Блог статистикасы
195
Жазбалар
4324
Өтініштер
172829
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Прокуратура

Тазалық – қауіпсіздік кепілі

Қалаларды тұрмыстық қалдықтармен ластау проблемасы бұрыннан бүкіл әлемде өзекті проблема болып отыр, және бұл мәселе Қостанай облысын да айналып өткен жоқ. Мәселен, қазіргі таңда қалдықтар көлемінің жылдан жылға өсіп келуіне байланысты Қостанай қ, «Северный» полигонының пайдалану мерзімі 7 жылды ғана құрайды (жылына шамамен жарты миллион текше метр қалдық жиналады).

Еуропа елдерінде бұл проблема 40%-дан 70%-ға дейінгі тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау және өңдеу арқылы шешілуде, қалғандары кәдеге жаратылады немесе өртеніп жіберіледі. Салыстыратын болсақ, Қазақстанда 3 % жуық қалдықтар өңдеуге жіберіледі.      

Шіріген қалдықтар топырақты, улы булар ауа мен суды уландыруы мүмкін, бұл өз кезегінде біздің денсаулығымға және жақындарымыздың денсаулығына кері әсерін тигізеді.

Дүниежүзілік тәжірибені алып қарайтын болсақ, заңдар өздігінше қоғамда жаңа экологиялық тәртіпті орнатпайтынын көрсетеді, оған тек қоғамдық қатынастырдың белгілі бір жүйесі және халық мәдениетінің жоғары деңгейі ғана мүмкіндік береді.

Басқаша айтқанда, облыстың әрбір тұрғыны жасына және әліуметтік жағдайына қарамастан, қалдықтар санын қысқарту жұмысына күнделікті қатысуы мүмкін және міндетті.

Осындай амалды қолдану үшін, облыс прокуратурасы әкімдікпен бірлесіп «Қауіпсіз қалдықтар – біздің ортақ міндетіміз» атты жоба іске асыруда, оның мақсаты тұрғындардың экологиялық мәдениетін және қоқысты сұрыптау мен өңдеу үдерісін ынталандыруды қалыптастыру арқылы үйінділерде орналасқан қалдықтарды азайту болып табылады.   

Қостанайда пластик бөтелкелерін, қағазды, шыны ыдысын және қаңылтыр банкілерді бөлек жинауға арналған арнайы контейнерлер орнатылған, а.ж. 1 қыркүйгінен бастап мекетептердің оқу процесіне қалдықтармен қауіпсіз айналасу тақырыбы бойынша сабақтар енгізілген, ХҚО-да және қала орталығында насихаттайтын әлеуметтік ролик көрсетіледі.

Алайда, кәсіпкерлердің белсенді қатысуынсыз қалдықтарды сұрыптау және өңдеу бойынша тиімді жұмысқа қол жеткізу мүмкін емес, өз кезегінде кәсіпкерлерімізді батыс елдерінің тәжірибесі қызықтыруы мүмкін, себебі онда қоқысты жинау мен өңдеу әлдеқашан табыс көзіне айналған.     

Бүгінгі күні кез келген кәсіпкер осындай бизнесті ашуы мүмкін. Кеңес алу үшін «Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ жүгінуге болады (8 (7142) 50-01-66).

Осы саладағы бұзылған құқықтарды қорғау үшін кез-келген адам облыс прокуратурасына, оның ішінде 54-57-34 телефоны бойынша хабарласуы мүмкін.

Айтылғандарды қорыта келе, өзіміз үшін және балаларымыз үшін таза экологияны сақтау мақсатында, зиянды қалдықтарды (пластик, шыны, батарейкалар және т.б.) үйінділерге шығарылуына жол бермеу үшін сұрыптау арқылы тұрмыстық қалдықтармен қауіпсіз айналасуды қамтамасыз етіп, елді мекендерде барынша тазалықты сақтауға барлық азаматтарды шақырамыз.

* * * * *

Қатты – тұрмыстық қалдықтарды тиімді әрі қауіпсіз қолдану бойынша іс шаралар жоспары

Қостанай облысының прокуратурасымен қазіргі уақытта қатты – тұрмыстық қалдықтарды тиімді әрі қауіпсіз қолдану бойынша іс шаралар Жоспары жүзеге асырылуда, онда батыстың дамыған елдерінің мысалы бойынша елді мекендердің аумағында ластау деректеріне қоғамдық сөгу және азаматтардың экологиялық мәдениеттерін қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінген.

Жоғарыда аталған жоспарды жүзеге асыру шеңберінде Рудный қалалық прокуратурасымен біздің қаланың аумағында Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын қолдануының талдауы өткізілді.

Талдау қорытындылары бойынша тұрғын үй албарларында жер бедерінде қоқыстың жиналуына жол берілетіндігі анықталды, оған тұрғындардың тарапынан қаланың аумағын көріктендіруге талаптардың бұзуы себеп болып табылады.

Мысалы, 40 лет Октября көшесінде 47 үйдің албарында контейнерлік алаң бар, дегенмен оған іргелес аумақ өндірістік қолдану қалдықтарымен қатталып тасталған.

Ұқсас жағдайлар тағы 27 жерлерде анықталған.

Сондай-ақ, 40 лет Октября көшесі бойынша «Көркемдік мектебінің» артында қоқыс контейнерлерінің жанында апаттық қоқыстар ұйымдастырылған болған.

Өз кезегінде, Қостанай облысы қалалары мен елді мекендерінің жасыл екпелерін күтіп-ұстау және қорғау, аумақтарын абаттандыру қағидаларының (Қостанай облысы мәслихатының 14.10.2015 жылдан №442 шешімімен бекітілген) 34 тармағына сәйкес, Жеке және заңды тұлғалар, олардың қызметi нәтижесiнде пайда болған өндiрiс және тұтыну қалдықтары пайда болған кезiнен бастап қалдықтармен қауiпсiз жұмыс iстеудi қамтамасыз етедi. Жеке және заңды тұлғалар қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған контейнерлерде қатты тұрмыстық қалдықтарды жинақтайды.

Осыған байланысты, анықталған бұзушылықтар бойынша қала прокуратурасымен уәкілетті органның мекен жайына анықталған заң бұзушылықтарды жою сұрағын қоюмен прокурорлық қадағалау акті еңгізілген.

Рудный қалалық прокуратурасының

аға прокуроры                                                                             М. Ахметов


* * * * *

хат жіберу