылысы қызметі туралы, мемлекеттік нормативтер мен сәулет, қала құрылысы және басқа қала құрылысы кезінде әкімшілік-аумақтық бірлікті игеру жобалау құжаттамасындағы заңнама тәртібімен бекітілген заңнама нормаларын сақтау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады.


«Рудный қалалық құрылыс бөлімі» ММ

Бөлім басшысы – Дінмухамбет Мұхаметжанұлы Тлеуов
Мекен-жайы: Қостанай облысы, Рудный қаласы, Космонавтов д-лы, 12
Телефоны: 8 (71431) 4 61 00
E-mail: Stroyka_rud@mail.ru
Бөлім қызметінің негізгі бағыттары: құрылыс қызметінің, мемлекеттік нормативтер және де басқа қала құрылысы кезінде әкімшілік-аумақтық бірлікті игеру жобалау құжаттамасындағы заңнама тәртібімен бекітілген заңнама нормаларын сақтау жөніндегі жұмыстарды, салынған объектілерді қабылдау жөніндегі жобаға сәйкес құрылыс сапасына бақылау үшін құрылыс - біріктіру жұмыстарын жүргізуге рұқсат беруге құжаттарды дайындау жұмыстарын ұйымдастырады.


«Рудный қалалық жер қатынастары бөлімі» ММ

Бөлім басшысы - Наталья Ивановна Рак
Мекен-жайы: Қостанай облысы, Рудный қаласы, Космонавтов д-лы, 12
Телефоны: 8 (71431) 4 62 11
E-mail: Zemotd@mail.ru
Бөлім қызметінің негізгі бағыттары: жеке меншікке және жерді пайдалануға жер учаскелерін беру, жерлерді ұтымды пайдалану, астықты жер қыртыстарының құнарлылығын арттыру, басқа табиғатты қорғау шаралары мен олардың орындалуын қамтамасыз ету кешеніндегі жер ресурстарын қорғау жөніндегі аудандық бағдарламаларды тиісті уәкілетті органға әзірлейді және бекітуге  енгізеді.


«Рудный қалалық тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ 

Бөлім басшысы - Олжас Саматұлы Умурзаков
Мекен-жайы: Қостанай облысы, Рудный қаласы, Ленин көшесі, 95
Телефоны: 8 (71431) 4 49 39
E-mail: Rudkomm@mail.ru
Бөлім қызметінің негізгі бағыттары: қала бюджеті жобасының негізгі көрсеткіштерінен бөлім құзыреттігіне кіретін бағыттарды белгілеу бойынша қаланы абаттандыру жөніндегі  жылдық және келешектегі бағдарламаларды әзірлеуге қатысады, қала аумағын абаттандыру үшін кәсіпорындар мен жеке меншіктегі барлық нормадағы ұйымдардан конкурстық негізде  қызмет сатып алуды, ЖПИК және басқа да тұрғындарға коммуналдық қызмет көрсететін қызметтердің жұмыстарын үйлестіруді жүзеге асырады. Қала, поселкелердің автомобильдік жолдарын қалпына келтіру бойынша, қала аумағын көгалдандыру, жекелеген санаттағы азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша жұмыстарын ұйымдастырады.


«Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ

Бөлім басшысы - Светлана Борисовна Костина
Мекен-жайы: Қостанай облысы, Рудный қаласы, Пионер көшесі, 21
Телефоны: 8 (71431) 4 44 96
E-mail: rudsots@mail.ru
Интернет-ресурс: rudsots.kz
Бөлім қызметінің негізгі бағыттары: еңбек нарығының жағдайын талдайды және болжайды, тұрғындарды жұмыспен қамту өңірлік бағдарламаларын әзірлейді және іске асырады, тұрғындардың нысаналы  топтарына жататын тұлғаларды әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту бойынша қосымша шараларды әзірлейді, еңбек нарығы бойынша банктерді реттейді, жұмыс іздеуші тұлғаларға және жұмыссыздарды жұмысқа орналастыруға көмек көрсетеді, жұмыс іздеуші азаматтарды тіркеу және оларды жұмыссыз ретінде есепке қою, жұмыссыздар үшін  жергілікті атқарушы органдардан уақытша қоғамдық жұмыстарды ұсынуды ұйымдастырады, тұрғындарға мекенжайлық әлеуметтік көмек көрсету аясында мемлекеттің әлеуметтік саясатын іске асырады, әлеуметтік көмекке мұқтаж аз қамтылған отбасылардың азаматтары мен отбасыларды жеке есепке алады, мемлекеттік әлеуметтік көмек көрсетеді, тұрғын үй көмегін тағайындайды және төлейді.


«Рудный қалалық білім бөлімі» ММ

Бөлім басшысы - Анаргүл Көпжасарқызы Шаменова
Мекен-жайы: Қостанай облысы, Рудный қаласы, Ленин көшесі, 30
Телефоны: 8 (71431) 4 65 17
E-mail: Rud_goroo@mail.ru
Интернет-ресурс: rudoo.idhost.kz
Бөлім қызметінің негізгі бағыттары: білім саласындағы саясатты реттеу және білім мекемелеріне көмек көрсету мен тұрғындардың білімге қатысты сұрауларын  қанағаттандыру үшін жағдай жасау, білім объектілерін дамыту, мектептен тыс қосымша ұйымдарды қамтамасыз етеді.



«Рудный қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» ММ

Бөлім басшысы – Балтабай Аймағанбетұлы Хәкімжанов
Мекен-жайы: Қостанай облысы, Рудный қаласы, Ленин көшесі, 95
Телефоны: 8 (71431) 4 98 46
E-mail: Rudny_osh@mail.ru
Бөлім қызметінің негізгі бағыттары: ауыл шаруашылық саласында мемлекеттік функцияларды жүзеге асырады. Жануарларды ұстау, елді мекендердегі иттер мен мы сықтардың жүруі, жануарларды ұстаудың санитарлы аймақтары шеқараларын белгілеу бойынша ұсыныстар, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастырады,  ветеринария мәселелері жөнінде тұрғындар арасында ағарту жұмыстарын ұйымдастырады және жүргізеді.

«Тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ

Бөлім басшысы - Ержан Жантайұлы Ибраев
Мекен-жайы: Қостанай облысы, Рудный қаласы, Космонавтов д-лы, 12 
Телефоны: 8 (71431) 3 92 44 
E-mail: hzilincpek@mail.ru
Бөлім қызметінің негізгі бағыттары: тұрғын үй инспекциясының міндеті тұрғын үй қорын сақтау және тиесілі пайдалану бойынша кондоминиум объектісін басқару органдарының қызметін бақылау болып табылады.Тұрғын үй инспекциясының негізгі функциясы кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкіне түрғын үй инспекциясының лауазымды тұлғаларының тексеру жүргізуі болып табылады.

хат жіберу